Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!

Мәтінді пішімдеу

HTML тілі мәтін бөліктерін пішімдеудің логикалық (logіcal), әрі физикалық (physіcal) стильдерін жүзеге асыра алады.

Логикалық пішімдеу тэгтері

Мәтінді логикалық пішімдеу немесе белгілеу оның бөліктерін ерекшелеп, құжат құрылымын көрсете алады.

Мұнда мәтіннің екі негізгі бөлігін ерекшелеуге болады:

1. Құжаттағы тақырыптарды белгілеу;
2. Мәтін элементтерін белгілеу.

Мұнда ашылу тэгіне сәйкес жабылу тэгі болуы тиіс, олардың бірі болмай қалса, экрандағы мәтін бейнесі өзгеріп кетеді. Кез-келген тэг алдынан және артынан автоматты түрде бос жол пайда болады.

Логикалық стильдегі мәтін фрагменттерін енгізу тэгтері төменде көрсетілген.

Атрибут Атқаратын қызметі
...  Ағылшынның emphasіs — акцент сөзінен шыққан, яғни курсив түрінде берілетін мәтін бөлігін қоршап тұратын белгілер болып табылады. (аналогы ...)
...    Ағылшынның strong emphasіs — күшті акцент дегені, мәтін ішінде қарайтылған қаріп болып көрсетіледі. (аналогы ...)Экранға шығарылатын хабарлама үлгілерін демонстрациялау үшін ұсынылады.
...    Программа мәтінін көрсету үшін қолданылатын стиль түрі. Мәтін код немесе формула түрінде бейнеленеді (көп жағдайда Courier қаріпі түрінде)
<SAMP>... </SAMP>   Ағылшынның sample — мысал, үлгі деген сөзі, программа жұмысы нәтижелерін ендері бірдей моношрифт түрінде экранға шығарарда пайдаланылады
<KBD>... </KBD>   Ағылшынның keyboard — пернетақта (клавиатура) қысқаша сөзі. Пернелерден енгізілетін сөз тіркестерін көрсету мақсатында қолданылады.
<VAR>... </VAR>   Ағылшынның varіable — айнымалы сөзі, программадағы айнымалы аттарын жазу үшін енгізілген стиль түрі, қисайтылған курсивке ұқсас қаріп түрі.

Мұндай белгі абзацты анықтайды.
және
тэгтерінің ортасына жазылған мәтін бір абзацқа бөлінеді.

Көп жағдайларда HTML құжаттарының тақырыптары болады. Олар <H n >....</H n > тэгтер арқылы жасалады, n –нің орнына 1-ден 6-ға дейін сан жазамыз. Осы тэгтер арасына мәтінімізді орналастырсақ, сізге белгілі көлемді тақырып шығады. Тақырыптың бірінші деңгейі-өте үлкен, алтыншы деңгейі-өте кіші. Тақырыптар тэгінің ALІGN атты атрибуты болады, ол абзацтың осындай атрибутымен бірдей, мәндері мына сөздердің біріне сәйкес келуі тиіс:

· ALIGN=”left”-параметрінің мәні мәтінді сол жаққа түзетеді.

· ALIGN=”center”-мәтін терезе браузерінің ортасына орналасады.

· ALIGN=”right”-мәтінді оң жаққа қарай түзетеді.

· ALIGN=”justify”-браузер терезесінің ені бойынша түзетеді.

Физикалық пішімдеу тэгтері

Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 1592 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!

studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...