Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ТаҚырып 8. Өндіріс шыҒындары



Бухгалтерлік және экономикалық шығындар

Тұрақты және өзгермелі шығындар

Орташа және шекті шығындар. Масштаб эффектісі

Бухгалтерлік және экономикалық шығындар

Кәсіпкерлік- бұл табыс алуға бағытталған және тәуекелмен байланысты шаруашылықтық қызмет.

Кәсіпкерлік французша «делдал» дегенді білдіреді. Р.Кантильон кәсіпкен терминін арзанға сатып алып, қымбатқа сататын қабілеті бар адамдарды атауға бірінші рет қолданған. Р.Кантильонның түсінігінде кәсіпкер алдағыны көре білетін ерекше қабілеті бар, тәуекелге баратын, қабылданған шешімге толық жауапкершілікті өзіне алатын ерекше субъект болды.

Кәсіпкерліктің өмір сүруі мен дамуының негізгі жағдайлары болып табылатындар:

ü өндіріс құралына және қызметтің соңғы өніміне меншік, сондай- ақ экономикалық игіліктерге меншікті беру және алу құқығы;

ü келісімшартпен, бірігумен, кәсіптік және тұтынушылық таңдаумен еркін шаруашылық қызметін жүргізуді болжамдайтын, шаруашылық субъектісінің жеке автономиясы (немесе салыстымалы жекеленуі);

ü айырбас нысанының дамуы, яғни, тауарлық- ақшалай қатынастардың болуы, оның ішінде еңбекті еркін сатып алу және сатудың болуы.

Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері: тәуекел, белсенділік, тәуелсіздік, тапқырлық, жауапкершілік, белсенді түрде іздену.

Кәсіпкерліктің сипатты белгілері:

1. Субъектіде шаруашылық қызметінің түрін таңдау, өндірістік бағдарламаны қалыптастыру, қаржыландыру көзін таңдау бойынша және ресурстарға қол жеткізу, өнімдерді өткізу, оларға баға қою, табысқа ие болу бойынша белгілі бір еркіндік пен құқықтың болуы.

2. Кәсіпкерлік қабылданған шешімдерге, оның нәтижелеріне, оған байланысты тәуекелге жауаптылықты қарастырады.

3. Табыс алу мен коммерциялық жетістіктерге жетуге бағдар.

4. Меншіктің, яғни кәсіпкерлік меншіктің тұрпаттары, түрлері және нысандарының көптүрлілігі.

Өндірістік кәсіпкерлік- бұл кәсіпкер тікелей жағдайда өнімдерді, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпараттарды өндіруді жүзеге асыратын қызмет түрі. Мұндай жағдайда өндірістің қызметтері кәсіпкер үшін негізгі болып табылады.

Өндірістік кәсіпкерлікті жүзеге асыру мен мазмұнының жалпы бейнесі келесі жағдайда көрінеді. Кәсіпкер әуелі өндіріс қызметінің түрін таңдайды, басқаша айтқанда, қандай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді шығаратынын белгілейді. Одан кейін ол тауарды әлеуетті сатып алушымен, тұтынушымен қатынас жасайды. Былайша айтқанда, кәсіпкерлік сонымен бірге маркетингтік қызметті қоса атқарады. Бұл мәміленің бірінші кезеңі кәсіпкер мен келешектегі тауар сатып алушы арасындағы шарт түрінде заңды ресімдеме алуы мүмкін.

Кәсіпкер өндірісті жүргізу үшін өндіріс факторын: жұмыс күшін, өндірістік қорларды, материалдарды, ақпараттарды пайдаланады. Өндірістің жекелеген факторы кәсіпкерге жатады, ал жетпейтінін ол кәсіпкер қызметін жүргізу үдерісінің кезінде немесе басында сатып алуға мәжбүр.

Өндірістік- кәсіпкерлік акциясының нәтижесі, өндірілген тауарлардың белгілі бір көлемін сатып алушыға өткізу және ол үшін ақшалай түсім алу болып табылады.

Коммерциялық кәсіпкерлікте тауарлық- ақшалық, сауда- айырбас операциялары анықтаушы рөл атқарады. Бұл сатып алу- сату бойынша мәмілелер. Коммерциялық мәміледе рынок талдауы болуы қажет, нәтижесінде сатып алу көлемі, тауар сату, сатып алу бағасы және тауарды өткізу бағасы болжамданады.

Коммерциялық бағдарламаның мәмілесі өзіне мыналарды қосады:

· Транспортпен жеткізу, сатып алу, тауар сату, жарнама жұмыстарын жүргізу және т.б. операциялары үшін жұмысшыларды жалдау;

· Келесі жағдайда сату үшін тауарларды сатып алу;

· Тауарларды өткізу және сақтау үшін сауда нүктелерін, қоймаларды, ғимараттарды жалға алу;

· Мәмілеге тікелей қатыспайтын, бірақ, ақылы қызмет ұсынатын адамның немесе бейтарап ұйымның қызметіне төлем және оны алу;

· Мәмілені қаржыландыру үшін кредитке ақша қорын тарту және келесіде кредитті пайызымен қайтару;

· Тауарды сатып алушыға өткізу және түсімді алу;

· Мәмілені тіркеу, салықтарды төлеу.

Сақтандыру – кәсіпкерліктің ерекше формасы, оның мағынасы: кәсіпкер сақтандыру жарнасын алып, оны кауіпсіздендірілген жағдайда ғана қайтарады.

Қаржылық кәсіпкерліктегі сатып алу және сату объектісі арнаулы тауарлар- ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады. Коммерциялық қызметтің басқа түрлері тәрізді қаржылық- кредиттік мәміледе іздеумен, анықтаумен және әлеуетті сатып алушыларды тартумен байланысты бағалы қағаздар мен маркетингтік қызметтің талдауы алдын- ала болуы қажет.

Қаржылық кәсіпкерлікте қызметтің арнаулы түрлері бөлінеді, онда кәсіпкер өзі сататын бағалы қағаздарды шығарушы ретінде көрінеді, оны белгілі бір жағдай мен міндеттемелерде кәсіпкерлік қызметтің мәнді нәтижесі іспетті қаржылық тауар ретінде орналастырады.

Қаржылық мәміленің негізгі бөлігі (ақшаны, валютаны, бағалы қағаздарды сатып алушыға сату) мұқият ресімдеу мен жоғары назар аударуды қажет етеді. Сатып алушының қаржылық халін анықтау, кепілдік мүмкіндігін белгілеу, сатып алушыға беруге келіскен кепілдемесін анықтау қажет.

Шетел тәжірибесінде, басқару мәселелері, экономика және басқару бойынша қеңесшілер ассоциациясының Еуропалық федерациясының белгілеуіне орай, коммерциялық, төлемді кеңес «консалтинг» деген ат алды, Менеджмент- консалтинг мүмкіндіктер мен проблемаларды бағалау және анықтауды, соған сәйкес шаралар туралы ұсынысты және оны жүзеге асырудағы көмекті өзіне қосып алатын басқару мәселелері бойынша тәуелсіз көмек пен кеңесті беретінімен қорытындыланады. Өнеркәсіптік дамыған елдерде интеллектуалды капиталға кеңестік қызмет нысанындағы қаржы салу жаңа құрал- жабдық пен алдыңғы технологияға салғаннан гөрі тиімдірек саналады.

Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік: жеке меншік және мемлекеттік болып бөлінеді. Капитал айналымының көлемі және іске қосылған қызметкерлердің саны бойынша шағын, ортажәне ірі бизнес деп бөлінеді.

Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары:

1. Жағдайлардың өзгеруіне жеңіл бейімделеді.

2. Тұтыну сұранысының өзгеруіне тез жауап береді

3. Капитал салымына деген қажеттілігі төмен болады.

4. Бәсекелік дамудың негізін құрайды.

5. Техникамен қайта жабдықтану жылдам түрде жүзеге асады.

Ірі кәсіпкерліктің басымдылығы:

Ø Ғылыми техникалық үдерісті тездетеді;

Ø Жаппай стандартты өнімдерді ірі көлемде өндіру арқасында шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді;

Ø Мамандандыру мүмкіндігін көбейтеді;

Ø Қуатты құрал жабдықты пайдалану тиімділігін арттырады (көтеру крандарының, өте үлкен пресстердің, комбайындардың және т.б.);

Ø Шаруашылық тәуекелін азайтады.

Бірақ, кәсіпорынды ірілендіру белгілі бір шекке дейін ғана тиімді болады, кейде өндіріс шектен тыс үлкен, ыңғайсыз, қиын басқарылатын және экономикалық оңтайлы болмайды, өйткені фирманың орташа шығындарды көбейе бастайды.

Ірі және шағын бизнестің өзінің шаруашылық жағдайы болады. Өндіріске жаңа технология мен өнімдерді енгізудегі, өнімді жаппай шығару кезіндегі алғашқысы көбірек әсерлі болады. Екіншісі- ұсақ сериялы өндірісте, қызмет аясында, жаңа технологияны әзірлеуде. Жеке ірі компания шағын кәсіпорындарға оның атынан өз өнімдерін өткізуге көмектескенде және мәселелерін шешкенде, жеке ірі және шағын фирмалар франчайз жүйесінде жиі бірге қызмет істейді.

Нарықтық экономиканың негізгі экономикалық буыны кәсіпорын (фирма) болып табылады. Фирмадегеніміз- бұл пайда табу мақсатымен өндіріс факторларын қолданып шаруашылықта еркіндік алған экономикалық субъект.

Мемлекеттік үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.

Өмір сүре алуы үшін фирма сату көлемін көбейтіп, өсуі қажет. Ол үшін оған өндірістік қуатын көбейтіп, инвестицияны жүзеге асыруы керек. Фирманың өсуінің екі жолын бөліп көрсетеді. Өсудің бірінші жолына фирманың ішкі өсуін, капитал мен өндірісін шоғырландыруды сипаттауға болады. Фирманың ішкі өсуіне қызмет ететіндер:

Ø фирманың өз ресурстарды, бірінші кезекте табыстың бөлінбеген бөлшегі және кейбір жағдайда өтелімдік қор;

Ø банктерден және басқа да кредиттік қаржылық институттардан алынған қарыздық қаржы;

Ø бағалы қағаздарды қосымша көптен шығарудан алынған қаржы.

Фирманың өсуінің екінші тәсілі өндіріс пен капиталдың қосылуы мен жұтылуының нәтижесінде орталықтандырылуына байланысты. Екі компанияның бірігуі туралы басшылықтың екі жақты келісімшарты қосылғанын білдіреді. Қосылудың әдеттегі тетіктері- біріккен корпорациялардың акцияларын жаңа акциялардың бір үлгесіне айырбастау болып табылады. Ал, жұтып қою бір фирма екіншісін сатып алғанда болады.

Қосылудың (жұтылудың) бірнеше түрлері болады:

Ø Жиектік бірігу бір текті өнімдер шығаратын және кейбір технологиялық үдерістің біртекті сатысын жүзеге асыратын, фирмалардың қосылуы кезінде байқалады;

Ø Тік бірігу кейбір бір технологиялық үдерісті бір кезенде жүзеге асыратын фирмалардың қосылуы кезінде өтеді;

Ø Фирмалардың бірігу нәтижесінде конгломерат пайда болады, олардың технологиялық үдерісі бір- бірімен байланысты емес.

Ұйымдастыру формасына байланысты кәсіпорындар әртүрлі формаларға бөлінеді, олардың ішінде ең бастылары: жеке бизнес, серіктестік, акционерлік қоғам.

6.1. кесте- Кәсіпорындардың негізгі формалары.

Формалар Артықшылықтары Кемшіліктері
Жеке шаруашылық - бизнес, иесі бір адам. - Іс әрекеттің еркінділігі, - тәуелсіздік, - барлық пайдаға ие болу - Мүліктік жауапкершіліктің шексіздігі, - Несие алу мүмкіншілігінің шектеулілігі.
Серіктестікдегеніміз –бірнеше адамның немесе заңды тұлғалардың бірлесіп шаруашылық жүргізу үшін ұйымдастырылған фирма. - Ұйымдастырудің қарапайымдылығы, - қосымша қаржы, құралдардың тартуы жеңіл, - мамандандырылудың деңгейі жоғары, - өндіріс көлемін кеңейту мүмкіншілігі мол. - әр бір құрылтайшының мүліктік жауапкершілігі, - серіктес мүдделерінің бір бірімен сай келмеуі, - құрылтайшылар үлесін анықтау қиыншылығы, - бір құрылтайшының кетуінен серіктестіктің жабылу мүмкіншілігі.
Акционерлік қоғам – акция шығару арқылы орталықталынған капиталға негізделген фирма: ашық және жабық түрде болады. Бағалы қағаздарды сату арқылы капитал тартудың шексіз мүмкіншілігі, Фирманың іс-әрекет шаруашылық жүргізудегі тұрақтылығы (бір акционердің кетуінен фирма жабыла қоймайды.) - Басқарудың және ұйымдастырудың тым күрделілігі, - Акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі, - кәсіби кұпияның ашылу мүмкіндігі.

Серіктестіктің түрлері:

Ø Толық серіктестік. Ол барлық мүшелердің толық мүліктік жауаптылығымен ерекшеленеді;

Ø Шектеулі жауапкершілікті серіктестік (мұндай серіктестіктің қатысушылары оның міндеттері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты, өздері қосқан салымдардың көлемінде тәуекел зияндарына жауап береді);

Ø Аралас(командиттік) серіктестік (толық және шектелген жауапкершілігі бар, әріптестерді біріктіруші).

Акционерлік қоғамды ашық және жабық деп бөледі. Ашық түрдегі акционерлік қоғамның жарғылық қоры нарықта акцияларын еркін сату жолымен қалыптасады. Жабық түрдегі акционерлік қоғамның жарғылық қорын құрылтайшылардың акциясы есебімен қалыптастырады.

Осы көрсетілген кәсіпорындың негізгі формаларарымен қатар кооперативтік, мемлекеттік кәсіпорындарда болады.

Акционерлік қоғамның оның жарғылық қоры мен бөлімшелерінің үлесіне тең көлеміне орай шығарылған және әр акционермен тең енгізілген қаржы көлеміне байланысты бөлінетін бағалы қағаздар акция деп аталады. Акцияға келетін табыс дивиденд аталады. Дивиденд мөлшері АҚ қызметі нәтижелеріне байланысты. Акцияның сату бағасы оның бағамы деп аталады.

6.2. кесте- Бөлу белгілері мен акциялар түрлері.

Бөлу белгілері мен акциялар түрлері
Нұскау сипаты бойынша Шығарылым нысаны бойынша және айналым Дауыс құқығын қамтамасыздандыру бойынша Табыс мөлшері және алу сипаты бойынша
-атаулы -ұсынушы -Сертификаттық (материалдық ерекше құжат- сертификат ұсынылатын акциялар); -Қолма- қол ақшасыз (қағаз нысанында АҚ есептік жазбаларында немесе компьютер жадында бар акциялар) -Дауыс беретіндер; -Дауыс бермейтіндер -әдеттегі (дауыс құқығын беретін, алынған пайдаға сәйкес дивиденд әкелуі мүмкін дивидентердің иөлемінің мерзімін ұзарту мүмкіндігі) - артықшылықты (дивиденттер уақытында төленеді,мөлшері бекітілген, дауыс беру құқығы жоқ)

Акционерлік қоғам акциялармен бірге облигациялар шығарады. Облигациялар– бұл қарыздық міндеттемелер. Облигациялардың акциялардан ерекшелігі– олар белгілі бір уақыттан кейін АҚ–ға қайтып оралады. Оған табыс белгіленген. Облигацияны сатып алушы оны алғаннан кейін кәсіпорынның бірге иеленушісі болмайды, тек оның кредит берушісі болады.

Нарықтық экономика жағдайында фирмалар бизнес-жоспар жасайды. Өндірістің мақсаттарын анықтау және оларды орындау шараларын белгілеу үшін бизнес жоспарды жасау – жалпы қолданатын құрал. Бизнес-жоспар инвестицияның қажеттілігін дәлелдеу үшін қолданатын фирманың негізгі құжаты болып табылады және ол 3-5 жылға жасалады.

Бизнес –жоспардың негізгі бөлімдері:

1. Мазмұны.

2. Тауар.

3. Нарық.

4. Бәсеке.

5. Маркетинг стратегиясы.

6. Өндіріс жоспары.

7. Ұйымдастыру жоспары.

8. Нарықты бағалау және сақтандыру.

9. Қаржылық жоспар.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы

ҚР заңдарымен реттелетін кәсіпкерлікті дамытпай Қазақстанның экономикасын реформалау мүмкін емес. Қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму негізін қалау 1992 жылдан бастап бірқатар заңдар мен актілерге енгізілген: «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» (1992ж.), «Шағын кәсіпкерліктің даму белсенділігін және мемлекеттің қолдауын күшейту шаралары туралы» (1997ж.) «Жеке кәсіпкерлік туралы» (1997ж.), «2001-2002ж.ж. бағытталған мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы». Бұл заңдар азаматтардың және заңды тұлғалардың кәсіпкерлікті жүзеге асырудағы кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдай мен кепілдікті анықтайды.

Ресей мен басқа да бұрынғы социалистік елдерде Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметі сол елдердің дәстүрлі нарықтық экономикасы тәрізді эволюциялық жолмен емес, орталықтық жоспарлау жүйесін қирату арқылы экономикалық революция нәтижесінде жүзеге асады. Сондықтан ҚР-дағы кәсіпкерлік қызмет, әсіресе, алғашқы он жылдықтағы әміршіл экономикалық жүйесінің нарықтыққа қарай өзгеріске ұшырауы көптеген қиындықтар мен қарама- қайшылықтарға байланысты болды:

1. Кәсіпкерліктің заңдық базасы тым баяу және көбінесе жүйесіз қалыптасты.

2. Жеке автономияның қағидасы елеулі шектелді, өйткені шаруашылық қызметтеріне, келісімшарттарға және бірлестіктерге бұрынғы КСРО республикаларының экономикалық құрылымы ондаған жылдар бойы монополия ретінде құрылғандықтан, тек еркін шешіммен тоқталып тастауға болмайтын, шаруашылық ұйымдастурыдың дәстүрлі әміршілік экономикалық монополиясы қарсы тұрды.

3. Тауарлық- ақшалай айырбас қаржылық- кредиттік қатынастарының жетілмеуінен қатты қиындатылды (қолма- қол ақшаға айналдыру, проблемасы, төленбейтін төлемдер кризисі және т.б.), сондай- ақ, инфляцияның жоғары қарқыны.

Меншікті мемлекет тарапынан шығару және жекешелендіру елде кәсіпкерліктің әр түрлі мен нысандарының пайда болуына ықпал етті. ҚРның Азаматтық кодексінде толық серіктестік нысанындағы шаруашылық серіктестігі, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив тәрізді кәсіпкерлік нысандары айқындалған. Республикада ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында негізі салынған жеке кәсіпкерліктің дамуы кең тарады. Шағын бизнесті дамытуға ерекше қолдау көрсетілуде.

Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілет) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қажеттілігі туындайды.

Шығындардың құрылымы:

1. Қоғамдық шығындар – тауар құнын жасайтын еңбек шығындары.

2. Өндіріс шығындары – қоғамдық шығындар мен төленбеген қосымша еңбек шығындарының арасындағы айырмашылықты көрсететін шығыңдар.

3. Айналым шығындары – тауарды өткізу (сату) процесімен байланысты шығындар.

Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:

6.3. кесте.- Өндіріс шығынының түрлері мен түсінігі.

Шығындар Анықтамалары Мысал
Тұрақты Бұл өндіріс көлеміне байланысты емес шығындар 1000 ақша бірлігі
Өзгермелі Бұл өндіріс көлеміне байланысты шығындар 1400 ақша бірлігі, бір күнде 5 өнім шығарылды
Жалпы Тұрақты шығын мен өзгермелі шығынның қосындысы 1000+1400=2400 ақша бірлігі
Орташа Әрбір өнім бірлігіне кеткен шығындар 2400/5=480 ақша бірлігі
Шекті Әр жаңа өнім өндірілгенде жалпы шығынның өсуі 5 өнім- 2400, 6 өнім- 3000, мұнда қосымша 600 ақша бірлігі

1. Өндірістің тиімділігін және табыстылығын анықтайтын шығындар:

1.1. Өнім өндірісінде бір данаға шыққан шығындарды білу үшін орташа шығындар есептелді:

- орташа тұрақты шығындар АҒС;

- орташа өзгермелі шығындар АVС;

- орташа жалпы шығындар АТС =АҒС+АVС

Осы көрсеткіштер арқылы фирманың пайдасын анықтауға болады:

1. Егерде тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) кем болса, яғни Р<АТС, фирма шығынға қалады.

2. Егер тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) артық болса, Р>АТС, фирма әр бір тауардан осы айырмашылық көлемде пайда алады.

3. Егер баға орташа шығындарға тең болса, яғни Р=АТС, фирма нөльге шығады, пайда да алмайды, шығынға да қалмайды.

3.2. Өнім өндірудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін шекті шығындар

МС есептеледі – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті шығындар орташа шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.

Өндірістің қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар өзгермейді. Сондықтан өндірілген өнім көлеміне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі түрде болады.

, TC – жалпы шығындар.

2. – мұнда МС- шекті шығындар, Q - өндірілген өнім саны.

3. мұнда AТC – орташа жалпы шығындар.

4. , мұнда: AFC – орташа тұрақты шығындар.

5. , мұнда: AVC – – орташа өзгермелі шығындар.

6. , мұнда: АТС – орташа жалпы шығындар.

6.4. кесте.- Тапсырма. Кестені толтырыңыз, қысқа мерзімдегі шығындарды есептеп шығару керек.

Q FC VC TC MC AFC AVC ATC
        - - - -
        (100-50)/1-0=50      
        120-100/2-1=20      
               
               
               
               
               

Фирма тұрақты шығындарын өтеген соң қысқа мерзімнен ұзақ мерзім кезеңге ауысады. Мұндай жағдайда кәсіпорын іс-әрекетін жалғастыратын болса, фирманың барлық шығындары өзгермелі болады.

Фирманың жалпы, орташа және шекті табысы. Бухгалтерлік, экономикалық және мөлшелрі (нормалды) пайда.

Фирманың басты мақсаты- пайда табу. Пайда дегеніміз – табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық. Табыс дегеніміз- сатқан өнімнен түскен түсім. Шығындарға сәйкес табыстардың бірнеше түрі болады:

1. Жалпы табыс –

2.Орташа табыс –

3. Шекті табыс –

Өз бизнесін жүргізуге мүдделі кәсіпкер одан ең аз дегенде белгілі бір табыс алуы қажет. Бұл қажетті ең аз табыс, қалыпты пайда болып табылады. Қалыпты пайда кәсіпкерге өз ресурстарын баламалы пайдаланудан ала алатын, жіберіп алған табысының орнын толтыруы қажет. Қалыпты пайда өндіріс шығындарының элементтері болып табылады.

Қалыпты пайданың үстінен алынған табыс, экономикалық немесе таза пайда ретінде көрінеді. Экономикалық пайда ретінде жалпы түсім мен толық шығын (сыртқылар және ішкілермен, анық және жүктелген) аралығындағы айырмашылық көрінеді.

Бухгалтерлік пайда толық түсім мен фирманың сыртқы (бухгалтерлік) шығындары арасындағы әртүрлікті көрсетеді.

Өндірісті ұйымдастыру кезінде әдетте кәсіпкер өндірістік процестің тиімді болуын қалайды. Сондықтан өндірістегі өзгермелі фактордың ықпалын анықтау үшін тиімділік көрсеткіштері қолданылады: жалпы, орташа және шекті өнім.

Жалпы өнім (Q)– өзгермелі факторлардың белгілі бір көлемін қолданғандағы өндірілген өнімнің саны.

Орташа өнім (АР) – бұл көрсеткіш жалпы өнімді (Q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады: , мұнда Ғ1-өзгермелі фактор.

Шекті өнім (МР) – бұл көрсеткіш жалпы өнімнің (Q) өзгеруін өзгермелі фактордың (Ғ1) өзгеруіне бөлумен анықталады: .

Масштаб эффектісі ұзақ мерзім кезеңінде фирманың іс-әрекет процесінде пайда болады. Бұл процесте орташа шығындар мен өндірістің қарқыны өзара байланыста болады. Өндірістің қарқыны өскен сайын белгілі бір кезеңге дейін орташа шығындар азая береді, яғни масштаб эффектісі дегеніміз - өндіріс қарқынының (күш, куаты) өсуі арқылы ресурстардың тиімділігінің артуы, яғни үнемділігінің өсуі. Мұның мағынасы: өндіріс кеңейіп өсе бастағанда, барлық факторлар іске кіргенде өнімнің саны өсе бастайды да шығындардың азаюына төмендегі себептер әсерін тигізеді:

1. Еңбектің мамандандырылуы. Өндіріс күрделіленген сайын, жоғары деңгейлі кәсіби жұмысшыларға қажеттілік өседі. Осы жағдайда еңбектің өнімділігі де өседі.

2. Басқару аппаратының мамандандырылуы.

3. Капиталды тиімді пайдалану. Фирманың қарқыны өскен сайын, қымбат құрал- саймандарды сатып алу мүмкіншілігі туады.

4. Тәжірибелік жұмыстарға ғылыми зерттеу жүргізуді қаржыландырудың артықшылығы.

5. Жарнаманы қаржыландырудың артықшылығы.

6. Тауар өткізуді (сатуды) қаржыландырудың артықшылығы.

Сонымен, осы келтірілген факторлар бір данаға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Бірақ та, өндіріс қарқыны өсуінің шегі болады. Келесі бір кезеңде өндіріс қарқыны баяулайды да, шығындардың өсімі өндірістің өсуіне әсерін тигізе де алмайды, сонымен бір данаға шығатын шығындар өсе бастайды, себебі кәсіпорын өзінің тиімді күш-қуатының ең жоғары деңгейіне жеткеннен кейін, келесі кезеңде өндірістің өсуі шығынға әкеледі де, өндірістің жағымсыз жағдайы пайда болады.

Фирманың қысқа мерзімдегі тепе- теңдігі: қазіргі кезеңдегі экономикалық теорияның дәлелдеуі бойынша: кәсіпорын пайданы ең жоғары деңгейде (шығындардың ең төмен деңгейі) шекті табыс шекті шығынға тең болған жағдайда алады. (МR=МС).

Қысқа мерзім кезеңіндегі фирманың тепе-теңдігін 4 типке бөлуге болады:

1. Өзінің орташа өзгермелі шығындарын ғана (АVС=Р) жаба алатын фирманы шектеулі деп атайды. Мұндай фирма аз ғана уақытта ғана шаруашылығын жүргізеді.

2. Баға төмендеген жағдайда фирма бәсекеге түсуге қабілетсіз болады, яғни ағымдағы шығындарын жаба алмаған соң саладан кетуге мәжбүр болады. (АVС >Р) Бұл пайдасыз фирма деп аталады.

3. Егерде баға жалпы орташа шығындардан артық болса (АТС>Р), онда фирма әдеттегіден тыс артық пайда алады. Бұл артық пайда алатын фирма деп аталады.

4. Баға өскен жағдайда фирма ағымдағы шығындармен қатар барлық шығындарын жауып, орташа шамада пайда алатын болса, бұл әдеттегі пайда алатын фирма деп аталады.

Ұзақ мерзім кезіңінде фирма орташа шығындарын азайту арқылы өндірісін кеңейтуге ұмтылады. Өнімділіктің өсуімен орташа жалпы шығындар азаяды, керісінше өнімділіктің азаюымен орташа шығындар өседі.





Дата публикования: 2014-11-03; Прочитано: 2853 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.025 с)...