Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ақпараттық-есептеуіш жүйелері кафедрасының оқу-әдістемелік семинарының отырысында қарастырылып, бекітілген



Ақпараттық-есептеуіш жүйелері кафедрасының оқу-әдістемелік семинарының отырысында қарастырылып, бекітілген.

№ 3 хаттама 11 қараша 2010 ж.

Қазіргі кезде микропроцессорлық техниканың, байланыс желілердің, жаңа технологиялардың дамуы ақпаратты өңдеу индустриясының дамуына, информатика деген жаңа бағыттың пайда болуына әкеліп соқты. Осы лабораториялық практикумды оқу барысында экономикалық мамандықтарда оқитын студенттер экономикалық және басқару мәселелерін компьютердің көмегімен шешуге әртүрлі әдістерді пайдалануға, компьютер жүйелерін жақсы игеруге, ақпараттық технологияларды болашақта өз кәсіпкерлік істерінде қолдануды үйренеді.


Мазмұны    
  Ақпарат және ақпараттық процестер  
  Булева алгебрасы. Логикалық амалдар  
  Графтар мен ағаштар  
  Компьютердің архитектурасы  
  Санақ жүйесі  
  Машинаның ұйымдастырылуы. Ақпаратты сақтау  
  Алгоритмдер. Алгоритмдерді құру негіздері  
  Деректердің құрылымдары. Блок-схемалар  
  Бағдарламалау тілдері  
  Бағдарламалау парадигмалары  
  Visual Basic (VBA) бағдарламалау тілінің негізгі элементтері  
  Операторлар, өрнектер, амалдар  
  Басқару операторлары  
  Циклдерді бағдарламалау  
  Амалдық жүйелер негізгі элементтері  
  Утилиттер  
  Word мәтіндік редакторы  
  Excel кестелік процессоры. Кестелермен жұмыс істеу  
  Excel-дегі функциялар  
  Excel-де деректер тізімдерімен жұмыс істеу  
  Access ДББЖ. Access-те кестелерді құру  
  Access-те сұраныстарды құру  
  Access-те формалар мен есеп берулерді құру  
  Power Point пакетімен жұмыс істеу  
  Локальді-есептеуіш желілер  
  Интернет ғаламдық желісі  
  Графикалық жүйелер  
  Графикалық қосымшалармен жұмыс істеу  
  Графикалық бағдарлама ортасында жұмыс істеу  
  Ақпаратты қорғау негіздері  

АЛҒЫ СӨЗ

Курстың қысқаша сипаттамасы. Қазіргі кезде микропроцессорлық техниканың, байланыс желілердің, жаңа технологиялардың дамуы ақпаратты өңдеу индустриясының дамуына, информатика деген жаңа бағыттың пайда болуына әкеліп соқты. Информатика ЭЕМ және басқа техникалық құралдар арқылы ақпараттарды беру, алу, жинау, толықтыру, өңдеу тәсілдерін сипаттайды.

«Информатика» пәнінің мақсаты экономикалық мамандықтарда оқитын студенттерді экономикалық және басқару мәселелерді компьютердің көмегімен шешуге әртүрлі әдістерді пайдалануға, компьютер жүйелерін жақсы игеруге, информациялық технологияларды болашақта өз кәсіпкерлік істерінде қолдануға үйрету болып табылады.

Пәнді оқыту сауалдары.

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер мыналарды меңгеріп шығу керек: экономикалық информацияның талдау әдістерін, құрылымдауын, өңдеуін көрсетіп білу; компьютер көмегімен экономикалық және басқару мәселелерді шешуге алгоритмдер мен программаларды құрастыру; дербес компьютерде жұмыс әдістерін, операциялық жүйелерді, программалық қамтамасыздандыруды, әртүрлі редакторларды, кестелік процессорларды, деректер базасын басқару жүйесін, қолданбалы программалар пакетін білу; компьютерлік желілердің қызметтердің қолдану және дүниежүзілік ауқымды Интернет желісінің: e-mail, www, телеконференциялар - қызметтеріне қолдану; экономиканың салаларындағы информациялық жүйелерді, деректер базаларын жобалауды және құруды үйрену; компьютерлік жүйелердің және информациялық технологиялардың жиі кездесетін өзгерістеріне бейімделу.

Ереже:

Лабораториялық және өзіндік тапсырмаларды көрсетілген мерзімде тапсыру қажет. Тапсырмаларды тапсырудың ең соңғы мерзімі – емтихандық сессия басталғанға дейінгі 3 күн. Барлық тапсырмаларды орындамаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Өткен сабақтардың барлық материалдары бойынша тақырыптарды қайталау және тапсыру міндетті болып табылады. Өткен материалдарды меңгеру деңгейі тестілермен анықталады. Тест алу ешқандай ескертусіз кез-келген уақытта өткізіледі.

Студент сабаққа қатысатын болса, кешікпей келгендігі қадағаланады. Сабаққа келмеген күндерінде өткізілген тақырыптарды өз бетімен оқып, оқытушыға тапсырады.

Компьютерлік аудиторияларда студент техника қауіпсіздігін сақтау керек. Компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін студент компьютерді өшірілген күйінде оқытушыға тапсыру керек.

Студент өз еркімен қандай да бір бағдарламаларды орнатуға немесе өшіруге құқы жоқ.


Лабораториялық жұмыс №1 (1 сағат)

Тақырыбы: «Ақпарат және ақпараттық процестер»

Жұмыстың мақсаты: Информатика құрылымын, ақпараттың түрлері мен қасиеттерін, ақпараттық процестерді оқып-үйрену

Тапсырма:

1. Информатиканы ғылым мен технологияның біртұтасы ретінде қарастыру және информатиканың құрылымын оқып-білу

2. Ақпараттың түрлерімен және қасиеттерімен танысу. Ақпараттың құрылымын келтіру

3. Ақпараттың көлемін өлшеу

4. Ақпараттық процестерге сипаттама беру. Деректермен орындалатын амалдарды жүргізу

5. Деректерді тасымалдағыштарды оқып-меңгеру

6. Есеп беруді құру





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 825 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...