білуі тиіс:
- биоорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының өкілдерінің: көмірсулардың, липидтердің, жай және күрделі белоктардың, нуклеин қышқылдарының құрылысын, қасиеттерін және қызметтерін.
- метаболиттік процестердің жүруі мен реттелуінің молекулалық механизмдерін;
- энергияның трансформациялануының механизмдерін, энергия алмасуының бұзылуын;
- маңызды ұлпалар мен мүшелердің қызметтерінің молекулалық механизмдерінің ерекшеліктерін;
- алмасу процестерінің және физиологиялық қызметтердің реттелуінің механизмдерін және олардың бұзылуының мүмкін салдарларын;
- қоректік заттардың негізгі тобының (белоктар, липипдтер, көмірсулардың), витаминдердің, минералдық заттардың және судың метаболизмдегі ролдерін;
- адам ағзасының биологиялық сұйықтарының қалыпты және патологиялық жағдайлардағы негізгі биохимиялық көрсеткіштерін;
істей алуы тиіс:
- негізгі биохимиялық зерттеулердің нәтижелерін интерпретациялауды;
- метаболизм картасын, арнайы анықтамалық материалдарды қолдана алуды;
- биологиялық активті заттардың жетіспеушілігі кезіндегі биохимиялық процестердің және олардың реттелуінің ерекшеліктерін болжауды;
- ферменттердің құрылымы бұзылуымен немесе мөлшері жетіспеушілігімен байланысты өтетін метаболизм бұзылуларын болжауды;
Келесі дағдыларды меңгеруі тиіс:
- адамның биологиялық сұйықтықтарындағы көмірсулар, липидтер және азоттық алмасулардың интермедиаттарын анықтаудың экспрес әдістерін;
- адамның биологиялық сұйықтықтарындағы ферменттердің активтілігі анықтау әдістерін;
Пәннің пререквизиттері және постреквизиттері:
- Пререквизиттер: химия, молекулалық биология және медициналық генетика, медициналық биофизика, анатомия 1.
- Постреквизиттер: патологиялық физиология -1,2, іщкі аурулар пропедевтикасы, фармакология -1,2.