Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Емле ережесін тексеру



Word бағдарламасы құжаттағы емле ережесін тексеріп, қателерді түзетіп отырудың тамаша мүмкіндігін ұсынады. Қателерді тексеру және түзетудің үш тәсілі бар: өздіндік тексеру, қолдан тексеру және автоалмастыру.

Өздіндік тексеру. Бұндай жағдайда мәтінді енгізу барысында орфография мен грамматикаға өзіндік бақылау жасалып отырады. Бағдарлама стилистикалық қателері бар сөздердің астын жасыл, ал орфографиялық қателері бар сөздердің астын қызыл толқынды сызықпен сызады.

Сөздегі немесе сөйлемдегі қатені түзету үшін оны тышқанның оң жақ пернесімен шерту қажет, сонда қатені түзету нұсқалары ұсынылатын жанама (контекстік) мәзір шығады.

Word бағдарламасы құжатындағы қызыл толқынды сызықпен сызылған сөздердің барлығы қате емес екенін ескеру қажет, өйткені жүйе өзіне таныс емес сөздердің барлығының астын сызып отырады. Осы жанама мәзірдің көмегімен сөзді сөздікке қосуға немесе осы сияқты сөздерді өткізіп отыруға тапсырма беруге болады.

Құжатты қолдан тексеру. Қолдан тексеруді жүргізу үшін Емле құралдары сұхбат терезесі пайдаланылады. Оны іске қосу үшін Стандартты құралдар үстелінде Емле тексеру құралдары батырмасын басу немесе Құралдар мәзірінің Емле және грамматика әмірін орындау қажет.

Автоалмастыру. Бұл әмір жиі кездесетін қателерді (қате терілген сөздерді) өздік түзетуге арналған. Word -та осы сөздердің тізімі және оларды дұрыс сөздерге ауыстыру нұсқалары бар. Тізімге жаңа әлемент үстеу үшін Құралдар мәзірінен Автоалмастыру параметрлері әмірін орындау қажет, осының нәтижесінде Автоалмастыру сұхбат терезесі ашылады.

Құжатты пішімдеу (қаріп, стильдер, дерек атаулары, абзац, тізімдер, бағандар)

Мәтінді безендіру (пішімдеу) мәтінді қаріп өлшемін, эффектілерін және қаріп стилін өңдеу. Тізімдерді кірістіру, ортадағы абзацқа туралау және басқа да амалдарды орындау арқылы ерекшелеуді қамтиды.

Пішімдеуді бастамас бұрын, мәтін бөлігін бөлектеп алуды ұмытпаңыз. Көбінесе пішімдеу Пішімдеу құралдар үстелінің немесе Қаріп сұхбат терезесінің көмегімен белгіленетін қәріп сипаттарын өзгерту көмегімен жүргізіледі (17.3. сурет).

Қаріп сұхбат терезесін мына әрекеттердің бірін орындап ашуға болады:

ІІішім мәзірінің Қаріп әмірін таңдау:

<Ctrl>+<D> пернелері тіркесімін басу:

• Жанама мәзірдің Қаріп әмірі.

Бұл сұхбат терезесінде үш қосымша бар: Қаріп, Аралық, Эффектілер. Қаріп қосымшасы қаріп түрін, өлшемін, түсін және стильін белгілеуге мүмкіндік береді.





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 1718 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...