Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Көтерілістің қорытындылары



Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі Қазакстанның барлық аймақтарында қатаң басып жанышталды. Семей және Ақмола облыстарында көтерілісшілерге карсы 12 атты әскер жүздігі, 11 күшейтілген жаяу әскер ротасы қимыл жасады, ал Торғай көтерілісшілеріне қарсы патшалық өкімет орындары 17 атқыштар ротасын 18 қазақ жүздігін, 4 атты әскер эскадронын, 18 зеңбірек, 10 пулемет және басқаларды әкеп төкті. Алайда жазалаушылар Казақстанның бірқатар аудандарында көтерілісті Ақпан революцияна дейін баса алмады. Мәселен, Торғай облысында көтеріліс патша өкіметі құтылғаннан кейін ғана тоқтатылды.

Көтерілісті басып жаныштау үшін патша өкімет орындары Жетісуға 8 750 найзалы мылтығы бар 95 рота, 3900 қылышкері бар 24 жүздік, 16 зеңбірек және 47 пулемет жіберді. Облыста ондаған қазақ және қырғыз ауылдары жойып жіберілді, бейбіт тұрғындар аяусыз қырғынға ұшырады. Патша өкіметі орындары қудалаған 300 мың қазақтар мен қырғыздар немесе Жетісудың байырғы тұрғындарының төрттен бірі Қытайға қашып кетуге мәжбүр болды.

Генерал-губернатор Куропаткин бекіткен сот үкімі бойынша ғана Түркістан өл-кесінде қоныс аударушылар селоларының тұрғындарынан құрылған отрядтар мен жа-залаушылардың қолынан сотсыз және тергеусіз қаза тапқан адамдарды қоспағанда, 1917 жылғы 1 ақпанға қарай 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам қамауға кесілді.

Патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы әділетсіз жарлығының қасіреті зардаптары осындай болды.

Ресей либерал-демократиялық қозғалысының өкілдері 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы шығуының ең басынан-ақ оның заңсыз екенін көрсетіп, егер бұл әділетсіз жарлық жүзеге асырыла бастаса, халық толқуларының пайда болуы анық екенін ескерткен еді.

1916 жылғы шілденің өзінде-ақ мұсылмандар, кадетгер мен трудовиктер фракцияларының өкілдері болып табылатын Мемлекетгік Дума мүшелері Ішкі істер министрлігі мен Әскери министрлікке жарлықты жүзеге асыру шарттарын дереу анықтауды талап еткен болатын. Бірқатар депутаттардың сауал салуы бойынша, патша жарлығын жүзеге асырудың заңдылығы мен мүмкіндігі және зардаптары туралы мәселе Мемлекеттік Думаның отырыстарында бірнеше рет талқыланды. 1916 жылдын, тамызында Мемлекеттік Думаның депутаттары А.Ф.Керенский мен К.Б.Тевкелев болып өткендердің бәрімен жергілікті жерде танысу үшін өз фракцияларының тапсыруымен Түркістанға барды. Мемлекеттік Думадағы трудовиктер фракциясының жетекшісі А.Ф. Керенский Түркістан мен Дала өлкесінде болып жатқан оқиғаларды орыс та-рихының масқара беттері деп сипаттады. Ол «...25 маусымдағы жоғары патша жарлығын... жариялау және жүзеге асыру кезінде Ресей империясының негізгі және негізгі емес заңдарының бәрі қаншалықты мүмкін болса соншалықты бұзылған», — деп мәлімдеген.

Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының мүшесі М.ГДжафаров трудовиктер фракциясы сауалының негізгі кағидаларын және оның жетекшісінің сөйлеген сөзін қолдай келіп, Қазақстан мен Орталык Азия халықтары көтерілісінің негізгі себебі патша өкіметінің отаршылдық саясаты және барлық деңгейдегі атқарушы өкімет орындарының соған тікелей байланысты іс-қимылы деп айқын көрсетті, «Жоғары өкімет орындары агенттерінің заңсыз әрекеттеріне қоса,- деді М.Г.Джафаров,- жергілікті өкімет орында­ры шексіз озбырлық жасады, бұратаналарды шақыру туралы жарлық шығару актісінің заңсыздығы да бұл актіні жүзеге асырудың заңсыздығы да бұра-таналар жөніндегі ғасырлар бойы жасалған және дәстүрлі саясаттың, халықтың өз пікірін, де, оның өмірлік мүдделерін де елемеудің тікелей нәтижесі... Билікті асыра қолдану —орыс өкімет орындарының бұратаналар жөніндегі саясатының принципі».

1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында көтерілістің жалпы жұрт таныған басшылары Ә.Жанбосынов, А.Иманов, Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов, Б.Әшекеев, О.Шолақов, А.Жүнісов, Қ.Көкембаев, И.Құрманов, Т.Орысов, Ж.Кұдайбергенов, С.Қанаев, М.Ұзақбаев, А.Сұлтанбеков жене басқалар, көтерілісшілердің саяси көсемдері Т.Бокин, Т.Рысқұлов, С.Мендешев, Ә.Жангелдин, Б.Алманов жөне басқалар кезінде Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Жанқожа Нұрмұхамедов, Кеңесары және Наурызбай Касымовтар, Байзақ Мәмбетов және басқалар жүргізген тәуелсіздік жолындағы күреске халықты көтерді. Кеңесары Қасымов басшылық еткен ұлт-азаттық қозғалыстан кейін 1916 жылғы көтеріліс бірінші рет кең-байтақ өлкенің барлық аймақтарын әр түрлі дәрежеде қамтып, бүкіл қазақтық сипат алды. 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі өлкенің біркатар аудандарында (негізінен, Казакстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында) оған қазақтармен қатар қырғыз, ұйғыр, өзбек және баска да халықтар өкілдерінің де катысуы болды. Кейбір шекаралас аудандарда көтеріліске шықкан қазақтар мен қырғыздар патша жазалаушыларына қарсыласудың бірлескен аймақтарын ұйымдастырды (мысалы, Қарқара (Қазақстан) жәпе Қарақол (Қырғызстан) ауданы, Әулиеата уезі (Қазақстан) және Пішпек уезінің (Қырғызстан) түйіскен жері және басқалар.

Көтеріліс отаршылдыққа қарсы және империализмге қарсы бағытта бол­ды. Көтерілістің басты міндеті — халықты отаршылдық езгіден ұлттық және саяси жағынан азат ету міндетімен салыстырғанда, таптық мәселе (ауылдың бай үстем топтарына қарсы күрес) екінші кезекте қалды. Біркатар жерлерде және белгілі бір кезеңде көтеріліс халықтық соғысқа ұласты (оның Жетісу және Торғай облыстарындағы жекелеген ошақтарында).





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 604 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...