Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 14. Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаты



Лекцияның мақсаты: Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясатын толық қарастыру.

1.Мемлекеттің әлеуметтік саясаты.

2.Табыстардың құрылымы.

3.Аймақтық саясат.

1. Адамның экономикалық іс-әрекеті өз өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін материалдық база құруға мақсатталған. Адамдар экономикалық қызмет кезінде өзара тығыз байланыста болғандықтан, олардың өмір сүру жағдайы 1-1-іне әсерін тигізеді. Сондықтанда әрбір адамның өмір сүруіне ыңғайлы жағдай жасау талап етіледі. Осы көрсетілген қызмет әлеуметтік саясат болып табылады.

Әлеуметтік саясат дегеніміз - жеке индивидтердің өмір сүруі үшін ыңғайлы шарттармен қамтамасыз етуде мемлекеттің жүргізетін іс-әрекеті.

Әлеуметтік саясаттың 2 жақты рөлі бар:

1-ден, ол экономикалық өсуге байланысты құрылған ұлттық байлық азаматтар үшін ыңғайлы әлеуметтік жағдайларды құрудағы экономикалық қызметтердің басты мақсаты;

2-ден, әлеуметтік саясат- экономикалық өсу факторы.

Әлеуметтік саясаттың нәтижелік көрсеткіштеріне жататындар:

халықтың өмір сүру деңгейі;

халықтың өмір сүру сапасы;

тұтыну қоржыны;

Күнелту минимумы.

Нарыққа өту кезінде әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік кепілдіктер маңызды орын алады. Ондай кепілдіктерге жататындар:

ең төменгі жалақы;ең төменгі зейнетақы;

стипендия;жәрдем ақы;

еңбек ету құқы;

тегін және ақылы білім беру;

дәрігерлік қызмет;

еңбек ету жағдайына қарай берілетін жеңілдіктер;

демалу құқы;

мемлекет белгілеген механизм бойынша халықтың табысын индексациялау;

жұмыссыздыққа байланысты әлеуметтік қорғау;

меншікке және одан түскен табысқа иелік ету.

Нарық экономикасы кезінде әлеуметтік саясатты жүргізу табысты құру және халықты жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау механизмдері арқылы жасалады.

2.Табыс дегеніміз- жеке қажеттілікті қанағаттандыратын игіліктер мен қызметтерді алу үшін тағайындалған және белгілі уақыт ішінде алынатын ақша қаражаттарының жиынтығы. Халықтың тұтыну деңгейі олардың табыс деңгейіне байланысты.

Ақша табысын құрудың 3 негізгі көзі бар:

еңбек ақы;

меншіктен түсетін табыстар (дивиденд, процент, рента);

әлеуметтік төлемдер.

Нақты өмірде табыстың дұрыс бөлінбеуін “Лоренц қисығы” деп атайды.

Табыстың 2 түрі бар:

а) Номиналды табыс - жұмысшылардың атқарған қызметтері және жұмыстары үшін қолына алған ақша сомасы.

ә) Нақты табыс - халықтың нақты тұтынатын игіліктерінің құны.





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 2242 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...