Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

І нұсқа



1. Интернетте қызықты деген сөйлемде “ ақпараттар көп ” қандай сөз тіркесі?

А. қиысу

В. меңгеру

С. матасу

Д. қабысу

Е. жанасу

2. Мақалды толықтырыңыз. Ұлықсыз жұрт -... дене.

А. басшысыз

В. қолсыз

С. көзсіз

Д. бассыз

Е. жансыз

3. “Төрт газет жауға жүз мың армиядан артық зиян келтіреді” деген кім?

А. Жан Жак Руссо

В. Наполеон

С. Ворошилов

Д. Вальтер

Е. Әуезов

4. “Дала уалаятының газеті” қай қалада шығып тұрды?

А. Қызылордада

В. Омбыда

С. Орынборда

Д. Алматыда

Е. Оралда

5. Асты сызылған қай сөйлем мүшесі болады? Журналист кітапшамен де, диктофонмен де, өзінің есіне сақтап та жұмыс істей алады.

А. толықтауыш

В. анықтауыш

С. баяндауыш

Д. пысықтауыш

Е. бастауыш

6. Егер сіз редактор болсаңыз, онда өте ұстамды болыңыз деген сөйлемдегі “ды” қандай қосымша?

А. шығыс септігі

В. сын есімнің жұрнағы

С. жіктік жалғау

Д. табыс септігі

Е. жедел өткен шақтың жұрнағы

7. Өз материалыңызды жазып болған соң не істеген жөн?

А. баспаға берген жөн

В. жыртып тастаған жөн

С. біреуге оқытқан жөн

Д. Басшыға ұсынған жөн

Е. Мақтанған жөн

8. “Көмейден сөзі төгілген” деген фразеологиялық тіркес қандай адамға тән?

А. суретшіге

В. ғалымға

С. жырауға

Д. ақынға

Е. жазушыға

9. “Мамандықтың бәрі жақсы” – кімнің мақалалар жинағы?

А. Ш.Мұртазаның

В. К.Смайыловтың

С. Б.Момышұлының

Д. Ш.Айтматовтың

Е. Ш.Тоқжігітовтің

10. “Әдебиетте жарқ етіп көрініп, тез сөнген, жастай кеткен” журналист кім?

А. Ш.Уәлиханов

В. С.Ерубаев

С. Е.Бұлқышев

Д. С.Торайғыров

Е. К.Смайылов

11. Қазақтың ғана емес, қалың елдің мұңы Шерхан мұңы, оның қайғысы Шерхан қайғысы деген сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылмаған.

А. үтір

В. сызықша

С. тире

Д. леп белгісі

Е. нүктелі үтір

12. “Пырақ” сөзі қандай жануарға арналады?

А. жүйрік ат

В. семіз сиыр

С. қыран құс

Д. сүтті ешкі

Е. қырсық есек

13. Көп нүктенің орнына қандай қосымша жалғанады? Ш.Мұртаза өзінің шығармашылық жолын Л.Латиннің “Хоттабыч қарт” әңгімесін қазақшаға аудару... бастады.

А. –дан

В. –мен

С. –ға

Д. –ды

Е. –дың

14. “Сандалу” сөзінің синонимін табыңыз.

А. жүру

В. кезу

С. араласу

Д. қаңғыру

Е. табу

15. Н.Төреқұловтың “Қашан болады?” мақаласы қай мәселені көтерген?

А. төңкеріс

В. жаңа үкімет

С. ана тілі

Д. халық тұрмысы

Е. өнер туралы

16. Ш.Мұртаза Б.Момышұлын кім деп атады?

А. батыр жігіт

В. нағыз қазақ

С. алғыр офицер

Д. талантты жазушы

Е. нағыз қолбасшы

17. “Лидеры печати” қалай аударылады?

А. баспасөз қызметкері

В. баспасөз жампоздары

С. баспасөз басшылары

Д. баспасөз журналисі

Е. баспасөз беттері

18. Журналистикада ақиқаттан алшақтау нені туындатады?

А. еркіндікті

В. белсенділікті

С. демократияны

Д. сенімсіздікті

Е. жауапкершілікті

19. Тиісті сөзді табыңыз. Қазақ тілі тек қазақ... ғана ойдағыдай дамиды.

А. аулында

В. топырағында

С. мектебінде

Д. отбасында

Е. арасында

20. “Тағылым” сөзінің синонимін табыңыз.

А. тәрбие

В. тәлім

С. білім

Д. таным

Е. талғам





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 401 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...