Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ТаҚырып 15. ХалыҚаралыҚ экономикалыҚ Қатынастар. СыртҚы экономикалыҚ Қызметті реттеу



Дүниежүзілік шаруашылық: мәні, құрылымы

Халықаралық валюта қатынастары

Глобалды әлеуметтік – экономикалық мәселелер

Әлемдік шаруашылық- елдердің ұлттық шаруашылықтары әр түрлі байланыстармен (экономикалық, техникалық, ғылыми, мәдени, т.б.)халықаралық еңбек бөлінісі негізінде біріктірілген ғаламдық экономика.

Халықаралық еңбек бөлінісі- бұл әлем елдерінің қандай да бір өнім түрін өндіруге мамандануы және оны дамытуға анағұрлым қолайлы жағдайы болуы.

Халықаралық сауда – бұл халықаралық еңбек бөлінісіне негізделген және экспорт пен импорт арқылы жүзеге асатын халықаралық экономикалық қатынастар формасы.

Халықаралық сауданың көлем көрсеткіштері:

- сыртқы сауда айналымы=Экспорт+Импорт;

- сауда байланысы (сауда балансы айырмасы)= Тауарлар экспорты мен импортты айырмасы.

Белсенді сальдо -экспорттан тускен табыс сомасының импортқа кеткен шығыннан артық болуы.

Енжар сальдо -импортқа кеткен шығын сомасының экспорттан тускен табыстан артық шығуы.

· Экспортты квота- экспорт шектеулі болған жағдайда экспортқа шығаруға рұқсат етілетін тауарлар саны.

· Экспортты әлует- белгілі бір елді әлемдік рынокта –өз экономикасына шығын келтірмей сататын өнім улесі.

Халықаралық сауданы тиімділігі екі турлі көзқараспен бағаланады:

1. Абсолют артықшылықтар теориясы: белгілі бір ел қандай да бір тауар өндіруде басқа елмен салыстырғанда абсолют артықшылықтарға ие (климатық,географиялық,технологиялық, т.б.) деп есептеледі (егер ол бұл тауарды аз шығынмен өндіретін болса).

2. Салыстырмалы турдегі артықшылықтар теориясын XIX ғасырдың басында Д.Рикардо ойлап шығарды:

Егер қандай да бір елдің өнімнің барлық түрін аз шығынмен өндіру мумкіндігі болса немесе тіптен болмаса, онда өндіріс пен саудадағы мамандандырудың салыстырмалы турдегі артықшылықтары әрекет ете бастайды. Егер елдер арасындағы шығынға қатысты айырмашылықтарды ескерсек, онда белгілі бір ел әлеуетті серіктесіне қарағанда бұл тауарды баламалы аз шығынмен өндірген жағдайда тауар өндіруде салыстырмалы артықшылықтарға ие болады.

Салыстырмалы артықшылықтар принципі- егер әр тауар баламалы шығыны аз елде шығарылса,шығарылған өнімні ң жиынтық көлемі көп болады.

Саудалы шектеулер шетелдік баж (тарифтер) және тарифтік емес тосқауыл турінде болады:

Сыртқы сауда саласында мемлекеттік саясаттың екі типі бар:

Протекционизм- ішкі нарықты шетелдік тауарлардан қорғауға бағытталған және импортты шектейтін саясат.

Фритредерстік – еркін сауда саясаты, ішкі шетелдік капитал мен қызметтерге ашу.

Халықаралық жұмыс куші миграциясы - жұмысқа қаблетті халықтың ұлттық шекарадан тыс жерлерге орналасуы.

Миграциялық айырма - шетелге кеткен адамдар (эмигранттар) саны мен шетелден осы елге келген (мигранттар) саны арасындаы айырма.

Миграцияның экономикалық себептері:

-кәсіби біліктілігі төмен жұмыс кушіне сұраныстың төмендеуі және ұсыныстың өсуі;

-дамушы елдерде кәсіби біліктілігі жоғары мамандарға сұраныстың өсуі;

-жалақыдағы мемлекетаралық айырмашылықтар.

Халықаралық сауда және қаржы опрацияларында әр турлі ұлттық валюталар қолданылады.

Валюта жуйесі - валюталарды, оларды пайдалану, ауыстыру,төлем құралы ретінде қолдану ережелері мен нормаларыны жиынтығы.





Дата публикования: 2014-11-03; Прочитано: 1418 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...