Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Имитациялық жүйенің құрылымы



Жүйенің құрылымы қойылған мақсатқа жету үшін осы жүйе арқылы іске асырылатын мәселелердің өзара байланысымен және сипатымен анықталуы қажет. Имитациялық жүйені өңдеудің мақсаты деп әдетте кездесетін жағдайларға жақынырақ келетін, яғни шығарылатын мәселенің стационарлы емес параметрінің стохастикалық сипатын ескеретін жағдайларда параллель құрылымды жүйелердегі ресурстардың тиімді үлестірілуін айтуға болады. Параметрлерді талдаудың имитациялық моделі келесі өзара байланысқан мәселелердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету керек:

- стационарлы емес параметрлердің өзгеруі мүмкіншіліктерін
имитациялау;

- берілген параметрлердің сандық сипаттамасын есептеу;

- жүйенің параллельді элементтернің параметрлерінің
әртүрлілігін ескере отырып, шығарылатын ресурстарды үлестіру
мәселелерінің шешімін табу;

- алынған шешімнің тұрақтылық аумағын анықтау;

- стационарлы емес параметрлердің тұрақтылық аумағынан шығу жиілігін талдау;

- нәтижелерді өңдеу және ресурстарды үлестірудің тиімділігін талдау,

Атап өткен мәселелердің өзара байланыстылығының сипатын талдау параметрлерді бағалаудың келесі алгоритмімен бейнеленеді және оның жалпыланған блок-сұлбасы 12.5 суретте келтірілген.

Блоктардың әрқайсысына қысқаша тоқталайық. параметрлерін өзгерту алгоритмі. Осы берілген жүйеде екі жағдайды қарастырамыз:

1) Шектеулердің оң жағын құратын ресурс векторының
қайсыбір шамасына өзіеруін:

2) мақсатты функцияның параметрлерінің өзгеруін:

Олардың өзгерісін модельдеу үшін 4-ші тарауда келтірілген кездейсоқ шамаларды модельдеудің бір әдісін қолдануға болады.

Берілген параметрлерінің сандық сипаттамаларын бағалау мәселесі.

ΔSфакт,σфакт параметрлерінің өзгеруін имитациялау алгоритмдері  
Берілген m,σ2 параметрлерінің сандық сипаттамаларын бағалауды есептеу
Кеңейту әдісімен PYM-PYM-нің тиімді шешімін іздеу  
Нәтижелерді өңдеу және талдау
Параметрлер өзгерінен салыстырмалы сипаттамалары.Тұрақтылық облысынан шығу жиілігін талдау  
Табылған ΔSуст, σуст шешімдердің тұрақтылық облысын анықтау  
Сипаттамалар қанағаттанарлық па?
Мәселенің жаңа шешімін іздеу





Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 491 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...