Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 13. Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары



Лекцияның мақсаты: Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттарын, құралдарын толық қамтып қарастыр.

1.Экономиканы мемлекеттік реттеу: мақсаттары, қызметтері, құралдары.

2.Өтпелі экономика жағдайындағы мемлекеттік реттеулер.

3.ҚР-ғы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері.

Әлемдегі соңғы жылдары болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үлкен өзгерістер, мемлекеттің жалпы атқаратын қызметіне өзгерістер енгізді. Ол өзгерістер қазіргі экономиканың нарықтық қатынас жағдайындағы еркін кәсіпкерлік іс-әрекеттің, бәсекеңін, өзін-өзі реттеудің иәтижесінде дамуына байланысты. Сондықтан, мемлекетгің экономикаға тікелей араласуына белгілі дәрежеде шек қойылады. Мемлекеттін экономикалық қызметін төмендегі келтіріліп отырған топтарға (блоктарға) біріктіруге болады:

1. Экономикалык саясатты қалыптастыру;

2. Нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойынына алады: Стратегиялық, экономикалық, құрылымдық, техникалық әлеуметтік, демографиялык болжау мен жоспарлауды. Экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметін де атқарады;

3. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметі: коғамға кажет мемлекеттік кәсіпорын (қоғамдык пен шаруашылық есептегі) мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар. Олар: ядро.лық энергетика, космосты игеру, темір жол мен жалпы ұлттық автокөлік жолдары, көпір, су каналдары, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана, мектеп т.б. объектілер.

4. Нарыктық жүйенің қалыпты қызметін қамтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қызметін құру, тиім сапасы мен салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып, нарықтық экономикада монополизмге қарсы күрес жүргізу, ол үшін белгілі қүқықтық база жасау және баға саясатын жүргізу.

5. Мемлекет экономиканы тұрақтандыру саясатының бағдарламасын жасап, оны іске асыру шараларын жүргізеді. Сонымен қатар, жұмыссыздыққа, инфляцияға қарсы шараларды іске асырады.

6. Мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын іске асырады.

7. Мемлекет сыртқы экономикалық қатынастарды реттейді.

Мемлекет аталған қызметтерді реттеу үшін әртүрлі әдістер мен құралдарды қолданады.

Нарықты реттеу тәсілдері - бұл мемлекет пен кәсіпорындардың ұдайы өндіріс процесінде мақсаты бағыт беру әдісін айтамыз. Ол нарықтық механизм қызметіне қалыпты жағдайды қамтамасыз етуге әсер етеді. Реттеулін мұндай элементтері алғашқы рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Тек екінші дүниежүзілік соғыстан соң, мемлекеттің экономиканы реттеуі өнеркәсібі дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналды. Нарықтың құрылуы жаңа өндірістік қатынастары көшуді байқатады: халық шаруашылығын басқарудың вертикальды құрылымынан бас тарту, оны горизонтальды құрылыммен ауыстыру. Нарық мемлекетпен, кәсіпорын (фирма), тауар өндірушілермен де реттелуі мүмкін. Осыған байланысты реттеуші субъектілеріне байланысты реттсу тәсілін шартты түрде былай классификациялауға болады: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ал нарықтық тепе-теңдікке әсер ету әдісіне қарай тікелей және жанама.

Мемлекеттің тікелей араласуы - ол, нарықтық қатынастың барлық элементтерін дамыту, үйлесімді жүргізу үшін құқықтық актілер қабылдайды. Мысалы, Салық кодексі, Азаматтық кодексі, монополияға қарсы заң т.с.с.

Мемлекеттің жанама араласуы. Реттеудің жанама тәсілі негізіненмекен-жайсыз болғанмен, бірақ барлық шаруашылық субъектілеріне міндетті болады. Олар экономикалык қызметтің жағдайы мен нәтижесіне әсер етумен байланыстырылады. Тікелей және жанама тәсілдер арасындағы шекара шартты түрде ғана. Нақты өмірде олар араласып кеткен және меншік түрі мен объектілеріне әсер етуіне байланысты жіктелген күйде, әртүрлі тармақтарда қолданылады.

-Фискалдық саясат. Ол мемлекеттік бюджеттен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды. Оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, бюджеттен жекелеген сала мен кәсіпорын (фирма) үшін дотация мен субсидиялар, салық шаралары жатады.

-Бюджеттік реттеу- мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджетті әртүрлі бағыттар бойынша жұмсайды реттейді.

-Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу. Мұнда мемлекеттік органдар бюджет қаражатының бір бөлігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі де, осы арқылы фирмаларға, кәсіпорындарға белгілі бір өнім түрлерін өндіруге, әскери өнімдер мен қоғамдық транспортқа тапсырыстар береді.

-Баға арқылы реттеу

-Ақша-несие арқылы реттеу

-Әлеуметтік саясат

-Әкімшілік реттеу

-Сыртқы экономикалық қызметті реттеу. Үкіметтің сыртқы экономикалық саясаттың негізгі түрлері: протекционизм және фритредерство.

Қаржы дегеніміз коғамның ақшалай қаржы қорларын құру мен пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастар жиынтығы. Бұл жерде ажыратып айтатын түсінік, ол, қаржы мен ақшаның айырмашылығы: қаржы - жеке тұтынушыларға қызмет етпейді, ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған, ал ақша - жеке тұтынушыларға да қызмет етеді.

Қаржының атқаратын қызметтері:

1) Шоғырландыру - мемлекеттің экономикалық қызметін жүргізу үшін, оның материалдық негізін жасау; қаржы шоғырлану қызметін салық, займдар, ақша эмиссиялары арқылы жүргізеді. Ерекше жағдайда, дағдарыстан шығу кезінде үлттық байлықтыда пайдаланады (алтын қорының басты, өнер мүліктерін сату т. б.)

2) Бөлу - қаржы арқылы ЖҰӨ және ЖҰТ-ты әлеуметтік топтардын, қоғамдық өндіріс салаларының, материалдық және материалдық емес салалардың арасында бөледі жене кайта бөледі.

3) Реттеуші - қаражат бұл қызметін қоғамдық өндірісте микро және макроэкономикалық прапорцияны реттеудің негізгі құралы ретінде қолданғанда атқарады. Сондықтан қаражат саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі бөлігіне айналады.

4) Бақылау - ақша, қаржының пайда болуын, бөлінуін және нормаларға сәйкес реттей отырып оның қозғалысын бақылайды.

Мемлекеттің қаржысы - ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, заңдылық пен құқықты сақтауға, қорғаныс иен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік коғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомствоның қорлары енеді.

Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік, мемлекеттік емес) меншіктегі және заемдағы қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.

Халықтың (уй шаруашыяыгыпың) қаржысы - шаруашылық, еңбек қызметгерінің (жалақы, акция дивиденті, пай жарнасы мен банк салымының проценті т.б.) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталған қаржылардың зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды.

Қаржы жүйесінің негізгі буыны болып мемлекеттік бюджет табылады.

Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Мемлекеттік бюджет екі деңгейден тұрады: республикалық және жергілікті (облыстық, аудандық, селолық).

Бюджеттік процесс мемлекеттің кірістері мен шығыстарын теңестіреді (баланс). Бірақ қазіргі кезде барлық елдерде мемлекеттің шығыстары оның кірістеріне (табыстарына) қарағанда тез өсуде. Соның нәтижесінде бюджет тапшылығы пайда болады.

Бюджет тапшылығы барлық мемлекеттерде оның абсолютті көлемі бойынша да және ЖҰӨ-ге қатынасынан да айқын көрінеді. 1970 жылмен 1985 жылдың аралығында өнеркәсібі дамыған елдерде Ж¥Ө-ге қатынасымен есептегенде АҚШ-та - 3,8%-ға, Жапонияда - 2,2%-ға, ГФР-да - 2,6%-ға, Италияда - 6,9%-ға ескені байқалады.

Мемлекет бюджетінін тапшылығының кептеген себептері бар. Олардың негізгілері:

1) Экономиканың дағдарыс жағдайындағы кірістің кұлдырауы;

2) Экономиканың көлеңкелі секторынынөсуі;

3) Акция салығының азаюы;

4) Бюджет шығынының көбеюі т.б.д

Мемлекет қарызы - бұл өткен жылдардағы жиналған бюджет тапшылығының жалпы сомасы. Мемлекеттік қарыз екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы болып.

Мемлекеттің ішкі қарызы - үкіметтің өз елінің азаматтары алдындағы қарызы.

Мемлекеттің сыртқы қарызы шет мемлекеттерге, фирмаларға, ұйымдарға карызы.

Мемлекетгік карыздың өсуіиің салдарынан табыста теңсіздікті күшейтеді, өндіріс дамуын экономикалық ынталандыру бұзылады, ел ішіндегі инвестиция қысқарады, жеке инвесторларды ығыстырады т.б.

Салық – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің жүргізіп отырған заңның негізінде міндетті түрде төленетін төлемдер.

Салық экономикалық категория ретінде мемлекеттің табысы (бюджеттің кіріспелігі) материалдық категория ретінде белгілі бір ақша сомасы, заңгерлік категория ретінде заң.

Салық жүйесі – ол салықтардың оның әдістерінің құрылу принциптерінің жүйесі.

Салық жүйесі дегеніміз - мемлекеттегі алынатын салықтар, түсімдер, баж салықтары және т.б. төлемдер, оларды құрау формалары мен әдістерінің жиынтығы. Салық жүйесі белгілі бір заң актілері арқылы жұмыс істейді. Ол заңдарда салықты алу және құраудың нақты әдістері, яғни салық элементтері анықталады. Салық элементтеріне жататындар: салық субъектісі немесе салық төлеуші; салық алу объектісі; салықты алу көздері; салық ставкалары.

Салық дегеніміз - мемлекеттік бюджетке адамдардың, кәсіпорындардың және мекемелердің міндетті түрде аударатын төлемі.

Салық салудың нормасы - салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар: а) қатаң ставкалар- салық алынатын объектінің дифференциалдық деңгейіне, оның құнына байланыссыз бірдей көлемде салынатын ставка; ә) пропорциялы ставкалар – бұл табыстың көлеміне байланыссыз салық төлеудің бірыңғай проценті тағайындалған ставка; б) прогрессивті ставкалар- табыстың өсуімен көбейетін салық ставкасы; в) регрессивті ставкалар- табыстың өсуіне қарай салықтың орташа ставкасының төмендеуі.

2. Төлем қабілетіне қарай салықтар 2-ге бөлінеді: тікелей немесе тура салықтар және жанама салықтар.

Тура салықты тікелей салық субъектісі төлейді. Олар нақты жеке және заңды тұлғадан алынады. Салықтардың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар жатады. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері жариялаған мәмілелері бойынша салық төлейді.

Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді.Салық салу жүйесінің басты буыны- бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болған корпорациялардан алынатын салық. Салық акционерлік қоғамның таза пайдасынан алынады.

Салық салу тарихында жоғары пайдаға салық салу деген де бар. Ол пайданың белгілі мөлщерден артық болуына байланысты салынады. Мұндай шара әдетте төтенше жағдайларда, соғыс, экономикалық күйзеліс кездерінде қолданылады. Табыс салығының қатарына мүлік салығы және капиталды пайдаланумен байланысты атқарылған істер салығы д ажатады. Бірінші жағдайда салық мүліктің құнына қарай әрбір адамнан және заңды тұлғалардан алынады.

Капитал ісінен алынатын салық корпорацияның бағалы қағаздарды сату, сатып алуынан түскен табыстардан алынады.

Тікелей табыс салықтарымен қатар жанама салықтар да маңызды рөл атқарады. Олар тауарлар мен қызмет көрсету бағаларына қосылады. Бұл салықты тауарды тұтынушылар төлейді.

Жанама салықтар үш түрде көрінеді: акциздер, фискальды, монопольді салықтар және кеден салығы. Бұлардың ішіндегі ең бастысы- акциздер. Олар тауар бағаларына немесе қызмет көрсету тарифтеріне қосылады. Әрбір елдің ерекшкліктеріне қарай акциздер халық тұтынатын тауарларға, транспорт, байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету түрлеріне салынады. Қазіргі кезде акциздің бір түрі- қосымша құнға салық салу кеңінен таралуда. Бұл жағдайда салық тауарды өткізгеннен түскен барлық түсімге салынбай, тек осы кезеңдегі өндірістік қызметтің нәтижесінде қосылған құнға салынады.

Фискальді, монопольді салық мемлекеттің монопольдй өндіретін тауарларына салынатын жанама салық. Нақты елдердің ерекшеліктеріне қарай бұлардың қатарына темекі бұйымдары, алкогольдік ішімдіктер, сусындар, тұз және т.б. болуы мүмкін. Олардан түсетін түсімдер әдетте мемлекеттік бюджетке, біраз бөлігі жергілікті үкіметтің бюджетіне түседі.

Жанама салықтың қатарына кеден, баж салықтары да жатады. Олар тауарларды мемлекеттік шекарадан әрі-бері өткенде төленетін салықтар.

1. Дүние жүзінде әр түрлі ақша айналымының жүйелері бар, ол тарихи даму кезеңдерінен өткен және әр мемлекеттің заңымен бекітілген. Ақшаайналымыныңбастыкомпоненттерімыналар:

1. Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, сом, марка, йенажәнет.б.) оларарқылытауарларменқызметкөрсетубағаларыкөрсетіледі.

2. Несие және қағаз ақшалар, монеталар жүйесі, олар қолма-қол айналымдағы заңды төлем құралдары болып саналады.

3. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни айналымға ақша шығарудың заңды түрде бекітілген тәртібі.

4. Ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік органдар.

Ақша айналымы жүйесінің негізгі 2 түрі бар:

1. Металл ақшалар айналымы жүйесі. Мұнда толыққанды алтын немесе күміс монеталар айналымда болады, олар ақшаның барлық қызметін атқарады.

2. Несие және қағаз ақша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі алтынға айырбастала алмайды, алтынның өзін айналымнан ығыстырады.

Тарихи металл ақша айналымының (жүйесінің) биметализм және монометализм деген түрлері қалыптасқан. Биметализм алтын мен күмісті пайдалану негізінде ХҮІ-ХІХ ғасырларда Батыс еуропа елдерінде пайда болды. ХІХ ғасырдың соңында күміс өндірісі жағдайларының өзгеруіне сәйкес ол құнсызданып, алтынмен арасалмағы өзгереді. Күміс монетелардың көбеюі оларды шығаруды тоқтатты. Сөйтіп биметализмді монометализм ауыстырады, мұнда ақша материалы болып, бір ғана металл- алтын есептелетін болды. Қағаз және несие ақшалары осы металға еркін айырбасталды.

Монометаллизмнің үш түрі белгілі: 1-шісі- алтын монеталы стандарт. Ол 1-ші дүниежүзілік соғысқа дейін қолданылып, қағаз және несие ақшалардың алтынға еркін айырбасталуымен сипатталады. 2-шісі- алтын кесек стандарты. Ол Англия мен Францияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде енгізілді. Мұның ерекшелігі құн өлшемінің алтынға айырбасталуы, тек ол өлшем алтын кесегі стандартының бағасына сәйкес келуі тиіс. 3-шісі- алтын девиздер стандарты, ол 20 жылдарда көптеген елдерде енгізілді, мұнда банкноттарды алтынға шағылған шетелдік валюталарға айырбастады.

Ақша массасы дегеніміз- халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Олар жеке адамдарға, кәсіпорындарда, бірлестіктер мен ұйымдарда және мемлекетте болады.

3. Несие жүйесі дегеніміз- мерзімділік, төлемділік және қайтарымдылық шарттарында ақша қаражаттарын қалыптастыратын, айналысқа түсіретін, ұсынатын ақша несие бөлімшелерінің жиынтығы.

Несие жүйесі 2 бөлімнен тұрады: банк жүйесі және банктік емес банктер жиынтығы, яғни банктік емес қаржы несие институттары. Оларға жататындар: инвестициялық, қаржы және сақтандыру компаниялары, зейнеткерлер қоры, жинақ кассалары, ломбардтар және несие кооперациялары.

Несие дегеніміз - белгіленген мерзімге процентін қосып қайтару шартымен ақшалай қаржы беру. Әдетте несие төлем мерзімін ұзарту түрінде немесе заемшының қарыздық міндеттемесін сатып алуға берілуі мүмкін.

Ссудалық капитал дегеніміз - процент түрінде ақыға қайтарымдылық шартында меншік иесінің ссудаға беретін ақшалай түрдегі капиталы.

Несиенің түрлерін төрт белгісіне қарай топтастыруға болады:

1. берілу мерзіміне қарай: қысқамерзімді, ортамерзімді және ұзақмерзімді болып бөлінеді;

2. қамтамасыз ету түріне қарай: кепілденген және қамтамасыз етілмеген;

3. қарыз алушылардың түріне қарай: жек тұлға, өнеркәсіптік өндіріс кәсіпорны, мемлекеттік, басқа банктерге берілетін, шетел мемлекеттерінің ресми органдары, ауылшаруашылық болып бөлінеді;

4. қолдану бағытына қарай: инвестициялық, бағалы қағаздармен операцияларға, уақытша қаржылық қиындықты жоюға, тұтыну, экспорттық және импорттық.

Несие формаларының 2 түрі бар: коммерциалық және банктік.

3. Банктер- елдің қаржы жүйесінің ажырамас бөлігі. Олар жалпы қаржы істерін рынок қатынастарын реттеуде жетекші ролді атқарады.

Банк-қаржы кәсіпорны, мекемесі, ол ақша қаражаттарын өз қолында шоғырландырып сақтайды, ақша операциялары мен есеп айырысуды жүргізеді, ақша қаражатына қатаң бақылау жасайды, несие береді, айналысқа ақша мен бағалы қағаздарды шығарып отырады.

Ұлттық экономикада елдегі банктердің жиынтығы банк жүйесін құрайды. Банк жүйесі 2 деңгейден тұрады:

а) орталық немесе ұлттық банк;

ә) коммерциялық банктер.

Ұлттық банк ақша –несие қатынастарын реттеп отыратын мемлекеттік бөлімше. Ол ақша мен бағалы қағаздарды шығару, елдің алтын қорын сақтауға құқылы. Ол коммерциялық банктерге міндетті резерв нормасын белгілейді, қарыз процентінің мөлшерін анықлайды. Негізгі қызметтері: эмиссиялау, несие, ақша айналысы саласында мемлекеттік саясат жүргізу.

Коммерциялық банктер- бұл коммерциялық бастамада көп қырлы қаржы-несие операцияларын жүргізетін банктердің әмбебап түрі. Олар өз капиталдарын пайдалана отырып, кәсіпорындарға несие береді. Мұндай банктер бір қатар коммерциялық қызметтер мен банк операцияларын атқарады.

Коммерциялық банктердің түрлері:

1. инвестициялық;

2. ипотекалық;

3. жинақ немесе халықтық;

4. халықарлық;

5. салалық.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Фискалдық саясат.

2.Бюджеттік реттеу.

3.Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу.

4.Баға арқылы реттеу.Ақша-несие арқылы реттеу

5.Сыртқы экономикалық қызметті реттеу.

4.Қаржының атқаратын қызметтері

5.Мемлекет бюджетінін тапшылығының кептеген себептері бар

6.Ақша жүйесінің мәні, түрлері

7.Салық жүйесі.





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 4281 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...