Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Ақша айналымының статистикасы



Мақсаты: ақшалай айналыс ұғымына анықтама беру, ақшалай айналыс мәнін анықтау, ақшалай айналыс статистикасын зерттеу міндеттерімен және көрсеткіштерін есептеу әдістемесімен танысу.

Мазмұны

1.Ақшалай айналыс ұғымы және оның статистикасы міндеттері

2.Ақшалай айналысты сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: ақшалай айналыс нақыты және нақты емес ақшалай нысандар, ақшалай агрегат, ақша база, ақша массасы, құрылымы, ақшалай мультипликатор, айналыстағы ақша массасы, айналыс жылдамдығы, ЖҰӨ-нің баға дефляторы индексі, бағалар деңгейі, т.б.

1. Ақшалай қатынастар тұрғын халық, кәсіпорындар, ұйымдар арасында қалыптасады. Олардың ауқымы ақшалай айналыс мөлшерімен сипатталады. Ал ол өз кезегінде айналыс процесінде ақшалай массаның қозғалысы жүзеге асырылатын операциялар жиынтығы болып табылады. Ақшалай айналыс нақыты және нақты емес ақшалай нысандармен жүзеге асырылады. Соңғысы ақшалай айналыстың негізгі бөлігін құрайды.

Нақты емес ақшалай айналым банктер шоттарында жазылу арқылы және өзара талаптарды есепке алу арқылы (путем зачета взаимных требований) жүргізілетін ақшалай есептесулердің жиынтығы болып табылады. Бұл жағдайда ақша төлем құралы ретінде функция атқарады.

Нақты а қшалай айналым мемлекет, кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғын халықтың өзара қарым-қатынастарында қолданылатын нақты ақшалай нысандағы ақшалай есептесулардің жиынтығы болып табылады.

Ақшалай айналыстың маңызды сипаттамасы ретінде айналыстағы ақшаның жалпы массасы ұғымы есептеледі.

Ақшалай айналыс статистикасының маңыды міндеті ретінде айналыстағы ақша массасын өлшеу, олардың санын бақылау есептеледі. Себебі бұл елдегі экономикалық тұрақтылықты анықтайды.

Ақшалай масса келесі параметрлерден тұрады:

Ақшалай агрегат Мо – ол айналыстағы нақты ақшаны қамтиды (кәсіпорындар кассаларындағы және тұрғын халық қолындағы ақша).

Ақшалай агрегат М 1 – құрамына параметр Мо және талап еткенге дейінгі шоттардағы қаражат қалдығы (Ұлттық Банктің мерзімсіз салымдары) мен кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғын халық шоттарындағы қаражаттар қалдығынан тұратын талап еткенге дейінгі депозиттер кіреді.

Ақшалай агрегат М 2 – құрамына параметр М1 және жедел депозиттер (жедел, 3 жылға дейінгі, тұрғын халықтың салымдары бойынша есеп шоттарындағы қаражат қалдықтары; коммерциялық банктердің есеп шоттарындағы кәсіпорындар мен тұрғын халықтың депозиттері) кіреді. Сонымен қатар оның құрамына мемлекеттік ұтымды займдардың облигациялары бойынша қарыздары, Ұлттық Банктің корр шоттарындағы банк қаражаттары кіреді.

Ақшалай агрегат М 3 – құрамына параметр М2 және тұрғын халық пен кәсіпорындардың басқа банктік депозиттері, сертификаттары, мақсаттық займдары, сақтандыру полистері, банк резервтері жатады. Басқа банктік депозиттерге тұрғын халықтың 3 жылдан жоғары басқа салымдары (сертификатсыз), арнайы есеп шоттардағы қаражаттар жатады.

Егер М3 ақшалай агрегатқа кейбір бағалы қағаздар түрлерін (акциялар, вексельдер, облигациялар) қосса, онда алынған сумма термин L деп аталады.

Бұл агрегаттар өтімділік деңгейімен сипатталады. Абсолютті өтімді деп ақшалай параметрді М1 айтамыз. Бұл параметрді «ыстық ақша» деп атаймыз. Жоғарғы өтімдігі ақшалай агрегат М 2 жатады.

Ақшалай айналыс статистикасының міндеттеріне ақшалай массаның құрамы, оның динамикасы кіреді. Ақшалай массаның құрамы оның жалпы көлеміндегі оның жеке параметрлерінің үлес салмағын сипаттайтын құрымының қатысты шамалары көмегімен өлшенеді. Ақшалай массаны жалпы түрде және оның жеке параметрлері бойынша зерттеген маңызды.

Ақшалай айналыс статистикасының міндеті тек болған жайтты баяндау ғана емес, оның себептерін және экономикалық өмірдің басқа жақтарына ықпалын анықтау болып табылады.

Ақшалай айналыс процесстерін басқару үшін ақшалай айналыс шамасы жөнінде, оның құрамы мен динамикасы жөнінде статистикалық ақпараты болуы тиіс.

Ақшалай айналыс статистикасының негізгі міндеті болып ақшалай айналыс заңдылықтарын, яғни ақша массасының айналымындағы, ақшалай айналым құрамындағы, банктердің есептесу операцияларындағы заңдылықтарды анықтау болып табылады.

2. Ақша айналымын сипаттау үшін статистикалық көрсеткіштер жүйесі қолданылады: абсолютті, қатысты және орташа шамалар.

Ақшалай айналыстың абсолютті шамалар көрсеткіштері болып ақша массасының агрегаттары (Мо, М1, М2, М3) аталады.

Ақшалай айналыстың қатысты және орташа шамалары көрсеткіштері:

1. ақша базасының және ақша массасының құрылымы

2. ақшалай мультипликатор (m) – бұл коэффициент ақша массасы (М) өзгерісі мен ақша базасы (Б) өзгерісі арасындағы қатынасты анықтайды.

Ақшалай мультипликатор коэффициенті = ақшалай масса/ ақшалай база немесе m = М/Б

Ақшалай база – бұл ҚР Ұлттық Банкімен бекітілген ақша. Оның құрамына кіреді:

а) ақшалай агрегат Мо (ҚР Ұлттық Банкінден тыстағы нақты ақша)

б) міндетті және артықшылық резервтер.

Міндетті резервтер – бұл екінші деңгейлі банктердің депозиттерінің бір бөлігі. Олар норматив бойынша Ұлттық Банктің арнайы шоттарында сақталуы тиіс.

Артықшылық резервтер – бұл басқалай депозиттер, яғни Ұлттық Банктің корр. шоттарындағы басқа қаражат қалдықтары.

Мысалы, ақшалай агрегаттың ақшалай мультипликаторы коэффициенті (m2) = ақшалай агрегат М2 нің ақшалай базаға қатынасы ретінде анықталады. Яғни m2 = М2/Б2

Ақшалай мультипликатор - банктер резервтерінің өзгерісі есебінен айналымдағы ақша массасының өзгерісін сипаттайды.

Кейбір абсолютті және қатысты ақша айналымы көрсеткіштерін қарастырайық (кесте 1).

Кесте 1- 01.07.2002ж. ҚР ақшалай базасы мен ақшалай массасының құрамы мен құрылымы

Көрсеткіш Млрд.тг. %
1. Ақшалай база (резервтік ақша), барлығы 2. Оның ішінде: ҚР Ұлттық Банкінен тыс нақты ақша Екінші деңгейлі банктердің депозиттері және Ұлттық Банкінің басқа операциялары 3. Ақшалай масса (М2), барлығы Оның ішінде: Айналыстағы нақты ақша (Мо) Тұрғын халықтың талап еткенге дейінгі салымдары (шоттары) Банктік емес заңды тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары (шоттары) Тұрғын халықтың жедел салымдары Банктік емес заңды тұлғалардың жедел салымдары 91,6   84,1 7,5   159,3   79,9 15,0   41,1 15,8 7,2   91,8 8,2     50,2 9,4   25,8 9,9 4,7

Кесте көрсетіп отырғандай, 01.07.2002ж. ҚР-да ақша базасының басым бөлігін (резервтік ақшалар – 91,8%) ҚР Ұлттық Банкінен тыс нақты ақша құрады, ал үлкен емес бөлігін 8,2 %- ын екінші деңгейлі банктердің депозиттері және Ұлттық Банкінің басқа операциялары құрады.

Ақшалай агрегаттың М2 жартысынан көп бөлігі (50,2 %) айналымдағы нақты ақшадан немесе Мо есебінен құралды. Ал ақшалай агрегаттың М2 екінші жарты бөлігін (49,8 %) клиенттер депозиттері құрайды, оның ¼ -ін (25,8%) банктік емес заңды тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары (шоттары) құрады.

Ақшалай мультипликатор коэффициенті (М2) = 1,74 (159,3 / 91,6) тең, яғни ақшалай ұсыныс М2 ақшалай базадан 1,74 есеге басым болды.

Ақшалай массаның көлемінің өзгерісі айналымдағы ақша көлемін арттырудан, олардың айналым жылдамдығы өзгерісінен байланысты.

3. Ақшалай айналыстың жылдамдығы белгілі бір уақыт мерізімінде айналым құралы және төлем құралы ретінде функциясын ақшалай бірліктердің орташа қайталау санын сипаттайды.

Айналысқа қажетті ақша саны келесі формуламен анықталады: MV = PY, мұндағы

M – айналыстағы ақша массасы;

V – айналыс жылдамдығы;

P – ЖҰӨ-нің баға дефляторы индексі түріндегі бағалар деңгейі;

Y – ЖҰӨ нақты көлемі, яғни тұрақты немесе базистік бағалармен бағаланған есепті мерзімдегі номиналдық ұлттық өнім көлемі. M = PY/V

Дефлятор бағалардың жиынтық деңгейін (БЖД), бір жылдағы экономикадағы бағалардың орташа тағайындалу өлшемін сипаттайды. Индекс-дефлятор - бұл номиналды ЖІӨ-ді (ағымдық бағалармен) нақты ЖІӨ-ге (тұрақты немесе базистік бағалармен) қайта есептеудің қатысты көрсеткіші:

БЖД немесе ЖІӨ дефляторы – Номиналдық ЖІӨ/ нақты ЖІӨ

Ақшаның айналым жылдамдығы көрсеткіштері:

а) табыстар айналымындағы ақша айналым саны (n)

n = ЖІӨ немесе ЖҰӨ/ Мср, мұндағы

Мср – мерзім ішіндегі ақшаның орташа қалдықтары

б) төлем айналымындағы ақша айналым саны

Төлем айналымындағы ақша айналым саны = банктік ағымдық есеп шоттар бойынша аударылған қаражаттар сомасы/ М1ср.

Бұл көрсеткіш шетел статистикасында ЖҰӨ-ге кірмеген спекулятивті мәмілелердің көлемін сипаттау үшін қолданылады.

в) Ақшаның бір айналымының ұзақтығы (t) – бұл ақша айналымы саны көрсеткішіне кері көрсеткіш.

t =D/V = D*M ср/ ВВП или ВНП, мұндағы

Д – мерзімдегі календарлық күндер саны.

Берілген көрсеткіш зерттелуші мерзімде ақша массасының бір айналымы үшін, ЖІӨ мен ЖҰӨ қызмет көрсету үшін қажет болған орташа күндер санын сипаттайды.

Сонымен ақша массасының 3 көрсеткіші: ақша массасы, ақша мультипликаторы коэффициенті және ақша айналысы жылдамдығы өзара тығыз байланысты. Олардың өзара байланысы келесіден көрінеді: ақшалай мультипликатор коэффициенті неғұрлым жоғары болса, ақша массасы соғұрлым көп болады және ақша айналысы жылдамдығы төмен болады. Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы төмендеуі экономиканың тұрақтылығы жағдайында ұзақмерзімді депозиттер артуы мен ұзақмерзімді несиелік салымдардың артуын көрсетеді, бұл ұлттық валютаға сенімділіктің өскенін көрсетеді. Ақша айналысының жоғарғы жылдамдығы ұлттық валютаға сенімсіздіктің өсуіне, ақша массасындағы нақты ақшаның үлесінің өсуін, ұзақмерзімді жинақтардың (долгосрочных сбережений) төменгі үлесі жөнінде күә болады.

4. Экономиканың монетизациялау деңгейі = ақша массасы/ ЖІӨ

Ақша айналымы жылдамдығы неғұрлым төмен болса, соғұрлым экономиканың монетизациялау деңгейі жоғары болады.

5. Банк кассасы арқылы өтетін нақты ақша айналымы саны, nнал = мерзім ішіндегі банкее түскен ақша массасы/ айналыстағы нақты ақшаның орташа қалдығы.

Сәйкесінше нақты ақшаның бір айналымы ұзақтығы анықталады:

tнал =(Д* айналыстағы нақты ақшаның орташа қалдығы)/ мерзім ішінде кассадағы нақты ақшаның түсуі

6. К упюраның орташа мөлшері орташа салмақталған арифметикалық шама формуласымен анықталады: x = ∑xf/ ∑f, где x- купюраның жетістікгі; f – купюралар саны.

7. Ұлттық валютаның сатып алушылық қабілеті (покупательская способность национальной валюты) – бұл тұтынушылық бағалардың индексіне (Ур) кері көрсеткіш.

У сатып алу қабілеттілігі тг = 1/Ур =∑p0q0/ ∑p1q1,

Мұндағы Ур = ∑p1q1/ ∑p0q1

р1р0 – есепті және басзитік мерзімдердегі тұрғын халықпен тұтынылған тауарлар мен қызметтерге бағалар;

q1 q0 – есепті және басзитік мерзімдердегі тұрғын халықпен тұтынылған тауарлар мен қызметтер көлемі.

Ақша айналысы жөніндегі ақпараттарға:

Ақша массасы агрегаттарының мөлшері келесі ақпарат көздері негізінде анықталады:

1. ҚР ҰБ балансы

2. Екінші деңгейлі банктердің балансы

Банктер ақша қозғалысы жөніндегі есептерді банк қызметінің түрлері бойынша есепті мерзім ішінде жасайды:

а) операциялық қызмет (банктік);

б) инвестициялық қызмет;

в) қаржылық қызмет.





Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 2856 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...