Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сурет 17.4. Абзац сұхбат терезесі



•Жанама мәзірдің Абзац әмірін таңдау:

Пішім мәзірінің Абзац әмірін таңдау.

Word мәтіндік құұжатын безендіру барысында пішімдеудің Тізім деген түрін қолдануға болады. Тізімдердің Маркерлі, нөмірленген және көп деңгейлі түрлері болады.

Тізімді терместен бұрын, Пішімдеу құралдар үстелінен батырмалары көмегімен қажетті тізім түрін таңдаңыз.

Маркердің түрі мен орналасуын өзгерту үшін Пішім мәзірінің Маркер және нөмірлеу әмірін орындаңыз. Нәтижесінде Маркер және нөмірлеу сұхбат терезесі пайда болады. Онда Маркердің қажетті түрін таңдау немесе Маркер параметрлері терезесін шақыратын Баптау батырмасын басу керек (17.6.сурет).

Сурет 17.5. Маркер және нөмірлеу сұхбат терезесі 17.6. сурет. Маркер параметрлері терезесі

Дерек атаулары - бүл құжаттың әрбір бетінде қайталанып отыратын ақпарат: мысалы, бет нөмірі, құжаттың жасалған күні мен уақыты, автор туралы мәлімет.

Әрбір бетте бірдей үстіңгі және төменгі дерек атауларын жасау үшін:

Бетте үстіңгі және төменгі дерек атаулары аумағын ашу үшін Көрініс мәзірінде Үстіңгі және төменгі дерек атаулары әмірін таңдаңыз.

Үстіңгі дерек атауын жасау үшін үстіңгі дерек атаулары аумағына мәтін немесе сызбалық элементті енгізіңіз.

Төменгі дерек атауларын жасау үшін Үстіңгі және төменгі дерек атаулары құралдар ү-стелінде (17.7. сурет) төменгі дерек атауына өту үшін Үстіңгі/төменгі дерек атауы батырмасын басыңыз да, содан кейін мәтінді немесе сызбалық әлементті енгізіңіз.





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 1223 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...