Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сақтандыру салалары, сыныптары және түрлерi



1. Сақтандыру қызметiн ұйымдастыру және мемлекеттiк реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшiн сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлiнедi. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi "өмiрдi сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.
2. "Өмiрдi сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1) өмiрдi сақтандыру;
2) аннуитеттiк сақтандыру.
3. "Жалпы сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1)жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
2)медициналық сақтандыру;
3)автомобиль көлiгiн сақтандыру;
4)темiр жол көлiгiн сақтандыру;
5) әуе көлiгiн сақтандыру;
6) су көлiгiн сақтандыру;
7) жүктердi сақтандыру;
8) осы тармақтың 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлiктi сақтандыру;
9) кәсiпкерлiк тәуекелдi сақтандыру;
10) автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
11) темiр жол көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
12) әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
13) су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
14) тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
15) шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру;
16) осы тармақтың 10)-14) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, зиян келтiргенi үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру.
4. Ерiктi сақтандыру нысанындағы әрбiр сыныптың мазмұны және оны жүргiзу жағдайлары бойынша қосымша талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
5. Сақтандыру түрi, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бiр немесе бiрнеше сыныбы шегiнде әзiрлейтiн және беретiн сақтандыру өнiмi болып табылады. Сақтандыру ұйымы өзi әзiрлеген сақтандыру түрi бойынша қызметiн уәкiлеттi мемлекеттiк органмен сақтандыру ережелерiн келiскеннен кейiн ғана жүзеге асыруға құқылы.
6. Мiндеттi сақтандырудың әрбiр түрi сақтандырудың бөлек сыныбы болып табылады. Мiндеттi сақтандыру нысаны бойынша әрбiр сыныптың мазмұны және оны жүргiзу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтiн заң актiлерiмен белгiленедi.

Төлем жасау үшін сақтандыру қаупі (тәуекелі) болып, содан сақтандыру жағдайы – оқиға болуы керек. Сақтандыру қаупі – болып қалуы мүмкін оқиға. Мыс. біреудің тоналуы, жарақат алуы кез-келген жерде болуы мүмкін. Алайда алыс ауылда оның боллуы қаладағыдан аз.

Сақтандыру жағдайы: болған оқиға нәтижесінде келісім негізінде сақтандырушы төлем жасауға міндеттенеді. Келісімге отырған кезде сақатандырушы мен сақтандырылушы сақтандыру сомасына байланысты келіседі.

Сақтандыру функциялары:

Қорғаушы – яғни сақтандыру арқылы адам өзінің қауіпсіздік қажеттігін қамт. етеді.

• Ынталандырушы – көрсетілетін қызметтердің (медициналық, өрт қауіпсіздігі) дамуы мен сапасын ынталандыру б.т.

• Әлеуметтік – сақтандыру компанияларының белгілі бір жұмыс орындармен қамтамасыз етуінің нәтижесінде жұмыссыздықтың проблемасының бір бөлігін шешуге болады.





Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 2471 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...