Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ІІІ курс студенттеріне арналған



тест сұрақтары (2013-2014 оқу жылы):

«Тыныс алу жүйесі»

1.Көмей кіреберісін қандай анатомиялық құрылымдар шектейді

A. Мүйіз тәрізді шеміршектер

+B. ожау-көмей қатпарлары (plicae aryepiglotticae)

C. жүзіктәрізді шеміршек (cartilagо cricoidea)

D. ожау тәрізді шеміршектер (cartilagines arytenoidea)

E. қалқантәрізді шеміршектер

2.Арасында дауыс саңылауы орналасқан құрылымдарды көрсетіңіз:

A. кіреберіс алды қатпарлары

+B. ожаутәрізді шеміршектер арасында

C. шырышты қатпарлар

D. сынатәрізді шеміршектер арасында

E. мүйізтәрізді шеміршектер арасында

3.Кеңірдектің бөліктерін көрсетіңіз:

A. бассүйек бөлігі

B. бас бөлігі (pars cranialis)

+C. кеуде бөлігі (pars thoracica)

D. іштік бөлігі (pars abdominalis)

E. жамбастық бөлігі

4.Қолқаның кеуделік бөлігінің висцералды тармақтарын көрсетіңіз:

A. алдыңғы қабырғааралық тармақтар

B. артқы тармақтар

+C. перикардиалды тармақтар (rr. pericardiaci)

D. жұлын тармақтары

E. артқы қабырғааралық артериялар

5. Өкпе түбірін түзетін негізгі анатомиялық құрылымдарды көрсетіңіз:

A. альвеолалық қапшықтар

B. альвеолалық жолдар

+C. негізгі бронх (brоnchus principalis)

D. сегменттік бронхтар

E. үлестік бронх

6. Оң өкпе қақпасында ең жоғары орналасқан анатомиялық құрылымды көрсетіңіз:

A.өкпе артериясы

B.өкпе веналары

C.нервтер

+D. бронхтар

E. лимфа түйіні

7. Сол өкпе қақпасында ең жоғары орналасқан анатомиялық құрылымды көрсетіңіз:

+A. өкпе артериясы

B. өкпе веналары

C. нервтер

D. бронх

E. лимфа түйіні

8. Ацинусты құруға қатысатын құрылымды көрсетіңіз:

A.үлесшелік бронхтар

+B. тыныстық бронхиолалар (br. respiratorii)

C. субсегменттік бронхтар

D. үлестік бронхтар

E. сегменттік бронхтар

9. Соңғы бронхиолалардың қабырғасында болмайды:

+A. шеміршектер

B. кірпікшелі эпителии

C. шырышты бездер

D. бірыңғай салалы бұлшықеттік элементтер

E. шырышты қабық

10. Оң жоғарғы үлестік бронх қанша бронхқа бөлінеді

A.екі

+B. үш

C. төрт

D. бес

E. он

11. Оң өкпенің ортаңғы үлесінде қанша сегмент бар

+A. екі

B. үш

C. төрт

D. бес

E. он

12. Сол өкпенің жоғарғы үлесінде қанша сегмент бар

A.екі

B.үш

C.төрт

+D. бес

E. он

13.Оң өкпенің төменгі үлесінде қанша сегмент бар

A.екі

B.үш

C.төрт

+D. бес

E. он

14. Ауа мен қанның арасында газ алмасу өтетін өкпенің құрылымдық элементтерін көрсетіңіз:

A. негізгі бронхтар

+B. көпіршіктер (alveoli pulmonis)

C. үлестік бронхиолалары

D. үлесшелік бронхтар

E. сегменттік бронхтар

15. Көкеттік нерв өтетін аралықты көрсетіңіз:

+A. жоғарғы көкірекаралық

B. төменгі көкірекаралықтың алдыңғы бөлігі

C. төменгі көкірекаралықтың артқы бөлігі

D. төменгі көкірекаралық

E. артқы көкірекаралық

16. Негізгі бронхтар қай көкірекаралыққа жатады:

A. артқы

B. алдыңғы

C. жоғарғы

+D. ортаңғы

E. төменгі

17. Париеталды өкпеқаптың бөліктерін көрсетіңіз:

+A. қабырғалық (pars costalis pleurae)

B. омыртқалық (pars vertebralis pleurae)

C. өкпелік

D. жүректік

E. төстік

18. Өкпеқап қойнауларын атаңыз:

+A. қабырға-көкет қойнауы (recessus costodiaphragmaticus)

B. көкеттік

C. қабырғалық

D. көкеттік қойнауы (recessus phrenicovertebralis)

E. қабырға-төс

19. Оң өкпенің төменгі шекарасы бұғананың орта сызығы бойынша нешінші қабырғаның тұсында өтеді

A. ІХ қабырға

B. ҮІІ қабырға

C. ҮІІІ қабырға

+D. ҮІ қабырға

E. ІҮ қабырға

20. Сол өкпенің төменгі шекарасы қолтықтың алдыңғы сызығы бойынша нешінші қабырға тұсында өтеді: A. ІХ қабырға

+B. ҮІІ қабырға

C. ҮІІІ қабырға

D. ҮІ қабырға

E. ІҮ қабырға

21. Оң өкпенің төменгі шекарасы қолтықтың ортаңғы сызығы бойынша нешінші қабырға тұсында өтеді:

A. ІХ қабырға

B. ҮІІ қабырға

+C. ҮІІІ қабырға

D. ҮІ қабырға

E. ІҮ қабырға

22. Оң өкпенің төменгі шекарасы қолтықтың артқы сызығы бойынша нешінші қабырға тұсында өтеді:

+A. ІХ қабырға

B. ҮІІ қабырға

C. ҮІІІ қабырға

D. ҮІ қабырға

E. ІҮ қабырға

23. Өкпеқаптың төменгі шекарасы жауырын сызығы бойынша нешінші қабырға тұсында өтеді: A. ІХ қабырға

B. ҮІІ қабырға

C. ҮІІІ қабырға

+D. ХІ қабырға

E. ІҮ қабырға

24.Ортаңғы және төменгі көкірек-аралықтарды бөлетін горизонталды жазықтық қандай құрылымдар арқылы өтеді

A. төстің мойындырық тілігі

+B. төс бұрышы

C. ІІІ-ІҮ кеуде омыртқаларының денелерінің арасындағы омыртқааралық шеміршек

D. ІҮ-Ү кеуде омыртқаларының денелерінің арасындағы омыртқааралық шеміршек

E. қабырға доғасы

25. Өкпе қақпасында сол негізгі бронхтан жоғары орналасқан анатомиялық құрылымды көрсетіңіз:

+A. өкпе артериясы (a.pulmonalis)

B. тақ вена (v.azygos)

C. жартылай тақ вена (v.hemiazygos)

D. айырша без (thymus)

E. жоғарғы қуыс вена

26. Өкпедегі жүректік тіліктің орналасқан жерін көрсетіңіз:

A. оң өкпенің артқы жиегі

+B. сол өкпенің алдыңғы жиегі

C. сол өкпенің төменгі жиегі

D. оң өкпенің төменгі жиегі

E. сол өкпенің артқы жиегі

27. Тыныс алу жүйесiнiң төменгi тыныс алу жолдарына кiретiн бөлiктерiн көрсетiңiз

+ A.көмекей

B.жұтқыншақтың ауыз бөлiгi

C.жұтқыншақ

D.жұтқыншақтың мұрын бөлiгi

E.мұрын қуысы

28. Аталған анатомиялық құрылымдардың қайсысы төменгi мұрын жолымен қатынасады

A.торлы сүйектiң ортаңғы ұяшықтары

+ B.көзжас-мұрын өзегi

C.жоғарғы жақсүйек қойнауы

D.тор сүйектiң артқы ұяшықтары

E.маңдай қойнауы

29. Аталған анатомиялық құрылымдардың қайсысы ортаңғы мұрын жолымен қатынасады

+ A.маңдай қойнауы

B.тор сүйектің артқы ұяшықтары

C.сынатәрiздi қойнау

D.көзұя

E.бассүйек қуысы

30. Мұрынның шырышты қабығының қай бөлiгi иiс сезу аймағына жатады

A.төменгi мұрын қалқанының шырышты қабығы

+ B.жоғарғы мұрын қалқанының шырышты қабығы

C.ортаңғы мұрын жолының шырышты қабығы

D.төменгі мұрын жолының шырышты қабығы

E.мұрын қалқасының төменгi бөлігінің шырышты қабығы

31. Көмей қандай қызмет атқарады

+A.дауыс шығару

B. қан түзу

C.тіректік

D.иммундық

E.эндокриндi

32. Көмей қарыншасын шектейтiн анатомиялық құрылымдарды көрсетiңiз

A.сына тәрізді шеміршек

+B.дауыс қатпары

C.ожау-көмей қақпашығы байламы

D.ожаутәрiздi шемiршек

E.қалқаншатәрізді шеміршектер

33. Көмейдiң тақ шемiршектерiн атаңыз

A.ожаутәрiздi шемiршек

+B.жүзiктәрiздi шемiршек

C.сынатәрiздi шемiршек

D.мүйiзшетәрiздi шемiршек

E.сесмойдалық

34. Жүзiктәрiздi шемiршектiң доғасы қай жаққа қарай бағытталған:

+A.алға қарай

B.артқа қарай

C.жоғары

D.төмен

E.латералді

35. Кеңiрдек айрығы (бифуркациясы) қндай анатомиялық құрылымдардың тұсында орналасқан

A.төс сүйектiң бұрышы

+B.Y-шi кеуде омыртқасы

C.төс сүйектiң мойындырық тiлiгi

D.қолқа доғасының жоғарғы жиегi

E.II –кеуде омыртқасы

36. 2-сементке бөлінетін өкпенiң үлесін көрсетіңіз

A.оң өкпенiң төменгi үлесi

+B.оң өкпенiң ортаңғы үлесi

C.сол өкпенiң төменгi үлесi

D.оң өкпенiң жоғарғы үлесi

E.сол өкпенiң жоғарғы үлесi

37. Ортаңғы бұғаналық сызықпен оң өкпенiң төменгi шекарасы қай қабырғаның тұсында сәйкес келедi: A.IX-шы қабырға

B.YII- шi қабырға

C.YIII-шi қабырға

+D.YI-шы қабырға

E.IY-шы қабырға

38. Мұрынның шырышты қабығы қандай қызмет атқарады: A.газ алмасу

B.эндокриндік

C.қан түзу

+D.тазарту

E.дыбыс түзу

39. Көмей арт жағынан қандай анатомиялық құрылыммен жанасады

A.тіласты бұлшықеттері

B.қалқанша безі

+C.жұтқыншақ

D.мойын шандырының омыртқаалды табақшасы

E.өңеш

40. Кеңірдек мүйісі (carіna tracheae) орналасқан деңгейді көрсетіңіз

A.vertebrae promіnens YІІ

+B.Y-кеуде омыртқасы

C.vertebrae thoracіcae YІІІ

D.төс денесінің төменгі жартысы

E.ІІІ-кеуде омыртқасы

41. Сол жағымен салыстырғанда оң жақ өкпенің қандай ерекшеліктері бар

+A.кеңдеу және қысқа

B.ұзындау

C.тарлау

D.иереленген

E.жоғарылау

42. Өкпедегі іncіsura cardіaca орналасқан жерді көрсетіңіз

A.оң өкпенің артқы жиегі

+B.сол өкпенің алдыңғы жиегі

C.сол өкпенің төменгі жиегі

D.оң өкпенің төменгі жиегі

E.оң өкпенің алдыңғы жиегі

43. Аrbor alveolarіs (ацинус) түзуге қатысатын құрылымдарды көрсетіңіз:

A.негізгі бронхтар

B.бронхтар

C.үлестік бронхтар

+D.альвеолдық қапшықтар

E.сегменттік бронхтар

44. Оң жақ өкпе ұшының дене бетіне проекциясын көрсетіңіз

A.төстен 3-4 см. жоғары

B.IІІ-мойын омыртқасының қылқан өсіндісі деңгейінде

C.І-қабырғадан 5-6 см. жоғары

+D.бұғанадан 2-3 см. жоғары

E.І қабырға деңгейінде

45. Қандай құрылымдар тармақталғанда тыныс бронхиолдары пайда болады

A.bronchі segmentales

B.үлесшелік бронхтар

+C.соңғы бронхиолдар

D.bronchі lobares

E.сегменттік бронхтар

46. Оң өкпеде қанша үлес бар: A.екі

+B.үш

C.төрт

D.бес

E.он

47. Сол өкпеде қанша үлес бар:

+A.екі

B.үш

C.төрт

D.бес

E.он

48. Оң өкпеде қанша сегмент бар: A.екі

B.үш

C.төрт

D.бес

+E.он





Дата публикования: 2014-12-25; Прочитано: 1157 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.023 с)...