Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырмалар. 1. Әртүрлі экожүйедегі жасыл масса өсімі және өлі өсімдік қалдықтарының қорын



1. Әртүрлі экожүйедегі жасыл масса өсімі және өлі өсімдік қалдықтарының қорын салыстырыңыздар. Қандай экожүйеде зат айналым көбірек қарқынды?

2. Егер егістікте жоғары өнім алуға болатын болса, онда ол жабайы табиғат өнімділігінің төмендеуіне әсер ете ме?

3. Адамның бүкіл өмірінде пайдаланатын су мен қорек мөлшерін есептеңіздер. Бір күнге орташа есеппен ол 2 кг өсімдік тәрізді қорек (нан, картоп, жеміс –жидек); 0,5 кг жануар тәрізді қорек (ет, балық, жұмыртқа, ірімшік және т.б.) пайдаланады. Тәулігіне 2,5 л су ішеді. Адам шамамен орташа 70 жыл өмір сүреді. Алынған нәтижелерді кестеге толтырыңыздар

Кесте

жануар тәрізді қорек өсімдік тәрізді қорек су (м3)
       
       
       
       

Бір адамның бүкіл өмірінде пайдаланатын су және қорек мөлшерін есептеңіздер.

4. Бүкіл өмірінде бір адамның организмі арқылы өтетін су және заттар ағынының орташа шамасын табыңыздар.

5. 10 млн тұрғыны бар үлкен қала тәулігіне қанша азық түлік жұмсайтыныны есептеңіздер.

6. 10%-тік ереже негізінде қоректік тізбек деңгейінің энергиясын есептеңіздер.

Өсімдік - шөпқоректі жануар - 1реттік жыртқыш - 2реттік жыртқыш

5000 Дж-----------?-------------------?--------------------?-------------?

7. Балық шаруашылығында форель, карп және сазан кеңінен өсіріледі. Осы балықтардың егер форель табиғатта негізінен су бунақденелілердің дернәсілдерімен, сазан фитопланктон және су өсімдіктерімен, ал карп қоректенудің аралас түрімен қоректенсе, энергетикалық көзқарас бойынша қайсысы қымбат саналады?

8. Шалғындық өсімдігінің таза өнімділігі тәулігіне 1 м жерге 1г. 1 ай бұрын орылған 1га ауданнан шаруа 2-ші орудан кейін үй жануарларына қанша жем жинай алады?

9. Бір қоректік деңгейден екіншісіне энергияның берілу заңын (10%-тік) ескеріп, өсімдік -шегіртке–бақа –жылан –жылан жегіш қаршығадан тұратын қоректік тізбектің жылдық биологиялық өнімділігін құрастырыңыздар.

а/ Зерттелетін территорияда өсімдіктің жылдық өнімділігі 40 т.

б/ Осы қоректік тізбектің сандар пирамидасын тұрғызыңыздар.

1 шөптесін өсімдіктің өркені

1 шегіртке

1 бақа

1 жылан

1 жылан жегіш қаршыға

Есептеуді кестеге толтырыңыздар.

Кесте





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 861 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...