Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Силлабус. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті практикалық қазақ тілі кафедрасының доценті



1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті практикалық қазақ тілі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Тұяқбаева Рабиға Рахманбердіқызы; Байланыс телефоны: 87019992878, [email protected]; 70-95-00 (32-233) (жұм.); [email protected]; Ғылыми мектебі: 2005 жылы ҰҒА академигі М.С.Серғалиевтың жетекшілігімен «Қазақ баспасөзінің лексикасы мен фразеологиясы (1990-2005 жылдары)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған. Ғылыми қызығушылығы: Қазіргі қазақ тілінің өзекті мәселелері, қазақ тілінің функционалды грамматикасы мен коммуникативтік грамматика.

2. Практикалық қазақ тілі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Мұсабекова Алдан Алтайқызы; Байланыс телефоны: 8 701 682 69 68; 48-87-78, [email protected]; 70-95-00 (32-233) (жұм.); [email protected]; Ғылыми мектебі: Мұсабекова А.А. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР ҰҒА академигі М.С.Серғалиевтің жетекшілігімен «Қазіргі қазақ публицистикасында экспрессия мен эмоцияны білдірудің тілдік құралдары» тақырыбында кандидаттық диссертациясын ғылыми кеңесте қорғаған; Ғылыми қызығушылығы: қазақ тілін журналистика мамандығына оқитын басқа тілді студенттерге ситуациялы тапсырмалармен оқыту.

3. Практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Салықжанова Шынар Байронқызы; Байланыс телефоны: 87776572704, [email protected]; 70-95-00 (32-233) (жұм.); [email protected]; Ғылыми мектебі: Абай атындағы ҰПУ, ізденуші; Ғылыми қызығушылығы: қазақ тілін оқыту әдістемесі

2. Пәннің коды, атауы және кредит саны. Кәсіби қазақ тілі. Код:: RK (R) Ya 2218, RK (R) Ya 2207. Кредит саны – 2

3. Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес, 3 семестр.

4. Оқу пәнінің пререквизиттері: Мемлекеттік тілді еркін меңгеру үшін қазақ тілінен орта мектеп, лицей, гимназия деңгейіндегі лексикалық минимум мен грамматикалық құрылысы жөнінде алғашқы білімі болуы керек (В2 - негізгі стандартты деңгей) және жоғары оқу орнындағы қазақ тілі курсының толық бағдарламасын меңгеруі тиіс (С1 - негізгі стандарттан жоғары деңгей)

Постреквизиттер: Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы, морфологиясы, синтаксисі, қазақ тілінің стилистикасы, қазақ тілін оқыту әдістемесі, кәсіби бейімді лексикалар мен мамандыққа қатысты терминдік сала (С-2 – негізгі стандарттан жоғары деңгей)

5 Оқу пәнінің сипаттамасы

5.1 Оқу пәнінің аты

Пән студенттің мамандығына қатысты кәсіби лексикасын қалыптастыруға, оны дамытуға бағытталған.

5.2 Оқу пәнін оқыту мақсаты:

Қатысымдық, танымдық, тәрбиелік мақсат бірлікте алынады:

- қарым-қатынас құралы – тілді меңгеруді жетілдіре түсу;

- өз мамандығын игеруде қазақ тілі мүмкіндігін жете пайдалану;

- мамандыққа сәйкес белсенді лексика мен терминдерді меңгеру арқылы нақты тілдік ортада тілдік қызмет жағдаяттарына бейімдеу;

- коммуникативті мақсатта берілген тапсырмалар, жаттығулар негізінде кәсіби лексикасын қалыптастыру;

5.3 Пәнді оқыту міндеттері:

- кәсіби мәтін түрлерімен, олардағы мамандыққа тікелей қатысты сөздер мен сөз тіркестерімен таныстыру. Кәсіби мәтін түрлерін талдауда мамандыққа қатысты сөздермен бірге өз мамандықтарымен байланысты танымдық материалдарды игеріп, оларды мемлекеттік тіл – қазақ тілінде айта алатындай, сондай-ақ жазбаша жұмыстар жүргізетіндей дағдыларды қалыптастыру. Соның негізінде студенттердің кәсіби бейімін екі тілде жұмыс істеуге дағдыландыру.

тілдік қызметтің барлық түрлерін өзара байланыста оқыту;

5.4. Оқу пәнінің мазмұны

- студенттердің кәсіби сөздік қорларын молайту;

- қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын, жазу сауаттылығын арттыру;

- болашақ мамандардың мемлекеттік тілде өз мамандығы бойынша мағлұмат алатындай деңгейге жеткізу, мәтінді еркін игеруге машықтандыру;

- кәсіби лексиканы игерту ауқымында салалық терминологиямен таныстыру.

5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары

Апталар Тақырып аты Оқуды ұйымдастыру формасы және сағат саны БӨЖ тапсырмалары
1 апта Сәулет өнері.Заттың, құбылыстың пайда болу фактісінің берілуі Практ.–2 сағ. БӨЖ – 4 сағ. Шығыс сәулет өнері туралы мәлімет.
2 апта Құрылыс материалдары. Зат есім жасайтын жұрнақтар. Практ. - 2 сағ. БӨЖ – 4 сағ. Құрылыс өнеркәсібі туралы не білеміз?
3 апта Қазақтардың ежелгі баспанасы -киіз үй. Септік жалғаулары. Көнерген сөздер. Практ. – 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. Киіз үйдің тарихы
4 апта Ағашқа ою салу өнерi Домбыраның құрылысы.   Практ.- 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. Қазақтың ұлттық аспаптарының түрлері туралы мәлімет дайындау
5 апта Қазақстанның жер бедері. Геодезия ғылымы туралы Тәуелді септеу. Практ.- 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. Өз туған жерінің ерекшелігі жайлы баяндау дайындау
6 апта Сіз Сарыарқа даласы жайлы білесіз бе? Қазақстандағы құрылыс Мекенді білдіретін грамматика. Практ.- 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. «Қандай көркем туған өлкем» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
7 апта Қазақ архитектурасы Қазақ архитектурасының даму тарихы. Мезгіл, мекен үстеулері. Практ.- 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. «Ш.Уәлиханов – ірі ғалым» эссе жазу.
  Аралық бақылау. Тест тапсырмалары    
8 апта Қ.А. Яссауи кесенесі XIV - XV ғасыр құрылысы. Зат есім жасайтын жұрнақтар. Практ.- 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. «Арыстан баб кесенесі» және «Тайқазан» туралы не білеміз?
9 апта Шегесіз салынған мешіт Шылау және оның түрлері. Практ.- 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. «Хазірет-Сұлтан» мешіті», «Нұр-Астана» мешіті
10 апта Норман Фостер — сәулетші. Сан есімді қайталау. Тәуелдік жалғауы. Практ.- 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. «Бейбітшілік пен Келісім сарайы», «Хан шатыр»
11 апта Мысыр пирамидаларының сыры. Пирамидадағы пәктік пен парасат. Сан есімнің түрлері. Практ.- 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. Пирамиданың қасиеті
12 апта Мүсін өнері. Интерьер. Сапалық, қатыстық сын есім. Практ. – 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. Қазақстандағы мүсін өнері мен интерьер саласы
13 апта Ұлы Қытай қорғаны. Шылаудың түрлері. Практ.- 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. Қытай елінің сәулетшілері туралы шолу жасау
14 апта Тәж Махал -махаббаттың символы.Заттың сын-сипатын түсі бойынша сипаттау Практ.- 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. Семирамида аспалы бағы, Айша бибі кесенесі
  Аралық бақылау. Тест тапсырмалары    
15 апта Әлемдегі ең қауіпті көпірлер Күшейткіш үстеу. Практ. - 2 сағ. БӨЖ – 4 сағ. Қазақстан көпірлері
Барлығы: 90 сағ. прак.сабақ – 30 сағ., БӨЖ-60 сағ.

6. Міндетті және қосымша әдебиеттер тізімі:

Міндетті әдебиеттер:

1. З.С. Күзекова Қазақ тілі: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.Алматы: Таным, 2003

2. З. Күзекова, Р.М.Әбдіқұлова Қазақ тілі. Алматы «Раритет» 2011 ж.

3. З.Күзекова Қазақ тілінің практикумы (грамматикалық жаттығулар жинағы). Астана, 2010.

4. Қазақ тілінің грамматикасы.

5. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ. Және т.б. Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы, 2008.

Қосымша әдебиеттер:

1. Қазақша-орысша сөздік-анықтамалық. Құрастырған. Астана,2006

2. Қазақстан Республикасы. Энциклопедиялық анықтамалық. Астана. 2001.

3. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Алматы. 1998-2007.

4. Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігі.

6. Бектаев К. Большой казахско-русский, русско-казахский словарь. Алматы, 1999 г.

7. Қазақ тілінің салалық термин сөздері. – Астана, 2000 ж.

8. http://www.info-tses.kz/

9. http://abai.kz/node/1982

10. http://referats.promail.kz/

11. http://www.zamana.kz/

12. http://alashainasy.kz/

13. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми сөздігі. Геология – Алматы: «Мектеп» баспасы. 2003 жыл.

14. Қазақ энциклопедиясы.

15. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми сөдігі. География және геодезия. – Алматы: «Мектеп» баспасы. 2007 жыл.

16. Сүлейменова Э.Д., Қадашева Қ., Ақанова Д. Қазақ тілі оқу кешені. Алматы, 1996.

7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау

Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау, БӨЖ тапсырмаларының орындалу сапасын бақылау, тестілеу формасында екі аралық бақылау; ауызша қорытынды емтихан жоспарлануда.

Ағымдық бақылау: - 20%

БӨЖ тапсырмаларын бақылау - 20%

Аралық бақылау:

Тест - 20 %

Ағымдық және аралық бақылау - 60%

Қорытынды бақылау - 40%

Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы

Әріптік жүйе бойынша баға Сандық эквивалент % мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 үздік үздік
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 жақсы жақсы жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 қанағаттанарлықсыз

8. Оқу пәнінің саясаты. Студенттерден аудиториялық сабақтарға міндетті түрде дайындықпен келу, БӨЖ тапсырмаларын белгіленген мерзім ішінде орындау, барлық бақылауға қатысу талап етіледі.

Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша жүргізілетін практикалық сабақтар барысында БӨЖ тапсырмаларының орындалу деңгейі нәтижесінде ағымдық, аралық бақылау алынады. Ағымдық бақылау өткен немесе жаңа тақырып бойынша дербес, топтық, жалпы сұрақ-жауап, жазба жұмыстары түрінде өткізіледі.

Оқу үдерісінің 7, 14 апталарында аралық бақылау алынады. Аралық бақылаудың түрлері - тест жұмысы.

Пәнді оқыту барысында тақырыптық бақылау жұмыстары (жазбаша), ауызша сұрақтарға жауап беру, аралық бақылаулар, қорытынды емтихан қолданылады.

Студенттердің білімін бағалауда аудиториялық сабақ барысындағы жауабының сапасымен қатар белсенділігі де ескеріледі.

ГЛОССАРИЙ – СӨЗДІК

Құрылыс материалдары – үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар.

Негізгі құрылыс материалдарының түрлері:

табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.);

§ органикалық (, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық (цемент, гипс, әктас, т.б.) байланыстырғыш материалдар;

§ жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон, темір – бетон, асбест, цемент, темір және силикаттан жасалған бұйымдар);

§ ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.);

Геодезия – жер туралы ғылымның бір саласы. Бұл ғылым жердің пішіні мен мөлшерін зерттейді, жер бетінің жоспары мен картасын салады.

Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері.

Мүсін - ең ежелгі өнерлердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Үнді, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Мүсін өнерін скульптура дейді. Ол латынның "Sculpere" - қашау деген сөзінен шыққан.

Интерьер -үйдің ішін безендіру өнері. Ол француздың «ішкі» деген сөзінен шыққан.

Диалог – екі адам арасындағы сұрақ-жауап үлгісінде өткізілетін сұхбаттасу.

Монолог – бір адамның кез келген тақырыпты немесе естіген, оқыған материалдарды ауызша баяндауы.

Оқылым - өз бетінше іштей оқу, дауыстап оқу техникасын меңгеру. Газет барысында оқу нормаларын, талаптарын жетілдіреді.

Сөйлесім – белгілі бір тақырып, проблема жайлы өз білгендерін қазақша толық жеткізе алуға және пікірін қарсыласымен жарыссыз арқылы жеткізуге дағдылану: Ауызекі және ресми сөйлесім үлгілерін меңгеру.

Тыңдалым – меңгерілген лексикалық материал және қосымша таныс емес мәтін материалын ауызша мәнерлеп оқып,тыңдауға жаттығу.Радио, теледидар хаьарларын тыңдауларға жаттығу және аудио-видио құралдарынан берілетін мәтіңді тыңдау,айтып беруге үйрену.

Эссе – берілген тақырыпқа студент өз ойы мен пайымдауын жеткілікті еркін формада баяндай алатын шамалы жазба жұмыс.

Міндетті және қосымша әдебиеттер тізімі

Міндетті әдебиеттер:

1. З.С. Күзекова Қазақ тілі: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.Алматы: Таным, 2003

2. З. Күзекова, Р.М.Әбдіқұлова Қазақ тілі. Алматы «Раритет» 2011 ж.

3. З.Күзекова Қазақ тілінің практикумы (грамматикалық жаттығулар жинағы). Астана, 2010.

4. Қазақ тілінің грамматикасы.

Қосымша әдебиеттер:

1. Қазақша-орысша сөздік-анықтамалық. Құрастырған. Астана,2006

2. Қазақстан Республикасы. Энциклопедиялық анықтамалық. Астана. 2001.

3. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Алматы. 1998-2007.

4. Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігі.

6. Бектаев К. Большой казахско-русский, русско-казахский словарь. Алматы, 1999 г.

7. Қазақ тілінің салалық термин сөздері. – Астана, 2000 ж.

8. http://www.info-tses.kz/

9. http://abai.kz/node/1982

10. http://referats.promail.kz/

11. http://www.zamana.kz/

12. http://alashainasy.kz/

13. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми сөздігі. Геология – Алматы: «Мектеп» баспасы. 2003 жыл.

14. Қазақ энциклопедиясы.

15. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми сөдігі. География және геодезия. – Алматы: «Мектеп» баспасы. 2007 жыл.


Өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау

Білім алушылар кәсіби қазақ тілі пәні бойынша типтік бағдарламаға сәйкес тақырыптар негізінде мәтіндерді оқып, берілген тапсырмалар бойынша тапсырмаларды орындайды. Мәтіндерді түсініп берілген өздік жұмыстарында мамандықтарына сәйкес кәсіби мәтіндер негізінде түрлі тапсырмаларды орындайды. Мәтінді мазмұндау, өзара ой бөлісіп, сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қоры молайып, жетік сөйлеуге дағдыланады.

Білім алушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін өздігінен анықтауына көмектесетін теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар, өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру кезеңдері тәлімгерлерге арналған оқу-әдістемелік кешен негізінде, оқытылған лексика-грамматикалық тақырыптарға сай жасалады. Білімгерлердің өзін-өзі бақылау және өзін-өзі тексеру тапсырмалары аралық және ағымдық бақылаулар бойынша жүргізіледі.

Кәсіби қазақ тілінен білім алушылар үшін бақылауға арналған сұрақтар немесе тапсырмалар, өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру олардың күнделікті сабақ барысында алған тілдік дағдыларын дамытуға, олардың қорытынды деңгейлерін анықтауға көмектеседі. Оқытушы осы міндеттердің нәтижелілігін көтеруге қол жеткізуді мақсат етеді.

БӨЖ тапсырмалары

Апталар Тақырып аты Тапсырма түрі Сағат саны
1 апта Шығыс сәулет өнері туралы мәлімет дайындау. Баяндау 4 сағ.
2 апта Құрылыс өнеркәсібі туралы не білеміз? Әңгімелеу 4 сағ.
3 апта Киіз үйдің тарихы туралы мәлімет дайындау. Баяндау 4 сағ.
4 апта Қазақтың ұлттық аспаптарының түрлері туралы мәлімет дайындау. Реферат дайындау 4 сағ.
5 апта Өз туған жерінің ерекшелігі жайлы баяндау. Эссе жазу 4 сағ.
6 апта «Қандай көркем туған өлкем». Эссе жазу 4 сағ.
7 апта «Ш.Уәлиханов – ірі ғалым» Эссе жазу 4 сағ.
8 апта «Арыстан баб кесенесі» және «Тайқазан» туралы не білеміз? Реферат дайындау 4 сағ.
9 апта «Хазірет-Сұлтан мешіті», «Нұр-Астана» мешітінің құрылысы мен сәулеті туралы мәлімет дайындау. Баяндау 4 сағ.
10 апта «Бейбітшілік пен Келісім сарайы», «Хан шатыр» туралы ақпарат дайындау. Әңгімелеу, презентация жасау 4 сағ.
11 апта Тутанхамон қазынасы. Баяндау 4 сағ.
12 апта Қазақстандағы мүсін өнері мен интерьер саласы жайында пікірталас. Әңгімелеу 4 сағ.
13 апта Қытай елінің сәулетшілері туралы шолу жасау Баяндау 4 сағ.
14 апта Семирамида аспалы бағы, Айша бибі кесенесі туралы мәлімет дайындау. Реферат дайындау 4 сағ.
15 апта «Қазақстан көпірлері» тақырыбына байланысты мәлімет жинау. Баяндау, презентация жасау 4 сағ.

Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық

Білім алушылар кәсіби қазақ тілінен берілген өздік жұмыстарында мамандықтарына сәйкес кәсіби мәтіндер негізінде түрлі тапсырмаларды орындайды. Өздері оқыған кәсіби тақырыптарына байланысты танымдық сұрақтарға жауап беріп, мамандығына қатысты лексиканы игерту ауқымында салалық терминологияны меңгереді. Мәтінді мазмұндау, өзара ой бөлісіп, сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қоры молайып, жетік сөйлеуге дағдыланады. Тақырыпқа қатысты түрлі реферат, мәлімет, ақпараттар дайындау олардың өз бетінше ізденуіне, қазақша ойлау қабілетін ұштауына көмектеседі. Сонымен қатар мамандығына қатысты тақырыптар арқылы жазба жұмыстарын орындау, өз ойларын еркін жеткізе отырып, жазылым дағдысының қалыптасуына, сауатты жазуларына көмектеседі.

Кәсіби қазақ тілінен білім алушыларға арналған өздік жұмыстары олардың күнделікті сабақ барысында алған тілдік дағдыларын дамытуға көмектеседі.


Апта

БІРІНШІ САБАҚ

1. Сәулет өнері

Грамматика: Заттың, құбылыстың пайда болу фактісінің берілуі

Сабақтың мақсаты: кәсіби мәтін бойынша студенттердің сөздік қорын молайту, берілген ақпарат бойынша танымдық қабілетін арттыру, терминдермен таныстыру, игеру және сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру

1. Сөздермен танысып, сөйлем құрастырыңыз.

Жобалау, салу, кешен, таңдандыру, күйдірілген кірпіш, сом тас, капитель (колоннаның үстіңгі бөлігі), ордер(колонна тәрізді бағаналардан құралған композиция), ғибадатхана (храм),тоғысу, құрылыс қаңқасы.

2. «Салу» етістігінің түрлі контексте қолданылуына сөйлем жазыңыз.

3. Мәтінді оқыңыз.

Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан.

Ніл,, Тигр, Үнді, Ганга, Чанзен өзендерінің сағаларында көне заманда Мысыр, Месопотамия, Үндістан және Қытай сияқты ірі мемлекеттер пайда болып, ғаламат сәулет туындылары дүниеге келді.

Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан елдің бірі – Грекия. Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектураға қосқан бір жаңалығы – архитектуралық ордерлер жүйесі. Ордерлік жүйе бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және олардың өзара орналасу тәртібі бар. Ең басты белгісі – бағана, олардың ұшар басы капитель деп аталады. Бағаналар – антаблементті (арқалықты) көтеріп тұрады.

Римнің таңқаларлық құрлыстарының бірі – 80 мың адам сиятын Колизей амфитеатры, онда ордерлер жүйесі қолданылды. Еуропа елдерінде бес түрлі архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын алмастырды. Олар: роман стилі, готика, ренессанс, барокко, классицизм. Роман стилінің дамуына Франция көп ықпал етті. Мұның басты ерекшелігі – қабырғалары сом соғылған бітеу, салмақты болып келеді. Терезелері енсіз, тар, бекініске ұқсайды. Готика стилінің ерекшелігі – құрылыс композициясы жоғары созылып, салмақ көтеретін құрылыс қаңқасы күрделі болып келеді, терезелері сүйір етіп ойылады, күмбезі қиық болып келеді де қырлары бүріледі. Қиық күмбездің арқасында салмақ құрылыс қаңқасына түседі. Сырттағы тіреулер арқылы қабырғаға түсетін салмақ азаяды. Готиканың алғашқы туындысы Париждегі Нотр-Дам соборы (12 ғасырдың 2-жартысы – 13 ғасырдың басы). Бір келгенде 9 мың адам сияды. Әрбір тетігінде готикаға тән ерекшеліктер сақталған. Готиканың гүлденген шағы – 13 ғасыр. 100 жыл бойы салынған Реймс соборы (1212 – 1311) соның дәлелі. Собордың бір де бос жері жоқ, бәріне мүсіндер қойылған. Ренессанс стилі 15 ғасырда Италияда пайда болды, оны ежелгі дәуір өнерінің қайта жаңғыруы деп қарауға болады. яғни Қайта өркендеу дәуірінде архитектураның алатын орны ерекше болды. Бұнда құрылыс тым биіктетілмей айнала кеңістікке бауыр жазды. Ренессанс архитектурасы ежелгі дәуір архитектурасынан ордерлік жүйені ғана алған.

Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

1.Сәулет өнері қандай өнерлердің тоғысқан жері?

2. Сәулет өнерінің қандай стильдері сөз болады?

3. Әр стильдің бір-бірінен айырмашылықтары бар ма?

Грамматика:Заттың, құбылыстың пайда болу фактісінің берілуі

(обозначение факта возникновения/исчезновения предмета, явления, состояния)

1-(359)жаттығу. Пайда болу фактісін білдіретін етістіктерге назар аударыңыз. Өзіңіз мысалдар жазыңыз.

Органикалық заттар Күн энергиясының негізінен пайда болады. Лингвистикалық университет шет тілдері институты негізінде құрылды. Бұлт судың булануынан пайда болады. Күлтегін жазуы ІҮ ғасырда пайда болды. Аспанда ай көрінді (появилась). Шахмат ең алғаш Индияда пайда болды (появились). «Білім және ғылым» журналында дельфиндер туралы қызық мақала шықты (появилась). Көптеген ғалымдар тірі материя ең алғаш сулы ортада пайда болды деп санайды. Сәуірдің соңында ағаштарда алғашқы жапырақтар пайда болады.

2-(360)жаттығу. а) Жақша ішіндегі ақпараттарды пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіздер.) Өздеріңіз осыған ұқсас мысалдар жазыңыз.

«Варшава шарты» атауымен белгілі шығыс-еуропа мемлекеттерінің Одағы қашан құрылған? (1955 жыл) Франция қашан республика болған? (1792 жыл). Еуропада шай қашан пайда болды? (ХҮІ ғасыр). Акробатика қашан, қайда пайда болған? (б.э.б. шамамен 2300 жылы, Ежелгі Египет, Грекия, т.б. елдер). Интернет қашан пайда болды? (ХХ ғасыр).

3-(361)жаттығу. Энциклопедияларды пайдалана отырып, осы құрылыммен өзіңіз мәтін жазыңыз.

Назар аударыңыз!

Пайда болу фактісі пайда болу, көріну, құрылу, қалыптасу, орнау (глаголы обозначающие факт возникновения) сияқты етістіктерімен беріледі. Субъектінің (көңіл күйінде, ойында бір нәрсенің пайда болуы пайда болды, ой туды, оянды, орнады, қалыптасты т.б. сияқты етістіктерімен беріледі.

Мысалы: қызығушылық пайда болды, ой туды, сенім пайда болды, үміті оянды, күдік туды /пайда болды, пікір қалыптасты.

4-(362)-жаттығу. Диалогты толықтырыңыз. Жауап репликаларында пайда болу (глаголы возникновения) етістіктерін пайдаланыңыз.

Үлгі: - Сен Айжанның бізбен жұмыс істейтініне күдіктенетін сияқтысың?

- Иә, онымен сөйлескеннен кейін менде де бір күдік пайда болды.

1. - Греция тарихына қашаннан бастап қызықтың, мектепте ме?

2. - Сіздің баяндамашыдан бір нәрсе сұрағыңыз келді ме?

3. - Жұмысты уақытында тапсыратынымызға сенімдісіз бе?

4. - Жаңа жоба мазмұны бойынша сұрағыңыз, ұсынысыңыз бар ма?

5. - Сіз мына банкке сенімдісіз бе, жоқ әлде күдігіңіз бар ма?

5-жаттығу. Жоғарыда берілген үлгілерге сүйене отырып,мәтіннен нәрсенің пайда болуын білдіретін сөйлемдерді анықтаңыз.

(З.С.Күзекова «Қазақ тілі практикумы» грамматикалық жаттығулар жинағынан 132-133 бет)


Екінші сабақ. (Мәтіннің жалғасы)

Нотр-Дам соборы

Еуропа елдерінде 17 ғасыр мен 18 ғасырдың 1-жартысына дейін дамыған барокко стилінің басты ерекшелігі сәулеттік туынды тіп-тік, тақтадай жазық болмайды, оның әр қыры мүсіндік, болмаса әшекейлі әлеміштермен өрнектеледі. Еуропа елдерінде 17 – 19 ғасырларда классицисти лі дамыды. Бұл

бағыт, ежелгі дәуір архитектурасы мен ренессанстық архитектураның композициялық әдістері мен түрлерін жетілдіруден туған. Шығыс архитектурасы композициясының байлығымен, түрінің әсемдігімен және мүсіндік бейнелердің әсерлілігімен көз тартады. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап, 20 ғасырдың басында әлемде құрылыс техникасының дамуына байланысты бұл кезеңде металл, әйнек, темір-бетон кеңінен пайдаланылды. Үлкен кеңістіктерді жаба алатын, зәулім үйлер тұрғызуға мүмкіндік беретін жаңа жүйелер мен тәсілдер туды (ірі блокты, ірі панельді қабырғалар, тақия-күмбездер, ванттық құрастырмалар, т.б.). Инженер металдан 1889 ж. биіктігі 312 м Эйфель мұнарасын орнатты. Америкада көп қабатты зәулім үйлер пайда болды. 20 ғасыр архитектурасының дамуына зор үлес қосқан Огюст Перре бірінші болып қаңқалық құрылымдарды, темір-бетонды қолданды, құрылысқа стандарттауды және өнеркәсіптік әдістерді кіргізді. Италия инженері әрі архитектор армоцементті ойлап тауып, темір-бетонды тиімді және көркемдік тапқырлықпен пайдаланды.

1. Мәтінді оқыңыз.

2.Мәтін тақырыбы не туралы?

3.Мәтіндегі мамандығыңызға қатысты кәсіби сөздердің астын сызыңыз.

4.Мәтіннен нәрсенің пайда болуын білдіретін сөйлемдерді анықтаңыз.

5.Сәулет өнеріне тән қандай стильдерді білесіз?

6.Шығыс стилінің ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

7.Сізге сәулет өнерінің қандай стилі ұнайды?

8.Өзіңізге ұнаған сәулет стилінің бір туындысы туралы әңгімелеңіз.

БӨЖ тақырыбы: Шығыс сәулеті

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Сәулет өнерінің даму тарихы туралы айтыңыз.

2. Сәулет өнерінің қандай стильдерін білесіз?

3. Ұлттық сәулет өнері туралы ақпарат дайындаңыз.


Апта

Бірінші сабақ

1. Құрылыс материалдары

Грамматика: Зат есім түрлері.Жалғауды қайталау.

Сабақтың мақсаты: кәсіби мәтін бойынша студенттердің сөздік қорын молайту, берілген ақпарат бойынша танымдық қабілетін арттыру, терминдермен таныстыру, игеру және сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру

Ойтүрткі сұрақтар:

1. Қандай құрылыс материалдарын білесіз?

2. Табиғи күйінде қолданылатын құрылыс материалдырының түрлері бар ма?

3. Жасанды құрылыс материалдарын атаңыз.

Құрылыс материалдары

Құрылыс материалдары – үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері:

§ табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.);

§ органикалық (, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық (цемент, гипс, әктас, т.б.) байланыстырғыш материалдар;

§ жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон, темір – бетон, асбест, цемент, темір және силикаттан жасалған бұйымдар);

§ ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.);

Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады. Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланылады. Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі – цемент. Одан бетон, темір-бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан құрылыстық қоспалар дайындалады. Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары; саз топырақтан (балшықтан) күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары; құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы алынатын материалдар болып бөлінеді. Жасанды құрылыс материалдарының негізгі бір түрі – металдар. Олар құрылыста әр түрлі құралымдар (көпірлер, өндірістік құрылыстар, жер сілкінісіне шыдамды құрылыстық қаңқалар және темір-бетон арматуралар, т.б.) жасауға пайдаланылады. Ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдарға ағашты механикалық өңдеу барысында алынатын материалдар (бөренелер, кесілмелі материалдар, паркет, фанера, т.б.) кіреді. Металдардан, негізінен, болат құрылыста кеңінен қолданылады. Олардан темір-бетондарға қажетті арматуралар, ғимараттың каркастары, көпірдің құрылыстық өткіндері, жылыту жүйелері, жабын материалдары, т.б. жасалады.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Жаңа сөздермен танысып, сөйлем құрастырыңыз: қиыршық тас(щебня), қарамай, шайыр(смола), шыны,іргетас, жылыту жүйелері, жабын материалдары.

3. Төмендегі сөйлемдерді тиісті қосымшалармен толықтырыңыз.

Мен жақында... қала... бардым. Қала өте.... Онда...... көптеп салынып жатыр екен. Ғимараттар тым...,.... Бұл қалада мен... дос... тұрады. Мен Академия... магистатурасы... оқуға түскенмін. Академия ма... жатақхана... орын берді. Менің дос... пирамида... жанында тұрады. Мен жексенбі күні досым... үй... барамын. Пирамида... жанында үлкен жаңа мешіт салын.... Оған да бар....

4. Оқытушының көмегімен төмендегі сөз тіркестерінің мағыналарын анықтап, ұғып алыңыз.

Құрылыс индустриясы, өнеркәсіптің қайта дамуы, үлкен белсенділік, құрылыс нысандары, сыртқа шығаратын заттар, ішке кіргізетін заттар, алға басу үстінде, өнімнің құндылығы, шаралар белгілеу.

Екінші сабақ

1. Жаңа сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз, сөйлем құрастырыңыз.

Қамтамасыз ету, ішкі нарық, құрғақ қоспа, саусақпен санарлықтай, сұраныс, алыпсатарлар, тапшы, сең қозғалды, тасымалдау, мәрмәр.

2. Мәтінді оқыңыз.

Құрылыс заттарын қашанғы сырттан тасимыз?

Бүгінде Қазақстан қарқынды құ­ры­­­лыс алаңына айналып отыр. Құры­лыс саласына қажетті материалдардың көбі шеттен тасы­мал­дануда. Отандық өнім жоқ деп айтуға болмас. Дегенмен отан­дық құрылыс материал­дарын өндіретін кәсіп­орын­дардың барлығы өнім өндірсе де, ішкі нарық­ты толық қамтамасыз ете алмайды. Расы – осы. Индус­т­рия және сауда ми­нистр­лігінің мәліметтері бойынша, қа­зақстандық құрылыс компаниялары жыл сайын 900 миллион доллардың құрылыс материал­дарын сырттан әкеледі екен. Ал Статистика агент­ті­гінің мәлі­мет­теріне жүгінсек, құрылыс материалдарын тұ­тынуда им­порт­тың үлесі 50 пайыздан асады екен.
Техника ғылымының докторы Медiрбай Сә­дуақас­ов: «Еліміздегі компаниялардың 90 па­йы­зы шетел­ден әкелiнетiн құрылыс заттарымен жұ­мыс iстеуге мәжбүр. Елімізде құрылыс өнiмдерiн шы­­ға­ратын за­уыт­тар баршылық, бірақ ол зауыттар­дың өнiм­ге қосатын құр­ғақ қоспаларының барлығы шет­­елден әкелiнедi. Сол себептен де құрылыс ма­териалдарының бағасы да қым­бат», – дейді.
Үйдің іргетасын қалау үшін аса қажетті материалдың бірі – цемент. Оны өндіретін өндіріс орындары елімізде сау­сақпен санарлықтай ғана. Жамбыл облысындағы Мың­арал цемент зауыты мен Шымкенттегі цемент зауыты, Састөбе зауыты бар.
Құры­лысқа аса қажетті материалдың бірі – ағаш өнімдері. Еденінен бастап, шатырын жапқанға дейінгі жұмыстарға қажетті ағаш­тарды амалсыз тағы да шеттен тасы­мал­даймыз. Еліміз орман қорымен мақ­тана алмайды.. Сол себептен де осы аса құнды материалды импорттауда Ресей алдыңғы орында. Одан бөлек линолеум, терезе, тұсқағаз, әйнек, шегеге дейін шетелден тасымалданады. Күйген кірпіш, шлако­­блок өндіретін кішігірім өндіріс орындары бар. Бірақ оның өзі де аз.
Отандық өндірушілердің арасында бетон плита шығаратын салада Павлодар қаласындағы «Казстрой-меридиан» ЖШС сияқты бірді-екілі ғана өндіріс орындары бар. Былтыр Шымкентте де шеге шығаратын цех ашылды. Бірақ өнім отандық болғанымен, оны шығаруға атсалысатын технологиялар­дың бәрі шетелдікі. Бетон плитаны немістің технологиясымен шығарса, шегені Қытайдың техникасы жасап шығарады.

Автор: Гүлжан КӨШЕРОВА

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

А) Мәтінде қандай мәселе туралы айтылады?

Ә) Мәтіндегі кәсіби сөздерді анықтап, астын сызыңыз.

Б) Мәтінде тұрақты тіркестер кездесе ме? Анықтаңыз.

В) Мәтінде сіздің мамандығыңыздан басқа қай саланың терминдері жиі кездеседі.

Г) Еліміздегі құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс орны туралы ақпарат дайындаңыз.

4. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Ішкі рыноктағы тұтыну, еңбек өнімділігін арттыру, жаңа еңбек орындары, мақсатқа қол жеткізу.

5. Тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Төмендегі сөйлемді толықтырыңыз.

Қазір елдің әлеуметтік-экономикалық... жақсарды.

А.тұрмысы

Ә. өмірі

Б. жағдайы

2. «Қайта даму» сөзінің синонимі

А. жаңару.

Ә. жақсару

Б. өркендеу

3. Құрылыс өндірісіне қажетті материалдарды көрсетіңіз.

А. жоба, дизайн, зауыт, техника

Ә.ғимарат, цемент, бояу, металл өнімдері

Б. қоспалар, резина, пластмасса бұйымдары, керамика

4. Жіктік жалғауы жалғанған сөзді көрсетіңіз.

А. қызметтесің

Ә. қызметтессің

Б. қызметтес

5. Сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібін көрсетіңіз.

Алматы арналған қаласында басқосу болды өндіру мәселесіне жуырда құрылыс материалдарын.

А. 1,2,5, 7,6,3.

Ә. 6,1,3,7,5,2,4.

Б. 6,1,4,3,7,2,5

1.Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазір құрылыс индустриясының жайы қалай?

2. Құрылыс материалдары қайдан алынады?

3. Ішке кіргізетін заттар неліктен басым болып отыр?

4. Біздің елімізде құрылыс материалдарын шығару ісімен айналыса ма?

5. Отандық құрылыс материалдары өндірісінің болашағы қалай жоспарланып отыр?

БӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстандағы құрылыс өнеркәсібі туралы не білеміз?

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Құрылыс материалдарының түрлері туралы айтыңыз.

2. Заманауи құрылыс материалдарының ерекшеліктері мен жасалу технологиясы туралы не білесіз?

3. Отандық құрылыс материалдарының өндірісі туралы мәлімет дайындаңыз.


3 апта

БІРІНШІ САБАҚ

1. Қазақтардың ежелгі баспанасы -киіз үй.

Грамматика: септік жалғауларын қайталау

Сабақтың мақсаты: кәсіби мәтін бойынша студенттердің сөздік қорын молайту, берілген ақпарат бойынша танымдық қабілетін арттыру, терминдермен таныстыру, игеру және сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру

1.1.1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Табиғаттағы тіршілік атаулының өсіп-өнуі, даму көзі – оның тамыры, адам баласының даму көзі-тілі, діні, салт-дәстүрі. Біз осы уақытқа шейін ғылым мен білімге тек еуропалықтардың көзімен қарап келгенімізге мән бере бермейміз.

Арғы-бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ киіз үйдің атқарған рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, ши, әрі көшпелі (жылжымалы) құрылыс түріне жатады. Сонғы 7 – 8 ғасыр бойына киіз үйге өзгеріс енгізілмей, қазақтар үшін ең қолайлы баспана болып қалды. Киіз үй әлемге белгілі, яғни әлемдегі ең тез құрастырылып, тез жығылатын үй. Және де киіз үйіміз басқа халықтардың үйлерімен салыстырғанда бір де бір шеге пайдаланбай – ақ құрастырылатын үй деп танылады. Ол ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ынғайлы, ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасу талапқа сай, жел – дауылға шайқалмайды, берік, төбесі жадағай емес, күмбез болып келеді.

(Балманова Г.С.)

1.1.2. Жаңа сөздермен танысыңыз.

Ежелгі- Ыңғайлы -





Дата публикования: 2014-11-03; Прочитано: 1932 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.059 с)...