Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пәннің сипаттамасы. Қазақстан Республикасының банктер жүйесі ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстарғанда



Пәнді оқытудың мақсаты:

Қазақстан Республикасының банктер жүйесі ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстарғанда нарық талабына сай өзгерістерді жедел қабылдайтын жене экономикалық базистегі өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің даму зандылықтарына тез сыңай танытатын, салыстырмалы дербестігі бар ақша секторы. Қазақстанның банк секторы қаржы нарығының ең жақсы дамыған сегменті. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банктер жүйесінің дамуының жаңа кезеңі басталды. Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандартқа сәйкес қызмет етуі Қазақстан Республикасы Қаржылық қадағалау Агенттігінің коммерциялық банктердің сапасына талабын күшейтті. Бұған бір жағынан банкаралық бәсекенің ықпалы өсер етсе, ал екінші жағынан шет ел капиталының банк секторына енуі қозғау салды. Қазақстан экономикасына шет ел инвестицияларын тартумен қатар елімізде сыртқы экономикалық қатынастар да дамуда. Ал бұл процесс өз кезегінде банк менеджментінің сапасын халықаралық деңгейге көтеруді талап етеді. Міне осыған байланысты банктер жүйесіне теориялық әзірлігі терең және практикалық қабілеті мол мамандар дайындау мәселесі де жаңа белеске көтерілді. Банктер жүйесінің инфляцияны тежеуде, нақты секторды инвестициялауда, ақша айналымын үйымдастыруда және экономиканы макродеңгейде реттеуде атқаратын рөлі арта түсті.

Пәнді оқытудың міндеттері:

Қазіргі кездегі коммерциялық банктер клиенттерге әр түрлі қызметтер яғни, несие беретін, валюталық және депозиттік операциялармен айналысатын, кассалық есеп айырысу қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілермен үзеңгілес, әрі серіктес ерекше кәсіпорын. Сондықтан экономиканы басқаруда мамандар үшін банк ісін ұйымдастырудың ғылыми және практикалық негізін оқып үйренудің маңызы зор. Жоғарыда аталғандай Қазақстан Республикасы банктерінің халықаралық стандартқа көшуіне байланысты қойылатын талаптар күшейген сайын кәсіпкерлік деңгейі жоғары болашақ банкирлер дайындау жауапкершілігі де арта туспек. Бұл жауапксршілік «Банк ісі» пәнін жан-жақты, тсрең әрі сапалы оқытумсн тікслсй байланысты.





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 298 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...