Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сүзгілер және өзпішім



Сүзгі – бұл деректердің көбін іздеп, тізімдегі деректермен жұмыс істеудің ең жылдам әрі оңай тәсілі. Сүзгіден өткен тізімде баған үшін берілген шарттарға сай келетін жолдар ғана көрсетіледі. Місrоsoft Ехсеl-де тізімдерді сүзгіден өткізуге арналған екі әмір бар:

• Іріктеудің қарапайым шарттарына арналған Өзсүзгі, бұған бөлектенгендері бойынша сузгілеу де кіреді;

• Іріктеудің недәуір күрделірек шарттарына арналған қосымша сүзгі.

Сұрыптауға қарағанда, сүзгі тізімдегі жазбалар ретін бұзбайды. Сүзгілеу кезінде көрсету қажет емес жолдар уақытша жасырылады.

Місrоsoft Ехсеl-де сүзгілеу кезінде іріктеліп алынған жолдарды олардың ретін өзгертпей және орындарын ауыстырмай өңдеуге, пішімдеуге, оларға негізделген диаграммалар жасауға, басып шығаруға болады.

Өзсүзгі әмірін пайдалану кезінде сүзгіленетін тізімдегі бағандар атауларының оң жағында көрсеткілері бар батырмалар пайда болады. Місrоsoft Ехсеl сүзгіден өткен элементтерді көгілдір түспен белгілейді.

Шартты алынған топтағы сынақ нәтижелері туралы деректерді сүзгілеу кезіндегі әрекеттер алгоритмін көрсетейік:

1. Қазақ тілі деген тақырыбы бар баған ұяшықтарын бөлектеп алыңыз (20.1. сурет).





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 1104 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...