Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Баға шкаласы



Таңбалау жүйесі бойынша бағалау Бағаның сандық баламасы Бағаның пайыздық мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74     қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
Д+ 1,33 55-59
Д 1,0 50-54
F   0-49 қанағаттанарлықсыз

1-ші қосымша. теориялық пән үшін практикалық сабақтар бойынша студенттердің дағдылануы және жасай алатындығының, білім бағасының критериі

Таңбалау жүйесі бойынша бағалау Білім бағасының критериі  
А Білім алушының жауабы толық, дұрыс. Білім алушы бағдарламада ұсынылған негізгі және қосымша әдебиетті терең оқыған. Күрделі материалды еркін түсінеді және талдайды. Пән бойынша негізгі терминдерді сауатты және дұрыс қолданады. Алған білімін көршілес оқу пәндерімен интеграциялай алады. Сараптама жүргізу дағдыларын меңгерген (химиялық және т.б., пәнге байланысты), теориямен салыстыра талдай және аргументті тұжырымдай алады.
А- Жауап толық және дұрыс. Оқу бағдарламасы материалы бойынша жүйелі және терең білімі бар, материалды сауатты арнайы терминологияны пайдалана түсіндіреді, алған білімін көршілес пәндермен байланыстыра алады. Сараптама жүргізу дағдыларын меңгерген (химиялық және т.б. пәнге байланысты), талдау жүргізе және сараптама нәтижесін жаза алады.
В+ Жауап толығырақ. Студент бағдарма материалынмеңгерген, бағдарламада ұсынылған негізгі әдебиетті игерген, арнайы терминологияны дұрыс пайдаланады, тіршілік әрекеті процесінің қосылыстарының маңызы мен рөлін сенімсіз (бірақ дұрыс) түсіндіредәі. Жауап беру кезінде аздаған, маңызды емес қателіктер жібереді. Сараптама жүргізу дағдыларын меңгерген (химиялық және т.б. пәнге байланысты), талдау жүргізе және сараптама нәтижесін жаза алады.
В Жауап толық. Студент бағдарма материалынмеңгерген, бағдарламада ұсынылған негізгі әдебиетті игерген. Арнайы терминологияны дұрыс пайдаланады, арнайы терминологияны түсінеді және жолдары мен бағытын түсіндіре алады, білімі мен әрекеттерінде аздаған қателіктер жібереді, оқытушының бағытталған сұрақтарымен оларды түзейді. Сараптама жүргізу дағдыларын меңгерген (химиялық және т. б. пәнге байланысты), талдау жүргізе және сараптама нәтижесін жаза алады.
В- Жауап дұрыс, бірақ толық емес. Студент оқу бағдарламасы материалы бойынша толығырақ білім алған, арнайы терминологияны дұрыс пайдаланады, жолдары мен бағытын түсінеді және түсіндіре алады, негізгі механизмдерді атай алады, бірақ толық ашып түсіндіре алмайды. Жауап беруде аздаған қателіктер жібереді, оқытушының бағытталған сұрақтарымен оларды түзейді. Сараптама жүргізу дағдыларын меңгерген (химиялық және т. б. пәнге байланысты). Талдау жүргізуде және сараптама нәтижесін жазуда қиналады.
С+ Жауап толық емес, аздаған қателіктер жіберген, оларды оқытушының бағытталған сұрақтарымен студент өзі түзейді. Студент негізгі оқу бағдарламасы материалын одан әрі оқуы үшін жеткілікті меңгерген, бағдарлама ұсынған әдебиетті игерген. Арнайы терминологияны пайдаланады, негізгі механизмдерді атай алады, бірақ оларды сатылары бойынша жаза алмайды, нақты мысалдарда білімін еркін пайдалануда қиналады. бірақ толық ашып түсіндіре алмайды. Сараптама жүргізу дағдыларын меңгерген (химиялық және т..б. пәнге байланысты). Талдау жүргізуде және сараптама нәтижесін жазуда қиналады.
С Жауап толық емес, оқу бағдарламасында белгіленген білімді толық бармейді, маңызсыз және бірен-саран маңызды қателіктер жібереді, оқытушының бағытталған (қосымша) сұрақтарымен студент оларды түзейді. Арнайы терминология пайдалану дағдысы бар, күрделірек механизмдерді анықтауда қиналады. Сараптама жүргізудің негізгі дағдыларын меңгерген (химиялық және т. б. пәнге байланысты). Талдау жүргізуде және сараптама нәтижесін жазуда қиналады.
С- Оқу бағдарламасы материалы толық айтылмайды. Маңызсыз және маңызды қателіктер жібереді, оқытушының бағытталған (қосымша) сұрақтарымен студент олардың кейбіреуін түзейді. Арнайы терминология дұрыс пайдаланады, негізгі механизмдерді анықтауда қиналады, формулалар жазуда қателіктер жібереді. Өз білімін көршілес пәндермен байланыстыруда үнемі интеграциялай алмайды. Сараптама жүргізудің негізгі дағдыларын меңгерген (химиялық және т..б. пәнге байланысты). Талдау жүргізе және сараптама нәтижесін жаза алмайды.
D+ Жауап толық емес, қателіктер көп. Маңызсыз және маңызды қателіктер жібереді. Арнайы терминологияны кейбір жағдайларда ғана пайдаланады, бірақ механизмдерді көрсетуде қиналады, өзара байланысты анықтай алмайды, пән бойынша негізгі түсініктер мен терминдерді түсіндіре алмайды. Сараптама жүргізудің негізгі дағдыларын толық емес меңгерген (химиялық және т..б. пәнге байланысты), сараптама нәтижелерін талдай және біріктіре алмайды
D Жауап көптеген маңызды қателіктермен, оларды студент оқытушының бағытталған (қосымша) сұрақтарымен жөндей алмайды. Терминологияны дұрыс емес падалану, түсініктер мен терминдерге, негізгі заңдылықтарға, ережелерге анықтама бере алмау, классификацияны білмеу тәрізді маңызды қателіктер жібереді. Негізгі процесстер мен механизмдердің мағынасын түсінбейді, бірақ материалды арнайы терминологияны пайдалана отырып жазбаша түрде суреттей алады. Сараптама жүргізу дағдыларының бөлігінғана меңгерген (химиялық және т..б. пәнге байланысты), сараптама нәтижелерін талдай және біріктіре алмайды.
F Студент жауап беруден бас тартады немесе жауап беруде оқу материалы бойынша білімнің толық жоқтығын көрсетеді. Бірде бір есеп/сараптама шешілмеген, немесе есеп/сараптама/лабораториялық жұмыс дұрыс емес орындалған.

· Пәннен интегральды бағасы және рейтинг санау әдістемесі ( 2011-2012 оқу жылында рейтинг жүйесі ҚММУ бекітілгені бойынша )




Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 657 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...