Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ТаҚырып 13. Мемлекеттік реттеу: маҢызы, маҚсаттары, ҚҰралдары



Мемлекеттің ақша-несие саясаты

Ақша реформалары

Несие-банк жүйесінің құрылымы

Мемлекеттің ақша-несие саясаты

Қандай бір қоғамда болмасын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Ақша - бұл жалпылама эквиваленттік рөл атқаратын ерекше тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді.

Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын

ұйымдастыру ақша жүйесі болып саналады.

Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:

1. Ақша бірлігі. Бұл тауар бағасын анықтап өлшеу үшін қолданылады. Қазақстанда – теңге.

2. Баға масштабы. Бұл мемлекет анықтаған ұлттық қағаз ақша данасының металға бағаланған салмақ мөлшері.

3. Ақша түрлері. Бұған жататындар: мемлекет шағаратын банкноттар, монеталар, қазыналық билеттер.

4. Эмиссиялық жүйе – айырбасқа арнап заңды түрде ақша мен құнды қағаздар шығару тәртібі.

5. Ақша жүйесінің институттары – ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.

6. Валюталық паритет – екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді.

Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі 2 типке бөлінеді:

- металл ақшаның айналыс жүйесі – айналыста алтын және күміс монеталар жүреді, несие ақшалар металл- ақшаға еркін айырбасталады.

- Несие және қағаз ақшаның айналыс жүйесі.

Бұл жүйеде айналыстан алтын шығарылады.

Қазіргі кезеңде ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға және керісінше өтеді.

Ақша массасы дегеніміз халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы.

Ақша массасының құрамы әр мемлекеттің өз несие-ақша жүйесімен, яғни ақша нарығы құралдарының дамуымен анықталады.

Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражатының құрылымына келсек, онда ол мынадай агрегаттардан құралады:

1. Мо –айналыстағы қолма-қол ақшалар.

2. М1= Мо + есеп айырысу немесе басқа депозиттік есеп - шоттардағы қалдықтар + чектік және аккредитивтік есеп - шоттар + талап еткенге дейінгі салымдар.

3. М2= М1+мерзімді салымдар.

4. М3 = М2 + мемлекеттік зайым облигациялары.

Несие функциялары:

1. Ынталандыру функциясы- экономикада ақша айналымын жылдамдату арқылы процестерді жылдамдату.

2. Орын басу функциясы – қолма-қол ақшаның орнына несие ақшалар жүреді.

3. Жинақ функциясы – ақша капиталын жұмылдыру, іске тарту.

4. Қайта бөлу функциясы –несиенің көмегімен әртүрлі салалардың арасында қаржылық құралдар қайта бөлініп отырады.

5. Реттеу функциясы – нарықтық экономикада несие экономиканы реттеу құралы ретінде қолданылады.

Төмендегі принциптер бойынша несие- қарызға берілген ақшалар мен тауарлар:

1. Несиені қайтару прнциптері – белгіленген уақытта алынған құралдарды пайдаланғаннан кейін қайтару қажет болады.

2. Мерзімдік принцип – келісімшарт бойынша белгіленген уақытта қайтару.

3. Төлем приципі – несиені пайдаланғаны үшін ақы төлеу.

4. Материалдық қамтамасыз ету – қарыз алушы өзінің міндеттемесін бұзғанда қарыз берушінің мүддесін қамтамасыз етуді қорғау қажеттілігі.

5. Несиенің дифференциалды сипаттамасы - әртүрлі қарыз алушыларға ыңғайлы бапты несие бөлу.

Несиелік жүйенің негізгі элементтері:

І Орталық (эмиссиялық банк)

ІІ. Банктік жүйе:

- коммерциялық банктер

- жинақ банктері,

- инвестициялық банктер,

- ипотекалық банктер,

- басқа да мамандандырылған банктер.

ІІІ. Сақтандыру ұйымдары:

- сақтандыру компаниялары,

- зейнетақы қорлары.

ІҮ. Мамандандырылған банктік емес несие қаржылық институттар:

- инвестициялық компаниялар,

- қаржылық компаниялар,

- қайырымдылық қорлары және т.б.

Банк – уақытша басы бос ақшаларды жинақтап, оларды пайыз алу арқылы қарызға (несие) беретін негізгі экономикалық институт.

Банктердің функциялары:

1. Есеп айырысу мен несие беруде делдалдық қызмет атқару.

2. Ақшалай табыстар мен жинақтардың бір бөлігін капиталға айналдыру.

3. Айналымға несие құралдарын шығару (вексель, чек, банкнот)

Функциялар және операция жүргізу сипаты бойынша банктер бөлінеді:

- орталық эмиссиялық,

- инвестициялық, коммерциялық, депозиттік.

- жинақ,

- арнайы бағыттағы банктер.

Ақша массасы көлемінің банктің жаңа ақшаларымен ұлғаюы банктік мультипликатор (M) арқылы есептеледі:

M= ---- x 100%, мұндағы R– міндетті резервтік норма (%)

R

Міндетті резервтер – бұл әрбір коммерциялық банктер салымдарының бір бөлігін міндетті түрде сақтау қоры ретінде мемлекеттік Ұлттық банкте ұстауы қажет.

ҚР Президентінің «Банктер және банктер іс-әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежеден құралады:

- І дәрежеде – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі.

- ІІ дәрежеде – мемлекеттік, коммерциялық, бірлескен және шетелдік банктер. 2009 ж. басында Қазақстанда екінші дәрежедегі банктердің саны 26 жетті.

ҚР Ұлттық банктің қызметтері мен міндеттері:

- мемлекеттер және коммерциялық банктермен белгілі бір келісім әрекет жүргізетін заңды тұлға;

- Қазақстан республикасының ақша несие жүйесін басқару;

- Қазақстан республикасы Ұлттық валютасының сыртқы және ішкі тұрақтылығын сақтау;

- Банктік есеп-шот және валюталық қарым-қатынастар жасау;

- Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- Ақша мен мемлекеттік құнды қағаздардың эмиссиясын жүргізу;

- Қазақстан республикасының Үкімет кепілдігі бойынша ішкі және сыртқы қарыздарды өтеу;

- Коммерциялық банктермен несиелік жүйенің басқа мекемелерінің іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

- Ұлттық банктің Қазақстан республикасы мүддесін әлемдік нарықта көрсетуі.

Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:

- Салымдар жинап, несие беру;

- Есеп айырысу операциялары және есеп шот жүргізу;

- Валюта және бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу;

- Несие беруде делдалдық қызмет атқару;

- Ломбардтық және сейфтік операциялар жүргізу және т.б.

Екінші дәрежедегі ең ірі банктер:

«Казкоммерцбанк», «Халықтық банк» және т.б.

Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:

- өндіріс көлемін өсіру;

- толық жұмысбастылық;

- инфляцияны төмендету.

11-кесте.-Несиелік белсенділікті басқару

  Арзан ақша саясаты Қымбат ақша саясаты
Қолданы лады: Жұмыссыздық өскенде, экономика құлдырағанда Жоғары инфляцияда
Іс-әрекеттер Мемлекеттің құнды қағаздардын сатып алуы, міндетті резерв нормасын төмендету, пайыз мөлшерлемесін төмендету Мемлекеттің құнды қағаздардын ашық нарықта сатуы, міндетті резерв нормасын көрсету, пайыз мөлшерлемесін көтеру.
Нәтиже: Ақша ұсынысы молаяды, пайыз мөлшерлемесі төмендейді, инвестициялар өседі, шаруашылық белсенділігі өседі, жұмыссыздық төмендейді Ақша ұсынысы қысқарады, пайыз мөлшерлемесі өседі, инвестициялар қысқарады, шаруашылық белсенділігі төмендейді. Инфляция қысқарады.

Ақша реформалары:

1) Нуллификация – бұл мемлекеттің құнсызданған қағаз ақшаны жарамсыз, деп айналымнан шығарылуы туралы жарлығы;

2) Девальвация – бұл шетел валютасына қатысты ұлттық валюта курсын төмендету;

3) Ревальвация – бұл ұлттық валюта курсын шетел валютасына қарай көтеру;

4) Деноминация – ескі ақша белгілерін ірілендіру арқылы жаңа ақшаға айырбастау.

Мемлекеттің ақша- несие саясатының құралдары:

1. Ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банктің ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығарады. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.

2. Резервтік норманы өзгерту - ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резерв нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резерв көлеміне тікелей әсер ете алады.

3. Есептік ставканы өзгерту - коммерциялық банктер Ұлттық банктен несие алғанда ақша көлемін реттеу мақсатымен бірінші дәрежедегі банк несиенің мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады. (пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, төмендетсе – несие көлемі өседі). Осы жоғарыда келтірілген 3 құралдарды қолдану – мемлекеттің «арзан ақша саясаты» және «қымбат ақша саясаты» деп аталады. Қазақстанда осы келтірілген құралдармен қатар, ақша айналысын реттеу үшін басқа да тәсілдер қолданылады.

4. Күрделі несиелік қаржының өсімін шектеу. Ұлттық банк коммерциялық банктердің несиелік қаражаттарының бөлінуін пайыздық норма арқылы шектеп отырады.

5. Ерікті келісімдер бойынша Ұлттық банк коммерциялық банктермен өзара келісімге келеді.





Дата публикования: 2014-11-03; Прочитано: 819 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...