Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Стандартты функцияларды пайдалану



Ехсеl-дің Кірістіру мәзірінің Функциялар пунктіне көптеген стандартты функциялар енгізілген. Олардың көпшілігі формулаларда пайдаланылады: формулада = (тендік) белгісінен соң функция аты жазылады да, одан соң жақшалар ішінде нүктелі үтір (;) арқылы бөлініп жазылатын параметрлер тізімі көрсетіледі. Параметрлер үшін сандар, ұяшық адресі және т.б. енгізілуі мүмкін. Сервис мәзірінің Параметрді таңдау, Шешімді іздеу пункттерін пайдаланып, түрлі математикалық, экономикалық, техникалық есептерді шешуге де болады. Олардың біразы келесі тақырыпқа енгізілген, ал кейбірі тапсырма түрінде берілген.

Формула құрамында пайдаланылатын СУММ функциясынан басқа стандартты функцияларға мысалдар:

СРЗНАЧ (<тізім>) - тізімнен сандардың арифметикалық орта мәнін табу;

МАКС (<тізім>) - тізімнен ең үлкен санды табу;

МИН (<тізім>) - тізімнен ең кіші санды табу;

Sіn (х) - радиаңдық х бұрышының синусын есептеу;

АВS(х) -х санының абсолют шамасын қайтарыпберу;

ЕСЛИ - берілген шарттың ақиқат не жалған болуын тексеру, т.б.

Формулаға функцияны автоматты түрде енгізу де мүмкін. Ол үшін алдымен мәзір арқылы Кірістіру - Фунция командасын беру не аспаптар панелінің түймесін шерту керек. "Функция шебері" сұхбаттық терезесі көрінеді (19.3. сурет). Әрбір функция категориясы үшін оның құрамы терезенің оң жағына жазылып қойылады. Категория мен оның құрамындағы қажетті функцияны таңдап, ОК түймесін шерту керек. Формулалар панелі көрінеді. Панельге функция аргументін (қажетті мәнді) енгізіп, ОК түймесін шерту жеткілікті.

1-мысал. Sin(0.5) мәнін есептеу керек.





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 1570 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...