Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Клеткалық иммунитет жүйесі. Иммунологиялық төзімділік. Цитокиндер



60-жылдарда Дж.Миллердин тышқандарға тимоэктомия тәжірибе жасаумен

перифериялық мүшелерде Т-лимфоциттердің саны азайғаны және аллогенді трансплантаттың ұзақ отырып қалуы, антиденелердің өндіруінің бұзылуы табылған.

Сүйек кемігінің пре-Т-лимфоциттері тимустың субкапсулярлық қабатында бөлініп мүшеленеді. Функция жөнінде бұл клеткалардың ішінде СД4, СД8 маркерлардың тасымалдаушылары айырылады. Эпителиалды клеткалармен өндірілген биологиялық заттардың көмегімен Т-лимфоциттер даму процесін өтіп қыртысты қабатқа миграциялайды. Қыртысты қабатта жағымды селекциядан өтеді, яғни І-ІІ классты гистосәйкестік антигендерге сәйкес рецепторлары бар клондарды сұраптайды. І классты МНС танушы клондар – Т-киллерлер болып түзіледі, І, ІІ классты МНС танушы клондар Т-хелперлер болады.

Т-клеткалардың сыртында тек қана бір корецептор (СД3) экспрессорлайды. Ол антиген байланыстыру рецепторлардың антигендермен өзара әрекетін күшейтеді және сигналды клетка ішіне жеткізу ролін атқарады. СД4 және СД8 позитивтік клеткалар Т-хелпер мен Тс ретінде саналады. Аутоантигендермен әсерлесу қабілеті бар клеткалар апоптоз жолымен жойылады. Сұраптау шарттан өткен клеткалар иммун жүйесінің перифериясына барады.

Т-клеткалардың В-жүйеден айырмасы – Т-клеткалар антигенді жеке танымайды, яғни І-ші немесе ІІ-ші МНС-ның молекулаларымен комплекс құрап отырып таниды. І-ші классты молекуласы кіретін комплексті цитотоксикалық СД8 Т-клеткалар таниды, ал ІІ-ші классты молекуласы кіретін комплекс СД4 Тн1 қабыну клеткаларымен немесе СД4 Тн2 хелперлы клеткалармен танылады.

Эффекторлы клеткалардың генерациясы.

Антигенді біріншілік тануы аңқау Т-клеткалармен жүзеге асады. Аңқау Т-клетканың жетілуі лимфоидты тканьде өтеді. Лимфа ағымымен патоген жақын лимфа түйініне, ал қан ағымымен көк бауырға барады. Антиген кілегей қабықтарға орналасқанда пейер табақшаларға, бадамша бездерге миграциялайды.

Перифериялық лимфоидты тінде АГ танып жэне оны Т-лимфоциттерге иммуногенді түрде ұсынуға қаблеті бар 3 типті мамандандыру клеткалар бар. Олар – макрофагтар, дендритті клеткалар және В-клеткалар. Бұл клеткалардың функциясы 1-ші немесі 2-ші МНС молекулалардың антигенді пептидтермен комплексті түзуімен көрінеді. Антиген лимфоидты тінге түсіп лимфоциттердін рециркуляциясын күшейтеді. Аңқау Т-лимфоциттер лимфотүйіндердің Т-аймағына венуланың эндотелийі арқылы түседі. Жетілген Т-клеткалардың генерациясы макрофагтардың және дендритті клеткалардың бетінде пептидті антигенді І немесе ІІ-ші МНС классты молекулалармен комплексте танудан басталады. Кофакторлардың әсері Т-клеткалар рецепторларының антигендік комплекспен әсерлесуіне мүмкіндік береді. Осы қызметті АТК-лар жүзеге асырады.

Аңқау Т-клеткалардың антигенмен біріншілік кездесуден кейін активациясы “сәйкестендіру” (примирлеу) деп аталады. Осыдан кейін Т-клеткалардың әрбір субпопуляцияларының қызметтік бағыттары анықталады. Егер аңқау СД4 ТнО клеткалар антигендік комплексті макрофагтың бетінде таныса, ары қарай СД4 Тн1 клеткаларға мүшеленеді. Егер МНС ІІ-ші молекуламен комплексте антиген В-клетканың бетінде танылса, ары қарай СД4 Тн2 хелперлі клеткаларға мүшеленеді.

Аңқау Т-клеткалардың көпшілігі арнайылық әсерлесудің сұрыптауынан өте алмайды, қайтадан рециркуляция процесіне қатысу үшін, өзіне тән антигенді іздеп эфферентті лимфа тамырлары арқылы кетеді.

Т-клеткалардың антигентанушы рецепторларының антигендік комплекспен байланысуы және СД8 немесе СД4 корецепторлардың қатысуы, аңқау Т-клеткалардың дамуына бірінші сигналды қамтамасыз етеді – пролиферациямен дифференцировкаға. Даму процесінің жалғасуына екінші сигнал қажет. Костимулятор ретінде АПК мембранасында экспрессерленетін В7 молекуласы шығады. В7 – гомодимер, иммуноглобулиндердің супер тұқымдасына жатады. Аңқау Т-клеткаларадың бетінде В7 рецепторы ретінде СД28 белок болып табылады. В7: СД28 өзара әсерлесуі екінші сигналды қамтамасыз етеді.

Активтелген аңқау Т-клеткалар СД28-ден басқа костимулдеуші активтілігі бар тағы бір белокты синтездеп экспрессерлейді – CTLA-4. Ол СД28-ге қарағанда В7-ге аффинділігі жоғары.

СД4 Тн1-ші қабыну клеткалардың активтілігі:

Тн1-ші қабыну клеткаларының қатысуымен макрофагтардың активтенуіне 2 сигнал қажет: 1-ші – СД4 Тн1-ші қабыну клеткаларымен түзілетін ИНФ-γ; 2-ші – макрофагтарды белсендіру үшін беткей ФНО- α қызмет етеді. Нәтижесінде макрофагтарда биохимиялық өзгерістер жүреді, осы клеткалар жоғары антибактериалды қасиет көрсетеді. Фагоцитоз процесі оттектік жарылыспен қоса жүреді – оттектік радикалдар, азот тотығы түзіліп бактерицидті белсенділігін көрсетеді. Сонымен қатар активтелген макрофагтар МНС І және ІІ классты молекулаларының, ФНО- α рецепторының экспрессиясын күшейтеді. Бұл процесс қосымша аңқау клеткалардың араласуына әкеледі. Макрофагтармен әсерелесетін қабыну Т-клеткалар өздері де белсеніп, иммунды жауаптың ұйымдастырушы ролінде шығады.

НК-клеткалар

Вируспен инфицирленген клеткаларды жою реакциясына қатысады. Бұл ірі лимфоциттер Т- және В-клеткалардың маркерларысыз, антиген танушы рецепторлары жоқ, антигенмен әсерлесуден кейін пролиферацияға, иммунологиялық есте сақтау қабілеті жоқ. Бірақ, Т-клеткалар цитокиндердің әсерімен активтенеді. НК-клетка бетінде IgG1 және IgG2 Ғс-фрагментіне арналған рецептордың болуы, олардың осы антиденелерге сәйкес антигендермен әсерлесуін болжайды. Бұл антидене тәуелді клеткалық байланысты цитотоксикалық әсер.

Т-жүйесінің қызметтері.

1. Клетка ішінде орналасқан патогендерден қорғау, трансплатациялық, ісікке қарсы иммунитетке, созылмалы қабынуға қатынасу. Клеткалық иммунитет цитотоксикалық Т-лимфоциттермен, активтелген макрофагтармен орындалады. Микробтар клетка ішінде орналасқан жұқпалы ауруларда гранулема пайда болады. Ол макрофаг, Т-лимфоциттер, эозинофилдер жиынынан құралады. Гранулема микробты ошағынан шығармайтын жергілікті созылмалы қабыну процессі.

Клеткалық иммунитеттің негізгі реакциялары:

1. СД8 клеткалардың цитотоксикалы киллерлік әсері.

2. Баяу сезімталдықтың дамуы.

Вирусты инфекцияда, ісік өскен кезде, трансплантатты қабылдамау

реакциясында басты эффекторлар ретінде цитотоксикалық СД8 Т-клеткалар болады.

Т-киллердің нысана клеткалармен әрекеттік әсерінің кезеңдері: 1) І МНС

молекуламен біріккен антиген комплексті бастаушы клеткалармен тануы, олардың пролиферациясы және дифференциясы арқылы эффекторларға дейін жетілуі; 2) леталды соққы беру; 3) лимфотоксин (ФНО-β) көмегімен клетканы бүлдіру және киллердің ағытылуы. СД8 клеткалардың сонымен қатар супрессиялық қабілеті болады.

Баяу сезімталдық – антиген қайталанып, енген орнында 24-28 сағаттан кейін дамитын қабыну реакциясының жоғары сезімталдық түрі.

Антиген интактты организмге бірінші рет түскенде макрофагпен жұтылады, клетка ішінде ыдырайды және макрофагтың бетінде МНС ІІ класс молекуласымен комплексте экспрессерленеді. Бұл иммуногенді комплекс аңқау СД4 Т-клеткалармен танылады (Тн0). Олар ары қарай СД4 Тн1 клеткаларға мүшеленеді. Иммунды жауапқа қатынасқан Т-лимфоциттер екіншілік иммунды жауапты қамтамасыз етілу үшін еске сақтау клеткаларын түзейді.

Антиген қайталап енген кезде, жетілген Тн1 қабыну клеткалар антиген тану реакциясына түседі. Танудың нәтижесінде Тн1 клеткалар антиген енген аймаққа макрофагтарды және қабынудың басқа клеткаларын жақындататын хемотаксикалық факторларды бөледі.

Клиникада клеткалық иммунитеттке баға беру:

1. Шеткері қанда Т-лимфоциттердің және олардың субпопуляцияларының санын моноклоналды антидене және розетка түзу эдістер көмегімен анықтау. Моноклоналды антиденелермен анқтау мүмкіншіліг жоқ жерде Т-лимфоциттердің жалпы санын қой эритроциттерімен розетка түзу арқылы анықтайды.

2.Т-лимфоциттердің функционалды қызметін анықтау үшін тесттер:

-митогенге және арнайы антигенге Т-лимфоциттердің бласттрансформация реакциясы – РБТЛ

- Т-лимфоциттердің белгілі субпопуляцияларымен синтезделетін лимфокиндердің өнімін мөлшерін өлшеу “ МИФ, ИӘ-2, 5,6,13, ИНФ-± және т.б.).

Иммунологиялық төзімділік арнайы антигенге иммунды жауапты тудыру қабілетін жоғалту.

Төзімділіктің дамуы – мүшелерді қондырғанда өте қажет. Бірақта, қатты жұқпалы ауруларды қиын салдарға әкеледі.

Табиғи және жасанды төзімділіктің механизмдері бірдей.

Иммунологиялық тозімділікті қамтамасыз ету факторлары:

-Иммунитеттін орталық мүшелерінде (тимуста) клондардың теріс сұрыпталу нәтижесінде.

--АТК клеткалардын қызметінің төмендеуі. Олар В7 белогын синтездемейді.

- Аутоантигендермен әсерлесу қабілеті бар Т- және В-клеткаларды жоюлуы,

- Т- және В-лимфоциттердің корецепторларын блоктау,

- Аутореактивті клондардың жұмысын басатын супрессор клеткалар қызметінің төмендеуы.

-Антиидиотипті антиденелердің қатысуы.

Иммунологиялық төзімділік ерігіш антигендерге, эмбрионалды және неонаталды кезеңдерде, антигеннің оралды жолдармен, көп немесе өте төмен мөлшерінде енгізгенде, АГ-нің құрылысы қарапайым болса, әлсіз АГ-ге қарсы, жетілмеген Т-және В-лимфоциттермен әрекеттескенде женіл пайда болады. Антиген антитоксинмен байланысқанда арнайы Т-мен В-клеткаларды зақымдайжы. АГ мен АД комплекстер рецепторларды блоктап, ісікке қарсы клеткалық иммунитеттің реакциясын басуы мүмкін, гаптендерді иммуногендік емес тасымалдаушымен блоктауы төзімділікке әкеледі.





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 2548 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...