Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Лттық идеологияның негізгі бағыты




Ұлттық идеология — күш пен қаталдыққа табынудан — пікір алысу мен келісімге табынуға дейінгі бағыт. Мұндай идеология Қазақстанның ұлттық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін азаматтық және мәдени бірегейлігін нығайтуға жәрдемдесетін болады, елдің үдей түскен жаһандану жағдайында төтеп беріп қана қоймай, өзінің ұлттық келбетін сақтауға көмектеседі, сонымен бірге оның түрленуінің, оның «басқа жаһандану» белгісімен ойдағыдай жүзеге асырылуының алғышартына айнала алады.

Қазақстанның әлемге паш етуге лайық қазынасы бар. Ол — бірлік. Әлемге тәуелсіз және егеменді ел болып қалыптасқан Қазақстанның көптеген этностары мен конфессияларының өзара түсіністігі мен өзара келісімі тәжірибесі ерекше маңызга ие бола бермек.

Күшті күшпен ғана тоқтатуға болады деп ежелден есептеліп келді, әйтсе де данышпандар бұған керісінше пайымдады: «Өшпенділікті өшпенділікпен тоқтатуға болмайды — тек сүйіспеншілікпен ғана тоқта- туға болады». Қазақстан әлемге қарапайым, бірақ ұлы акиқатты дәлелдеді: татулықта және бейбітшілікте, жанжалсыз өмір сүруге әбден болады, қара- ма-қайшылықты пікір алысу үрдісінде шеше аламыз, мәдени және кон- фессиялық алуан түрлілікті сақтай отырып, бірлікке толық қол жеткізуге болады, күшке шынында да күшті — ұлттық Рух күшін қарсы қою керек. Сөйтіп қазақ ұлттық идеясы ғылыми айналымға жаһандану жағдай- ында Қазақстанның орнықты дамуынын күрделі проблемаларын зерделеу үшін аса маңызды біріктіргіш принцип ретінде енгізілген қазақстандық ұлттық идея болып табылады. Әнгіме қазір этносаралық қарама-қайшы- лықтарды шешу формасы қазақ ұлтының және басқа ұлттық диаспоралар- дың мүдделерін бірыңғай топтасқан қазақстан халқы болып қалыптасқан біртұтас мемлекет шеңберінде шебер ұштастыру негізінде этносаралық ықпалдасу тәсілі ретіндегі қазақстан идеясы туралы болып отыр.

Жоғарыда аталған бүгінгі ұмтылыстар, өмірлік басымдыктар және қазақстандықтардың өркениеттік мұраттары Қазақстанның ұлттық идея- сының мазмұның, ең болмағанда, таяудағы он жылға арналған мазмұның көрсете алады. Сөйтіп ұлттық идеяның мәні мынадай тұжырымда тезистік түрде айтылуы мүмкін: «Бастау-көзді ұмытпай, біз бірге әрбір қазақ- стандықтың игілігі үшін гүлденген және демократиялық күшті Қазақстан орнатамыз». Ұсынылып отырған ұлттық идея тұжырымы барлық көп этностық қоғамды топтастыра және азаматтық бірегейлік векторын күшейте оты- рып, мемлекетті нығайтудың, жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыру- дың аса манызды әлеуметтік-экономикалық және саяси проблемаларын шеше отырып, Қазақстанның барған сайын күшейе түсіп отырған жаһан- данушы әлемдегі орнын нығайтуға жәрдемдеседі. Ұсынылып отырған формадағы ұлттық идея қазіргі заманғы жаһанданудын бой көрсетуі ал- дында бүкіл елді жұмылдырудың нақты практикалық тетігі бола алады.

Міне, терен сипатты пікір алысу қазақ ұлттык идеясынын қазақстан- дық идея, барлық этностарды біртұтас халыққа біріктіретін, жаһандану үдерісінде өзінің мәдени және ұлттық бірегейлігін сақтап қана қоймай, сонымен бірге оның өмір сүруін қажетгі құрылымдаушы факторына айна- ла алатын қазақстандық идея мәртебесін ала алатын тәсіл болып табыла- ды. Тек ұлттық идея ғана әлемдік қоғамдастыққа ұлттық мақтаныш сезімімен, өзінің мәні мен салмағын таныған санамен кіруге қабілетті нақты күш бола алады.

Идеология сондай-ақ мемлекеттін таяудағы жылдарға арналған сая- сатын айқындаушы ұлттық бірқатар мүдделерді де қамтиды. Бұл, ең алды- мен, қазақ ұлтының өзінің экономикалық өcyi және мәдени өрлеуі; ауыл- дың, ауылдық елді мекендердің қайта түлеуі. Ұлттық мүдделер қазақтар мен басқа да этностардың материалдық және рухани дамуынқолдаудың арнаулы әлеуметтік багдарламаларын әзірлеуді көздейді. Идеялар мен мүдделер жүйесі пікір алысу қағидасына орай құрылымдалады..[1]

«Кәмшат Тасболат. Ұлттық идеология: біздің басымызды не біріктіреді?»

Газетіміздің өткен сандарында «Біз Көк тулы мемлекетпіз бе, әлде көп тулы мемлекетпіз бе?» («Айқын», 7.09.2010, №163 (1587)) атты мақала жарияланған еді. Әңгіме өзегіне айналған жайт - кейбір ұлт өкілдерінің Қазақстан Республикасының ресми туын құрметтеудің орнына ата-жұртының ту нышандарын автокөліктеріне іліп жүруге әуестігі еді.

Біз бүгін қазақтар мен елімізде тұратын әрқилы диаспора өкілдерінің басын не біріктіреді деген сауалға жауап іздемекпіз. Былай қарасақ, Қазақстанның мемлекеттік рәміздері де ел азаматтарының басын біріктіруші факторға толықтай айнала қоймаған сияқты. Ол түгілі, біздің бір дінді ұстануымыз, яғни әлемнің хақ діні - исламның жолында болуымыз да дүнияуи мүдделерге келгенде, ұлт пен кейбір этникалық топтардың басын қосатын фактор бола қоймапты-ау деп өкінесің. Бірақ бәрі де бір Аллаға белгілі. Тек Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының бейресми туына айналған нышандардың Қазақстанда көтерілуі тілі бір, діні бір, ділі бір қазақ пен ұйғыр арасына сызат түсірмей ме? Неге екі бауырлас халықтың арасына іріткі салушылар «Қазақстан азаматы» болу бақытының қадірін түсінбейді?!
Егер де өткен ғасырдың 90-жылдары шыққан қазақ бас­пасөзін шолып көрсеңіз, онда тәуелсіздік алған қазақ елі Ресей мен Қытайда қалған бауырлас мұсылман халықтарының барын айтып, олардың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап келгенін бай­қай­сыз. Қазақ елі қашанда сырттағы бауырларына тілеулес. Бірақ жаңа ғасырдың алғашқы жыл­дары­нан бері қазақ баспасөзі мен зиялы қауым өкілдерінің қытай еліндегі ұйғыр бауырларына қа­тысты ұстанымының күрт өзгеріп кеткенін байқау қиын емес. Арадағы салқындықтың неден пай­да болғаны баршамызға бел­гілі. Тек бұл салқындықты жоюда жа­лаң ұрандардан бөлек, қандай идеологиялық жұмыстар атқа­рыл­ды?!
Жасыратыны жоқ, билік Қа­зақстанның көпұлтты мемлекет екенін алға тартып, осы күнге дейін жалпыұлттық идеология жүргізді. Бірақ жалпыұлттық саясат қазақтың 67 пайызға жет­кеніне байланысты ұлттық бағыт­қа қарай өзгеруі керек пе? Жалпы, қазақстандықтар қазақ болуға дайын ба? Бір Ту бар жерде өзге туларға орын бар ма? Бұл жайын­да сарапшылар төмендегідей ой бө­ліседі.

Айдос САРЫМ, саясат­тану­шы:

- Менің ойымша, біз ұлттық идео­логия дегенімізде, екі нәр­сені дұрыс түсінуіміз керек. Бі­рін­шіден, ұлттық идеологияны жал­пы қоғамдағы мемлекет­шіл­дік, реформистік, елді алдыға бас­тайтын саяси көзқарастардың түсі­нігі деп танитын болсақ, оны қо­лдауға болады. Ал екіншіден, Кеңес Одағы тұсындағыдай бәрі­мізді тік тұрғызып, саппен жүргізу дегендей мемлекеттік идеология жайлы әңгіме болса, оның түбі жақсылыққа апармайтыны анық. Сөз­сіз, қоғам өз алдында тұрған үл­кен мәселелерді шешуге мүдделі болғандықтан, оның әр ке­зеңге сай «ұлттық мүдде» дейтін түсінігі болады. Тіпті бүгінгі күні қазақ ұлтшылдары деген ұғымды алып қарасақ, кем дегенде 7-8 ба­ғыт бар. Діни бағыттан бастап, социалистік, либералды, оңшыл көзқарастарға дейін саналуан ұстаным қалыптасқан. Оның қайсысы дұрыс-бұрыс деген мә­се­­лелерді шешу үшін бұлардың әрқайсысы кем дегенде бөлек-бөлек партия болуы тиіс. Халық­тың көңілінен оның қайсысының шығатыны сайлауда ғана анық­та­лады. Бірақ сөзсіз, бүгінгі күні әр қазақтың көкейінде жүрген мәселелер бар: дінге, мәдениетке, ұлт­тық байлықтың дұрыс пай­да­ланбауына қатысты... Осының бә­рі айналып келгенде, бәрімізге анық түсініктердің айналасына ба­рып топтасады. Ал мұның жиын­тығын бүгінгі күні ұлттық идеология деуге болатын шығар. Өйткені мұның бәрі ұлттық мүддеден туындап отыр. Яғни бұл арада мемлекет болсын, қазақ баспасөзі мен зиялы қауым өкіл­дері болсын, мұның үлкен саяси жі­гермен, ықыласпен іске асы­рылуына, керек болса, кейбір кез­де күштеп енгізілуіне мүдделі болуы керек.
Әрине, еліміздегі кейбір эт­нос­тардың тарихи, мәдени, саяси талаптары туралы әңгіме шығып жатыр. Бұл, әсіресе, ұйғыр ағайын­дарға қатысты. Меніңше, бұл жерде қазақ қауымы екіұдай сая-сат жүргізуі керек. Бір жағынан, ұйғырлар бізге бауырлас, түркі­тіл­дес ел болғаннан кейін, олар­дың әсіресе, Шыңжаңға қатысты сая­си, тарихи арман-қиялы бар. Бұлардың орындалуына ашық қолдау білдіре алмасақ та, оларға түсіністікпен қарап, рухани қол­дауға мүдделіміз әрі міндеттіміз деп есептеймін. Ұйғыр ағайын­дар­дың өздері де мына нәрсені бі­ліп-мойындайтыны анық: Қа­зақстан сияқты олардың этно-мә­дени сұраныстарына жауап бе­ріп, қол ұшын созып отырған бір­де-бір мемлекет әлемде жоқ. Біз­де қаншама ұйғыр мәдени-орталықтары, ұйғыр театры, бір­неше газет-сайттары бар?! Яғни Қа­зақстандағы ұйғыр қозға­лы­сының басшылары Қазақ мем­лекетін Қытаймен қағыстырып қоймауы немесе жалпы қазақтың қытығына тиетін қадамдарға бар­мауы жөнінде ішкі жұмыс­тарды жүргізуге міндетті. Қажет болған кезде біз де мұны оларға айтып тұруға құқылымыз. Олар біздің заңды талабымызға ешқандай да ренішін білдірмеуі керек. Қазақ­стан - қазақ ұлтының мемлекеті. Мұн­да бір Ту көтеріліп, бір тіл, бір мәдениет өсіп-өркендейді.
Шынын айтсақ, егер де елі­міз­де қазақ тілінің мәселесі ше­шілген болса, елдегі 90-95 пайыз халық емін-еркін мемлекеттік тілде сөйлесе, әрине, қазақ ұлты ұйғыр халқының жоғарыдағыдай ар­ман-мұратына, ізденісіне түсі­ніс­тікпен қарап, кешегідей жайттарға, бәлкім, назар аудар­мас па еді?! Сондықтан арандату­шы­лық әрекеттерге берілмеу ке­рек. Бірақ ондаған, жүздеген, мың­даған адамдар мұны өзіндік идео­логия деп біліп, саяси көз­қарасқа айналдырып жатса, оны біз, сөзсіз, Қазақтанның тұтас­ты­ғына, ел бірлігіне сына қағатын аран­дату деп түсінуіміз керек. Мә­селен, біз таяуда «Абай.кz» сай­тында Өскемендегі казак­тар­дың ұлттық-әскери киімдерін киіп, қолына қылыш ұстап, ата­ман Ермактың тойын бірнеше жыл бойы тойлап келгенін жаз­дық. Бұл - Конституцияны тіке­лей бұрмалап, бұзу деген сөз. Егер де прокуратура органдары өз жұмысына мүдделі болып, Ата заңды сыйлататын болса, мұндай мәселелерге өзінің құқықтық баға­сын беруі тиіс. Қажет болған жағ­дайда, мұны жасаған ұйым­дар­дың басшыларын жауапқа тартып, керек болса, айыппұлын төлетіп немесе ұйымдарын жа­буға дейін мүмкіндігі бар. Яғни ұлт қауіпсіздігі мен сұраныс­тары­на байланысты мемлекеттік ор­ган­дар тарапынан түсіністік пен ішкі патриотизм жетпей жатқан сияқты. «Бұл Ресейдің қытығына тиеді екен» дегеннің өзінде про­куратура басшылары сол жердегі казактар мен ұйғыр басшыларын өз кабинетіне шақырып, есігін жауып сөйлессе, оның артығы жоқ. Негізі, болашақтағы кикіл­жіңнің алдын алу деген осындай күнделікті жұмыстан басталады деп есептеймін.
- Ал қазақстандықтар қазақ болуға дайын ба?
- Жалпы, Қазақстан деген ұғым - қазақ елі дегеннің парсы­ша баламасы ғой. Яғни қанша жерден қандай да бір идеоло­гия­лық бағытты ойдан шығарсақ та, халықтың басым бөлігі өзін «қа­зақстандықпын» деп емес, «қа­зақ­пын» деп санайды. Бүгінгі кү­ні өзін «қазақпыз» дейтіндердің са­ны 70 пайызға жақындап қал­ды. Яғни бізге 70 пайыз халықтың са­насын өзгерту оңай ма, әлде қал­ған 20-30 пайыз халықтың са­насын өзгерту оңай ма?! Бола­шақ­та біз қандай модельді таң­дай­мыз? Шын мәнісінде, ұлттық мемлекет дегеніміз - мемлекет құру­дың ең тиімді әрі бүкіл әлем­де жақсы тәжірибесі бар, өзінің көп пайдасын беріп жатқан мо­дель деп есептеледі. Ал бүгінде би­лік ұсынып отырған мультимә­дени модельмен не боп жатыр?! Мә­селен, қазір осыған орай Гер­м­анияда қаншама дау шығып жа­тыр. Германияның ең мықты сая­саткерлерінің өздері «кезінде елі­мізге түріктер мен өзге де эт­нос­тарды кіргізгеніміз қате бо­лып­ты» деп мойындап жатыр. Сон­дықтан Еуропаның көптеген ел­дерінде оңшыл-ұлтшыл күштер сай­лауда еселеп күш жинап ке­леді. Яғни қалай болғанда да, ұлт­шылдықпен ұлттық мемлекет ре­тінде қалыптасып жатқан елдер бар­шылық. Керісінше, кемеліне жет­кен ұлт жақсы мемлекетке ай­налады. Мемлекет пен ұлт - бір-бірімен пара-пар ұғымдар. Осы тұрғыдан алсақ, биліктегі аза­маттар әлемдік тәжірибеге қа­рап, Қазақстан мен әлем тарихын же­тік меңгеріп, осындай ап-ай­қын, түсінікті нәрселерге басын қа­тырмай, дүниежүзінде жоқ формулаларды ойлап таппай-ақ, ха­лықтың көпшілігінің сұраны­сы­нан туындайтын тарихи, саяси мо­дельдерді іске асыру керек деп есеп­теймін.
Тағы бір айта кетерлігі, біздің қазақта көптеген мәселелер ше­шіл­мейді дегеннің өзінде бір «ақыр­заманшылдық» идеология мен ұлттық азшылық психо­ло­гия­сынан арылу керек сияқты. Шын­дап келгенде, болашақ - қа­лай да қазақтікі. Қазақтың мә­се­­лесі шешіледі. Өйткені біз көп­ші­лік­піз.

Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы, қо­ғам қайраткері:

- Мұның бәрі де тек заңмен рет­­телетін нәрсе. Меніңше, «Мем­лекеттік рәміздер туралы» заңның олқылықтарын кейбір ұйғыр бала­лары өз мүддесіне пайдала­нып жүр деп білем. Сондықтан заңды толықтырып, мемлекеттік ту қай жерде ілінуі тиіс, ал қай жер­де өзге мемлекеттердің тула­рын пайдалану керек дегендей мә­се­лелер нақты-нақты анық­талуы керек. Әрине, әр адамның өз үйіне не іліп қойса да, өз құқы. Бірақ идеологиялық мәселелердің бәрі де заңда толыққанды қам­тылуы керек.
Негізі, біздің елімізде өзге мем­лекеттердің туы тек елші­лік­тер мен консулдықтарда, елшілік ав­токөліктерінде ілінеді. Ал жоқ мем­лекеттің туын көтеру - заңға қай­шы.
Түптеп келгенде, жалпыұлт­тық идеология мен ұлттық идео­ло­гия бірдей мәселе. Ұлттық идео­логия дегеніміз - мемлекет­тік идеология. Сондықтан ұлттық идеология барша Қазақстанның идеологиясы болуы керек. Бұл жерде басқа идеологияға орын жоқ. Егер де біздің мемлекетіміз ай­қын, нақты саясат жүргізсе, әрі Ата заңда мемлекеттік тілді әрбір Қазақстан азаматы біліп, игеруге тиіс деген талап қабылданса, он­да ел азаматтарының бәрі де қа­­зақ тілін үйренуге міндетті бола­ды. Ал ел азаматтары қазақ тілін үйренгеннен кейін оның ұлты орыс па, ұйғыр ма, оның мемлекет үшін соншалықты мәні болмайды. Әрбір адам мемлекеттің рухани символы - мемлекеттік тілді бі­ліп, мемлекеттік патриотизмге бө­леніп, мемлекеттік рәміздерді құр­меттеуі керек. Мемлекеттің та­лап ететіні осы ғана.





Дата публикования: 2015-01-15; Прочитано: 602 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...