Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Шектеулер



9.1. Сіз БЖ рұқсатсыз көшіруден және/немесе пайдаланудан қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілетіндігіне келісесіз. БЖ өзіне қорғаныс механизмдерін қоса алады, және Сіз осындай қорғаныс механизмдерінің талаптарын сақтау үшін БЖ-да бар нұсқауларды сақтауға келісесіз.

9.2. Сізге аталған Лицензиялық келісім-шартпен БЖ-ға қатысты берілген құқықтар БЖ-ның Сіздегі көшірмесінің активтеуі жүзеге асырылғанға дейін толық күшіне енбеуі мүмкін. Активтеу процесінде АВВҮҮ компаниясына Сіздің ешқандай жеке мәліметтеріңіз берілмейді және толық анонимдік сақталынады. Активтеу кезінде компьютердің үйлесімі туралы мәліметтердің негізінде бірегей параметр жасалынады. Бұл параметр өзіне ешқандай жеке мәліметтерді, сонымен қатар компьютердің үлгісі туралы, онда ЭЕМ үшін арналған орнатылған бағдарламалар туралы, пайдаланушының баптаулары немесе компьютерде сақталған мәліметтер туралы ешқандай мәліметтерді қоспайды. Бұл параметр компьютерді тек активтеу мақсатында ғана сәйкестендіреді. Осы параметрден басқа, активтеу процесінде АВВҮҮ компаниясының серверіне БЖ-ның сериялық нөмірі, атауы, нұсқаның нөмірі, сонымен қатар интерфейс тілі беріледі. Бұл мәлімет тек тілді және активтеу нәтижелері туралы хабарламаның мазмұнын дұрыс таңдау үшін ғана пайдаланылады, және басқа ешқандай мақсаттарға пайдаланылмайды.

9.3. Сіз Өзіңіздің БЖ-ның көшірмесін келесі әдістермен белсендіре аласыз: (1) Интернет желісі арқылы, (2) телефон бойынша, (3) электрондық пошта бойынша. Интернет желісі арқылы БЖ-ны активтеу үшін белсенді интернет-байланыстың бар болуы қажет. АВВҮҮ компаниясы телефон бойынша және электрондық пошта бойынша активтеуді кез келген уақытта тоқтатуға құқылы.

9.4. БЖ-ны пайдаланудың барлық шарттары және шектеулері аталған Лицензиялық келісім-шартта көрсетілген, егер Сізбен және АВВҮҮ компаниясының арасындағы жеке келісімде басқаша келісілмесе.

9.5. Сіз өз еркіңізбен келесі әрекеттерді жүзеге асырмауға және үшінші тұлғаларға жүзеге асыруға рұқсат бермеуге міндеттенесіз.

9.5.1. Тек қолданыстағы заңнамамен айқын түрде рұқсат етілген мөлшерде ғана және жағдайларды қоспағанда БЖ-ны (БЖ-ның дерекқорын (соның ішінде Сөздіктер), бағдарламаларды және басқа да құрамдас бөліктерді) қайта жасауға, қайта құрастыруға (объектілік кодты бастапқы мәтінге айналдыруға). Егер қолданыстағы заңнамалар осындай әрекеттерге рұқсат берсе, осындай әдіспен алынған кез келген мәлімет үшінші тұлғаларға ашылмау керек, егер тек осындай ашылу қолданыстағы заңнамалармен қарастырылмаса, және АВВҮҮ компаниясына дереу хабарлануы керек. Осындай барлық мәліметтер құпия және АВВҮҮ компаниясына жататын болып табылады.

9.5.2. БЖ-ны өзгертуге, бейімдеуге немесе аударуға, соның ішінде бағдарламалардың немесе олардың дерекқорларының объектілік кодтарына өзгерістерді енгізуге, тек БЖ-ның жинағына енгізілген құралдармен енгізілетін және құжаттарда сипатталған өзгерістерді қоспағанда.

9.5.3. БЖ-ға өзгерістерді енгізуге, соның ішінде Ақырғы пайдаланушының техникалық құрал-жабдықтарында қызмет етуі мақсатында және АВВҮҮ компаниясының алдын ала жазбаша келісімінсіз қателерді түзетуді жүзеге асыруға, тек БЖ-ның жинағына енгізілген құралдармен енгізілетін және құжаттарда сипатталған өзгерістерді қоспағанда.

9.5.4. Жалға беруге, сублицензиялауға, Сізге аталған Лицензиялық келісім-шарт бойынша берілген құқықтарды, және БЖ-мен байланысты басқа да кез келген құқықтарды үшінші тұлғаларға беруге немесе бас тартуға, сонымен қатар БЖ-ны тұтастай немесе оның бөліктерін басқа компьютерге көшіруге рұқсат беруге (аталған Лицензиялық келісім-шарттың 2.4 тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда).

9.5.5. Аталған БЖ-ны пайдалануға құқықтары жоқ, соның ішінде Сізбен бір желіде немесе көп пайдаланушылық жүйеде жұмыс істейтін тұлғалардың БЖ-ны пайдалану үшін жағдайды жасауға.

9.5.6. Сөздіктерді қайта өндіруге және/немесе тираждауға және/немесе қағаз түрінде таратуға.

9.5.7. Сізге берілген БЖ-да көрсетілген тауарлық белгілер немесе патенттердің құқықтарында, авторлық құқық туралы рнша байқалмайтын кез келген ескертулерді жасауға немесе жоюға.

9.5.8. БЖ-дан бөлек Сөздіктерді пайдалануға немесе Сөздіктерге жетімді беруге (Пайдаланушы сөздіктерін қоспағанда).

10. Техникалық қолдау

10.1. ABBYY компаниясы Сізге АВВҮҮ компаниясының Техникалық қолдауын көрсетудің қолданыстағы ережелерінің шарттарында БЖ-ға техникалық қолдау бойынша (ары қарай — Техникалық қолдау) қызметтерді көрсетеді, олар АВВҮҮ компаниясының сайтында жарияланған (http://www.abbyy.ru/support/). АВВҮҮ компаниясы алдын ала ескертусіз Техникалық қолдауды көрсетудің қолданыстағы ережелерін өзгерту құқығын өзінде қалдырады.

10.2. Техникалық қолдаудың аясында жеткізілетін кез келген бағдарламалық жасақтама БЖ-ның бөлігі болып есептеледі және аталған Лицензиялық келісім-шарттың шарттарына сәйкес пайдаланылуы керек.

10.3. АВВҮҮ компаниясы Техникалық қолдауды жүзеге асыру үшін Сізден Сіздің құрылғының техникалық сипаттамаларына қатысты мәліметтерді, сонымен қатар стандартты анкеталық мәліметтерді, соның ішінде Сіздің атыңызды, компанияның атауын (заңды тұлғалар үшін), мекен-жайыңызды, телефонның нөмірін және электрондық поштаның мекен-жайын сұрауы мүмкін.

10.4. АВВҮҮ компаниясы мәліметтерді Сізді анықтауға мүмкіндік беретін кез келген түрде пайдаланбайды деген шарттарда, АВВҮҮ компаниясы жоғарыда көрсетілген мәліметтерді бизнесті дамыту мақсатында, соның ішінде (бірақ осымен шектелмей), бағдарламалық өнімдерді қолдау және жасау үшін пайдалануға құқылы.

11. «Сату үшін арналмаған» БЖ және Сөздіктер

11.1. Егер БЖ «сату үшін арналмаған» («Not for Resale» немесе «NFR») ретінде белгіленген болса, онда, аталған Лицензиялық келісім-шарттың қалған шарттарынан тәуелсіз, бұндай БЖ-ны тек көрсету, тексеру немесе бағалау мақсаттарында ғана пайдалануға рұқсат беріледі. Сіз «сату үшін арналмаған» БЖ-ны және Сөздіктерді сатпауға міндеттенесіз.

12. БЖ және Сөздіктердің сынақ нұсқалары

12.1. Егер БЖ немесе Онлайн Сөздіктің немесе Офлайн Сөздіктің нұсқасы «сынақ үшін», «көрсету үшін» немесе «танысу үшін» («Try&Buy», «Trial» немесе «Demo») ретінде белгіленген болса, онда, аталған Лицензиялық келісім-шарттың қалған шарттарынан тәуелсіз, БЖ-ның толық қызметтік нұсқасы сатып алынғанға дейін, аталған тарау қолданылады. Сіз БЖ-да шектелген қызметтің және/немесе шектелген жұмыс уақытының болуымен келісесіз. БЖ ол қалай бар болса солай жеткізіледі, және тек осы БЖ-мен алдын ала танысу мақсаттары үшін ғана арналған. Егер БЖ уақыт бойынша шектелген болып табылса, онда БЖ-да айқын көрсетілген белгілі бір уақыт өткеннен кейін, ол жұмысты тоқтатады немесе шектелген қызмет режиміне ауысады. Егер БЖ-ның толық қызметтік нұсқасы сатып алынған болмаса, аталған Лицензиялық келісім-шарт сынақ кезеңі аяқталғаннан кейін өзінің әрекетін тоқтатады.

13. Жаңарту ретінде берілетін БЖ

13.1. Егер БЖ «жаңарту» («Upgrade») ретінде белгіленген болса, оны пайдалану үшін АВВҮҮ компаниясымен жаңартуға тиісті ретінде көрсетілген бағдарламаны пайдалануға Сізде әрекет ететін лицензия болу керек.

13.2. Жаңарту ретінде белгіленген БЖ өзімен жаңартуға Сіздің құқыққа негіз болып табылатын бағдарламаны ауыстырады немесе толықтырады.

13.3. Жаңартуды компьютерге орнатқан кезде Сіз бұрынырақ пайдаланылған бағдарламаға Лицензиядан айырыласыз. Сіз осы уақыттан бастап бұрынырақ пайдаланылған бағдарламаға қатысты АВВҮҮ компаниясының кез келген міндеттемелері тоқтатылатынын мойындайсыз.

13.4. Сіз жаңарту ретінде алынған БЖ-ны тек онымен бірге жеткізілетін Лицензиялық келісім-шарттың шарттарына сәйкес пайдалануға құқылысыз.

13.5. ЭЕМ үшін бұрынырақ пайдаланылған бағдарламаға техникалық қолдау бойынша АВВҮҮ компаниясының кез келген міндеттемелері Сізге жаңарту ретінде белгіленген БЖ-ны берген кезден бастап тоқтатылады.

13.6. «Жаңарту» немесе «Upgrade» ретінде белгіленген БЖ-ны пайдалануды бастау үшін, БЖ-ны міндетті түрде активтеу қажет болады (9.2 тармақ).

13.7. ABBYY компаниясы сізден активтеу кезінде Upgrade ретінде белгіленген БЖ-ның алдыңғы нұсқаларының біреуіне сіз шынымен Лицензиясының барлығының дәлелін талап етуге құқылы.

14. БЖ бірлескен нұсқасы

14.1. Егер БЖ «Бірлескен нұсқа» ретінде белгіленген болса, Сіздің оны АВВҮҮ компаниясымен жазбаша түрдегі Лицензиялық келісім-шартсыз пайдалануға құқығыңыз жоқ. Аталған БЖ-ны пайдалану шарттары АВВҮҮ компаниясының және Сіздің, Ақырғы Пайдаланушының арасында жазбаша түрде бекітілетін Лицензиялық келісім-шартпен бекітіледі.

15. Тек жеке тұлғаларға арналған нұсқа

15.1. Егер БЖ-ны Украинада сатып алған болсаңыз және лицензияның параметрлерінде Delivery type «Standalone» деп көрсетілген болса(мұндай жағдайда БЖ орамында «Тек үй жағдайында қолдануға арналған» деп көрсетіледі), онда осы БЖ-ны коммерциялық емес мақсаттарда қолдана аласыз. БЖ-ны кәсіпкер жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттік кәсіпорынның, мекемелердің және ұйымдардың, соның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының орнатуына және қолдануына жол берілмейді.

16. Келісім-шартты бұзу

16.1. Егер Сізбен және АВВҮҮ компаниясының арасындағы жеке келісіммен басқаша келісілмесе, аталған Лицензиялық келісім-шарт БЖ-ға құқықтардың әрекет ету мерзімінің барлық ұзақтығының ішінде әрекет етеді.

16.2. Сіз аталған Лицензиялық келісім-шарттың шарттарын және шектеулерін сақтамаған кезде АВВҮҮ компаниясы қандай да бір құқықтары үшін зиянсыз оның әрекетін тоқтатуы мүмкін. Аталған Лицензиялық келісім-шарттың әрекеті тоқтатылған кезде Сіз Өзіңізде бар БЖ-ның барлық көшірмелерін, сонымен қатар компьютерден БЖ-ның барлық құрамдас бөліктерін және БЖ-ны жоюға міндеттісіз.

16.3. Сіз БЖ-ның барлық көшірмелерін және оның құжаттарын жою арқылы аталған Лицензиялық келісім-шартты бұза аласыз. Лицензиялық келісім-шартты бұлай бұзу Сізді БЖ-ны сатып алуды төлеу міндеттемесінен босатпайды.

16.4. 2.3, 2.5, 2.6, 8, 9, 12, 17.2 – 17.4, 18 – 20, 21.5, 22 және 23 тармақтары аталған Лицензиялық келісім-шартты бұзғаннан кейін де өздерінің күштерін сақтайды,бірақ бұл Сізге аталған Лицензиялық келісім-шартты бұзғаннан кейін БЖ-ны пайдалануды жалғастыруға құқықтарды бермейді.

17. Кепілдіктер және өтеу

17.1. АВВҮҮ компаниясы БЖ-ны сатып алған күннен бастап, БЖ жинағына кіретін арқаулардың сапасына (егер БЖ физикалық арқаулармен жеткізілетін болса), және олардың сатып алу елінің заңнамасымен белгіленген ең төменгі кепілдік мерзімінің ішінде жұмыс істеуіне кепілдік береді.

17.2. БЖ және жаңарту «қалай бар солай» жеткізіледі, және ABBYY компаниясы оларға ешқандай кепілдіктерді бермейді. АВВҮҮ компаниясы Сіз БЖ-ны пайдалана отырып алған нәтижелерге және өнімділікке кепілдік бермейді және кепілдік бере алмайды. АВВҮҮ компаниясы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес шектелуі немесе шығарылуы мүмкін емес кепілдіктерді және шарттарды қоспағанда, үшінші тұлғалардың құқықтарын, тауарлық жарамдылықты, біріктірілуді, қанағаттандырарлық сапаны, пайдалануға жарамдылықты бұзбау туралы кепілдіктерді, шектеусіз қоса, ештеңеге (іскерлік айналымның дәстүрлерімен немесе жалпы немесе заңдарда көрсетілген құқықтарда тұспалданатын немесе айқын көрсетілген) кепілдік бермейді. АВВҮҮ компаниясы сонымен қатар БЖ-да қателер жоқтығына, Сіздің талаптарды қанағаттандыратын болады немесе БЖ басқа өндірушілердің құрылғыларымен және БЖ-ларымен бірге пайдалану кезінде дұрыс қызмет атқаратындығына кепілдік бермейді. БЖ-ның жұмысының сапасымен және өнімділігімен байланысты барлық тәуекелдер Сізге жүктеледі.

17.3. АВВҮҮ компаниясы БЖ құрамында немесе бірге жеткізілетін басқа өндірушілердің бағдарламалық жасақтамаларына қатысты ешқандай кепілдіктерді бермейді.

17.4. Германияда және Австрияда тұратын пайдаланушылар үшін шектелген кепілдік.

Егер Сіз БЖ-ны Германияда немесе Австрияда сатып алсаңыз және әдетте осы елдердің біреуінде тұратын болсаңыз, онда, Германияның заңнамасына сәйкес АВВҮҮ компаниясы БЖ-ны ұсынылған пішін үйлесімімен құрылғыда пайдалану шартымен, Сіздің БЖ-ны алған уақыттан бастап есептелетін шектелген кепілдік мерзімінің ішінде жолдама құжаттарында көрсетілген қызметтерді (ары қарай — келісілген қызмет) БЖ беретіндігіне кепілдік береді. Аталған тараудағы «шектелген кепілдік мерзімі» коммерциялық пайдаланушылар және заңды тұлғалар үшін 1 (бір) жылды және коммерциялық емес пайдаланушылар үшін 2 (екі) жылды білдіреді. Келісілген қызметтен болмашы ауытқулар назарға қабылданбайды және кепілдік үшін негіз болып табылмайды. Аталған шектелген кепілдік Сізге тегін берілген БЖ-ға таралмайды, мысалы, жаңартуға, алдын ала нұсқаларға, сынақ нұсқаларына, байқалатын нұсқаларға, Сізбен ақау пайда болған деңгейге дейін өзгертілген «сату үшін арналмаған» нұсқаларға немесе БЖ-ларға. Шектелген кепілдік кезеңінде берілген кепілдікті пайдалану үшін Сіз БЖ-ны сатып алуды растайтын құжаттармен бірге сатушыға қайтаруға міндеттісіз (АВВҮҮ компаниясының есебінен). Егер БЖ-ның қызметі келісілген қызметтен едәуір өзгеше болса, АВВҮҮ компаниясы өзінің қарастыруы бойынша БЖ-ны ауыстыруды немесе түзетуді таңдауға құқылы. Егер проблема жойылмайтын болса, Сіз жеңілдікке (бастапқы бағаны азайту) немесе сатып алу-сату келісім-шартын бұзуға (келісім-шарттың күшін жоюға) құқылысыз. Кепілдік міндеттемелер туралы қосымша мәліметтерді келесі мекен-жай бойынша Германиядағы пайдаланушыларға қолдау Қызметінен алуға болады: ABBYY Europe GmbH, Elsenheimerstr. 49, 80687, Munich, тел.: +49 (0)89 51 11 590, факс: +49 (0)89 51 11 5959.

18. Шектелген жауапкершілік

18.1. АВВҮҮ компаниясы тіпті АВВҮҮ компаниясының өкіліне залалдың, шығынның, талаптардың немесе шығындардың, үшінші тұлғалардың тарапынан кез келген талаптардың мүмкіндігі туралы белгілі болғанның өзінде, Сіздің алдыңызда ешқандай жағдайда БЖ-ны пайдалануға байланысты немесе пайдаланудың нәтижесінде пайда болған істік белсенділіктегі амалсыз үзілістер, істік немесе басқа да мәліметтерді немесе ақпараттарды жоғалту, талаптар немесе шығындар, жанама немесе кездейсоқ шығындар үшін, сонымен қатар қолдан шығарылған пайда және жоғалтылған қорлар үшін, сонымен қатар БЖ-дағы ықтимал қателермен және жаңылыстармен шақырылған шығындар үшін ешқандай жауапкершілікті өзіне жүктемейді. Жоғарыда аталған шектеулер және ерекшеліктер бұл қолданыстағы заңнамамен қаншалықты деңгейде рұқсат етілсе, сол деңгейде әрекет етеді. Аталған Лицензиялық келісім-шарт бойынша АВВҮҮ компаниясының жалғыз жауапкершілігі БЖ-ны сатып алу кезінде Сіз төлеген сомамен шектеледі. Құқық бұзушылық немесе алдау (алаяқтық) үшін жауапкершілікпен тең, АВВҮҮ компаниясының селқостығымен шақырылған, өлімнің немесе мертігу жағдайында Сіздің алдыңыздағы АВВҮҮ компаниясының жауапкершілігін аталған Лицензиялық келісім-шарттың ешқандай шарттары шектемейді. Қолданылатын құқық туралы мәліметті аталған Лицензиялық келісім-шарттың 20 бабынан қараңыз.

18.2. Германияда және Австрияда тұратын пайдаланушылар алдындағы шектелген жауапкершілік:
Егер Сіз БЖ-ны Германияда немесе Австрияда сатып алсаңыз және әдетте осы елдердің біреуінде тұратын болсаңыз, онда:

18.2.1. 18.2.2 тармағының шарттарын есепке ала отырып, шығындар үшін ABBYY компаниясының жауапкершілігі келесілермен шектеледі: (i) ABBYY компаниясы тек маңызды келісім-шарттық міндеттемелерді болмашы бұзу нәтижесінде шығындар үшін сатып алу-сату келісім-шартын бекіту кезінде болжауға болатын мөлшерде ғана жауапкершілікті болып табылады және (ii) ABBYY компаниясы маңызды емес келісім-шарттық міндеттемелерді болмашы бұзу нәтижесінде пайда болған шығындар үшін жауапкершілікті болып табылмайды.

18.2.2. 18.2.1 тармақта көрсетілген жауапкершілікті шектеу, заңмен қарастырылған міндетті жауапкершілікке, атап айтатын болсақ, мертігуді келтіргені үшін жауапкершілікке таралмайды.

18.2.3. Сіз шығындарды болдырмау және қысқарту мақсатында барлық ақылды шараларды, атап айтатын болсақ аталған Лицензиялық келісім-шарттың шарттарына сәйкес Сіздің компьютердегі мәліметтердің және БЖ-ның сақтық көшірмелерін жасауға міндеттенесіз.

19. Экспорттың шарттары

19.1. Осы БЖ БЖ-ны сатып алған немесе алған елдің заңнамаларында бар экспорттау шектеулерін бұзып экспортталмау немесе қайта экспортталмау керек. Сонымен қатар Сіз қолданылатын заңнама Сізге БЖ-ны сатып алуға немесе алуға тыйым салмайтындығын растайсыз.

20. Қолданылатын құқық

20.1. Егер Сіз БЖ-ны АҚШ-тың, Канаданың, Мексиканың, Тайваньның немесе Жапонияның аумағында сатып алған жағдайда, аталған Лицензиялық келісім-шарт бойынша қарым-қатынастарға Калифорния штатының (Америка Құрама Штаттары) қолданыстағы заңнамасы қолданылады. Аталған Лицензиялық келісім-шартқа және/немесе БЖ-ға қатысты барлық даулар федералдық сотта және/немесе Аламеда немесе Санта-Клара (Калифорния штаты) округының штаттық сотында шешілуге тиісті.

20.2. Егер Сіз БЖ-ны Австрияның, Бельгияның, Ұлыбританияның, Германияның, Грекияның, Данияның, Ирландияның, Испанияның, Италияның, Люксембургтің, Нидерландының, Португалияның, Финляндияның, Францияның, Швецияның аумағында, немесе Еуропалық Одақтың мүшесі болып табылатын және аталған Лицензиялық келісім-шарттың 20.3 немесе 20.4 тармағында анық көрсетілмеген кез келген басқа мемлекеттің аумағында, сонымен қатар Исландияның, Лихтенштейннің, Норвегияның немесе Швейцарияның аумағында сатып алған жағдайда, аталған Лицензиялық келісім-шарт бойынша қарым-қатынастарға Мюнхен қаласындағы (Германия) әрекет ететін қолданыстағы заңнама қолданылады. Аталған Лицензиялық келісім-шарттан пайда болатын барлық даулар Мюнхен қаласындағы (Германия) сотта шешілуге жатады.

20.3. Егер Сіз БЖ-ны Украинаны және Молдованы қоспағанда, Ресейдің, Белоруссияның, Қазақстанның, немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) мүшесі болып табылатын басқа мемлекеттің аумағында, сонымен қатар Латвияның, Литваның және Эстонияның аумағында сатып алған жағдайда, аталған Лицензиялық келісім-шарт бойынша қарым-қатынастарға Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасы қолданылады.

20.4. Егер Сіз БЖ-ны Албанияның, Болгарияның, Босния және Герцеговинаның, Венгрияның, Израилдің, Кипрдің, Македонияның, Мальтаның, Польшаның, Румынияның, Словакияның, Словенияның, Түркияның, Хорватияның, Чехияның, Сербияның, Черногорияның, Украинаның немесе Молдованың аумағында сатып алған жағдайда, аталған Лицензиялық келісім-шарт бойынша қарым-қатынастарға Украинаның қолданыстағы заңнамасы қолданылады. Егер 20.4 бап қолданылған жағдайда және сіз заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер болып табылатын болсаңыз, аталған Лицензиялық келісім-шарт бойынша барлық даулар белгіленген Регламентпен, ережелерге және процедураларға сәйкес Украинаның Сауда-өнеркәсіптік палатасының жанындағы Халықаралық коммерциялық төрелік сотта шешілулері керек. Жоғарыда аталған соттың шешімі соңғы және екі тарап үшін міндетті болып табылады. Егер 20.4 бабы қолданылса және Сіз жеке тұлға болып табысаңыз, осы Лицензиялық келісімге қатысты барлық дау-дамайлар Киев қаласының (Украина) Шевченко аудандық сотында шешілуі тиіс.

20.5. Егер БЖ 20.3 тармақта көрсетілген елде сатып алынған жағдайда, және Сіз заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер болып табылатын болсаңыз, аталған Лицензиялық келісім-шарттан шығатын барлық даулар Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласының Төрелік сотында шешілуге тиісті. Егер БЖ 20.3 тармақта көрсетілген елде сатып алынған жағдайда, және Сіз жеке тұлға болып табылатын болсаңыз, аталған Лицензиялық келісім-шарттан шығатын барлық даулар Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласының Перов аудандық сотында шешілуге тиісті.

20.6. 20.1 – 20.4 тармақтарында сипатталған жағдайларда аталған Лицензиялық келісім-шарт бойынша қарым қатынастарға ешқандай қарама-қарсы нормалар, сонымен қатар БҰҰ-ның конвенциялары, халықаралық сатып алу-сату келісім-шарттарынан шығатын реттеуші міндеттемелер қолданылмайды.

20.7. Егер БЖ 20.1 – 20.4 тармақтарында көрсетілмеген елде сатып алынса аталған Лицензиялық келісім-шарт бойынша қарым қатынастарға Сіз БЖ-ны сатып алған елдің қолданыстағы заңнамасы қолданылады.

21. Басқа да шарттар

21.1. Егер Сіз «сату үшін арналмаған» БЖ-ны қоса, «жаңарту» ретінде белгіленген БЖ-ны және БЖ-ның сынақ нұсқаларын, БЖ-ны интернет арқылы сатып алсаңыз немесе алсаңыз, ABBYY компаниясы Сізге пайдаланушының нұсқаулығын қоса, ешқандай баспа материалдарын бермейді.

21.2. Аталған Лицензиялық келісім-шарт бойынша сыйақы болып АВВҮҮ компаниясымен немесе АВВҮҮ компаниясының Серіктесімен белгіленген, және олармен анықталатын тәртіпке сәйкес төленуге тиісті БЖ-ға Лицензияның құны мойындалады.

21.3. АВВҮҮ компаниясы БЖ-ны орнату және тіркеу кезінде Сізбен хабарланған мәліметтер сақталатындығына және тек АВВҮҮ компанияларының Тобының ішінде ғана пайдаланатындығына кепілдік береді.

21.4. АВВҮҮ компаниясы егер Сіз АВВҮҮ компаниясынан мәліметтерді алуға айқын түрде келіссеңіз, Сізге электронды пошта бойынша АВВҮҮ компаниясының өнімдері туралы және АВВҮҮ компаниясы туралы жаңалықтар, арнайы ұсыныстар туралы мәліметтер, өнімдерді пайдалану бойынша кеңестер және АВВҮҮ компаниясының қызметімен байланысты басқа да ақпараттар бар хаттарды жіберуге құқылы. Сіз АВВҮҮ компаниясына хабарласу арқылы тарату тізімінен Өзіңіздің электрондық поштаның мекен-жайын жоюыңызға болады.

21.5. АВВҮҮ компаниясы БЖ-ны орнату және тіркеу кезінде Сізбен хабарланған мәліметтер сақталатындығына және тек АВВҮҮ компанияларының Тобының ішінде ғана пайдаланатындығына кепілдік береді.

21.6. Сіз БЖ-ны Сіздің пайдалануыңызбен байланысты АВВҮҮ компаниясына кез келген шығындардың (сот шығындарын және қорғаушылардың қалам ақыларын қоса) орнын толтыруға және АВВҮҮ компаниясын кез келген талаптардан, шығыннан, залалдан, жауапкершіліктен және/немесе сот талаптарынан қорғауға міндеттенесіз.

21.7. Егер аталған Лицензиялық келісім-шарттың қандай да бір бөлігі заңдық күшін жоғалтқан және орындауға жатпайтын болып мойындалған жағдайда, Лицензиялық келісім-шарттың қалған бөліктері өзінің заңдық күшін сақтайды және орындауға жатады. Аталған Лицензиялық келісім-шарт ешқандай жағдайда тұтынушылардың заңды құқықтарын шектей алмайды.

22. Үкіметтік мекемелермен БЖ-ны пайдалану

22.1. Егер аталған БЖ АҚШ үкіметімен немесе АҚШ-тың үкіметтік мекемелерімен пайдаланатын жағдайда келесі қосымша шарттар қолданылады: (1) «Мәліметтер саласындағы құқықтар — Жалпылар» «Федералды қажеттіліктер үшін сатып алу ережелерінің» (52.227-14) бабында анықталғандай, БЖ шектелген құқықтармен беріледі; (2) үкіметпен бағдарламалық жасақтаманы кез келген пайдалану, ойнату немесе ашу «Техникалық мәліметтер және бағдарламалық жасақтама саласындағы құқықтар» «Қорғаныс қажеттіліктері үшін сатып алу ережелерінің» (252.227-7013) (іі) (1) бабының (с) шағын параграфының шектеуіне ұшырайды.

Vorbis

23.1. Дыбыстық файлдарды қысу үшін БЖ Vorbis пішімін пайдаланады. Vorbis пішімі Xiph.org ұйымының меншігі болып табылады. Xiph.org жататын Vorbis пішімінің кітапханалары (ары қарай — «Vorbis БЖ»), Xiph.org Foundation-да лицензияланған.

Xiph.org Foundation, құқық иеленушімен келесі шарттарды сақтау кезінде өзгертулермен немесе онсыз, Vorbis БЖ-ны бастапқы кодтар немесе бинарлық файлдар түрінде пайдалануға және таратуға рұқсат етіледі.

Таратылатын бастапқы кодта авторлық құқық туралы ескерту (Copyright ©, Xiph.org Foundation шығарылған жылы), шарттардың аталған тізімі және төменде келтірілген жауапкершілікті шектеу туралы шарттар сақталыну керек.
Бинарлық файлдарды тарату кезінде жоғарыда көрсетілген авторлық құқық туралы ескерту, шарттардың аталған тізімі және құжаттарда және/немесе басқа да жолдама материалдарында төменде келтірілген жауапкершілікті шектеу туралы шарттар ойнатылу керек.
Xiph.org Foundation атауы және қатысушылардың аттары құқық иеленушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз Vorbis БЖ-сын қолданумен жасалынған тауарларды қолдау немесе алға жылжыту үшін пайдаланылмау керек.
Vorbis БЖ-сы құқық иеленушілермен және бірлескен авторлармен «ол қалай болса, солай» («as is») беріледі. Vorbis БЖ-ның құқық иеленушілері және бірлескен авторлары Vorbis БЖ-на қатысты ешқандай айқын немесе тұспалданатын кепілдіктерді бермейді, соның ішінде (бірақ мүлдем емес) нақты пайдалану және сату үшін жарамдылыққа ешқандай тұспалданатын кепілдіктерді бермейді. Басқарушылар және бірлескен авторлар тікелей, жанама, кездейсоқ немесе айыппұлдық шығындар үшін, тіпті егер осындай шығындардың мүмкіндігі туралы оларға хабарланса да және бұл жауапкершіліктің пайда болуының себебі не болып табылатындығына тәуелсіз ешқандай жауапты болмайды: келісім-шарт, объективті жауапкершілік немесе заң бұзушылық (ұқыпсыздықты немесе басқаны қоса). Vorbis БЖ-сын қандай да бір пайдалану нәтижесінде пайда болған шығындарға, сонымен қатар (бірақ мүлдем емес) тауарларды және қызметтерді ауыстыратындарды сатып алуға шығындар, пайдалану мүмкіндігін жоғалту, мәліметтерді жоғалту, жіберілген пайда және қызметті тоқтатудың нәтижесінде пайда болған кез келген шығындар жатады.





Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 279 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.015 с)...