Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырма. Мәтінді оқыңыздар



Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалығы бұрынғыға қарағанда өте төмен. Оның негізгі себебі – адамдардың тіршілік етуіне қажетті іс-әрекеттерінің нәтижесінде ауаға түрлі газдардың шығарылуы. Атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары. Ол бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газдармен (оттегі, азот, көмірқышқыл ғазы, аргон т.б.) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды.

Атмосфераны бұзып, табиғаттың дамуына кері әсер ететін ерекше фактор – адамның тіршілік әрекеті. Адам ақыл-ой мен еңбектің арқасында айналадағы ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Табиғаттың құрамдас бөліктерінің бір-бірімен тығыз байланысты екенін ескерсек, олардың біреуі өзгерсе басқаларының да өзгеріске ұшырайтыны белгілі. Сондықтан табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде жүргізілуі керек.

Адам әрекетінің салдарынан Қазақстанда пайда болған күрделі экологиялық мәселелер бар. Олардың бірі – Арал тағдыры. Аралға құятын екі ірі өзен – Амудария мен Сырдария суын теңізге жеткізбей, егінге пайдалану осындай үлкен апатқа әкеп соқты. Теңіз суының тартылуынан оның жағалауындағы тоғайлар мен жануарлардың жойылуына әкеліп соқты. Аймақ тұрғындарының денсаулығының нашарлауына әсер етті. Қазір «Арал тағдыры – адам тағдыры» деп бұл мәселенің шешілуі үшін көп жұмыстар жүргізілуде.

Балқаш көлі де күрделі экологиялық аймақ болып отыр. Балқашқа құятын Іле өзенінің бойынан Қапшағай су қоймасының салынуы Іле өзенін мекен ететін ондатралар мен түрлі балықтардың жойылып, балық және ауылшаруашылығының дамуына кері әсерін тигізді. Балқаш көлінің айналасы тіршіліксіз шөлге айналды.

Осы күнгі экологиялық мәселелердің бірі – қышқыл жаңбырлар. Жаңбыр суы ең таза су болу керек, бірақ олай болмай отыр. Атмосфера құрамына енген өндіріс қалдықтары – күкірт диоксиді мен азот оксидтері атмосфераға еніп, ондағы ылғалмен әрекеттесіп, күкірт және азот қышқылдары түзіледі. Нәтижесінде жерге жауатын қар мен жаңбыр қышқылданады.





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 380 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...