Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кестелер



Web –құжатының негізгі бөліктерінің бірі кесте. Ол тікбұрышты бағаналар мен көлденең орналасқан жолдардан тұратын торлар жиыны түрінде қарастырылады. Жолдар мен бағананың қиылысы ұяшық деп аталады. Бір ұяшықта мәтін, сурет немесе басқа бір шағын кесте орналаса алады. Кестелерді қолдана отырып, бірнеше бағана құруға және суреттің фон мен үйлесуін сәндірек етуіге болады т.с.с. Кесте <TABLE> ашылатын тэгімен басталып </TABLE> тэгімен аяқталады. Кестенің жолдары <TR> тэгімен басталады және (</TR> Table Row), тэгімен жабылады, ал әрбір ұяшық <TD> тэгімен басталып(</TD> Table Data) тэгімен аяқталады. <TD> тэгі кестедегі мәліметтерді көрсетуге арналған, ал ұяшықтар тақырыбын енгізу үшін <TH>…</TH> (Table Header) (кесте тақырыбы)тэгі қолданылады,бірақ бұл жағдайда мәтін қалың шрифтті ірі ұяшық ортасына жазылады.

<TABLE> тэгінде мынадай атрибуттары болуы мүкін:

Атрибут Атқаратын қызметі
ALIGN Кестенің құжаттағы орналасуын анықтайды. Жазылмаған жағдайда кесте документтің сол жағына жабысып тұрады. Оның мынадай атрибуттары бар: LEFT (сол жаққа), CENTER (ортаға) және RIGHT (оң жаққа).
WIDTH   Кестенің енін пиксельмен немесе пайызбен анықтайды. (мысалы, WIDTH= “400”) немесе кесте енін пайыз бойынша (мысалы, WIDTH= “80%” ).
BORDER Кесте қабырғасының қалыңдығын пиксельмен береді (мысалы BORDER= “4”), жазбаған жағдайда n=0 болып, кесте қабырғалары көрінбей тұрады.
CELLSPACING Ұяшықтардың ара қашықтықтарын пиксельдермен береді. (мысалы, CELLSPACING= “2”).
CELLPADDING Мәтін мен кесте қабырғасының ара қашықтығын пиксельдермен береді.

Кесетде тақырып орналасуы мүмкін, ол (<CAPTION>... </CAPTION>) тэгтерінің ортасында орналасады. Тақырыпқа ALIGN атрибутын қолдануға болады, ол кестеде орналасуын анықтайды: <CAPTION ALIGN=TOP> тақырып кестенің жоғарғы жағының ортасына жазылады. <CAPTION ALIGN=BOTTOM> тақырып кестенің төменгі жағының ортасына жазылады.Кестенің жолдары <TR> тэгімен басталады және </TR> тэгімен жабылады. Берілген тэгтің мынадай атрибуттары болуы мүмкін:

Атрибут Атқаратын қызметі
ALIGN Ұяшықтағы мәтінді көлденең түзету. LEFT (солға), СENTER (ортаға) және RIGHT (оңға) белгілерін пайдалануға болады.
VALIGN Ұяшықтағы мәтінді тігінен түзету. Берілетін белгілер: VALIGN=TOP (жоғарғы шетпен түзету), VALIGN=CENTER (ортаға түзету, еш нәрсе жазбаған жағдайда қолданылады), VALIGN=BOTTOM (төменгі шетпен түзету).

Кестенің әрбір ұяшығы <TD> тэгімен басталып</TD> тэгімен жабылады. Берілген тэгтің мынадай атрибуттары болуы мүмкін:





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 451 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...