Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тарихи маңызы



1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс Ресей империясындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды. Ол түптеп келгенде 1917 жылғы ақпанда Ресей империясында монархиялық билік жүйесінің құлауын жақындатқан себептердің және жалпы шығыстың отар халықтарының (Қытай, Парсы, Үндістан, т.б.) империалистік езгіге қарсы ХХ ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі болды.

Қазақстанда патша өкіметінің отарлау саясатының күшеюі және ортаазиялық хандықтардың басқыншыларына қарсы халық наразылығының көрінісі ретінде ұлт-азаттық көтерілістердің тууы заңды құбылыс еді. Бұл көтерілістердің жеткілікті ұйымдаспаған стихиялық сипатта болуы, айқын бағдарламасының жоқтығы қозғалысты мақсатына жеткізе алған жоқ. Бірақ қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылу жолындағы азаттық идеясын шыңдауда үлкен әсері мен ықпалы болды.

Орыс шовинистік топтары өздерінің сан ғасырлық отарлау саясатын білдіртпеу үшін, ұлт-азаттық соғыстардың барлығы таптық мүддеге қарай, яғни олардың басқыншылық саясатын қолдау-қолдамауына қарап, «ұлтшыл-прогрессивті», «реакцияшыл-буржуазиялық», «феодалдық сепараттық» деп бөліп келді. Десе де, 1916 жылғы көтеріліс — империялық зорлық-зомбылыққа қарсы ұлт-азаттық козғалыстардың ең маңызды окиғаларының біріне айналды. Бірақ, бұл көтерлістің өзі де төтесінен басталған, аса қолдау таппаған көтеріліс болатын. Алайда, 1916 жыл-қазақ тарихында белгісіз жақтары мол қаралы, қанды оқиғалар жылы ретінде ел тарихынан орын алады. Осының лебі ме екен, 20-шы жылдардьң соңына дейін де ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жок. Ал жаңа кеңестік тәртіптің орнауына байланысты ұлт-азаттық көтерілісін жүргізу мүмкіндіктерінің тамырына балта шабылады. Дегенмен, жетпіс жыл бойына халқымыз да, тарихымыз да тәуелсіздікке ұмтылып келгендігі ешқандай дәлелді қажет етпейтін факт. Ұлттық еркіндікке ұмтылу да негізсіз болған жоқ. Оны тудырған екі алғы шарт болды: біріншіден, жер мәселесінің шешілмеуі. Кеңес өкіметі тұсында да ішкі Ресейден әр түрлі жағдайды сылтауратьш (Тың игеру, Ұлы Отан соғысы, т.б.) қазақ жеріне қоныс аудару толастаудың орнына, партияньң қолдауымен, тіпті, бұрын болмаған қарқынмен ашықтан-ашық жүргізілді. Екіншіден, қазақ елінің Кеңес билігі тұсында жеке мемлекет ретінде еркіндік алу үміті біржолата үзілді. Керісінше, Қазақстанның ішкі, сыртқы қатынастарына байланысты мәселелер, саяси-экономикалық жағдайлар тек Орталықтан басқарылып, Орталықтан шешілетін болды.

Міне, осындай жағдайларға душар етілген бүтіндей бір мемлекет үшін ұлттық-демократиялық интеллигенция өкілдері тәуелсіздікті сөз ете бастайды. Күрес идеология төңірегінде одан әрі жалғасады. Бұл күрес ең алдымен жер тұтастығы үшін күрес болады. Содан бері талай жыл өтсе де, қазақ жеріне көз алартып, «ана жер менікі, мына жер менікі» деушілердің араны ашылып, жер дауы өлі де өз шешімін таппай келеді деп ашық айтуымыз керек. Осындай жағдайға алып келген саясаттың тамыры тереңде жатқаны да белгілі.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 986 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...