Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жұмыс. Бинокулярлық көру қабілетін зерттеу



№ 1 жұмыс «екі қарындаш»

Керекті құрал-жабдықтар: 2 карындаш. Зерттеу объектісі: адам.

Жұмыс барысы: бір қарындаш үстел үстінде жатыр. Зерттелушіге көзін жұмбай тұрып екінші қарындашты үстел үстінде жатқан қарындаштың ортасына тигізе отырып перпендикуляр қоюын сұрайды. Бинокулярлық көру қабілеті қалыпты адам бұл жұмысты бір істегеннен-ақ тигізе алады,ал қалыпты емес жағдайда ол бірнеше рет қайталаса да істей алмайды. Содан соң зерттелушіге көзін кезекпен,яғни оң және сол көзін жұма отырып екінші қарындаштың ұшымен бірінші қарындашқа тигізу керек. Монокулярлық көру қабілеті бойынша бірінші қарындаштың ұшын екіншісіне тигізу қиын.

Қорытынды: Зерттелуші көзі ашық кезінде екінші қарындашты біріншіге неше рет қайталағанда және қаншалықты дәл тигізгенін анықтаңыз. Бір көзі ашық кезінде бұл жұмысты жүзеге асыру не себепті қиын екенін түсіндіріңіз.

№ 2 Жұмыс«Алақандағы тесік»

Керекті құрал-жабдықтар: Тесігі бар темір түтік.

Зерттеу объектісі: адам.

Барысы: Зерттелуші екі көзімен жақсы жарықтанған кеңістікке түтіктің тесігі арқылы сол қолымен ұстап тұрып қарайды.Зерттелуші сол қарап тұрған қалпында түтікке оң жағынан оң алақанын қояды. Егер зерттелушінің бинокулярлық көру қабілеті бұзылмаса, онда кеңістіктегі түтікпен көрген бейне алақанның ортасына өту арқылы «алақандағы тесік» сияқты көрінеді.Бинокулярлық көру қабілеті бұзылған жағдайда «алақандағы тесікті»көре алмаймыз.

Қорытынды: Зертелушінің жауаптарына анализ жаса және бинокулярлық көру қабілетінің қалыпты немесе бұзылған жағдайына қорытынды жасаңыз.





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 1582 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...