Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Орал 2012ж. 1 страница



Больной жалуется на боли и снижение чувствительности в кистях и стопах, они отечны, холодные на ощупь, влажные, ногти ломкие и тусклые. Выявляется гипестезия по типу «перчаток и носков» на все виды чувствительности.

а) выделить синдром;

б) поставить топический диагноз;

в) поставить клинический диагноз;

г) назначить лечение.

а) полиневритический

б) поражены периферические нервы верхних и нижних конечностей, их чувствительные и вегетативные волокна.

в) вегетативно-сенситивная полиневропатия инфекционно-аллергического генеза.

г) Sol. Proserini 0,05%-1,0 п/к; Trental 400 мг 3 раза в/сут. Milgamma 2мл в/м.

Физиолечение: магнито- и лазеротерапия.

Аржы

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған

Банк ісі

(пәннің атауы)

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Курс –3

Семестр – 5

Кредит саны - 3

Дәріс – 30 сағат

Практикалық сабақ ( лаб., сем. және т.б.) – 15 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 45 сағат

СӨЖ – 45 сағат

Емтихан – 2 -ші семестрде

Барлығы – 135 сағат

Орал 2012ж.

Пәннің оқу әдістемелік кешені 050509 «Қаржы » мамандығына арналған типтік бағдарлама негізінде құрастырылған. 2 бөлім (профильдік пәндер)

Алматы 2010ж Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті

Құрастырушы: аға оқытушы Бақтиярова Альфия Жалелқызы

«Есеп және қаржы» кафедрасының отырысында қарастырылды.

«» қыркүйек 2012ж. № хаттама.

Кафедра меңгерушісі_______ Нугманова М.К.

«Экономика және басқару» факультетінің ОӘК төрағасы __________ Аймешева Ж.С.

1. ТИПТІК БАҒДАРЛАМА. Алматы 2010ж Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті 050509 «Қаржы» мамандығына арналған «Банк ісі» пәні 2 бөлім (профильдік пәндер)

Орналасу жері: корпус № 2, 407 каб.

2.ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет

«Есеп және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы Бақтиярова Альфия Жалелқызы

М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ

Офис: «Есеп және қаржы» кафедрасы

Жұмыс мекен-жайы: Достық даңғылы 218/2. каб 410

Жұмыс телефоны: 535846

Е-mail: [email protected]

Пән туралы мәлімет

Пән атауы: Банк ісі

Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада мысалы 3 кредит сағат (оқу үрдісі кестесі және жұмыс оқу жоспарына сәйкес ауыстырылады), әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.

Кредиттің аптаға бөліну кестесі:

Сабақтар Өткізу уақыты Сабақтар Өткізу уақыты
Байланыс сағаты 1 (1 дәріс) 50 мин. ОЖСӨЖ, СӨЖ 50+50 мин.
Байланыс сағаты 2 (2 дәріс) 50 мин. ОЖСӨЖ, СӨЖ 50+50 мин.
Байланыс сағаты 3 (1 практика) 50 мин. ОЖСӨЖ, СӨЖ 50+50 мин.

Несие саны – 3

Өту орны: № 2 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша

Оқу жоспарынан көшірме:

Курс Семестр Несие саны Дәрістер Семинар лар ОЖСӨЖ СӨЖ Барлығы Бақылау түрі
                емтихан

Кіріспе

Пән бойынша мағлұмат: Қазақстан республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі кезеңі нарықты қатынастардың қалыптасуымен сипатталады: жаңа ақша-несиелік жүйенің қалыптасуы, несие-қаржылық институттардың жаңа түрлерінің пайда болуы, нарықты экономикаға адекватты банктік жүйе құрылымының өзгеруі, сонымен бірге әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы банктік тәжірибедегі тәуекелдердің артуы.

ҚР-ның банктік жүйесінің халықаралық банк ісінің қызмет ету қағидаларына өту жағдайларында негізгі мәселелердің бірі әлемдік банктік технологиялардың ҚР экономикасының өтпелі кезең ерекшеліктерімен үйлесуі.

Осы жағдайларда білімді, білікті, инициативті, өзгермелі жағдайларға тез бейімделетін жаңа банк қызметкерлерін дайындау маңызды. Банктердің әрүтрлі меншік формаларындағы шаруа жүргізуші субъектілермен қарым-қатынастарын ұйымдастыру көбіне несиелеу объектісі, әдісі, несиелер түрлері, қарыз алушының несие қабілеттігі, несие берушінің тәуекел дәрежесі, есептік-кассалық қызмет көрсетуге байланысты.

Пәннің негізгі мақсаты- қызмет көрсету саласындағы банктік индустрия туралы толық кешенді түрдегі ақпаратпен таныстыру, яғни банк қызметін өркениетті деңгейде атқара алатын, кәсіпкерлігі жоғары маман болу үшін қажетті банк ісін ұйымдастыру жөніндегі ғылыми және практикалық білімдер негізін беру.

Міндеттер:

1. Банк ісі бойынша теориялық білімдер жиынтығын зерттеу;

2. Банк саласының маманына қажетті тәжірибелік икемділіктерді баулу;

3. Студенттерге алған білімдерін тәжірибеде қолдануды үйрету.

Пререквизиттер: «Банк ісі» пәні «экономикалық теория», «экономистерге арналған математика», «экономикалық білімдер тарихы», «ақша, несие, банктер», «қаржы», «микро-және макроэкономика», «менеджмент негіздері», «маркетинг негіздері» және т.б. пәндер оқытылғаннан кейін оқытылады.

Постреквизиттер: Аралас пәндер «ақша-несиелік реттеу», «коммерциялық банктердің өтімділігі және төлемқабілеттігі», «банктік тәуекелдерді басқару», «валюталық операциялар», «инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру», «бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі», «корпоративтік қаржы», «халықаралық банк ісі», «төлем жүйесі», «банктегі бухгалтерлік есеп және аудит» пәндері табылады.

Сабақ мазмұны мен кестесі

Апта

№1 дәріс.

Тақырып: Қазақстан Республикасында банктер қызметтерінің құқықтық негіздері.

Дәріс мазмұны:

Коммерциялық банктердің олардың тарихи даму көзқарасына байланысты мәні. Банктің мәні жайлы қазіргі кездегі түсініктер. Банктің ерекше кәсіпорын ретіндегі сипаттамасы. Банк банктік жүйенің элементі ретінде.

Коммерциялық банктердің негізгі функциялары: депозиттік, несиелік, төлемдер мен есеп айырысуларды жүргізу, несие берудегі делдалдық. Коммерциялық банк қызметінің қағидалары.

Банктердің типтері: әмбебап және мамандандырылған. Әмбебап банк және оның даму тенденциялары. Банктердің меншік формасына, қызмет көлемі мен саласына, филиалдар санына, қызмет көрсету саласына байланысты типтері.

Коммерциялық банктің басқару аппаратын құрудың ұйымдастыру негіздері. Банк ұйымдастырудың қағидалары. Банктің басқару аппаратының құрылымы. Коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық құрылымы: географиялық, функционалдық, пирамидалық, холдинг.

Банк жүйесі. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылымы. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің жалпы сипаттамасы.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1.4,5,6.

Нормативтік-құқтық актілер: 3,5

№1 семинар

Тақырып: Қазақстан Республикасында банктер қызметтерінің құқықтық негіздері

1. Банк жүйесі. Екі деңгейлі банк жүйесінің қызмет ету механизмі мен құрылымы.

2. Банктердің негізгі қызметтері.

3. Қазақстан Республикасында банк қызметтерін реттейтін заңдар мен нормативтік құжаттар.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1.4,5,6.

Нормативтік-құқтық актілер: 3,5

ОЖСӨЖ мазмұны:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңы
  2. «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік тіркеу туралы», «Лицензиялау туралы» заңы

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1.4,5,6.

Нормативтік-құқтық актілер: 3,5

СӨЖ мазмұны:

1.Конспект сұрақтары: 1. ҚР да банк қызметтерін реттейтін заңдар мен нормативтік құжаттар; 2.Ұлттық банктің нормативтік құжаттары мен ережелері, инструкциялар, статистикалық және бухгалтерлік есеп беру үлгілерін дайындау құқығы

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1.4,5,6.

Нормативтік-құқтық актілер: 3,5

№2 дәріс

Тақырып: Банктер қызметттерінің құқықтық негіздері

Дәріс мазмұны:

Қазақстан Республикасында банк қызметтерін реттейтін заңдар мен нормативтік құжаттар. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік тіркеу туралы», «Лицензиялау туралы», «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1.4,5,6.

Нормативтік-құқтық актілер: 3,5

Апта

№3 дәріс

Тақырып: Банк ресурстарын қалыптастыру және басқару. Пассивті операциялар. Банктің меншікті капиталы. Банктерді пруденциялдық реттеу

Дәріс мазмұны:

Банктік ресурстар қалыптасуының мәні мен ерекшеліктері. Ресурстардың көздері. Коммерциялық банктердің меншікті, тартылған және қарыз құралдары. Банк пассивтерінің жіктелуі. Қазіргі кезеңдегі банк ресурстарының қалыптасу бағыттары, капитализациялану жолдары.

Банктің меншікті капиталы – банк ресурстарының тұрақты құрамдас бөлігі. Банктің меншікті капиталаның құралу көздері және оның банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі. Меншікті капиталдың құрамдас бөлңктері. Жарғы капиталы және акционерлік капитал. Қосымша капитал. Резервтік капитал және банкті қайта бағалау резервтері. Банктің үлестірілмеген таза табысы.

Меншікті капиталды басқару және жоспарлау. Банк капиталын қалыптастыру тәсілдері. Меншікті капиталдың көбею көздері. Капитал өсімінің ішкі көздері: пайданың жиналуы, дивидендтік саясат, негізгі құралдарды қайта бағалау. Капитал өсімінің сыртқы көздері: акцияларды эмиссиялау және сату. Субординациялық міндеттемелер шығару, активтерді сату және жылжымайтын мүлікті жалға беру, бонустық эмиссия, акцияларды қарыз бағалы қағаздарға ауыстыру.

Коммерциялық банктің меншікті капиталының функциялары: шұғылдық, қорғаныс-кепілдік, реттеуші, айналым, резервті.

Банктің меншікті капиталын халықаралық стандарттарға байланысты реттеу.

Банк капиталының жеткіліктігі. Капитал жеткіліктігіне қазіргі кездегі талаптар.

Базель келісімі және банк қызметін пруденциалдық реттеуді ұйымдастырудың қағидалары.

Пруденциалдық реттеудің қажеттілігі, мәні және негізгі қағидалары. Қазақстан Республикасындағы пруденциалдық нормативтер жүйесі. Банктің жарғы капиталының ең төменгі мөлшері. Банктің меншікті капиталы. I, II және III деңгейдегі капитал. Банктің меншікті капитал жеткіліктігінің коэфиценттері. Банкті секъюритизациялау кезіндегі меншікті капитал жеткіліктігінің коэффициенті. Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің шекті мөлшері. Өтімділік коэффициенттері. Ашық валюталық позиция және нетто-валюталық позиция лимиттері. Банктің негізгі құралдарға және басқа қаржылық емес активтерге инвестицияларының шекті мөлшерінің коэффициенті. Банктердің Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың алдындағы міндеттемелеріне капитализациялау коэфициенттері.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1.4,5,6.

Нормативтік-құқтық актілер: 3,5

№2 семинар

Тақырып: Банк ресурстарын қалыптастыру және басқару. Пассивті операциялар. Банктің меншікті капиталы. Банктерді пруденциялдық реттеу

1. Банктік ресурстар түсінігі, несие ресурстары

2. Банктік ресурстарды қалыптастырудың негізгі көздері

3. Пассивтік операциялар

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1.4,5,6.

Нормативтік-құқтық актілер: 3,5

№4 дәріс

Тақырып: Коммерциялық банктердің депозиттік портфелі және депозиттік саясаты. Салымдарды қорғау жүйелерін ұйымдастыру: халықаралық және ұлттық тәжірибе

Дәріс мазмұны: Депозиттік операциялардың мәні және түрлері. Депозиттердің жіктелуң. Басқа шоттарды трансакциялау түсінігі. Талап етуге дейінгі салымдар, олардың негізгі сипаттамалары. NOW-шоттар. Супер NOW-шоттар. Куәләндырылған чектер шоттары. Мерзімді депозитті шоттарға аударуға болатын талап етуге дейінгі шоттарда сақталатын құралдар үлесін есептеу.

Жинақ және мерзімді салымдар. Ақша нарығының депозитті шоттары. Құралдарды автоматты аудару шоттары. Жинақ сертификаттары. Аударылатын және ударылмайтын депозиттік сертификаттар.

Коммерциялық банктің депозиттік портфелі және оны қалыптастыру және басқару ерекшеліктері.

Коммерциялық банктің депозиттік саясаты. Қазақстанда депозиттер нарығының дамуы: проблемалары және шешу жолдары.

Қазақстан Республикасындағы депозиттік нарықтың ерекшеліктері.

Салымдарды сақтандыру жүйесін ұйымдастырудың мәні мен қажеттілігі. Салымдарды сақтандыру жүйесінің түрлері. Депозиттік сақтандыру жүйелерінің жіктелуі: коммерциялық банктердің қатысуына, талаптардың сипатына, құқықтық реттеуге, сақтандыру объектін қамтуға, функционалдық органдарға меншік формасына, төлемдер ставкаларын белгілеу қағидаларын, сақтандыру төлемдерін қаржылық қамтамасыз етудегі мемлекеттің қатысу дәрежесіне байланысты. Банк банкроттығына рұқсат беру процедурасына байланысты депозиттік сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктері.

Салымдарды сақтандырудың шетелдік тәжірибесі. Еуропалық Кеңес және Америка елдерінің депозиттік сақтандыру жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы.

Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендірудің Қазақстандық қоры және оның қазіргі кезеңдегі қызмет ету ерекшеліктері. Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйелерінің қызмет ету ережелері және оған ҚР екінші деңгейдегі банктерінің қатысуы. Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендірудің Қазақстандық қор резервінің қалыптасу ерекшеліктері. Қорға жасалатын аударымдар нормалары. Қор талаптарын орындамаған банктерге арналған шаралар. Төлемдер бойынша шектеулер түрлері. Сақтандырылған депозиттер бойынша сыйақылардың жоғарғы ставкалары. Таратылған банктердің салымшыларының төлемдерінің жағдайлары мен ерекшеліктері.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6

Нормативтік-құқтық актілер: 2

ОЖСӨЖ мазмұны:

1. Баяндама жасау

2. Конспект бойынша сабақ айту

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1.4,5,6.

Нормативтік-құқтық актілер: 3,5

СӨЖ мазмұны:

1. Дәрісті оқу, ұсынылған әдебиеттерді оқу

2. Баяндама дайындау

3. Конспект сұрақтары: Меншікті капитал түсінігі және оның түрлері, Банктің меншікті капиталының атқарылымы, Банк капиталын реттеуші көрсеткіштер

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1.4,5,6.

Нормативтік-құқтық актілер: 3,5

Апта

№5 дәріс

Тақырып: Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері. Коммерциялық банктің міндеттемелер портфелін басқару.

Дәріс мазмұны:

Коммерциялық банктердің депозитке жатпайтын қаражаттарды тарту мақсаты және ондай қаражаттардың банк өтімділігін қамтамасыз етудегі рөлі. Несиелік ресурстар нарығынан қарыздар алу. РЕПО мәмілелері. Банктік акцепттерді сату. Коммерциялық қағаздарды шығару. Евродолларлар нарығынан қарыздар алу. Ноталар мен облигациялар шығару. Субординациялық қарыздар және олардың коммерциялық банктердің ресурстық базасындағы рөлі.

Қазақстан Республикасында депозиттік емес ресурстарды тартудың әлемдік тәжірибесін қолдану мүмкіндіктері.

Банкаралық несиелер және олардың реурстық база қалыптастырудағы рөлі. Несиелік ресурстардың банкаралық нарығы. Қазақстан Республикасында банкаралық несиелер нарығы дамуының тенденциялары. Қазақстан Республикасында несиелік ресурстардың банкаралық нарығының даму проблемалары.

Синдикаттық қарыздардың мәні және қажеттілігі. Банктік синдикаттардың түрлері. Синдикаттық өарыздарды беру тәртібі. Мүмкіндікті объектілері және несиелеу жағдайлары. Синдикаттық келісімдердің мазмұны мен формалары. Синдикаттық қарыздарды өтеу тәртібі. Синдикаттық несиелеудің проблемалары және перспективалары.

Коммерциялық банктердің облигацияларды шығаруы. Облигациялық қарыздарды эмиссиялау және өтеу тәртібі мен жағдайлары.

Коммерциялық банктердің пассивтерін басқару. Ұлттық банк тарапынан пассивтерді басқару. Несиелік, валюталық және бағалы қағаздар нарығындағы операциялар, олардың мәні және ҚР Ұлттық банк тарапынан пассивтер көлемін реттеудің тәсілдері.

Банктің міндеттемелер портфелін басқару. Пассивті операциялардың тәуекелдері: олардың мәні, түрлері және жіктелуі. Тәуекел деңгейінің артуына ықпал ететін факторлар.

Тәуекел деңгейінің артуына ықпал ететін факторлар. Меншікті капитал қалыптастырумен және капитализациялаумен байланысты тәуекелдер. Депозиттік тәуекел және оны азайту тәсілдері. Қаржыландыру тәуекелдері.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6

Нормативтік-құқтық актілер: 2

№3 семинар

Тақырып: Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері. Коммерциялық банктің міндеттемелер портфелін басқару.

  1. Банкаралық несиелер және олардың реурстық база қалыптастырудағы рөлі.
  2. Несиелік ресурстар нарығы.
  3. Қазақстан Республикасында банкаралық несиелер нарығы дамуының тенденциялары.
  4. Қазақстан Республикасында несиелік ресурстардың банкаралық нарығының даму проблемалары.
  5. Банк активтерінің мәні мен құрылымы. Активтердің сапасы.
  6. Активтерді басқарудың түсінігі және экономикалық мазмұны. Активтерді басқарудың мақсаты мен қағидалары.
  7. Банк активтері: құрамы мен мазмұны, топтастыру және өтімділік дәрежесі, орналастыру саясаты.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1.4,5,6.

Нормативтік-құқтық актілер: 3,5

ОЖСӨЖ мазмұны

1. Конспект бойынша сабақ айту

2. Реферат қорғау

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1.4,5,6.

Нормативтік-құқтық актілер: 3,5

СӨЖ мазмұны

1. Дәрісті қайталау, қосымша әдебиеттерді оқу

2. Реферат жазу және оны қорғауға дайындалу

Конспект сұрақтары: 1) Банктің міндеттемелер портфелін басқару. 2! Пассивті операциялардың тәуекелдері: олардың мәні, түрлері және жіктелуі. 3) Депозиттік тәуекел және оны азайту тәсілдері. Қаржыландыру тәуекелдері.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1.4,5,6.

Нормативтік-құқтық актілер: 3,5

№6 дәріс

Тақырып: Банк активтерін қалыптастыру және басқару тәсілдері: олардың сапасы және құрылымы

Дәріс мазмұны:

Банк активтерінің мәні мен құрылымы. Активтердің сапасы. Активтерді басқарудың түсінігі және экономикалық мазмұны. Активтерді басқарудың мақсаты мен қағидалары. Банк активтері: құрамы мен мазмұны, топтастыру және өтімділік дәрежесі, орналастыру саясаты. Бірінші және екінші кезектегі активтер. Активтердің жағдайын, сапасын және тәуекелдерін бағалау. Активтердің мақсатына сай құрылымы және сапасы. Активтерді басқарудың тәсілдері мен әдістері. Рейтингтерді анықтау.

Активтерді басқарудың халықаралық тәжірибесі. Активтерді секьюритизациялау (қауіпсіздендіру). Активтер портфелін басқаруды оптимизациялау.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6

Нормативтік-құқтық актілер: 2

Апта

№7 дәріс

Тақырып: Несиелеу жүйенің элементтері және несиелік процесс.

Дәріс мазмұны:

Несиелеу объектілері және несиелік қатынастар субъектілері. Банктік несиелердің жіктелуі. Банктік несиелеудің принциптері. Несие төлемін белгілеудегі есептелетін факторлар. Банктік несиелеу жүйесі және оның негізгі элементтері. Қазіргі кездегі несиелеу жүйесінің негізгі және ерекше жағдайлары. Несиелеу әдістері. Ашық несиелік желіс: жаңартылатын және жаңартылмайтын. Жеке несиелер. Ссудалық шоттар формалары. Жай ссудалық шот. Контокоррент. Коммерциялық банктің несиелік саясаты.





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 773 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.025 с)...