Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жүрек және қан тамырлары



219. Ұрықтың төменгі қуыс венасы құйылады:

+А) оң жүрекшеге

В) сол жүрекшеге

С) оң қарыншаға

D) сол қарыншаға

Е) тәжді қойнауға

220. Оң жүрекше мен оң қарынша арасында орналасқан қақпақша:

А) жарты ай тәрізді

+В) үш жармалы

С) екі жармалы

D) төрт жармалы

Е) өкпе сабауының қақпақшасы

221. Қан ұрықтың төменгі қуыс венасынан бағытталады:

+А) оң жүрекшеге

В) сопақ тесікке

С) оң қарыншаға

D) сол қарыншаға

Е) өкпе сабауына

222. Қан ұрықтың жоғары қуыс венасынан бағытталады:

+А) оң жүрекшеге

В) оң қарыншаға

С) сол жүрекшеге

D) сол қарыншаға

5-сол құлақшаға

223. Қан ұрық денесінен плацентаға барады:

А) жоғарғы қуыс вена арқылы

В) төменгі қуыс вена арқылы

+С) кіндік артериясы арқылы

D) артериялық түтік арқылы

Е) өкпе сабауы арқылы

224. Сол жүрекшеге құйылады:

+А) өкпе веналары

В) жоғарғы қуыс вена

С) төменгі қуыс вена

D) қолқа

Е) жүректің алдыңғы веналары

225. Жаңа туылған нәресте жүрегінің салмағы

А) 24 г

+В) 21 г

С) 30 г

D) 35 г

Е) 80 г

226. Жаңа туылған нәрестенің жүрегінің жоғарғы шекарасы:

+А) 2 қабырға

В) 3 қабырға

С) 4 қабырға

D) 5 қабырға

Е) 6 қабырға

227. Жаңа туылған нәрестенің жүрегінің сол шекарасы:

А) сол бұғананың орта сызығынан 1-2 см сыртқа

В) сол бұғананың орта сызығынан 3 см сыртқа

+С) сол бұғананың орта сызығынан 4 см сыртқа

D) сол бұғананың орта сызығынан 0,5 см сыртқа

Е) сол бұғананың орта сызығынан 5 см сыртқа

228. Жаңа туылған нәрестенің жүрегінің оң шекарасы:

+А) оң төс маңы сызығынан 1 см сыртқа

В) оң төс маңы сызығынан 2 см сыртқа

С) оң төс маңы сызығынан 3 см сыртқа

D) оң төс маңы сызығы

Е) оң қолтық асты сызығы

229. 2-4 жастағы балалардың жүрегінің жоғарғы шекарасы

А) 2-қабырға

В) 3-қабырға

+С) 4-қабырға

D) 5-қабырға

Е) 1-қабырға

230. 2-4 жастағы балалардың жүрегінің сол шекарасы

А) сол бұғананың орта сызығынан 3 см сыртқа

В) сол бұғананың орта сызығынан 4 см сыртқа

+С) сол бұғананың орта сызығынан 1-2 см сыртқа

D) сол бұғананың орта сызығынан 0,5 см сыртқа

Е) сол бұғананың орта сызығынан 6 см сыртқа

231. 5-12 жастағы балалардың жүрегінің жоғарғы шекарасы:

А) 1 қабырғаның жоғарғы жиегі

В) 2 қабырғаның жоғарғы жиегі

С) 3 қабырғаның жоғарғы жиегі

+D) 4 қабырғаның жоғарғы жиегі

Е) 5 қабырғаның жоғарғы жиегі

232. 5-12 жастағы балалардың жүрегінің сол шекарасы:

+А) сол бұғананың орта сызығы

В) сол бұғананың орта сызығынан 0,5 см

С) сол бұғананың орта сызығынан 1 см

D) сол бұғананың орта сызығынан 1,5 см

Е) сол бұғананың орта сызығынан 2 см

233. Оң жүрекшеге құйылады:

А) жүректің терең веналары

В) өкпе артеиялары

+С) тәждік қойнау

D) өкпе сабауы

Е) қолқа

234.Жартылай сыңар вена жалғасы болып табылады:

+А) сол жақ жоғарылаған бел венасының

В) оң жақ жоғарылаған бел венасының

С) қақпа венасының

D) оң иық-бас венасының

Е) ішкі мойындырық венасының

235. Жаңа туылған нәрестелерде жүректің келесі пішіндері кездеседі:

А) конус тәрізді

В) сопақ

+С) шар тәрізді

D) үшбұрышты

Е) пирамида тәрізді

236. Жүрекқаптың қойнаулары:

А) тік қойнау

В) оң жақ қойнау

+С) қиғаш қойнау

D) сол жақ қойнау

Е) ішкі қойнау

237. Жаңа туылған нәрестелерде жүрекқабының төс-қабырға беті жабылған:

+А) айырша безбен

В) оң өкпемен

С) сол өкпемен

D) өкпеқаппен

Е) қалқанша безбен

238. Жүрекқап жаңа туылған нәрестелерде дамыған:

+А) әлсіз

В) жақсы

С) дамымаған

D) өте жақсы

Е) болмайды

239. Жүрекқаптың қабаттары:

А) бұлшықеттік

В) сіңірлі

+С) талшықты

D) эпителиалды

Е) сүйекті

240. Жүректің өткізгіш жүйесіне жатады:

А) симпатикалық бағана

В) вегативтік өрімдер

+С) Гисс шоғыры

D) жүректің нервтері

Е) кезбе нерв

241. Жаңа туылған нәрестелердің өкпе артериясы бағанасының айналымы қолқа айналымымен салыстырғанда:

+А) үлкен

В) бірдей

С) төмен

D) жетілмеген

Е) өкпе артериясы айқын көрінбейді

242. Жаңа туылған нәрестелерде қолқаның келесі бөліктері тез өседі:

+А) жоғарылаған бөлігі

В) төмендеген бөлігі

С) қолқаның кеуделік бөлігі

D) қолқаның іштік бөлігі

Е) қолқа айырығы

243. Жүректің беттерін атаңыз:

А) жоғарғы

В) көкірекаралықтық

С) төменгі

+D) төс-қабырғалық

Е) қабырғалық

244. Қантамырлық микроциркуляторлық арнаның элементтеріне жатады:

+А) венула

В) артерия

С) вена

D) лимфа капиллярлары

Е) венулалық анастомоз

245. Жүректің сопақ шұңқыры анық көрінетін жері:

А) қарыншааралық қалқада

В) қолқа мен өкпе бағанасының арасында олардың шығатын жерінде

С) жүрекшеаралық қалқаның сол жағында

+D) жүрекшеаралық қалқаның оң жағында

Е) қуыс веналардың арасында

246. Оң жүрекшенің ішкі бетінде орналасқан анатомиялық құрылымдарды көрсетіңіз:

А) бүртікті бұлшықеттер (mm. papillares)

+В) қырлы бұлшықеттер (mm. pectinati)

С) еттік шарбақшалар (trabeculae carneae)

D) сіңірлі жіпшелер (chordae tendineae)

Е) дәнекер жіпшелер

247. Қарыншааралық қалқа құрамына кіретін анатомиялық құрылымдарды көрсетіңіз:

+А) миокард

В) эпикард

С) сіңірлі хордалар

D) трабекулалар

Е) майлы тін

248. Жүрек қаңқасына жатады:

А) эпикард

В) перикард

+С) фиброзды сақиналар

D) миокард

Е) эндокард

249. Қолқа айырығы сәйкес келетін омыртқа деңгейін көрсетіңіз:

А) III бел

+В) IY бел

С) Y бел

D) I бел

Е) 12 кеуде

250. Ішкі ұйқы артериясы жататын анатомиялық құрылымды көрсетіңіз:

А) төс-бұғана-емізік аймағы

+В) ұйқы өзегі (canalis caroticus)

С) төменгі жақсүйекасты үшбұрышы

D) қиылысу жүлгесі

Е) мойынның бүйір үшбұрышы

251. Бұғанаасты артериясының сатылы бұлшықеттер аралық кеңістіктен шыққаннан кейінгі тармақтары:

+А) мойынның көлденең арт. (a. transversa colli)

В) қабырға-мойын сабауы (truncus costocervicalis)

С) бұғана үсті артериясы (a. supraclavicularis)

D) мойынның беткей арт. (a. cervicalis superficialis)

Е) омыртқа артериясы

252. Бұғанаасты артериясының сатылы бұлшықеттер арасындағы кеңістіктегі тармақтарын көрсетіңіз:

А) мойынның беткей артериясы (a. cervicalis superficialis)

В) бұғанаүсті артериясы (a. supraclavicularis)

+С) қабырға-мойын сабауы (trunсus costocervicalis)

D) қалқан-мойын сабауы (trunсus thyrocervicalis)

Е) ішкі кеуде артериясы

253. Қолтық артериясының кеуде үшбұрышы деңгейіндегі тармақтарын көрсетіңіз:

А) жауырынасты артериясы (a. subscapularis)

В) кеуде-акромион артериясы (a. thoracoacromialis)

+С) латеральды кеуде арт. (a. thoracica lateralis)

D) жоғарғы кеуде артериясы (a. thoracica superior)

Е) көлденең мойын артериясы

254. Қолтық артериясының кеудеасты үшбұрышы деңгейіндегі тармақтарын көрсетіңіз:

А) латералды кеуде артериясы

В) ішкі кеуде артериясы

+С) жауырынасты артериясы (a. subscapularis)

D) кеуде-акромион артериясы (a. thoracoacromialis)

Е) жоғарғы кеуде артериясы

255. Жүректің симпатикалық нервтенуі:

+А) жүректің жиырылу ырғағын тежейді, веналық тамырлардың саңылауларын кеңейтеді

В) жүректің жиырылу ырғағын баяулатады, веналық тамырлардың саңылауларын тарылтады

С) жүректің жиырылу ырғағын тездетеді, веналық тамырлардың саңылауларын тарылтады

D) жүректің жиырылу ырғағын баяулатады, веналық тамырлардың саңылауларын кеңейтеді

Е) жүректің жиырылу ырғағын баяулатады, веналық тамырлардың саңылауларын тарылтады

256. Оң тәждік артерияның ірі тармақтары:

А) алдыңғы қарыншааралық тармақ (r. interventricularis ant.)

В) айналма тармақ (r. circumflexus)

+С) артқы қарыншааралық тармақ (r. interventricularis post.)

D) алдыңғы қалқааралық тармақ (r. septalis ant.)

Е) құлақшалық тармақ

257. Оң тәждік артерия қанмен қамтамасыздандыратын жүректің бөліктерін көрсетіңіз:

+А) қарыншаралық қалқаның артқы бөлігі

В) қарыншаралық қалқаның алдыңғы бөлігі

С) сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасы

D) сол қарыншаның артқы бүртікті бұлшықеті

Е) жүрек ұшы

258. Сол тәждік артерияның ірі тармақтарын көрсетіңіз:

А) жоғарғы тармақ

+В) алдыңғы қарыншааралық тармақ (r. interventricularis ant.)

С) артқы қарыншааралық тармақ (r. interventricularis post.)

D) артқы қалқааралық тармақ (r. septalis post.)

Е) сол құлақшалық тармақ

259. Сол тәждік артерия қанмен қаматамсыздандыратын жүректің бөліктерін көрсетіңіз:

А) қарыншааралық қалқа

В) оң қарыншаның артқы қабырғасы

С) оң қарыншаның артқы емізік бұлшықеті

+D) сол қарыншаның артқы қабырғасы

Е) оң жүрекшенің алдыңғы қабырғасы

260. Адамда жүректің қандану түрлерін көрсетіңіз:

+А) оңтәждік

В) аралас

С) сызықты

D) магистральды

Е) шашыраңқы

261. Қолқа доғасының тармақтарын көрсетіңіз:

+А) сол бұғанаасты артериясы (a. subclavia sin.)

В) оң бұғанаасты артериясы (a. subclavia dext.)

С) омыртқалық артериясы

D) ішкі кеуделік

Е) оң жалпы ұйқы артериясы

262. Қолқаның кеуделік бөлігінің тармақтары:

А) алдыңғы қабырғааралық артериялар (aa. intercostales ant.)

+В) артқы қабырғааралық артериялар (aa. intercostales post.)

С) жоғарғы бүйрекүсті

D) төменгі көкеттік артериялар (aa. phrenicae inf.)

Е) бұғанаасты артериясы

263. Қолқаның кеуделік бөлігінің висцеральды тармақтары:

А) алдыңғы қабырғааралық

+В) өңештік тармақтар (rr. esophagei)

С) артқы қабырғааралық

D) жоғарғы құрсақүсті

Е) қабырғааралық артериялар

264. Төмендеген қолқаның бөліктерін көрсетіңіз:

А) қолқа буылтығы (bulbus aortae)

В) мойындық бөлігі (pars cervicalis)

+С) кеуделік және іштік бөлігі

D) доғасы

Е) қолқаның жоғарылаған бөлігі

265. Иық-бас сабауы келесі веналардың қосылыстарынан түзіледі:

А) сыртқы мойындырық венасы (v. jugularis externa)

В) алдыңғы мойындырық

С) сыңар вена (v. azygos)

+D) ішкі мойындырық венасы (v. jugularis interna) және бұғанаасты

Е) сыртқы мойындырық веналары

266.Төменгі қуыс венаға (v. cava inferior) құйылады:

+А) оң бүйректік вена (v. renalis dextra)

В) v.ovarica sinistra

С) оң бүйрекүсті безінің венасы (v. suprarenalis dextra)

D) сол бүйрекүсті безінің венасы (v. suprarenalis sinistra)

Е) көкбауырлық вена

267. Төменгі қуыс венаға (v. cava inferior) құйылады:

А) қабырғааралық венасы

В) сол атабез венасы (v. ovarica sinistra)

+С) бел веналары (vv. lumbales)

D) қақпа венасы

Е) асқазан веналары

268. Бауыр веналары (vv. hepaticae) құйылады:

А) қақпа венасына (v.portaе)

+В) төменгі қуыс венаға (v. cava inferior)

С) жоғарғы қуыс венаға (v. cava superior)

D) ішкі кеуде венасына (v.thoracica interna)

Е) сыңар венаға

«Несепжыныс жүйесі»

269. Бүйректің анатомиялық құрылымдары:

А) +бүйрек қақпасы

B) артқы жиегі

C) денесі

D) алдыңғы жиегі

E) мойны

270.Бүйректің экскреторлық ағашының пішіндері:

А) постнаталдық

B) +эмбриондық

C) магистралдық

D) қалыптасқан

E) аралас

271.Сол жақ бүйрекке жанасып жатады:

А) +тоқ ішектің сол иілімі

B) жоғарғы ішек

C) соқыр ішек

D) бауыр

E) төменгі қуыс вена

272. Нәрестелерде бүйректің жоғарғы шеті қай омыртқаның жоғарғы деңгейіне сәйкес келеді?

А) X кеуде омыртқасының

B) XI кеуде омыртқасының

C) +XII кеуде омыртқасының

D) I бел омыртқасының

E) III бел омыртқасының

273. Несепағардың іштік бөлігі жатады:

А) + белдің үлкен бұлшықетінде

B) шаршы бұлшықетте

C) көлденең бұлшықетте

D) тік бұлшықетте

E) мықын бұлшықетінде

274. Нәрестелерде несепқуық орналасады:

А) +ересектермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары

B) ересектермен салыстырғанда айтарлықтай төмен

C) ұшы кіндік пен қасаға симфизінің ортасында жетпейді

D) ұшы симфиздің артында орналасқан

E) ұшы кіндік деңгейінде орналасқан

275. Шәует шығаратын түтікке жанасып жатады:

А) сигматәрізді ішек

B) тік ішек

C) +несепқуық

D) куперов безі

E) сан артериясы

276. Сперматозоидтар түзіледі:

А) атабез қосалқысында

B) +иреленген шәует өзекшелерінде

C) тік шәует өзекшелерінде

D) атабез торында

E) шәует шығаратын түтікте

277. Жатыр түтігінің құрамдық бөліктері:

А) мойын бөлігі

В) +жатыр түтігінің кеңжері

С) бос жері

D) құйрығы

E) жарғақты бөлігі

278. Екіншілік (көпіршікті) анабез түйіншелері (folliculi ovarici vesiculosi) түзіледі:

А) 1-3 жаста

B) 8-11 жаста

C)+ 12-15 жаста

D) 16-20 жаста

E) бір жасқа дейін

279. Әрбір бүйректің артқы бетіне жанасып жатады:

А) +көкетке

B) мықын бұлшықетіне

C) егіз бұлшықетке

D) алмұрттәрізді бұлшықетне

E) ішастарға

280.Бүйректің бекітуші аппараты:

А) май қапшығы+

B) жіңішке ішектің шажырқайы

C) қойнауы

D) көкет

E) ішастар

281. Бүйрек денешігі орналасады:

А) қыртысты заттың бүктелген бөлігінде+

B) қыртысты заттың сәулелі бөлігінде

C) бүйрек пирамидасында

D) бүйрек бағаналарында

E) бүйрек қойнауында

282. Нәрестелерде бүйректің төменгі шеті қай омыртқаның төменгі деңгейіне сәйкес келеді?

А) I бел омыртқасының

B) II бел омыртқасының

C) III бел омыртқасының

D) +IV бел омыртқасының

E) Х кеуде омыртқасының

283.Нәресте несепқуығының ерекшеліктері:

А) несепқуық түбі қалыптасқан

B) +несепқуық түбі қалыптаспаған

C) қабырғасындағы дөңгелек бұлшықеттік қабығы жақсы дамыған

D) дөңгелек бұлшықеттік қабығы дамымаған

E) құрылысы бойынша ересек адамдардікінен айырмашылығы жоқ

284. Ер адамдардың несепқуығының артқы бетіне жанасып жатады:

А) +тік ішек

B) Куперов бездері

C) қуықасты безі

D) сигматәрізді ішек

E) буылтық-несеп шығаратын өзек (бульбоуретралық) безі

285. Ішастардың туындысы болып табылатын атабездің қабығы:

А) ішкі шәует шандыры

B) сыртқы шәует шандыры

C) +атабездің қынаптық қабығы

D) атабезді көтеретін бұлшықеттің шандыры

E) бұлшықеттік қабығы

286. Қуықасты безіне жанасып жатады:

А) қасаға симфизі

B) ішкі мықын артериясы

C) тік ішек +

D) Куперов безі

E) сыртқы мықын артериясы

287. Жатырдың қабықтары:

А) +эндометрий

B) шырышасты

C) фиброзды

D) параметрий

E) мезометрий

288. Нәресте жатырының ерекшеліктері:

А) +жоғары орналасқан, қасаға симфизінен шығып тұрады

B) кіші жамбас астауының ортаңғы бөлігінде орналасқан

C) жатыр денесі мойнына қарағанда ұзынырақ

D) денесіне қарағанда жатыр мойны қалыптаспаған

E) кіші жамбас астауының төменгі бөлігінде орналасқан

289. Бүйрек аяқшасын түзеді:

А) бүйрек қойнауы

B) +бүйрек артериясы

C) лимфа түйіні

D) бүйрек шандыры

E) бүйрек бағаналары

290. Оң жақ бүйрекке жанасады:

А) +12-елі ішектің төмендеген бөлігі

B) соқыр ішек

C) тоқ ішектің сол иілімі

D) асқазан

E) көкбауыр

291. Бүйрек денешігінің құрылымдары:

А) проксималді иреленген өзекше

B) үлкен тостағанша

C) +капиллярлық шумақ

D) жинағыш түтікше

E) кіші тостағанша

292. Нәрестелерде сол жақ бүйрекке жанасады:

А) бауыр

B) +ұйқы безі

C) соқыр ішек

D) құрт тәрзді өсінді

E) асқазан

293. Несепағардың алдында орналасады:

А) +атабез (немесе анабез) артериясы мен венасы

B) ішкі мықын тамырлары

C) сыртқы мықын тамырлары

D) жалпы мықын тамырлары

E) бел артериялары мен веналары

294. Несепқуықтың құрамдық бөліктері:

А) мүйізі

B) құйрығы

C) +түбі

D) қылтасы

E) жүлге

295. Ер адамдарда аралас секрециялық без болып табылады:

А) +атабез

B) қуықасты безі

C) бульбоуретралдық бездер

D) шәует қуықшалары

E) атабез қосалқысы

296. Шәует жіберетін түтік қандай түтіктердің қосылуынан пайда болады:

А) шәует шығаратын түтігі мен қосалқы түтігі

B) бульбоуретралық бездердің шығаратын түтігі

C) қуықасты безінің шығаратын түтігі

D) +шәует шығаратын түтік

E) атабез қосалқысының түтігі

297. Анабездің беттері:

А) +медиалді беті

B) алдыңғы беті

C) бүйір беті

D) артқы беті

E) жоғарғы беті

298. Жасөспірім кезеңдегі (12-15 жас) жатырдың топографиясы мен құрылысының ерекшеліктері:

А) жоғары орналасқан, қасаға симфизінен шығып тұрады

B) жатыр денесі мен мойны тепе тең

+C) жатыр денесі мойнына қарағанда ұзынырақ

D) жатыр мойны денесіне қарағанда ұзынырақ

E) кіші жамбас астауының төменгі бөлігінде орналасқан

299. Бүйректе бар:

А) тығыз зат

B) +қыртыс зат

C) аралық зат

D) негізгі зат

E) сұр зат

300. Нефронның құрамына кіретін құрылымдар:

А) бүйрек қойнауы

B) кіші тостағанша

C) +Генле ілмегі

D) бүртік түтіктері

E) бүйрек артериясы

301. Несепағардың бөліктері:

А) бүйректік

B) +іштік

C) түбектік

D) ампулалық

E) қылталық

302. Оң несепағардың бастапқы бөлігі орналасады:

А) он екі елі ішектің төмендеген бөлігінің алдында

B) + он екі елі ішектің төмендеген бөлігінің артында

C) он екі елі-аш ішек иілімінің артында

D) он екі елі ішектің көлденең бөлігінің артында

E) соқыр ішектің артында

303. Несепағардың қабырғасының қабықтары:

А) tunica fibrosae

B) +tunica muscularis

C) ішастар

D) tunica serosa

E) tunica albuginea

304. Әйелдердің несепқуығының артқы бетіне жанасып жатады:

А) несепжыныс көкеті

B) соқырішек

C) сигма тәрізді ішек

D) қынап+

E) тік ішек

305. Атабез қосалқысының бөліктері:

А) +басы

B) мойны

C) өсіндісі

D) шеті

E) оң және сол үлестері

306. Ер адамдардың несеп шығаратын өзегінің кеңейген жерлері:

А) несепжыныс көкеті аймағы

B) несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі аймағы

C) +қуықастылық (простаталық) бөлігі

D) кеуек бөлімінің бойында

E) несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі аймағы

307. Атабездің иреленген және тік шәует өзекшелерінде қуыс пайда болады:

А) 1 жасқа дейін

B) 1-3 жаста

C) 8-12 жаста

D) +жасөспірімдік кезең, 13-16 жаста

E) туылатын кезде

308. Нәресте анабезінің ерекшеліктері (10 күннен – 1 жылға дейін):

А) анабездің беті іркілдек

B) анабездің беті бұдырлы

C) +алғашқы (примордиалық) анабез түйіншелері бар

D) лимфоидты фоликулдар

E) жетілген анабез түйіншелері бар

309. Бүйректің қабықтары:

А) бұлшықеттік қабық

B) +фиброзды қабық

C) ақ қабық

D) шырышты қапшық

E) сірлі қабығы

310. Нәрестелерде оң жақ бүйрекке жанасады:

А) +бауыр

B) ұйқы безі

C) қуық

D) сигма тәрізді ішек

E) көкбауыр

311. Сол несепағардың бастапқы бөлігі орналасады:

А) он екі елі ішектің төмендеген бөлігінің алдында

B) он екі елі ішектің төмендеген бөлігінің артында

C) +он екі елі-аш ішек иілімінің артында

D) он екі елі ішектің көлденең бөлігінің артында

E) соқыр ішектің артында

312. Қуықасты безінің үлестері:

А) жоғарғы үлесі

B) +сол үлесі

C) бүйір үлесі

D) қылтасы

E) төменгі үлесі

313. Ер адамдардың несеп шығаратын өзегінің бөліктері:

А) +қуықастылық бөлігі

B) қылта аймағы

C) үңгірлік бөлігі

D) мойынт бөлігі

E) несепқуықтық бөлігі

314. Ер адамдардың несеп шығаратын өзегінің тарылған жерлері:

А) қуықтың түбі

B) жыныс мүшесінің буылтығы аймағы

C) +несепжыныс көкеті аймағы

D) қайықша шұңқыры

E) қуықастылық бөлігі

315. Шәует шылбырының құрамдық бөліктері:

А) шәует қуықшалар түтігі

B) шәует жіберетін түтік

C) ішкі мықын артериясы

D) +шәует шығаратын түтік

E) қосалқы түтігі

316. Анабездің жиектері:

А) жоғарғы жиегі

B) медиалды жиегі

C) төменгі жиегі

D) +шажырқайлық жиегі

E) латералді жиегі

317. Жатырға жанасып жатқан анатомиялық құрылымдар:

А) соқыр ішек

B) сигматәрізді ішек

C) +несепқуық

D) қасаға симфизі

E) несепжыныс көкеті

318. Қынаптың артында орналасқан анатомиялық құрылымдар:

А) сигматәрізді ішек

B) +тік ішек

C) несепқуықтың түбі

D) несеп шығаратын өзек

E) соқыр ішек

«Эндокриндік жүйе»

319. Эндокриндік бездердің анатомиялық ерекшеліктері:

а) шығаратын түтіктерінің болуы

+b) шығаратын түтіктерінің болмауы

c) эндокриндік бездердің сөлі қанға түспейді

d) эндокриндік бездердің сөлі ішкі жыныс ағзаларының қуысына түседі

e) қорының (резервінің) болуы

320. Эндокриндік бездердің шығу тегі бойынша жіктелуі:

+а) бронхиогендік топ

b) энтодермалдық топ емес

c) эктодермалдық топ емес

d) лимфоидты топ

e) гематогендік топ

321. Қалқанша безінің бөліктері:

+а) қалқанша безінің қылтасы

b) қалқанша безінің басы

c) өсінді

d) құйрық

e) денесі

322. Гипоталамустың құрамына кіретін эндокриндік бездер:

+а) гипофиз

b) ұйқы шумағы

c) эпифиз

d) емізіктәрізді денелер

e) сұр төмпе

323. Қалқанша маңы бездерінің қызметі:

a) ас қорыту

b) қан түзу

c) иммундық

d) гемопоэздық

+e) эндокриндік

324. Эндокриндік бездердің басқа бездерден айырмашылығы:

+а)шығару түтіктерінің болмауы

b) қақпасының болуы

c) қабықтарының болмауы

d) қызыл және ақ ұлпаларға бөлінуі

e) май қапшығының болмауы

325. Қалқанша безін қандандырады:

+а) жоғарғы қалқанша артериясы

b) алдыңғы қалқанша артериясы

c) артқы қалқанша артериясы

d) өкпе артериясы

e) ортаңғы қалқанша артериясы

326. Аралас секреция бездері:

а) гипофиз

b) қалқанша безі

c) бүйрекүсті безі

d) сілекей безі

+e) ұйқы безі

327. Эндокриндік қызметті реттеудің жоғарғы орталығы болып табылады:

а) мишық

+b) гипоталамус

c) метаталамус

d) эпиталамус

e) таламус

328. Атабезде түзілетін гормон:

а) эстроген

b) прогестерон

+c) тестостерон

d) адреналин

e) тироксин

329. Гипофиздің алдыңғы үлесіне тәуелді эндокриндік бездер:

+а) қалқанша безі

b) қалқанша маңы безі

c) ұйқы безі

d) параганглилер

e) айырша без

330. Қалқанша безінің паренхимасы құралады:

а) нефрондардан

b) остеондардан

c) миофибрилдерден

+d) түйіншелерден (фолликулдардан)

e) ацинустардан

331. Бүйрекүсті безінің қыртысты затындағы аймақтар:

а) жолақты аймақ

b) дөңгелек аймақ

c) сәулелі аймақ

d) аралас аймақ

+e) шумақты аймақ

332. Ұйқы безінің қызметі:

а) сіңіру

b) қорғаныш

c) өт шығару

+d) инсулин өндіру

e) қоректік

333. Қалқанша безінің қызметін реттейді:

а) лактотропты гормон

b) соматотропты гормон

+c) тиреотропты гормон

d) адренокортикотропты гормон

e) фолликулстимулдеуші гормон

334. Сүт безінің қызметін реттейді:

а) соматотропты

b) тиреотропты гормон

+c) лактотропты гормон

d) адренокортикотропты гормон

e) фолликулстимулдеуші гормон

335. Организмдегі зат алмасуды реттейтін гормондар өндіріледі:

а) атабезде

b) айырша безде

+c) қалқанша безде

d) қуықасты безінде

e) анабезде

336. Паратгормон өндіріледі:

а) айырша безде

b) қалқанша безде

c) эпифизде

+d) қалқанша маңы безінде

e) гипофизде

337. Бүйрекүсті безінің милық затында өндіріледі:

а) инсулин

b) тироксин

+c) адреналин

d) паратгормон

e) кортикостероид

338. Қандай гормоннның қызметінің күшеюі гигантизмге әкеледі:

а) инсулин

+b) соматотропты гормон

c) тироксин

d) паратгормон

e) адреналин

339. Гипофизде бар:

+а) алдыңғы үлес

b) жоғарғы үлес

c) оң жақ үлес

d) сол жақ үлес

e) қылтасы

340. Ұйқы безінде өндіріледі:

а) тироксин

b) паратгормон

c) адреналин

+d) инсулин

e) мелотонин

341. Атабезде өндірілетін гормон:

а) мелатонин

b) адреналин

c) инсулин

d) фолликулин

+e) тестостерон

342. Ұйқы безі ішкі секреция безі ретінде өндіреді:

А) өт

В) ұйқы безінің сөлі

+С) инсулин

D) несеп

Е) шырыш

343. Қалқанша безі орналасқан аймақ:

а) бас

+b) мойын

c) кеуде

d) іш

e) жамбас

344. Бүйрекүсті бездері орналасқан аймақ:

а) бас

b) мойын

c) кеуде

+d) іш

e) жамбас

345. Оң жақ бүйрекүсті безінен шыққан қан құйылады:

а) жоғарғы қуыс венаға

+b) төменгі қуыс венаға

c) жалпы мықын венасына

d) оң жақ бүйрек венасына

e) бел веналарына

346. Сол жақ бүйрекүсті безінен шыққан қан құйылады:

а) жоғарғы қуыс венаға

b) төменгі қуыс венаға

c) жалпы мықын венасына

+d) сол жақ бүйрек венасына

e) бел веналарына

347. Эндокриндік ағза:

+а) эпифиз

b) сүт безі

c) қуықасты безі

d) бауыр

e) көкбауыр

348. Шығу тегі мезодермалық эндокриндік без:

а) қалқанша безі

b) қалқанша маңы бездері

+c) бүйрекүсті бездерінің қыртыстық заты

d) гипофиз

e) эпифиз

349. Шығу тегі энтодермалық эндокриндік без:

а) бүйрекүсті бездері

b) жыныс бездері

+c) ұйқы безінің аралшықтары

d) гипофиз

e) эпифиз

350. Эндокриндік бездердің неврогендік тобы:

а) қалқанша безі

b) қалқанша маңы бездері

c) ұйқы безі

+d) гипофиз

e) айырша

351. Қалқанша безін нервтендіреді:

а) үшкіл нервтің тармақтары

b) тіласты нервінің тармақтары

c) мойын өрімінің тармақтары

+d) кезбе нервтің тармақтары

e) қосымша нерв тармақтары

352. Қалқанша безінің алдында орналасады:

а) жұтқыншақ

b) кеңірдек

+c) төс-тіласты бұлшықеті

d) қосқарыншалы бұлшықеті

e) қалқанша маңы бездері

353. Бүйрекүсті безі орналасқан:

а) бүйректің артқы бойы бетінде

b) кіші жамбас астауында

+c) бүйректің жоғарғы шетінде

d) бүйректің төменгі шетінде

e) бүйрек қақпасы аймағында

354. Бүйрекүсті бездері құралған:

+а) қыртыс заттан

b) трабекуладан

c) сұр заттан

d) ақ заттан

e) түйіншелерден (фолликулдардан)

355. Қалқанша безінің артқы беті жанасады:

+а) жұтқыншақтың көмейлік бөлігімен

b) төс-қалқанша бұлшықетімен

c) айырша бездерімен

d) омыртқа бағанасымен

e) тіласты сүйегімен

356. Бүйрекүсті безі қанмен қамтамасыз етіледі:

а) төменгі шажырқай

b) қолқа доғасымен

+c) бүйрек артериясының тармақтарымен

d) жоғарғы шажырқай артериясының тармақтарымен

e) құрсақ сабауының тармақтарымен

357. Ұйқы безіндегі эндокриндік қызметті орындайды:

+а) Лангерганс аралшықтары

b) құйрығы

c) басы

d) денесі

e) ұйқы безінің түтігі

358. Қалқанша маңы бездері гормондарының қызметі:

+а) Р және Са алмасуын реттейді

b) организмнің өсуін реттейді

c) қандағы қанттың деңгейін реттейді

d) жатырдың жиырылуын күшейтеді

e) жыныс бездерінің жұмысын тежейді

359. Эпифиз орналасқан аймақ:

а) таламус

b) гипоталамус

+c) эпиталамус

d) метаталамус

e) таламус аралық аймақ

360. Гипофиз орналасқан аймақ:

а) таламус

+b) гипоталамус

c) эпиталамус

d) метаталамус

e) таламус аралық аймақ

361. Анабездің эндокриндік қызметі:

+а) эстроген өндіру

b) парадгормон өндіру

c) аналық жасушаларды өндіру

d) андроген өндіру

e) тестостерон өндіру

362. Гипофизде өндіріледі:

а) тироксин

b) глюкагон

+c) тиреотропты гормон

d) эстроген гормон

e) адреналин

363. Атабездің қызметі:

а) эстроген өндіру

b) тироксин өндіру

+c) тестостерон өндіру

d) фолликулин өндіру

e) прогестерон өндіру

364. Ұйқы безінің бөліктері:

а) басы, мойны, денесі

+b) басы, денесі, құйрығы

c) негізі, ұшы

d) басы, негізі

e) негізі, құйрығы

365. Ұйқы безінің басы жанасып жатады:

+а) он екі елі ішекпен

b) аш ішекпен

c) көкбауырмен

d) асқазанмен

e) бауырмен

366. Ұйқы безінің құйрығы жанасып жатады:

а) он екі елі ішекпен

b) аш ішекпен

+c) көкбауырмен

d) асқазанмен

e) бауырмен

367. Қалқанша безінің үлестері бір-бірімен байланысады:

+а) қылтасы арқылы

b) аяқшалары арқылы

c) дәнекер арқылы

d) күмбез арқылы

e) төмпешіктері арқылы

368. Қалқанша маңы бездері орналасқан аймақ:

а) бас

+b) мойын

c) кеуде

d) іш

e) жамбас астауы

369.Бас сүйектің ортаңғы шұңқырының түбіндегі тесіктер: жауабы-1

а) сопақша тесік+

б) көзұяның төменгі саңылауы

в) үлкен тесік

г) мойындырық тесігі

д) соқыр тесік

370. Қуыспен дөңгелек тесік арқылы қанат-таңдай шұңқыры қатынасады:

жауабы-1

а) мұрын қуысы

б) ортаңғы бос қаңқа шұңқыры+

в) көз ұя

г) көз қарыншалық шұңқыр

д) ауыз қуысы

371.Маңдай қойнауының тесігі ашылады: жауабы-1

а) мұрынның ортаңғы кіреберісі+

б) көз ұя

в) бас сүйектің алдыңғы шұңқыры

г) мұрынның жоғарғы кіреберісі

д) мұрын-көзжастық өзегі

372.Ұршық буынында ең күшті байлам: жауабы-1

а) қасаға-ортаң жілік байламы

б) шонданай-ортаң жілік байлам

в) ортаң жілік басының байламы

г) мықын-ортаң жілік байламы+

д) көлденең байлам

373.Ұршық буыны(пішіні бойынша) жатады: жауабы-1

а) шартәрізді буынға+

б) ертоқымтәрізді буынға

в) шығыршықтәрізді буынға

г) эллипстәрізді буынға

д) цилиндтәрізді буынға

374.Шап байлам құрылуына қатысады: жауабы-1

а) іштің ішкі қиғаш бұлшықет апоневрозы

б) іштің көлденең бұлшықет шандыры

в) іштің көлденең бұлшықет апоневрозы

г) іштің сыртқы қиғаш бұлшықет апоневрозы+

д) іштің сыртқы қиғаш бұлшықет

375.Төменгі жақсүйек асты бұрышын құрылуына: жауабы-1

а) біз-тіласты бұлшықеті

б) төменгі жақсүйек-тіласты бұлшықет

в) төменгі жақсүйек асты сілекей безі

г) қос қарыншалы бұлшықет+

д) төс-тіласты бұлшықеті

376.Шайнау бұлшықеттері дамиды: жауабы-1

а) мойын сомит миотомынан

б) 1-ші висцеральді доға мезенхимасынан+

в) 2-ші висцеральді доға мезенхимасынан

г) 3-ші және 4-ші желбезек доға мезенхимасынан

д) 5-ші және 6-ші желбезек доға мезенхимасынан

377.Самай бұлшықеті бекінеді: жауабы-1

а) төменгі жақсүйек бұрышының сыртқы беті

б) төменгі жақсүйек бұрышының ішкі беті

в) буын өсіндісінің мойыны

г) тәждік өсінді+

д) емізіктәрізді өсінді

378.Бұлшықеттік тесіктің орналасқан орны: жауабы-1

а) үлкен шонданай тесігі

б) кіші шонданай тесігі

в) шап байламының артында+

г) медиалді мықын-қыр доғасы

д) шап байламының алдыңда

379.Үлкен шонданай тесігінен өтетін: жауабы-1

а) мықын-бел бұлшықеті

б) ішкі жапқыш бұлшықет

в) сыртқы жапқыш бұлшықет

г) алмұрт тәрізді бұлшықет+

д) дөнгелек

380. Адамда бірінші тұрақты тістер шығады: жауабы-1

а) 6 -7 ай

б) 2 -3 жас

в) 6 -7 жас+

г) 9 -10 жас

д) 5 -жас

381. Шықшыт сілекей безінің түтігі ашылады: жауабы-1

а) тіласты бүртігі

б) тіласты қатпар бойындағы шырышты қабық

в) жұмсақ таңдай

г) ауыз кіреберісі+

д) тіл

382. Төменгі жақсүйек асты сілекей безінің түтігі ашылады: жауабы-1

а) ауыз кіреберісі

б) астыңғы ерін жүгеншегі

в) тіласты бүртігі+

г) бадамша үсті шұңқыры

д) жоғарғы жақсүйек

383. Он екі елі ішектің үлкен бүртігі орналасады: жауабы-1

а) жоғары бөлік

б) көлденең бөлік

в) төмендеген бөлік+

г) жоғарылаған бөлік

д) алдыңғы

384.Көмейдің тақ шеміршегі: жауабы-1

а) ожаутәрізді шеміршек

б) жүзіктәрізді шеміршек+

в) сынатәрізді шеміршек

г) мүйізтәрізді шеміршек

д) дәнтәрізді

385. Өкпеде горизонталді саңылау орналасқан орны: жауабы-1

а) сол өкпенің қабырғалық беті

б) оң өкпенің қабырғалық беті+

в) сол өкпенің аралық беті

г) оң өкпенің көкеттік беті

д) өкпелік беті

386.Тармақталғанда тыныс бронхшалар құрайды: жауабы-1

а) сегментарлық бронхтар

б) үлесшелік бронхтар

в) соңғы бронхшалар+

г) үлестік бронхтар

д) өкпелік

387.Сперматозоидтар болады: жауабы-1

а) шығарушы өзекшелер

б) иреленген шәует өзекшелері+

в) тік шәует өзекшелері

г) ата без торының өзекшелері

д) шәует шығаратын түтік

388.Ана безін жамбас астау қабырғасымен қосатын байламдар: жауабы-1

а) ана бездің меншікті байламы

б) ана бездің шажырқайы

в) ана безін көтеретін байлам+

г) жатырдың дөңгелек байламы

д) шап байламы

389.Жатырдың алдында орналасады: жауабы-1

а) қуық+

б) тік ішек

в) қынап

г) ана бездер

д) ішек

390. Бранхигенді топтың эндокринді бездер: жауабы-1

а) ұйқы без

б) жыныс бездерінің интерстициальды жасушасы

в) төмпақ дене

г) қалқанша жанындағы бездер+

д) айырша без

391. Мезодермалды туындысының эндокринді бездер: жауабы-1

а) бүйрекүсті безінің қыртыс заты+

б) ұйқы безінің эндокринді бөлік

в) гипофиз

г) бүйрекүсті безінің милық заты

д) таламус(көру төмпе)

392. Жүректің қуыс қабырғасында сопақша ойық көрінетін: жауабы-1

а) оң жүрекшенің құлақша қабырғасы

б) қарыншааралық қалқа

в) сол жүрекшенің құлақша жүйесі

г) жүрекше аралық қалқа+

д) аралық

393. Оң қарыншаның қабырғасында болатын тесіктер: жауабы-1

а) төменгі қуыс венаның тесігі

б) өкпе сабауының тесігі+

в) ең ұсақ веналардың тесігі

г) қолқа тесігі

д) жоғарғы қуыс венаның тесігі

394. Сол қарыншаның қабырғасында болатын тесіктер: жауабы-1

а) тәж қойнау тесігі

б) өкпе веналарының тесіктері

в) қолқа тесігі+

г) өкпе сабауының тесігі

д) төменгі қуыс венаның тесігі

395. Оң жүрекше-қарынша тесігінің қақпағы: жауабы- 1

а) төртжармалы

б) митралді

в) үш жармалы+

г) екі жармалы

д) тәжді қойнау

396. Алдыңғы кеуде қабырғасына жүрек ұшының проекция орны: жауабы-1

а) сол қабырғаның 4 шеміршегі

б) сол 4 қабырға, 6-7 см төстен

в) сол 5 қабырға, 1,5 см ортаңғы бұғана сызығынан ішке+

г) сол 5 қабырға ортаңғы бұғана сызығы бойынша

д) сол қабырғаның 3 шеміршегі

397. Жүрек долихоморфты адамда: жауабы-1

а) вертикалді+

б) қиғаш

в) горизонталді

г) көлденең

д) тік

398. Тәждік артериялардың басталуы: жауабы-1

а) қолқа доғасы

б) өкпе сабауы

в) сол қарынша

г) қолқа буылтығы+

д) қолқаның жоғарылаған бөлігі

399. Жоғарғы ұяшықтар артериялары шығады: жауабы-1

а) жоғарғы жақсүйек артериясы

б) беттік

в) көздік

г) көз астылық+

д) тілдік

400.Атабез артериясының туындысы: жауабы-1

а) іш қолқасы+

б) ішкі мықын

в) сыртқы мықын

г) ішкі жыныс

д) кеуделік

401. Саусақтардың алақандық веналары құяды: жауабы-1

а) шынтақ

б) кәрі жілік

в) алақанның беткей веналық доғасы+

г) алақанның терең веналық доғасы

д) сүйекаралық

402. Қақпа венасына веналық қан құятын: жауабы-1

а) көкет

б) бауыр

в) ішек+

г) бүйрек

д) өкпе

403.Ұйқы безінен қан құяды: жауабы-1

а) көкбауыр венасы+

б) төменгі қуыс венасы

в) жоғарғы шажырқай венасы

г) бауыр венасы

д) төменгі шажырқай

404. Иммундық және қорғаныш қызметтерін бірге жасайды: жауабы-1

а) лимфа тамырлар

б) лимфа коллекторлар

в) лимфа түйіндері+

г) лимфа шоғырлар

д) лимфа капиллярлар

405. Көкетте кеуде қуысына кіретін кеуде түтігінің тесігі: жауабы-1

а) өңештік

б) көкеттің аяқша аралығындағы саңылауы

в) төменгі қуыс вена тесігі

г) қолқалық+

д) симпатикалық

406. Таңдай бадамшасының орналасқан орны: жауабы-1

а) таңдай-жұтқыншақ доғасынан жоғары

б) таңдай-жұтқыншақ доғасының артында

в) таңдай-жұтқыншақ және таңдай-тіл доға аралығында+

г) жұмсақ таңдайдың тілшігінде

д) тілде

407.Жұлынның қызметі: жауабы-1

а) рефлекторлық+

б) ақпараттық

в) нейроэндокриндік

г) өткізгіштік

д) рефлекторлық емес

408. Шығыршық нерв нервтендіреді: жауабы-1

а) көздің жоғарғы қиғаш бұлшықеті+

б) көздің төменгі қиғаш бұлшықеті

в) көздің латералді тік бұлшықеті

г) көздің жоғарғы тік бұлшықеті

д) көздің медиалді тік бұлшықеті

409. Әкететін нерв нервтендіреді: жауабы-1

а) көздің медиалді тік бұлшықеті

б) көздің төменгі қиғаш бұлшықеті

в) көздің латералді тік бұлшықеті+

г) көздің жоғарғы қиғаш бұлшықеті

д) көздің жоғарғы тік бұлшықеті

410.Тіл-жұтқыншақ нерв қызметі бойынша: жауабы-1

а) сезімдік

б) аралас+

в) қозғалтқыш

г) вегетативтік

д) лимфа

411.Қол ұшының кәріжілік нерв нервтендіреді: жауабы -1

а) сүйекаралық сыртқы бұлшықеттер

б) 1-2 саусақтардың терісін+

в) 4-5 саусақтардың терісін

г) сүйекаралық алақандық бұлшықеттер

д) шаршы пронатор

412.Симпатикалық нерв жүйесінің орталығы: жауабы-1

а) жұлынның мойындық сегменті

б) жұлынның тораколюмбалды бөлімінің бүйірлік мүйізінің сұр заты+

в) сопақша ми

г) жұлынның сегіз бөлімінің бүйірлік мүйізінің сұр заты

д) ортаңғы ми

413.Вегетативтік түйіннен көзжас безіне секреторлық талшықтар бағытталады:

а) қанат-таңдай түйін+

б) кірпікті түйін

в) төменгі жақсүекасты түйіні

г) құлақ түйіні

д) интрамуралдық

414.Көздің құрамында дақ: жауабы-1

а) нұрлы қабық+

б) кірпікті дене

в) торлы

г) фиброзды қабық

д) шырышты

415.Есту анализаторының рецепторы орналасқан орны:жауабы-1

а) құлақ қалқаны

б) дабыл қуысы

в) сүйектік лабиринт

г) ұлу жолының жарғағы+

д) тері

416. Дәм сезу рецепторлары жоқ тіл бүртіктерінде:жауабы-1

а) жапырақтәрізді

б) науашықтәрізді

в) жіптәрізді +

г) саңырауқұлақтәрізді бүртіктер

д) бадамша

Құқықтық құзыреттер бойынша тесттер

417.. Адъюнктура бұл:





Дата публикования: 2014-12-25; Прочитано: 1837 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.282 с)...