Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ЖҰМЫС



Белсенді қашу шартты рефлексін құрастыруды өткізуге арналған нұсқау.

Стресс кезінде ОЖЖ-ң қызметтік жағдайын,оның біріктіруші әрекетін зерттеу мақсатымен белсенді қашу шартты рефлексін құрастыру жүзуге асырылады.Дұрыс бағытты таңдауға бағытталған электрден қорғаныш айырмашылық рефлексін арнайы ілмекті калеерада жүргізеді.

Тәжірибелер Т-тәрізді, екі арнайы лабиринтте өткізіледі. Лабиринт бастапқы және үш параллельді (негізгі, оң және сол) коридорлардан тұрады. Лабиринттің әр бөлімі бір-бірінен пластинкадан жасалған есікшелермен бөлінген.Олар тәжірибелік жануарларды бір бағытта жіберіп отырады. Шарты белгі ретінде электр жарығы қолданылып, оны 5сек. Соң шартсыз тітіркендіргіш электр тогымен бекітеді. Жануарлар электр тогының жасайтын ауырлықтітіркенуінен қашып, бастапқы бөлімнен орталыққа, яғниақ егеуқұйрықтар қосымша коридорлардың біреуіне өтіп, қауіпсіз алаңға келеді.

Шартты рефлекстерді құрастыру келесі түрде өткізіледі:

1. Тәжірибелік жануарды камераға орналастырып, оның жалпы жағдайының бастапқы көрсеткіштерін тіркейді.Жалпы жағдайдың көрсеткіштері:

А) тынысалу мінездемесі (қалыпты, жиілеген,сиреген)

Б)физиологиялық қалыптың тұрақтылығы тұрақты,тігінен және көлденең белсенділік

В)тырысқақтық болады, болмайды

2. Шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің қосыла әсер етулері жүргізіледі. Шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің қосыла әсер етулерінің саны анықталады да, содан соң шартты рефлекс түзіледі.





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 428 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...