Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Студенттердің өзіндік жұмыс тақырыптарының жоспары



(СӨЖ)

№№ п.п. Тақырыптардың атауы және тапсырмалардың мазмұны СӨЖ-ге Бақылау формасы Сағат көлемі Семестр аптасы
Модуль 1: Коммерциялық банктерді макро- және микроэкономикалық деңгейде басқару    
  1 тақырып. Банктің мәні туралы қазіргі көзқарастар. Мазмұны: ҚР екінші деңгейлі банктердің жалпы сипаттамасын оқып-үйрену. Талқылаулар    
  2 тақырып. ҚР коммерциялық қызмет етуінің заңдық негіздері Мазмұны: ҚР «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» (1995, 31 наурыз); (1997, 11 шілде - толықтырулар); (2001, 2-наурыз - өзгерістер)және «ҚР ҰБ туралы» Заңдары. ҚР «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» және «ҚР ҰБ туралы» Заңдарды оқып үйрену Сұрау, эссе    
Модуль 2: Банктік ресурстарды басқару      
  3 тақырып. Коммерциялық банктердің меншікті, сырттан тартылған және қарыз қаражаттары. Мазмұны: Банктік ресурстар нарығындағы банкаралық бәсекені анықтайтын факторлар: процентік шығындар, КБ ресурстық базасы, банктің меншікті ресурстары, міндеттемелер портфелінің классификациясы. сұрау глоссарий, ребус    
  4 тақырып. Депозиттік саясат, Мазмұны: Депозиттік портфель: құрамы, құрылымы; оған ықпал ететін факторлар. Депозиттік проценттік ставкалардың түрлері, оларды есептеу тәсілдері. Депозиттерді сақтандырудың шетелдік тәжірибесі Сұрау, сөзжұмбақ    
  5 тақырып ҚР ҰБ екінші деңгейлі банктерге беретін несиелері. Мазмұны: Банкаралық несиелер және олардың ресурстық базаны қалыптастырудағы рөлі. реферат    
  13 тақырып. Банктік тәуекелдерді минимизациялау тәсілдері Мазмұны: Тәуекелдерді бағалау тәсілдері. Банктік тәуекелдерді басқару. баяндама    
Модуль 3. Банктік активтерді басқару      
  6 тақырып. Банктің активтерді басқарудың ұғымы және экономикалық мәні. Мазмұны: Активтерді басқару әдістері мен тәсілдерін оқып-үйрену реферат    
  15 тақырып. Коммерциялық банктің несие саясаты. Мазмұны: Қазіргі кездегі несиелеу жүйесінің негізгі ерекшеліктерін оқып-үйрену. Банктік несиелерді беру тәртібін оқып үйрену. Несиелердің қамтамасыз етілуін бақылау. Сұрау, эссе    
  8 тақырып.Қарыз алушының қарыз қабілеттілігінің классын анықтау үшін ҰБ ұсынылған көрсеткіштер. Мазмұны: Қаржы коэффициенттеріне талдау жасау. реферат    
  9 тақырып. Несиені қайтаруды қамтамасыз ету формалары. Мазмұны: Банк несиелерін сақтандыру, сақтандыру объектілері. баяндама    
  10 тақырып. Банктік проценттер және проценттік төлемдер. Мазмұны: Кәсіпкердің бизнес-жоспары,оларды талдау. Банктік проценттер және проценттік төлемдерді оқып үйрену реферат    
  11 тақырып Корпоративтік несиелеу процесін ұйымдастыру. реферат    
  12 тақырып: Бөлшек несиелеу процесін ұйымдастыру. Сұрау, эссе    
  13 тақырып Несиелік портфель және проблемалық несиелерді басқару реферат    
  14 тақырып Коммерциялық банктердің қор нарығындаығ операциялары реферат    
  15 тақырып. Лизингтік операциялардың экономикалық мазмұны, несиелік сипаты. ҚР КБ траст операцияларын дамыту мұмкіндіктері. Факторингтің мәні мен мүмкіндіктері. Форфейтингтің артықшылықтары реферат    
  16 тақырып Халықаралық банктік операциялар. Сұрау, эссе    
  17 тақырып. ҚР төлем жүйесі, оны ұйымдастыру формасы. Мазмұны: ҚР есеп айырысу операцияларын ұйымдастырудың құқықтық және нормативтік негіздері.н оқып-үйрену. «Төлемдер мен аударымдар туралы» ҚР Заңы. Халықаралық стандарттар. Сұрау, эссе    
  18 тақырып. Нарықтағы банктік стратегиялардың типтері Мазмұны: Банктік маркетингтің концепциясы. Банктік маркетингтің әдістері. баяндама    
  19 тақырып Банктік тәуекелдер. баяндама    
  Модуль 4. Коммерциялық банктер қызметін басқару ерекшеліктері      
  20 тақырып. Екінші деңгейлі банктердің өтімділігін реттеудегі ҚР ҰБ рөлі. Мазмұны Банктің өтімділігінің көрсеткіштері: олардың мағынасы және бағалау әдістері, басқару тәсілдерін оқып-үйрену. баяндама    
  21 тақырып Банктің ің рентабельділігі Мазмұны: Банктің табысы мен шығысы, банктің рентабельділігі және оның көрсеткіштерін есептеу. реферат    
  22 тақырып. Банктерге ревизия өткізу. Мазмұны: Мақсатты инспекциялар. Банктердің жұмысының сенімділігі мен тұрақтылығын тексеру жиілігі және көлемі. 6. Дистанциондық талдау – Статус репорттар. Дистанциондық шолулар. баяндама    
  Пән бойынша барлығы      

[*СӨЖ-дің бақылау түрлері: реферат, баяндама, тест]

9. Сабақтардың өткізу нысаны - тренинг, диспут, дөнгелек үстел, семинар.

10. Студенттердің оқу барысындағы жетістігінің бақылау нысаны[а) ағымдағы үлгерім бақылауы, б) аралық бақылау, в) қорытынды бақылау, немесе емтихан, сынақ ңәтижелері].

11. Білімді бағалау. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білімді өлшеу негізінде жүзеге асырылады. Оқушылардың білімін өлшеу пәннің оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек. Оқушылардың білімін өлшеуіштер түрлі түрлерде жасалады: бақылау сұрақтары, билеттер, тесттер (ашық, жабық, аралас, сәйкесінше, эссе және басқалары) лабораториялық, есепті-кестелік, курстық және т.б. жұмыстар тапсырмалары.

Оқушылардың білімін өлшеу құралдары ретінде баға шкаласы шығып отыр. Баға шкаласы баллды-рейтингтік әріптік жүйеге негізделген.

Оқушылардың білімдері, қабілеттері және өкілеттіліктері бақылаудың барлық түрлері бойынша туры пропорционалды қатыстығы бар баллды-рейтингтік әріптік жүйенің бағаларымен анықталады.

«Өте жақсы» бағасы (А, и А-). Бұл баға оқушы бағдарламалық жадығатты толық меңгергенін көрсетсе және қателер жібермесе, уақтылы орынды бақылау мен лабораториялық жұмыстарды дұрыс орындап, олар бойынша есепті өткізсе, дұрыс ойласа, уақтылы қатесіз коллоквиумдарды және үй тапсырмасын орындаса, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысса, өзі қосымша ғылыми әдебиетті қолданса, бағдарламалық жадығатты өзінше жүйелендіре білген жағдайда қойылады.

«Жақсы» бағасы (В+, В и В-). Бұл баға оқушы бағдарламалық жадығатты 75%-дан төмен емес меңгерсе және жауап беруде ауыр қателер жібермесе, уақтылы орынды бақылау мен лабораториялық жұмыстарды дұрыс орындаса және оларды қағидалық ескертулерсіз өткізсе, уақтылы қағидалық қатесіз коллоквиумдарды және үй тапсырмасын орындап өткізсе, оқытушының нұсқауымен қосымша ғылыми әдебиетті қолданса, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысса, қағидалық емес қателерді жіберсе немесе студенттің өзімен кейін жөнделген қағидалық қателер жіберсе, бағдарламалық жадығатты оқытушының көмегімен жүйелендіре білген жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлық» бағасы (С+, С., С-, D+, и D). Бұл баға оқушы бағдарламалық жадығатты 50%-дан төмен емес меңгерсе, бақылау мен лабораториялық жұмыстарды орындау барысында оқытушының көмегіне жүгінсе, коллоквиумдарды өткізу барысында қағидалық емес қателер жіберсе, ғылыми жұмыста бәсеңдесе,қытушы көсеткен әдебиетпен шектелсе, бағдарламалық жадығатты жүйелендіруде қиналғанда қойылады.

«Қанағаттанғысыз» бағасы (F). Бұл баға егер студент бағдарламамен қарастырылған негізгі жадығатты білуде жекелеген білімсіздікті танытса, пәннің бағдарламасының жартысынан көбісін меңгермесе, жауаптарында қағидалық қателер жіберсе, бастапқы, аралық, соңғы бақылау нысандарымен қарастырылған жеке тапсырмаларды орындамаса, бағдарламамен қарастырылған барлық негізгі әдебиетті зерделенбеген жағдайда қойылады.

Пәннің оқу бағдарламасын оқушымен меңгеру деңгейінің соңғы бағасы бастапқы және соңғы бақылау бағаларын ескере отырып кумулятивті әдіспен анықталады.

Соңғы баға оқушы өту рейтингісінен де, соңғы бақылауданда жақсы бағаларға ие болса ғана есептеліп шығарылады.

Өту рейтингісін есептеу барысында міндетті түрде бастапқы, шектік бақылау, есептік-кестелік, курстық жұмыстардың (жобалардың)бағалары ескеріледі.

Бастапқы жетістіктерді бағалары бастапқы және аралық бақылау бағаларынан құрастырылады. Аралық бақылау оқу пәнінің ірі тарауларын (модульдерін) зерделгеннен кейін өткізіледі.

Жетістіктердің бастапқы бақылауы бастапқы бағалардан тұрады: семинарлық және тәжірибелік сабақтарда алынған бағалар, орындалған лабораториялық жұмыстар, үй тапсырмалары, өзіндік жұмыстары тапсырмаларынан алынған бағалар.

Соңғы баға Сбаға пән бойынша келесі формула бойынша анықталады (1):

Р1 + Р2

Сбаға = ---------------------- × 0,6 + Э × 0,4, (1)

Бұл жерде:

Р1 – 1 рейтинг бағаның пайыздық мазмұны;

Р2 - 2 рейтинг бағаның пайыздық мазмұны;

Е – емтихандық бағаның пайыздық мазмұны.

төртбаллды жүйе бойынша сандық баламаға сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 545 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...