Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кешеннің технологиялық сұлбасы



Полиметалл рудаларын, мысалы, мырыш концентратын қорытқанда шығатын күкірттелген газдардан, күкірт қышқылын өндіретін кешеннің жұмысымен танысайық [32,33].

Бұл өндіріс автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталған болсын.

Осы өндірістің технологиялық сұлбасы бойынша (13.4-сурет) әртүрлі мырыш концентраттарынан жасалған және Zn, S, Cu, Ғе -ның проценттік мәндері регламенттелген шикіқұрам қоймадан бірнеше қатарлас істеп тұрған металлургиялық пештерге келіп түссін. Осы концентрат пеште дұрыс қорытылуы үшін, онда оттегінің проценті көбейтілген ауа үрленеді. Қорытудың нәтижесінде алынған мырыш тұқылы сілтісіздендіру цехына жіберіледі.

Сурет

Ал біз бұл цехтың жанама өнімі - күкірттелген газға назар аударайық. Пештерден кейін бұл газ ағыны құрғақ электрофильтрлерде (СЭ) шаңнан арылып, күкірт қышқылы цехының жуып-тазарту бөліміне (ПБ) барады. Бұл бөлім жуып-тазарту мұнарасы және скруббер-электрофильтрлермен (МЭ) жабдықталған.

Осы қондырғыларда күкірттелген газ ағыны себелеп түрған күкірт қышқылынан өтіп, әртүрлі зиянды қоспалардан арылады. Содан кейін газ ағыны кептіру мұнарасынан (СБ) өтіп, контакты аппараттар (КА) бөліміне келеді. Осы жерде

2S02 +02= 2S03

реакциясы өтіп күкірт ангидриды алынады. Содан кейін газ моногидратты абсорбер (А) бөліміне жетіп, ондағы концентраттығы жеткіліксіз күкірт қышқылындағы сумен реакцияға түседі

SO3 +H2 0 = H2SO4 .

Күкірт қышқылының концентрттығы 93-95% қоймаға жіберіледі.





Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 429 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...