Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Геркулес» хлопьясын ондіру технологиясы



4,33-суретте хлопья алудың технологиялық сызбанұсқасы көрсетілген. Мұндай технологиялық схема үлкен өндіріс орынында және шағын кәсіпорында жарма хлопьясын алуға қолданылады.Осы жагдайда ұсақталмаған жарма шығының нормасы 9,5% болса,онда өңдеу барысында сұлы хлопьясының 5,5% болады.Өндірістегі жарманың технологиялық шарты,сұлы жармасынан «Геркулес»Хлопьясы алынған тәсілмен жүргізіледі,бұл жағдайда хлопья шығыны 9,5%. Оларды өңдеу негізінен бір технологиялық схемада өтеді. «Геркулес» хлопьясын өндіру үшін әдетте жоғары сорты жарма қолданылады.Хлопья сапасына қойылатын жоғары талаптар сұлы жармасын,сонын ішінде ұсақталған және бөлшектелген ядросына ерекше назар аударады.Осындай технология көмегімен екі мәрте сеперациялау және бір мәрте жарманы іріктеу жүргізіледі.

Талшық алу технологиясы.

Талшық – бұл сұлы ядросынан арнайы технологиямен алынатын ірі ұнтақты ұн. Оның ылғалдығы 10,0 % – дан, ал күлділігі 20,0 %– дан аспауы керек. Талшық алу үшін қоқыс қоспасынан және жетілмеген дәндерден тазартылған таза сұлыны пайдаланады. Дәнді тазарту технологиясы сұлы жармасын алу технологиясымен ұқсас келеді. Тазартылған сұлы дәндерін екі сағатқа температурасы 35°С суда жібітеді. Осы кезде сұлының ылғалдылығы 30% – ға жетеді. Ылғалды сұлыны арқалы аппараттарда 1,5-2сағ. Бойы 0,15-0,2 МПа бу бере отырып өндейді, сосын ылғалдылық 5-6 % ға жеткенше кептіреді. Осы кезде ядроға қарағанда күлдік қаббаттың сусыздануы көбірек болады да, жарылғыштық көбейіп ол ядродан бөлінеді. Сұлыны арнайы аппараттарда суытады. Мұндай аппараттарда температура 10°С аспайды. Суыту процесі атмосфералық ауа көмегімен жүзеге асыралатындықтан ауа ылғалдылығын бақылау қажет, сусыздандырылған күлдік қабатты ылғалдандырып алмау қажет. Сұлыны қабыршақсыздандыру - қабыршақсыздандыру немесе центрге тартқыш қабыршақсыздандырғышта жүзеге асырылады. Қабыршақсыздандыру режимі 90% қабыршақтынсыздырылған дәндерді қамтамасыз етуі қажет. Қабыршақсыздандырылған өнімді 3 этаппен сепарациялайды- алғашында ситолы сепараторлармен, мұнда диаметрі 2мм ситолар ұн мен ұсақталған ядроны ажыратады, сосын екі еселік пневмо сепорациялау көмегімен лузганы бөліп алады. Үшінші кезеңде қабықсыздандырылған және қабықсыздандырылмаған дәндерді паддимашиналарда бір-бірінен ажыратады. Қабықсыздандырылмаған дәндерді қайта қабықсыздандырады, ал қауыз және ұсақталған ядроны бақылайды. Қабықсыздандырылған сұлы дәндерін екі қайтара ұсақтайтын белдікті станоктар жүйесінде ұсақтайды. Ұсақтауды бірінші және екінші жүйелерден ұнды максималды мөлшерде алуға бағыттайды. Ұсақтау өнімдерін себуге іріктейді. Өзінің табиғаты бойынша осы этаптағы технология обойлы ұн алу технологиясын еске салады. Түрлі елеуіштен өткен себуден ұнтақ алады, ал қалғанын кайта ұсақтау жүйесіне жібереді. Екінші ұсақтау жүйесінде интенсивті ұсақтау операциясын қайталайды да, алынған өнімді іріктейді. Ұсақтаудың екі жүйесінен алынған ұнтаққа байқаусыз түсетін қоспалардан себудің арнайы жүйесінде бақылайды. Осы бақылаудан кейін екінші ұсақтау жүйесінде қайта ұсақтайды. Балалардың тамақтануында қолданылатын сұлы ұнтақ пестициттерді қолданбай өсірілген сұлыдан алынуы қажет. Сондай-ақ сұлы құрамындағыи ауыр металдар (мыс,свинец, кадмий, мырыш, сынап) рұқсат етілген концентрация көлемінен аспауы керек. Ал пестициттердің қалдық көлемі максималды рұқсат етілген көлемге сай медициналық нормалармен бекітілген болуы керек.




Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 1131 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...