Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ылыми ізденісі: зат алмасудың патофизиологиясы



Ғылыми мектебі:2005ҚММА-да (1 ай) БКФ өтті. 2008 ж «Инновационные технологии в медицинском образовании» циклы бойынша (1 ай) ҚММА-да БКФ өтті.

Қазақ және орыс тілдерінде дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Оқытушы: Бесков Владимир Николаевич, медицина ғылымының кандидаты, доцент, педагогикалық жұмыс стажы – 48 жыл.

Ғылыми мектебі: 1974 жылы «Морфологические и чистохимические изменения миометрия крыс в процессе беременности и получил ученую степень кандидата медицинских наук (раздел цитология и гистология)» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған.

1979 жылы патологиялық анатомия мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер оқу атағына ие болған, ҚММА-ның ОҒЗЛ патоморфологиялық тобының жетекшілік лауазымын атқарған.

1980 жылдан 2005 жылға дейін ҚММА-ның гистология кафедрасының доценті болған.

2003 жылы ҚММА-да БКФ өткен.

2009 жылдын 1 қыркүйегінен бастап патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы болып жұмыс атқарады. Орыс тіліндегі тәжірибелік сабақтарды жүргізеді.

Оқытушы: Мохир Юрий Михайлович, медицина ғылымының кандидаты, доцент, педагогикалық жұмыс стажы – 38 жыл.

Ғылыми ізденісі: биохимия

Ғылыми мектебі: 1969 ж. «Влияние унитиола на обмен холестерина при лучевом поражении» кандидаттық диссертациясын қорғаған. 093 – биологиялық химия бойынша, ғылыми жетекшілері б.ғ.д., проф. В.И. Якубовская Қарағанды қ., Қарағанды мемлекеттік медицина институтында. 1970 жылы Новосибирскіде биохимия пәні бойынша квалификациясын жоғарлатқан. 1971 және 1985, 1987 ж. Москва қаласында квалификациясын жоғарлатқан. 1989 жылы биохимия бойынша Ленинградта педиатрия институтында квалификациясын жоғарлатты.ҚММИ 1996 жылы педагогикалық квалификациясын жоғарлатты,1998 жылы ҚММИ клиникалық биохимия бойынша квалификациясын жоғарлатты. 2003 жылы КММА квалификациясын жоғарлатты. 2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап патологиялық физиология кафедрасында оқытушы болып еңбек етеді. Орыс тілінде тәжірибелік сабақ жүргізеді.

Оқытушы: Жиенбаева Кымбат Мураткызы, педагогикалық жұмыс стажы – 8 жыл.

Ғылыми ізденісі: Гигиеналық еңбек, зат алмасудың патофизиологиясы.

Ғылыми мектебі: патологиялық физиология кафедрасының магистранты, ғылыми жетекшісі м.ғ.д., профессор - Сраубаев Е.Н.

Жетістіктері: 2006 ж. (1 ай) ҚММА-да БКФ өтті, 2008 ж (1ай) «Медициналық білім берудегі инновациялық технология» циклы бойынша БКФ өтті. Қазақ және орыс тілдерінде тәжірибелік сабақ жүргізеді.

Оқытушы: Умер Фарук, педагогикалық жұмыс стажы – 1 жыл.

Ғылыми ізденісі: зат алмасудың патофизиологиясы.

Жетістіктері: ҚММУ ішінде «Повышение пед.квалификации» циклі бойынша

БКФ Қарағанды қ. - 2012 ж., Ағылшын және орыс тілдеріндегі тәжірибелік сабақтарды жүргізеді.

Оқытушы: Сүлейменова Бахыт Маратқызы,жалпы стаж -18 жыл, педагогикалық жұмыс стажы – 1 ай.

Ғылыми ізденісі: эпидемиология, зат алмасудың патофизиологиясы.

Жетістіктері: 2006 жылы «Дезинфекция и стерилизация» - 156 сағат циклі бойынша РМҚК АМБДЖИ қарамағында. 2012 жылы «Актуальные проблемы гигиены и эпидемиологии»- 216 сағат циклі бойынша ҚММУ ішінде.

Қазақ және орыс тілдерінде тәжірибелік сабақ жүргізеді.

Оқытушы: Таласпекова Юлия Павловна,педагогикалық жұмыс стажы – 1 ай.

Ғылыми ізденісі: зат алмасудың патофизиологиясы.

Жетістіктері: 2009 жылы «Избранное вопросы организации внутреннего аудита качество медицинских услуг с элементами аккредитации» циклы бойынша 306 сағат ҚММА-да БКФ өтті. 2009 жылы «Внедрения Единой национальной система здравоохранения» -

24 сағат циклі бойынша ҚММУ ішінде. Орыс тілінде тәжірибелік сабақ жүргізеді

Оқытушы: Мұстафина Дана Жантөреқызы, 2012 жылдың 3 қыркүйегінен бастап патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істейді.

Ғылыми ізденісі: зат алмасудың патофизиологиясы.

Орыс тілінде тәжірибелік сабақ жүргізеді

Оқытушы: Горошко Валентина Олеговна, 2012 жылдың 3 қыркүйегінен бастап патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істейді.

Ғылыми ізденісі: зат алмасудың патофизиологиясы.

Орыс тілінде тәжірибелік сабақ жүргізеді.

Байланыс ақпараты:

Патологиялық физиология кафедрасы мына мекен жайда: Қарағанды қ..

Алалыкин көшесі 7, ІІ корпус, 2 қабат, тел.; 56-41-81 (115)

Пәннің саясаты:

Патологиялық физиология кафедрасының басты талабы студенттердің теориялық материалдардан алған және патологиялық физиологияның негізгі кілті болып табылатын: пәннің негізгі анықтамалары, себептері, аурудың даму механизмі және сауығудың жалпы заңдылықтары, патологиялық процестердің дамуы, ағыны, шығуы, организм жүйелерінің қызметінің бұзылуы және олардың көріністерінің патогенезі; эксперименттік жануарлармен жұмыс дағдыларын игеру, негізгі типтік патологиялық процестердің экспериметтік моделдерін таба білу; даму механизмін анықтау мақсатында алынған қорытындыларды өңдеу және анализдеу сияқты тәжірибелік дағдыларды білу болып табылады; сонымен қатар студенттер ҚММУ-де қабылданған жалпы талаптарды сақтау қажет: тәжірибелік сабақ уақытнда ұялы телефондарды қолданбау, барлық босатқан оқу сабақтарын өтеу; сабақта формада болу: бейжды бар ақ халат, қалпақ және ауыстыратын аяқ киім. Пәнді оқу емтихан тапсырумен аяқталады.

Кіріспе

Патологиялыќ физиология – бұл ауру адамның тіршілік ету заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Патологиялық физиология диалектикалық материализм принциптері және эксперимент пен клиникада алынған айқын мәліметтер негізінде аурудың маңызын, себептері мен жағдайларын, олардың пайда болу механизмдерін, дамуы мен соңдарын зерттеумен айналыса отырып, ауру, нозология, этиология, патогенез және т.б. негізгі медициналық түсініктердің анықтамасын тұжырымдайды және мазмұнын ашады. Бұл жағдайдың барлық мамандық дәрігерлерінің дүниетаным қалыптастыру үшін үлкен маңызы бар.

«Патологиялыќ физиология» пәнініњ зерттеу объектісі болып ауру және соѓан шекаралас жаѓдайлар (ауру алды, патологиялыќ реакция және процестер, төтенші жаѓдайлар және т.б.) табылады.

Пәннің мақсаты: негізгі тіршілік қызметтерінің бұзылуларының пайда болу, даму және жою заңдылықтарын зерттеу, аурулардың этиологиясын, патогенезін, клиникалық көріністерін, емдеу және алдын алу принциптерін терең түсінуге студенттерді дайындау

Оқытудың мақсаттары:

· типтік патологиялық процестер туралы білімді қалыптастыру;

· жыныстық және жасына байланысты ерекшеліктерін ескере отырып, мүшелер мен жүйелердің қызметтеріндегі ауытқуларды дұрыс түйсіне білуді үйрету;

· патологиялық процестердің қорғаныш-бейімделу (саногендік) және патогенетикалық механизмдерін ажыратуды үйрету;

· патологиялық процестердің дамуының жалпы және арнайы механизмдерінің негізінде клиникалық ойлаудың негізін дамыту;

· патологиялық процестердің және аурулардың моделін жасау дағдысын, экспериментальды терапияны жүргізудің машығын қалыптастыру

Оқытудың соңғы нәтижесі:

Дескрипторлар Оқытудың соңғы нәтижесі Құзыреттілік
А   Сол саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қосқанда, оқыған саласы бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу   Пәнді, зерттеу объектісін, патологиялық физиологияның алдын алулық және клиникалық медицина үшін маңызын, басқа медико-биологиялық және медициналық пәндермен байланысын атап анықтама береді. Жалпы нозология туралы негізгі ұғымдар мен категорияларды, аурулардың пайда болуын, дамуы және аяқталуында себептік байланыстарды, себепттік жайттар және организмнің реактивтілігі мен төзімділігінің маңызын суреттейді. 1, 3, 4, 6, 7
В Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу Дерт кезінде организм ағзалары мен жүйелері қызметтерінің ауытқуларын жас шамасын және жынысын ескере отырып дұрыс ұғуға уйретуін ұғындырады. Дерттік үрдістердің қорғану – бейімделу (саногенді) және патогенді механизмдерін ажырата білуді болжап суреттейді. 1,2,3,4,6,7
С Аргументтерді қалыптастырып, осы саладағы мәселелерді шешу Пәннiң түсініктемелік терминологиялық аппаратын игергендігін айқындайды. Организмде жалпы және арнайыланған патологиялық үрдістердің даму механизмін жете біле отырып оқу-клиникалық есептерді шешеді.Топта жұмыс істеу дағдыларын игере,алған білімдеріне негізделе отырып оқу эксперименттерін жүргізеді. Оқу экспериментінің нәтижесін интерпретациялайды және бағалайды, бақыланған жағдайларды,көріністерді түсіндіреді,және олардың себеп-салдарлық байланысын ажыратады. 1, 2, 3, 4,6,7
    D Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттарды жинау және интерпретациялауды жүзеге асыру Жалпы патофизиология тұрғысында науқас организмінде физиологиялық процестердің реттелуін және қызмет атқару заңдылықтары бойынша ақпаратты құрастыру қабілеті. 1, 2, 3, 4, 6
Ақпараттарды, идеялар, проблемалар және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де хабарлау Оқу экспериментін жүргізуде және жоспарлауда жеке білімі мен түсінігін студенттерге,оқытушыларға, экзаменаторларға жеткізе алу, бақыланған көріністерді және олардың себеп-салдарлық байланысын түсіндіру. Оның маңызын бағалау,жеке түсінік беру, реферат, презентация, проект түрінде безендіру және тәжірибелік сабаққа, студенттердің үйірме отырысына,студенттердің ғылыми конференциясына ұсыну. 1,2,3,4,5,6

Реквизитке дейінгі: молекулярлы биология және медициналық генетика, медициналық биофизика, биохимия, анатомия-1, физиология-1, гистология-1

Реквизиттен кейінгі: патологиялық анатомия-2, патологиялық анатомия-2, ішкі аурулар пропедевтикасы, жалпы хирургия.

Пәннің қысқаша мазмұны

Патологиялық физиология – клиникалық тәжірибе үшін теориялық база болып табылатын негізгі экспериментальдық пән. Патологиялық физиология диалектикалық материализм принциптері және эксперимент пен клиникада алынған айқын мәліметтер негізінде аурудың маңызын, себептері мен жағдайларын, олардың пайда болу механизмдерін, дамуы мен соңдарын зерттеумен айналыса отырып, ауру, нозология, этиология, патогенез және т.б. негізгі медициналық түсініктердің анықтамасын тұжырымдайды және мазмұнын ашады. Бұл жағдайдың клиника-дәрігерлерінің дүниетаным қалыптастыру үшін үлкен маңызы бар.





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 566 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...