Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсынысы



ЭТН курсындағы қарастырылатын тақырыптарда студентер тек қана пәннің анықтамасын білумен шектелмей, оның тарихына, зерттеу әдістеріне көп көңіл қою керек. Қазіргі кезеңде экономикалық теориядан 10 шақты қазақша оқулықтары бар. Базалық оқулықтар ретінде тізімдегі негізгі оқулықтарды ұсынамыз. Сонымен қатар шетелдік, оның ішінде әсіресе ресейлік оқулықтарды кейбір тақырыптарды және сұрақтарды қарастырғанда қолдану керек деп санаймыз. Экономикалық теорияның қазіргі кезеңде бір-бірімен бірнеше бәсекелес бағыттары болғандықтан, олардың ортақ және дискуссиялық мәселелеріне көңіл аудару керек. Қазақстан экономикасына байланысты сұрақтарды қарастырғанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың еңбектеріне және басқа да ресми материалдарды міндетті түрде пайдалану керек.

«Экономикалық ойлар» түрінде берілген материал пәнге, жеке тақырыптарға, теорияларға зор үлес қосқан ғалымдарға байланысты берілген., Студенттер, осы материалдарға сүйене отырып, оны толықтырулары қажет және семинар сұрақтарын талқылағанда немесе реферат жазғанда қолданулары керек. Бұл айтылған кеңес барлық тақырыптарға қатысты.

Тақырыптың сұрақтарын қарастыру арқылы пәнді терең игеруге мүмкіндік беретін түсініктермен танысамыз. Сол себепті әр түсініктің анықтамасын жаттап алуға тырысу керек, өйткені қазіргі кезеңде біздің пәнді оқығында оның бір бағытымен ғана шектеліп қоюуға болмайды. Сондықтан әр түрлі экономикалық теорияның бағыттарына байланысты бұл түсініктерді ажырата білуге тырысу керек. Глоссарий жасағанда да осы айтқан кеңесті іске асыру қажет.

Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 646 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...