Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жұмыс №2 Тепе-теңдік аппаратың қызметтік тұрақтылығын анықтау



Айналдыру сынамасы

Жұмыс барысы: з ерттелушіні Барани орындығына денесін бекіту үшін планканы бекітіп отырғызады. Көлденең көзді нистагм болуы үшін оны басын 15 бұрышқа түсіруін сұрайды. Тәжірибе жүргізуші секундына жарты айналым жылдамдығымен зерттелушіні бір қалыпты айналдырады. 10 секундтан кейін орындықты кенеттен тоқтатады да, зерттелушіні көзін ашуынсұрайды. Бір уақытылы секундомерді қосады. Нистагм жоғалған кезде секундомерді тоқтатып, оның ұзақтылығын есептейді.

Келесі зерттеуді бастамас бұрын зерттелушіні Барани орындығында айналдырғанда қандайда бір сезіну пайда болса ол туралы айтуын сұрайды. Оның көзін байлап 1 секундте жарты айналым жылдамдығымен 10 рет айналдырады. Зерттелуші қозғалыс басында айналысты сезінеді және оның бағытын анықтайды. Содан соң қозғалыс бір қалыпты болғанда, ол бұл сезінуді жоғалтады да, орындықтың тоқтағанын хабарлайды. Орындықты тоқтатқан кезде зерттелушіде кері айналыс сезімі пайда болады.

Барани модификациясындағы кілтеуіш байқауы

Зерттелушіден 0,5см бас деңгейі арақашықтығында қарандашты орналастырады. Қарандашқа қарап, көзін жұмып қарандаштың жоғарғы ұшына сұқ саусақпен жанасуын сұрайды. Ізінше жоғарыда айтылған орындықта айналдырады. Орындықты тоқтатқан соң ол қолын алдына созып, көзін ашпай қайта қарандаштың жоғарғы ұшына жанасуға тырысады.

Отолитты байқау

Зерттелушіні Барани орындығына отыруын, көзін жабуын және басын 90 алға июін сұрайды. Орындықты айналдырады. 5 рет айналдырған соң орындықты кенеттен тоқтатады, бұл кезде ортаңғы сызықтан корпустың ауытқуын бақылайды. Пульстің жоғарылауын және төмендеуін байқайды.

Қорытынды:





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 901 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...