Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Интерлейкин-8



Төмен малекулалы қабыну цитокині. Қабыну аймағына түрлі клеткалар типтерінің (нейтрофилдер, моноциттер, эозинофилдер, Т- клеткалар) хемотаксисын қамтамасыз етуші хемокиндер тобына жатады. Көбінесе цитокиндер (ИЛ-1 мен TNF) мен бактериалды эндотоксиндердің әсері арқылы бөлінеді.

ИЛ-8-дің продуцент клеткалары: макрофагтар, лимфоциттер, эпитемиальді клеткалар, фибробласттар, эпидермис клеткалары.

Басқа цитрокиндер сияқты, ИЛ-8- индуцибильді белок. Оның продукциясы митогендер немесе эндогенді регулятордың (ИЛ- 1,3, ФНО-, ГМ-КСФ және т.б.) клеткаларға әсерінен кейін басталады.

ИЛ-8-дің негізгі қызметі- нейтрофильдер, макрофагтар, лимфоциттер, эозинофилдер үшін хемоаттрактант ретінде қызмет ету. Осы биологиялық әсерінен басқа, ИЛ-8 нейтрофильдердің адгезивті қабілетін күшейтеді, интергриндер мен адгезивті қасиетті бар басқа қосылыстардың экспрессиясын өзгертеді. ИЛ-8-дің клеткалар миграциясын шақыру қасиеті патоген енген жерлерде жедел қабыну реакциясына белсенді түрде қатыстушы ретінде анықтайды.

Ил-8 жоғарлауы созылмалы немесе жедел қабыну жағдайлармен ассоциацияланады және жаралы колитпен қаттар ревматоидты артритте нейтрофилдердің тіндік инфильтрациясымен корреляциялайды. ИЛ-8 қабыну орнында ИЛ-1 мен TNF кейін пайда болады, псориазда маңызды орын алады.





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 891 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...