Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кредит саны: 3



Курс коды: БП 21 ТК 12

Байланысу мәліметі:

Аты-жөні Орындау уақыты мен орны Байланысу телефоны
Дәріс Семинар СОӨЖ
Баймағанбетова Қаршыға Тасболатқызы   Офис тіркеушісінің сабақ кестесі бойынша   Кафедраның сабақ кестесі бойынша 54-58-74 (222) 8701 121 33 03  

Курстың пререквизиттері:

«Дүние жүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы» пәні география ғылымдарының ішіндегі басты қоғамдық ғылым болып табылады. Бұл курсты меңгеру үшін орта мектептің әлеуметтік-экономикалық және саяси география пәні бойынша алған білімдерін, сондай-ақ әлеуметтану, жалпы экономика негіздері, саясаттану, «Экономикалық және әлеуметтік географияға кіріспе» курстарында алған білімдерін пайдалану қажет.

Курстың постреквизиттері:

«Дүние жүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы» курсында алған білімдерін экономикалық география курсының барлық бөлімдерін оқып-білу кезінде қолдана алады.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

«Дүние жүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы» пәні- жалпы дүние жүзінің, сонымен қатар оның жеке аймақтары мен елдерінің халқы мен шаруашылығының орналасу және даму заңдылықтарын зерттейтін қоғамдық географиялық ғылым.

«Дүние жүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы» пәні адам мен қоғамның өзара іс- әрекетін, адамзаттың ғаламдық проблемаларын және халықаралық қатынастарды қамти отырып, дүние жүзілік саясат пен экономикадағы өзгерістерді, қазіргі кездегі әлемнің жалпы даму сипатын дұрыс ұғынуға көмектеседі.

Курстың мақсаттары мен міндеттері:

- Дүние жүзінің және оның аймақтарының табиғат жағдайлары мен ресурстарын оқып- үйрену;

- Әлем халықтарының ұдайы өсу және таралып орналасу заңдылықтары, жекелеген аймақтар халқының құрамы, мәдениеті мен тұрмыссалты, демографиялық мәселелері;

- Адамзаттың ғаламдық және аймақтық проблемалы, олардың туындау себептерін білуге;

- Халықаралық экономикалық қатынастар, халықаралық ұйымдар мен экономикалық одақтар туралы мағлұмат беру;

- Сыртқы экономикалық байланыстарды халықаралық реттеу, мемлекетаралық интеграция мен оларды үйлетіруші ұйымдар, әлемдік қауымдастықтағы жаңаша ынтымақтастық қатынастарды орнату мәселелерін талдай білу.

Курс нәтижесінде студенттер білу керек:

- негізгі ұғымдарды, саяси, экономикалық терминдердің анықтамаларын білу;

- тақырыптық карталармен дұрыс жұмыс жасай білу;

- статистикалық деректерді сәйкестендіріп салыстыра білу;

- экономикалық географиялық обьектілерге сипаттама бере білу;

- салалардың даму болашағын анықтай білу және ұлттық шаруашылықтағы маңызын аша білу.





Дата публикования: 2015-01-15; Прочитано: 320 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...