Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Философиясы



Европа философиясының эмпирикалық-сенсуалистік бағытын XVIII ғасырда ағылшын философы Джордж Беркли (1685-1753) жалғастырды, бірақ бұл Ф.Бэкон, Гоббс пен Локктың ілімдеріндегіден бөлек түбегейлі түрде ерекше ыңғайларға негізделген жалғасу болды. Локктың бастапқы және кейінгі қасиеттерге бөлуіне қарсылық білдіре келе, Беркли олардың екеуі де бізге тең дәрежеде сезіну ретінде берілген деп санады. Сонымен бірге, сезініп қабылдаулардың комбинациялары, Берклидің айтуынша, бізді қоршаушы заттар болып табылады. Ойшыл «Тіршілік ету, бар болу - сезіну, қабылдану» деген принципті ұсынды. Ол: «Біз өзіміздің идеяларымыз бен сезінулерімізді қабылдамасақ, онда нені сезінеміз? Белгілі бір идеялар немесе сезінулер не олардың комбинациялары қабылданбастан бар бола алады деген тұжырым мағынасыз емес пе»,- деп жазды. Қысқасы, Беркли Локктың біздің сезінулеріміздің көзі ретінде санадан тыс өмір сүретін сыртқы әлемді мойындауын жоққа шығарды. Ол сезінулерді адаммен қабылданатын жалғыз шындық деп есептеді.
Философияның міндеттерінің бірі, Берклидің пікірінше, материализм мен атеизмді сынау болып табылады. Ол материяның болуы мүмкін деген ойдың өзін қабылдауға қарсы шықты. «Біз тіршілік етуін жоққа шығаратын жалғыз нәрсе - философтардың материя немесе денелік субстанция деп атайтыны. Бұл жоққа шығарудан адамдар ешбір зиян шекпейді, өйткені мен олар ешқашан да оған деген қажеттілікті сезінген емес деп тұжырымдауға құқылымын. Атеистер, қолында олардың арамзалығына тірек болатын бос сөздің әдемі қабықшасынан айырылып, ал философтар, бәлкім, бос сөз сөйлеу үшін қомақты сылтаудан айырылғанын түсінер», - деп ерекше тоқталды ойшыл. Осылайша, Беркли созылымдылық, кеңістік және т.б. дерексіз идеясы секілді, жалпы материя туралы дерексіз идеяның болуы мүмкін емес деп тұжырымдады. Ол адамның ақылы жалпы дерексіз идеяны құра алмайды, тек жалпы зат идеясын құра алатындығын дәлелдеуге тырысты. Беркли субъективті идеализм принциптерін ұстанғанмен, өз позициясын қорғауға тырысып, ол оны объективті-идеалистік позицияларға ауысуымен қуаттау шешімін қабылдады. Атап айтқанда, философ мынадай ойларды түйіндеді: егер тіпті барлық қабылдаушы, сезінуші субъектілер жоғалып кетсе де (ал Берклидің айтуынша, тіршілік ету - субъектілермен қабылдану), ешбір зат жоғалып кетпейді. Олардың барлығы Құдайдың ойында «идеялардың» сомасын ретінде тіршілік етуін жалғастырады, яғни онымен қабылданады.
Берклидің замандасы ағылшын философы Давид Юм (1711-1776) оның көзқарастарының ықпалында болды, бірақ олардан скептицизм және агностицизм бағытына ауысты. Егер Берклидің көзқарасы бойынша, сыртқы әлем менің сезінуім болса, Юм сыртқы әлемнің тіршілік етуі туралы мәселе шешілмес мәселе деп сенді. Оның пікірінше, шындық — себептері белгісіз және тануға жатпайтын әсерлердің ағымы. Сонымен бірге, біздің қабылдап-сезінулеріміз сыртқы әлемнің тіршілік етуіне, оның сол сияқты тіршілік етпеуіне де аз дәлелдер береді.
Сезінулер не олардың комбинациялары қабылданбастан бар бола алады деген тұжырым мағынасыз емес пе»,- деп жазды. Қысқасы, Беркли Локктың біздің сезінулеріміздің көзі ретінде санадан тыс өмір сүретін сыртқы әлемді мойындауын жоққа шығарды. Ол сезінулерді адаммен қабылданатын жалғыз шындық деп есептеді.
Г.Ф.Лейбниц (1646-1716) немістің атақты ғалымы, көрнекті философ болды. Ол Германиядағы жаңа қалыптасып келе жатқан капиталистік қатынастардың негізінен туған ғылыми теорияларды айқын көре білді.
Жаңа дәуірдегі таным теориясында эмпиризм мен рационализмнің арасындағы күрестің шиеленіскен жағдайы Лейбницке де өз әсерін тигізді. Ол өзінің «Адам зердесінің жаңа тәжірибелері», «Монадология» деген еңбектерінде таным теориясындағы рационалистік әдістің әрі қарай дамуына кеңінен жол ашуға тырысты.
Г.Лейбництің рационалистік көзқарасы оның ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жан-жақты ұштасты. Ол өзі әрі физик, әрі математик, әрі механик, тағы басқа ғылымдардың негізін қалаушы болды. Оның осы ғылыми білімдер саласындағы пайымдық қызметі философиялық жүйені зерделік негізде толығынан жасап шығуға бөгет болмады.
Г. Лейбництің рационализмі өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Декарт пен Спинозаға қарсы бағытталды. Ол өзінің рационалистік көзқарасында осы ойшылдардың дүниетанымындағы негізгі кемшіліктерге тоқталды. Егер Декарт өзінің философиясында дүние екі субстанциядан тұрады деп, ал Спиноза ол субстанция - табиғатты жалғыз деп есептесе, Г. Лейбниц мұндай ойлардың ағат екендігін дәлелдеуге тырысты. Оның ойынша, субстанция ұшы-қиыры жоқ дүние заттары болып есептеледі және ол өте көп. Философ әрбір субстанция болмыстың «біреу», яғни жалғыз екендігін, монада (дара, қарапайым деген сөз) екендігін анықтады. Монада материалдық емес, ол рухани атом. Кез келген монада әрі жан, әрі дене, сол екеуінің бірлігі. Монадалар арқылы материя мәңгі қозғалыс қабілетіне ие болды. Сөйтіп, ол материя мен қозғалыстың бір-бірінен ажыраспайтынын және өзара бірлікте екендігін анықтап берді.

2. Сезімдегі таным

Танымның сезімдік формасы. Таным — бұл қоршаған болмыстың, оның элементтерінің белсенді ақыл-ой жəне көңіл-күй іс-əрекеттері мен олардың нəтижесі, яғни білім; жалпыланған теория, заңдар мен ғылыми ұғымдардың санада бейнеленуі.
Эмпиризм (гр.т. тәжірибе) - сезімдік тәжірибені білімнің қайнар көзі деп біледі және бақылау мен эксперименттің нәтижелеріне сүйенеді.
Идеалистік сенсуализм - түйсіктер мен сезімді шындықтың көзі, ал олардың шығу тегі, қайнар көзі мәселесін терістейді. (Беркли. Юм, Мах).
Қарапайым реализм - адамнан тыс тұрған заттарды, құбылыстарды біз қалай қабылдасақ, ол шындықта дәл солай болады, ал олар түйсіктер формасына ешқандай әсер етпейді. Сезімдік таным формалары:
Түйсік - заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін бейнелеу; Қабылдау - сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі; Елестету - бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың бейнесін қайта жаңғырту. Сезімдік таным дегеніміз — сезім мүшелері: көру, есту, сезіну және басқалар арқылы жүзеге асырылатын танып — білу. Сезім мүшелері дегеніміз — ол біздің айналамыздағы дүние жайындағы мәліметтер санамызға келіп кіретін бірден — бір қақпалар болып табылады. Сезімдік таным тек заттар мен құбылыстарды тікелей қабылдаумен ғана танып қоймайды. Сыртқы заттардың сезім мүшелеріне алуан түрлі әрекет етуі нәтижесінде адамның миында белгілі — бір іздер сақталып қалады. Онан әрі бұлар еріксіз немесе әдейі жандануы және адамның бұрын қабылдаған заттарының нақты образдарының тууына физиологиялық негіз болуы мүмкін. Бұл образдар елестету деп аталады.

3. Назарбаев «Дағдарыстан шығу кілті»

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ 2009,02

Бүгінде елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс – бұл адамзат әлі біліп болмаған айрықша құбылыс. Ол әлем тарихында теңдесі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық бастауларды түбегейлі өзгертетін құбылыстар санатына жататыны анық. Сондықтан да оны талдауға, ой-елегінен өткізуге және еңсеруге барлық ескі догмалар мен стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша көзқарас қажет.

Елбасы өзінің «Дағдарыстан шығу кілті» атты мақаласында бүгінгі әлемдік қаржы жүйесінің ескіргендігі, сондай-ақ оның қазіргі өмірлік талаптарға жауап бере алмайтындығы туралы айтқан. Президент бүгінгі қаржы нарығындағы қатынастарды реттеудің жаңа жүйесін қалыптастыру аясында баршаға ортақ валютаны шығаруды және оны бақылайтын тәуелсіз халықаралық ұйымды құруды ұсынады.

Сондықтан да қазіргі жаһандық дағдарыс – бұл мүлде қандай да бір табиғи апат емес және жағдайлардың кездейсоқ қиылысының нәтижесі емес, бәзбір терең ішкі ақаулықтың заңды сыртқы салдары.

Содан да біз оны нақты айқындап, белгілемейінше, дағдарыстың өзі бастау алған әлемдік валюта-қаржы жүйесін жөндеу жөніндегі біздің бүкіл күш-жігеріміз тек косметикалық сипатта ғана болады. Бұл жағдайда біз жоймаған ақау кейін де жиілей түсетін және салдары әлдеқайда ауыр болатын жаңа дағдарыстарды туындата береді. 4. Әлемдік валюта рыногы өркениетті болып табыла ма?

Өркениетті рынокта ойын ережесі оған қатысушылардың барлығының (сатушылар мен сатып алушылардың) ешкімнің жеке мүддесіне нұқсан келтірмейтін ортақ шарты негізінде белгіленеді және сақталады. Әлемдік валюта рыногында мұнда ештеңе байқалмайтыны анық. Демек, бүгінде әлемдік валюта рыногы өркениетті болып табылмайды.

Жаңа әлемдік валюта рыногында ойын ережесі заң бойынша белгіленіп, оның барлық қатысушыларының (сатушылар мен сатып алушылардың) ортақ шарты негізінде сақталуы тиіс.

Билет

1. Ойлау мен болмыс саймасайлығы

Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардық бірі болып саналады. Ол “бол”, “болу” сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен өте мақызды дүниетанымдық “әлем деген не” сұрағына жауап беріледі. Болмыс туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз - бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес. Қысқаша айтсақ, барлық бар нәрсе - болмыс. Яғни, ол заттар мен руханилық әлемін, өтпелі мен мәңгілікті білдіреді. Философиядағы бұл ұғым өте кең мағынада қолданылады, ол пайда болған, әлі де пайда болатын барлық құбылыстарды білдіреді

Ойлау мен болмыс бір біріне тең.

«Ойлау мен болу бір» дейді Парменид. Яғни, ойлау мен болмыс бір деген ұғым туады. Болмыс еместі жоққа шығара отырып, болмысты өзгермейтін, қозғалмайтын процесс деп қарады.
Ғасырлар бойғы дүние тану процесінде адамдар болмыстың мынадай негізгі формаларын танып білді:
1.Заттар (денелер) болмысы, ал бұлардың өзі біртұтас табиғат болмысы және адамның қолымен жасалған заттар мен процестер болмысы болып екіге бөлінеді;
2.Адам болмысы, бұл да заттар дүниесіндегі адам болмысы және таза адамдық болмыс болып бөлінеді;
3.Рухани (идеялық) болмыс, бұл жеке адамның рухани болмысы (идеясы) және объективтендірілген (жалпы адамдық) рухани болмыс болып жіктеледі;
4.Әлеуметтік болмыс, бұл жеке адам болмысы мен қоғамдық болмыстан тұрады.
Болмыстың бұл формаларын топтастыра келгенде, материалдық болмыс және рухани болмыс болып екі топқа бөлінеді. Осы екі болмыстың арасындағы қатынастан философияның негізгі мәселесі - руханидың (ойлаудың, сананың) руханидан тыс, тәуелсіз объективтік (материалдық) болмысқа қатынас мәселесі шықты. Болмыстың барлық басты салаларын қарастырғанда мынадай сұрақ туады: бұлардың бәрін біріктіретін не нәрсе, шексіз алуан түрлі дүниенің бәрінің бірлігі неде?
Бұл бірлік жайындағы ой пікірлер дүниеде бар барлық нәрселердің бәріне ортақ негіз туралы түсініктің тууына алып келді, ал бұл философияда субстанция категориясын тудырады.

2. Механикалық детерменизм

Детерминизм (лат. determinare – анықтаймын) тұрмыс құбылыстарының жалпыға ортақ себепті-салдарлы анықтылығы жәніндегі ілім. Детерминизм идеясы ежелгі дүниеде пайда болып, одан бергі барлық жаратылыстанулық-ғылыми және философиялық оймен бірге келеді. Демокрит барлық нәрсе қажеттіліктен туындайды, осыны себептілік деп есептеді. Аристотель себептіліктің тәрт түрін анықтады:

Еуропалық жаратылыстанулық-ғылыми және философиялық ой (Ф. Бэкон, Г. Галилей, Р. Декарт, И. Ньютон, Б. Спиноза және т.б.) детерминизм тұжырымын одан әрі дамытуға септігін тигізді. Осы кезде классикалық механика жетістіктерінің ықпалымен механикалық детерминизм тұжырымы қалыптасты, оның мәнін Лаплас былай түсіндірді: егер дәл қазір табиғат тылсым күшінің қолданылар нүктелері жайлы бәрін білетін ақыл болса, онда ол әлемнің әткені мен болашағы туралы да білер еді. [1]

Детерминизмнің екі негізгі түрі бар:

1. Қатаң детерминизм;

Қатаң детерминизм оқиғалардың барлығы да олардың себебі тудырған салдары, яғни, барлық оқиғалар алдында болған жағдайлардан шығады. Осылайша, осы шақтағы және болашақтағы оқиғалар өткендегі оқиғалардай түрақты әрі әзгермейді. Бұл көзқарастың шеңберінде моральдық жауапкершілік жоқ, өйткені ол субъектінің еркін еркіне негізделген, ал қатаң детерминизм еркін іс-әрекеттің болуын жоққа шығарады.

1. Жұмсақ немесе бірлескен детерминизм.

Жұмсақ детерминизм - детерминизмді ерік еркіндігімен үйлестіріп қарастыратын көзқарас. Осы тұрғыдан алғанда еркін іс-әрекет моральды жауапкершілікті жүзеге асыратын себептіліктің бір түрі болып табылады.





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 731 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...