Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс сабақтары



Тақырыбы Әдебиеттер Уақыты (апта)
  Дүние жүзінің саяси картасы, оның қалыптасу кезеңдері. 1.Дүние жүзінің саяси картасы, оның қалыптасу кезеңдері. 2.Елдерді типологияға бөлу мен топтастыру принциптері. 3.Басқару формалары, әкімшілік- территориялық құрылымы. 1,2,4,15,16,17  
  Дүние жүзі халықтарының географиясы. 1. Халық- қоғамның басты өндіргіш күші. Халықтың саны, оның ұдайы өсуі, типтері, оларға тән ерекшеліктер. Демографиялық саясат. 2. Дүние жүзі халқының құрамы(этникалық, діни, кәсіби, әлеуметтік, т.б.) 3. Дүние жүзі халықтарының орналасу ерекшеліктері, динамикасы және себептері. 4. Қала және село халқы. Урбанизация ұғымы және қоршаған орта. 4,6,8,10,11,12  
  Дүние жүзінің табиғат ресурстарының географиясы. Экологиялық мәселелер. 1. Географиялық (қоршаған) орта, ресурспен қамтамасыз ету ұғымдары мен оның көрсеткіштері. 2. Қоршаған ортаның антропогендік ластануы, себеп-салдары. 3. Экологиялық мәселелерді шешу. Табиғатты тиімді пайдалану(игеру) ұғымы. 4. Әлемдік табиғат ресурстары, олардың географиясының негізгі ерекшеліктері. 1,2,4,6,14,15,16,17  
  Ғылыми-техникалық революция(ҒТР)және дүние жүзілік шаруашылық.. 1. ҒТР ұғымы.ҒТР-ға тән ерекшеліктер мен оның құрамдас бөліктері. 2. Дүние жүзілік шаруашылық ұғымы, оның қалыптасу кезеңдері. 3. Географиялық еңбек бөлінісі. Халықаралық экономикалық интеграция. 4. ҒТР-дың шаруашылықтың салалық құрылымы мен оның даму қарқынына әсері. 5. ҒТР-дың шаруашылықтың территориялық құрылымы мен оның орналасу факторларына әсері. 4,6,8,10,11,12  
  Дүние жүзілік шаруашылық салаларының географиясы. Өнеркәсіп географиясы. 1. Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп. 2. Отын- энергетика, металлургия, машина жасау, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері. 3. Өнеркәсіптердің негізгі орналасу ерекшеліктері, ірі аудандары мен орталықтары. 4. Қоршаған орта мәселелері. 1,2,4,6,14,15,16,17  
  Дүние жүзінің ауыл шаруашылық географиясы. 1. Дүние жүзінің ауыл шаруашылығының құрамы және орналасу ерекшеліктері, экстенсивтік және интенсивтік даму жолдары. 2. Өсімдік шаруашылығының астық және техникалық дақылдары. 3. Мал шаруашылығының салалары.Ірі ауыл шаруашылық аудандары. 4. Қоршаған орта мен ауыл шаруашылығы. 4,6,8,10,11,12  
  Транспорт географиясы және халықаралық экономикалық қатынас. 1. Транспорт түрлері, маңызы, орналасу ерекшеліктері, оған ҒТР- дың әсері. 2. Құрғақтағы, судағы және әуе жолдары транспорт түрлерінің орналасуы мен дамуы. 3. Транспорт және қоршаған орта. 4. Халықаралық экономикалық қатынастар, олардың формалары. Халықаралық туризм. 5. Сыртқы байланыстарды дамытудағы транспорттың ролі. 1,2,4,15,16,17  
  Адамзаттың ғаламдық проблемалары. 1. Ғаламдық мәселелер ұғымы, оның тууы, проблеманың мәнісі, оларды шешудің ықтимал жолдары. 2. Дамыған және дамушы елдердегі ғаламдық проблемалардың байқалу ерекшеліктері. 3. Ғаламдық проблемалардың өзара байланыстары мен ғаламдық болжаулар. 4. Ғаламдық проблемалардың ең негізгілері: азық-түлік, экология, демография, энергетикалық және шикізат, мұхит пен космосты игеру, бейбітшілік пен қарусыздану мәселелері. 1,2,4,6,14,15,16,17  
  Дүние жүзінің аймақтарына сипаттама. Дамыған елдер. 1. АҚШ және басқа да капиталистік елдердің дүние жүзілік шаруашылықтағы орны.Ішкі айырмашылықтары, басты орталықтары, аймақтық саясаттары, ТМД елдері мен Қазақстанмен арадағы байланыстары және т.б. 2. АҚШтың саяси және экономгеографиялық жағдайлары, табиғаты, халқы мен мемлекеттік құрылысы, ресурстық потенциалы мен даму ерекшеліктері. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық салаларының орналасуы мен дамуы, экономикалық аудандары,экологиялық проблемалары, сыртқы экономикалық байланыстары, АҚШ пен Қазақстан арасындағы қатынастар. 3. Батыс Европа, оның саяси және экономгеографиялық жағдайлары, табиғаты, халқы мен мемлекеттік құрылысы, ресурстық потенциалы мен даму ерекшеліктері.Халықтар географиясы. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық салаларының орналасуы мен дамуы, экономикалық аудандары,экологиялық проблемалары. 4. Батыс Европаның жеке аймақтары(субрегиондары). Солтүстік, Орта және Оңтүстік Европа аймақтарының шаруашылығының орналасу және даму ерекшеліктері, туризм және демалыс географиясы, сыртқы экономикалық арақатынастары, Қазақстанмен арадағы байланыстары. 5. Жапония, оның саяси және экономгеографиялық жағдайлары, табиғаты, халқы мен мемлекеттік құрылысы ерекшеліктері, шаруашылығының тез қарқынмен өсуі, басты өнеркәсіп және ауыл шаруашылық салаларының орналасу және даму ерекшеліктері, транспорт географиясы, экономикалық аудандары мен сыртқы экономикалық байланыстары, рекреациялық ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау. 6. «Қоныс аударушы» дамыған капиталистік елдер, құрамы (Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, ОАР, Израиль), саяси және экономгеографиялық жағдайлары, табиғаты, халықтар географиясы мен мемлекеттік құрылысының ерекшеліктері, шаруашылық салаларына сипаттама, экономикалық аудандары, экологиялық проблемалары, сыртқы байланыстары.   4,6,8,10,11,12  
  Өтпелі экономикалық елдер. 1. Шығыс Европа елдері, құрамы, саяси және экономгеографиялық жағдайлары, екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі және одан кейінгі, қазіргі саяси картасы, халқының ерекшеліктері, табиғи ресурстық потенциалы, шаруашылығының территориялық және салалық құрылымы, туризм және демалыс географиясы, ішкі айырмашылықтары, аудандары мен орталықтары, ТМД елдерімен және Қазақстанмен арадағы байланыстары. 2. ТМД және Балтық бойы елдері, саяси және экономгеографиялық жағдайлары, оның осы елдер дамуындағы ролі, осы елдердің ресурстары, экономикалық даму деңгейлері, олардың бүкіл дүниежүзіндегі және Евразиядағы ролі, елдердің халқы мен шаруашылығының ерекшеліктері, негізгі экономикалық байланыстары, Ресей және Қазақстанның ЕврАзЭС аясындағы арақатынастары. 3.Қытай Халық Республикасы, саяси және экономгеографиялық жағдайлары, табиғат ресурстары мен табиғат жағдайлары, оларға шаруашылық тұрғысынан баға беру, даму ерекшеліктері, халықтар географиясы, қазіргі мемлекеттік құрылысы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының негізгі салаларының орналасуы мен дамуы, ішкі айырмашылықтары, Қытай мен Қазақстан байланыстары. 1,2,4,6,14,15,16,17  
  Дамушы елдер. 1. Дамушы елдер ұғымы, олардың арасындағы айырмашылықтары, табиғи ресурстық потенциалы, демографиялық жағдайы мен халықтар географиясының проблемалары, қазіргі кездегі даму сипаты: жетістіктері мен қиыншылықтары, экономикалық тәуелсіздік үшін күрес.ТМД, Қазақстан және басқа да өтпелі экономикалық елдермен байланыстары. 2. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, саяси және экономгеографиялық жағдайлары және оның осы елдер дамуындағы ролі, екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі және одан кейінгі, қазіргі саяси картасы, табиғат ресурстары, шаруашылығының территориялық құрылымы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының ерекшеліктері, аймақтық бірлестік-АСЕАН-ның ролі мен маңызы, осы аймақ елдерінің проблемалары. 3. Оңтүстік Азия елдері, саяси және экономгеографиялық жағдайлары, табиғат ресурстары,елдердің құрылуы мен қалыптасуы, халықтар географиясы, демографиялық саясат, ұлтаралық қатынастар, Үндістан республикасының табиғаты, халқы мен шаруашылық ерекшеліктеріне сипаттама, басты салалары, экономикалық аудандары, ішкі айырмашылықтары мен сыртқы байланыстары, дүние жүзі мен осы аймақтағы ролі. 4. Оңтүстік-Батыс Азия елдері, географиялық жағдайының өте қолайлылығы, қазіргі саяси картасы, табиғи жағдайы мен ресурстарының ерекшеліктері, осы аймақ- үш діннің отаны, тарихи-мәдени ерекшеліктері, қазіргі шиеленіс нүктелері, шаруашылығына сипаттама. 5. Таяу Шығыстың араб елдері, Түркия, Иран, Ауғанстан, саяси және экономгеографиялық жағдайлары, халқының ерекшеліктері, шаруашылығы мен сыртқы байланыстары, Орта Шығыс және Орталық Азия елдерінің бірлестігі, Қазақстанның бұл мемлекеттермен мәдени және эконмикалық байланыстары. 6. Африканың дамушы елдері, саяси картасы, оның қалыптасу тарихы, табиғи ресурстық потенциалы мен оларды пайдалану ерекшеліктері, халқының құрамына сипаттама, осы елдердің шаруашылығының салалық және территориялық құрылымындағы ерекшеліктер, маңызды проблемалары және оларды шешу жолдары. 7.Африканың ішкі айырмашылықтары.Мұхиттық аралдар. Солтүстік, Батыс,Шығыс, Орталық және Оңтүстік Африка, Мұхиттық аралдар елдерінің ерекшеліктері, шаруашылығын дамытудағы табиғи- ресурстық факторларының ролі, шаруашылығының негізгі салалары, сыртқы байланыстары, саяси және экономикалық бірлестіктері. 8. Латын Америкасының елдері, құрамы, саяси және экономгеографиялық жағдайлары,саяси картасы, табиғат ресурстары мен табиғи жағдайларына шаруашылық тұрғысынан баға беру, халқының ерекшеліктері, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен транспорт салаларының орналасуы мен дамуы. 9. Латын Америкасының жеке аймақтары. Мексика, Бразилия, Орталық Америка, Вест-Индия(Кариб бассейні), Гвиана, Анд және Ла-Плата бассейні елдерінің табиғаты, халқының және шаруашылық салаларының орналасу және даму ерекшеліктері, рекреациялық ресурстары, экологиялық проблемалары, сыртқы байланыстары. 4,6,8,10,11,12 11,12
  Дүние жүзілік экономикалық байланыстар. 1. Олардың ролі мен маңызы, негізгі бағыттары, халықаралық байланыстардың негізгі формалары. 2. Дамыған елдер мен дамушы елдер арасындағы және олардың өтпелі экономикалы елдермен экономикалық қатынастары. 3. Дамушы елдердің өзара және дамыған елдермен байланыстары, олардың жаңа экономикалық тәртіп орнатудағы күресі. 1,2,4,6,14,15,16,17  
  Экономикалық ынтымақтастық және жаhандану үрдісі. 1.Дамыған елдер арасындағы бәсекелестік. 2.Ынтымақтастықтың негізгі формалары-халықаралық сауда, капитал экспорты, халықаралық туризм, ғылымитехникалық ақпараттар алмасу,т.б. 3.Халықаралық экономикалық қатынастардағы екі ағым: біріктіруші және ажыратушы, қазіргі заманғы үш географиялық орталықтар және олардың бақталастығы. 1,2,4,15,16,17  
  Халықаралық экономикалық интеграция. 1. Бұл мәселедегі, халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің ең соны, әрі жоғары басқыш екендігі. 2.Маңызды халықаралық ұйымдар мен экономикалық топтар: аймақтық және салалық. 3. Европалық Одақ, Солтүстікамерикандық еркін сауда зонасы келісімі(НАФТА), Латынамерикандық интеграция ассоциациясы, Азия-Тынық мұхиттық экономикалық ынтымақтастық форумы, Африка бірлігі ұйымы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы(АСЕАН), Мұнай экспорттайтын елдер ұйымы(ОПЕК),Орталық Азия экономикалық бірлестік ұйымы және т.б. ролі мен маңызы. 1,2,4,6,14,15,16,17  
  Барлығы: 30 сағат.    



Дата публикования: 2015-01-15; Прочитано: 936 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...