Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Проблема, гипотеза,теория



1. Цели и задачи освоения учебной дисциплины  
2. Место учебной дисциплины в структуре основной образовательной программы высшего профессионального образования  
3. Компетенции, формируемые в результате изучения учебной дисциплины  
4. Объем учебной дисциплины и виды учебной работы  
5. Содержание учебной дисциплины  
6. Рекомендуемые образовательные технологии  
7. Учебно-методическое обеспечение самостоятельной работы обучающихся. Оценочные средства для текущего контроля успеваемости, промежуточной аттестации по итогам освоения дисциплины  
8. Учебно-методическое и информационное обеспечение дисциплины  
9. Материально-техническое обеспечение дисциплины  

Билет

1. З.Фрейдтің психологиясы

З.Фрейд-австралялық физио-психолог. Ол философияда психоанализ ілімінің негізін салды. З.сананы мүлде жоққа шығармайды.Сананың көмегімен әрбір жеке адам өзін қоршаған айналаны түсінеді, өзінің мен екенін пайымдайды.Сондай ақ ол тағы да екі түрлі сананы мойындайды;бірі-«шектен тыс мен», екіншісі- «ол».

Адамды құртатын нарселер:

1) Адам тұрпаты

2) Жастық шағында, гүлденген ауқытында ұрынуы

3) Өзі тілеп алады

4) Ешкіммен араласпау

Бұларды жеңу үшін музыка, дін, бимен айналысу керек. Бірақ мұның бәрі алдамшы (сурагат).

Билет

1. Көшпелі өмір салты.

Қазақтың сүр еті, қазақ үйі жиналмалы болып келетін, құрт, ірімшік, қоржындарын көшпелі өмірге ыңғайлап жасаған.

2. Астраномиядағы Коперник.

Поляк ғалымы Н.Коперник (1473-1543) астрономия ғылымына өзінің түбегейлі өзгерісін енгізді. Негізгі еңбегі «Аспан аймақтырының айналуы жөнінде». Бұл еңбектегі негізгі идея-Жер ғарыштың ортасы емес, ол біріншіден, өзінің діңгегінен айналады, екіншіден күнді айналады;Күн-дүниенің ортасында тұрған шамшырақ. Бұл жаңа болжам күн мен түннің ауысуын, планеталардың орбиталарын жете түсінуге мүмкіндік берді.Н.Коперник айдың жерді айналатыны жөнінде де ең алғаш болжам жасады.

Сонымен қатар Н.Коперник бұрынғы аристотельдік-птолемейлік жүйенің кейбір қағидаларын қалдырды. Ол алыстағы қозғалмайтын жұлдыздарды бұл Дүниенің шеті деп түсіну және жер мен басқа планеталардың орбиталарының бәрі де дөңгелек, ал қозғалыстары біртекті деген пікірлер. Бірақ мұндай кемшіліктеріне қарамастан, Н.Коперниктің ашқан жаңалығы діни көзқарасқа үлкен соққы жасап, Жаңа дәуірдегі ғылымға аттанатын жол ашты.

3. Қоғам құрылымы. Маркс пікірі

Маркстік философиядағы жаңалықтарда қоғамды материалистік тұрғыдан түсіну қағидасына ең бірінші тоқтауға тура келеді.Мұның өзі материализм ба,ытындағы негізгі кемшілікті-табиғатты материалистік тұрғыдан түсінгенмен, қоғам өміріне келгенде идеалистік жолдан шыға алмауын жойып, дүниеге деген толыққанды материалистік көзұарасты тудырды.Әңгіменің мәні мынада: қоғам өмірін талдауда ойшылдар қоғам өмірін талдауда ойшылдар қоғам өмірінің іргетасты ерекшелігінің шеңберінен шыға алмады, ол адам ойының оның жасайтын іс әрекетінің алдында әрқашанда жүріп отыруы. Яғни ең алдымен идеалдық жоспар жасалынады да содан кейн ғана ол іске асады.

Билет

1. Сенім, күмән, білім

Сенімсіз ештеме болмайды. Кейбір кезде сенім бола тұрып, күмән пайда болады. Бірақ бұл екеуін ажырату үшін білім керек. Сенім - адамның қоршаған ортаға және ақиқатқа көзқарасын, қарым-қатынасын анықтайтын түсінік, білім, елес, идеялар. Сенім — адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі.

Болашақтың тікелей және белсенді «агенті» - бұл оқу-білім саласы. Білім беру саласы болашаққа жұмыс жасайды. Білім беру деген сөздің мәнін ашу үшін оның төрт аспектісін ескеруіміз керек:

1. білім беру – бұл құндылық;

2. білім беру – бұл жүйе;

3. білім беру – бұл процесс;

4. білім беру – бұл нәтиже.

Білім беруді құндылық ретінде қарастырудың өзі үш блоктан тұрады:

1) білім бері мемлекеттік құндылық ретінде; 2)білім беру қоғамдық құндылық ретінде; 3) білім беру тұлғалық құндылық ретінде.

Білім беру мен тұлғаның дамуын ұштастыру тәжірибелері бар. 1)Біз нені оқып үйренуіміз керек? 2)Біздің қалай оқып үйренуіміз тиімді? 3)Нені оқып жатқанымызды қалай біле аламыз? деген сұрақтар төңірегінде ұйымдастырылғаны тиімді болады.

Білім философиясының арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шығуына себеп болған маңызды негіздерге мыналар жатады: 1)білім берудің технологияларының өзгеруі; 2)білімнің көлемінің өсуі; 3)қоғам мен оқу-білім саласы арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі.

Білім философиясында білімділік идеясы, білім берудің мақсаты, білім беретін жүйелердің тарихы сияқты маңызды педагогикалық сұрақтар талқыланады.

2. Менделеевтің қайталамалық теориясы

Менделеевтің периодтық заңы, периодтық заң – атом ядросы зарядтарының артуына байланысты химиялық элементтер қасиеттерінің периодты өзгеретінін тұжырымдайтын табиғаттың негізгі заңы.

Бұл заңды 1869 жылы Д.И. Менделеев ашты. Ол оның толық тұжырымдамасын 1871 жылы жариялады. Менделеевтің 1869 жылы жасаған еңбегі элементтердің периодтық жүйесі – Менделеевтің периодтық заңының графиктік бейнесі. Бұл заң элементтердің периодтық жүйесімен тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырып, түсіндіреді. Ядроның заряды (Z) жүйедегі элементтердің атом нөміріне тең. Z өсуі бойынша орналасқан элементтер Z (Н, Нe, Lі, Be…) 7 период түзеді.

Ол атом салмағын тауып оның қайталамасын да табады. Д.И. Менделеев өзі ашқан заңға сүйене отырып, белгісіз элементтердің химиялық қасиеттері атомдар ядросы зарядының санымен(яғни ядродағы протондардың санымен) байланысты екенін анықтап, ол тәуелділіктің маңызы мен мазмұнын тереңдете түсті. Осыған орай химия ғылымы көп нәрсені түсіндірді, яғни алға қарай дамыды.

3. Ертедегі Шығыс философиясы

Ежелгі Үнді және Қытай философиясы

Сонау көне заманнан бастап, Қытай философиясында үш негізгі ағым пайда болды. Олар: даосизм- бұл ағымды Қытайдың натурфилософиясы деуге болар еді. Екінші ағым- конфуциандық ол Қытай халқының моральдық философиясы, Фа-цзя мектебі ол Қытайдың әлеуметтік саяси философиясы. Бұл ағымдар сонау көне заманнан пайда болып, осы уақытқа шейін осы халықтың дүниетанымында елеулі орын алады.

Ежелгі Үнді философиясы. Үнді елінің ғажап ерекшелігі оның әлеуметтік ұйымдастырылуында. Ондағы адамдар үлкен жабық әлеуметтік топтардан тұрады. Оны варна, яболмаса каста дейді.4 тарихи каста бар:

Брахмандар(ақтар)

Кшатрилер(қызылдар)

Вайшьилер(сарылар)

Шудралар(қаралар)

Әрбір кастаның үш принципі бар:Әр кастаның ішкі тазалығы және басқалардың сол тазалықты бұзуы мүмкіншілігінен пайда болатын үрей қорқыныш сезімі;

Касталық қоғамның пирамидальдық құрылымы. Әр каста өзінен төмен жатқан топтарға жоғарыдан қарап, өзінің қадірлігін сезінуге мүмкіндік алады;

Реинкарнация, яғни адамның жан дүниесінің келесі өмірде ауысып кету мүмкіндігі.

Билет

Проблема, гипотеза,теория

Ең бірінші проблема пайда болады. Содан кейн гипотеза жасалады. Гипотеза ғылыми тұрғыдан дәйектелген, болжамға негізделген теория. Бірақ кез келген болжам гипотеза бола алмайды.Гипотеза практикадан тексеруден өткен жағдайда немесе ақиқаттығы әбден дәлелденген мәселелерден туындап тұрған болса, ол ғылыми теорияға айналады.

2 Мәдениет және өркениет

Бұл екі ұғым бір біріне өте жақын. Бірақ бір емес. Мәдениет адам баласының ақылымен, қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып өңдеген заты, құбылыс.

Өркениеттілік кең көлемде алғанда алғашқы қауымдық құрылыстан таптық қоғамға көшу, одан тарлау мағынасында бір қоғамдық формациядан екіншісіне көшу, ал тар мағынасында әр елдің өз алдына даму ерекшеліктері.

Мәдениет тарихи процестермен үштасып жасады, сол тарихи процестердің тікелей туындысы болып табылады. Сонымен бірге мәдениеттің бір ерекшелігі оның өз бойындағы сабақтастықты терең сақтай білуінде. Мәдениеттң түсіне үшін тарихи дәуірді білу, оның өндірістік қатынастары қандай болғаны анықтау, өмір салты, рухани дүниесі қандай ерекшеліктерімен анықталатынын ажырата білу керек.

Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.

2. Гегель «Философиялық ғылымдардың энциклопедиясы»

Гегельдің философиялық жүйесіндегі ең құндысы оның рух жөніндегі ойлары. Ол адамзат рухын тарихи көзқарас тұрғысынан талдап, оның даму сатылары жөнінде тамаща ойлар мен пікірлер айтады.

Гегельдің ойынша Рух даму процесінде өзінің үш сатысынан өтеді:

1. Субъективті рух, яғни жеке адамның санасы

2. Объективті рух, оған ол құқ, мораль, адамгершілік, отбасы, азаматтық, мемлекеттікті жатқызады.

3. Абсолюттік рух ол өнер, дін және философия

Гегель диалектикалық таным әдістемесін жасап, философияның ғылымдық абыройын бұрын болмаған дәрежеге көтерді. Оның философиясының осы құнды жағы болашақ марксизмнің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Гегель-обьективтік идеалист.Оның еңбектері:”Логика ғылымы”,”Право философиясы”, ”Рух феноменологиясы”, ”Философиялық ғылымдар энциклопедиясы”. Гегель Кант философиясының қайшылықтарын жеңбек болды.Гегель: қандай білім болса да –дамудың нәтижесі деп жариялады.Білім ішкі қайшылықтар нәтижесінде пайда болады, дамиды. Гегельдің ең басты жетістігі: ол таным процесін адамның іс-әрекетімен байлаыстырды.Бірақ адамның іс-әрекеті тек рухани сферамен шектелді. Гегель философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады:а) логика: б) табиғат философиясы: в) рух философиясы; Гегель берген көптеген философиялық анықтамаларды біз пайдаланып жүрміз. Бірақ Гегель таза идеяның абсолюттік идея, әлемдік санаға, демиургке айналуын қиял түрінде тұжырымдады. (Демиург-шебер жаратушы). Идеяның даму заңдары обьективті щындықтың даму заңдарының санадағы көшірмесі екенін Гегель түсінбеді.Оның пікірінше табиғат-абсолюттік идеяның екінші өмірі.Бірақ табиғат дамымайды,дамитын тек идея. Олай болса білім физикалық дүниеге сәйкес келмей қалады. Оны сәйкестіндіретін адам іс-әрекеті,танымдағы практикалық тарихи қызмет.Ойдың өмір сүру шындығы-бұл тіл. Материя—бұл ұғымның бір көрініісі деп қаарастырды Гегель.

Билет

1. Әлеуметтік болжамның мәселелері. 2030 жобасы

2. Қазіргі кездегі ұлттық және діни

3. Жекелік ерекшелік

Қазақстан-2030 Стратегиясы – ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.НазарбаевтыңҚазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді: Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау.

Алғашқы уақытта адамның өмір сүру барысында пайдаланған заттары әрқашанда ерекше, дара, жалқы, қайталанбайтын бұрын соңды оның өмірінде кездеспеген сияқты болып көрінеді. Ол оның белгілі бір қажеттіліктерін өтегеннен кейн, есінде сақталмай қоймайды. Сонымен қатар адам өзінің өмір сүру барысында даралық, жалқылық ұғымымен қатар, бірнеше, көп ұғымдар пайда болады.

Жалқы дегеніміз- кеңістік пен уақыттың шеңберінде шектелген зат я болмаса құбылыс. Болмыстағы нақтылы да шынайы өмір сүріп жатқан заттар мен құбылыстар дара, жалқы, ешқашанда қайталанбайды. Қазақ оны Бес саусақ бірдей емес деген нақыл сөзбен берген. Жалқылық дегеніміз шындық болмысының өмір сүру тәсілі.

Діни мәселелері қандай заманда болмасын қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды күрделі мәселелердің бірі болып келген. Кеңестік идеология қирағаннан кейін діннің қоғамдағы орны және атқаратын қызметі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі кезенде дін қоғамның әлеуметтік және рухани өмірінің маңызды құрамы. Дін арқылы адамдар өздерінің дәстүрлі құндылықтарын қайта жаңғыртуға талпыныс жасауда.

Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым.

Билет

1. Мәдениеттің философиялық түсінігі

Мәдениет әлемі - құндылықтар әлемі. Кез келген мәдениетті нақты құндылықтардың жиынтығы ретінде қарастыруға болады.

Философиялық тұрғыдан алғанда құндылық дегеніміз – жалпы қоғам үшін, топ, адам үшін ең қадірлі, ең қасиетті нәрсе туралы түсінік.

Әрбір мәдени дәуірдің өзіне тән құндылықтары, яғни белігілі бір аса құрметтелетін қасиеттер, құбылыстар жүйесі болды. Осы рухани абсолюттер ауысқан уақытта басқа дәуір басталады. Құндылық ұғымы мәдениеттің ерекшелігін түсінуге көмектеседі.

Адам өзі үшін не нәрсе маңызды екенін өзі анықтайды. Көптеген рухани абсолюттер көп адамдарға ортақ. Мысалы, тіршілік ету, өмірді сүю, ата-ананы қадірлеу, құрметтеу. Бұл барлық адамдарға қымбат, ортақ рухани абсолюттер. Бұлжымайтын, асыл өмірлік бейімделуді философия құндылық деп атады. Құндылық дегеніміз адамның өмірін мәнді, сәнді ететін түсініктер жүйесі.

Материалдық құндылықтар дегеніміз, ең алдымен, белгілі табиғи сипаттары мен қасиеттері бар әртүрлі табиғи материалдар. Олардан жасалатын заттардың техникалық құрылымына байланысты оның құндылығы анықталады. Белгілі бір техникалық тетікке немесе құралға айнала отырып, табиғи зат өндіріс барысында немесе адамның тікелей тұтынуында өзінің қажеттілігін көрсетіп отырады, сондықтан оның өндірістік – техникалық және тұтынылу функциясы туындайды.

Материалдық құндылықтар қоғам дамуының барлық кезеңдерінде әрекет етеді.

Рухани құндылықтар белгілі ақпараттық және ақиқаттық мағынамен сипатталады. Саяси, құқықтық, этикалық және басқа да идеялар дұрыс немесе бұрыс болуы да мүмкін, бірақ олар өзінінің құндылық табиғатын жоғалтпайды. Өйткені олар адамдардың әртүрлі уақыттағы және кеңістіктегі ұмтылыстарын білдіреді. Барлық идеялардың материалдық болмысы да бар, өйткені олар кітаптарда, мүсіндерде, архитектуралық құрылымдарда, өлеңдерде, әндерде, әртістердің ойындарында, үнтаспалар мен ноталық жазуларда көрініс береді. Мәдениет-философиялық ой-толғамның аса маңызды терең теориялық мәнді ұғымдардың бірі. Мәдениеттің нақтылы-тарихи түр алуы оның мазмұнының күрделілігін және ондағы жалпы ерекшеліктің диалектикасын білдіреді. Мәдениет адамсыз жасалмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Мәдениеттің мазмұндығы рухани арақатынастан айқын көрінеді, өйткені адам санасының мәдени-тарихи түрінің негізі философиялық дүниетаным болып табылады. Мәдениет субьектісі бола отырып, адам әрдайым өз белсенділігін көрсетеді. Ол белсенділік ақылға сыйымды болса, мәдениет табиғаттың көркейіп, гүлденуіне демеуші болады. Керісінше, ол белсенділік жеке бастың мақсатынан туатын болса, табиғатқа да, қоғамға да орасан нұқсан келтіреді, экологгиялық апаттар туғызады. Себебі тарихи процесте табиғат пен мәдениет ажырамас бірлікте болып табылады.





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 902 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...