Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Ұлттық есеп жүйесі



Мақсаты: Ұлттық есеп жүйесінің мәні мен мазмұнын ашу.

Міндеттері:

1.ҰШЖ түсінігі. ҰШЖ қолданылатын концепцияның негізі.

2.ҚР ҰШЖ шоттардың негізгі сипаты.

3. ЖІӨ түсінігі және оны есептеу әдістері. Тұрақты бағада ЖІӨ көрсеткіштерін есептеу.

4. МОБ. МОБ құру техникасы.

ҰЕЖ – макродеңгейде нарықты экономиканың дамуын сипаттау және зерттеу үшін барлық елдерде қолданылатын ақпараттар жүйесі. ҚР – ҰЕЖ-не 1993 ж. көшті. ҰЕЖ – бұл жыл ішіндегі табыстардың макроэкономикалық бухгалтерлік сандық көрініс алуы болып табылады.

ҰЕЖ маңызды элементі – ол шоттар. Шоттағы мәліметтер экономикалық операциялар топтарын (тұтыну, жинақ, экспорт және т.б.) ғана сипаттайтын жалпылама сандық сипаттама емес, сонымен қатар төтенше жағдайлар нәтижесінде активтердің өзгеруін көрсетеді. Шоттағы салалар баланстық әдіспен есептелінеді, яғни ресурстар бөлігіндегі (шоттың оң жағы) сомасынан пайдалану бөлігіндегі (шоттың сол жағы) сомасын шегеру арқылы.

Жалпы қосылған құн = Жалпы шығарылған өнім – аралық тұтыну.

Шот формасы Т – формалы келеді және баланстық статьясы келесі шоттың алғашқы статьясы болады.

ҚР келесі шоттар қолданылады:

- өндіріс шоты;

- табыстың пайда болу шоты;

- алғашқы табыстырды бөлу шоты;

- табыстарды қайта бөлу шоты (ақшалай формада);

- қолда бар табысты пайдалану шоты;

- капиталмен операциялар шоты;

- тауарлар мен қызметтер шоты;

- қаржылық шот.

Шоттар көрсеткіштерінің байланысы келесі мысалда көрсетілген:

Өндіріс шоты:

Пайдалану Ресурстар
2. Аралық тұтыну 1. Жалпы шығарылған өнім
3. Жалпы қосылған құн (1-2)  
Барлық пайдаланғаны Барлық ресурстар

Табыстың пайда болу шоты:

Пайдалану Ресурстар
2. Еңбекақы 1. Жалпы қосылған құн
3. Өндіріс салығы  
4. Негізгі капиталды тұтыну  
5. Пайда /аралас табыс (1-2-3-4)  
Барлық пайдаланғаны Барлық ресурстар

ҰЕЖ негізгі көрсеткіштерінің бірі ЖІӨ, бұл резидент өндіруші бірліктерінің өндірістік іс-әрекетінің ақырғы нәтижесі болып табылады.

ЖІӨ есептеу әдістері: 1) Өндірістік — өндіріс кезеңінде ЖІӨ есептеу. 2) Бөлу әдісі – табыстар негізінде есептелінеді. 3) Ақырғы тұтыну әдісі.

Салааралық баланс - макродеңгейде өндіріс және бөлу шоттарының құндық және табиғи көрсеткіштерінің өзара байланыс схемсы. Жан-жақты статистикалық бақылау: экономикалық санақтар және ішінара бақылау негізінде құрылады.

Салааралық баланс схемасында негізгі 3 бөлігін (квадранттар) бөледі.

1 квадрант (аралық тұтыну) 2 квадрант (ақырғы тұтыну)
3 квадрант (жалпы қосылған құн)  

Негізгі әдебиеттер: 4,5,7

Қосымша әдебиеттер: 6,9,12





Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 2504 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...