Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік. Экономикалық жүйелер типтері мен олардың даму заңдылықтары



Сабақтың мақсаты: Қоғамда меншік формаларының көп түрлі болуының заңды қажеттілігін түсіну. Меншік категориясын жан-жақты талдауға тырысу керек, әсіресе жеке меншіктің нарықтық шаруашылықтағы орны мен рөлін терең түсіну қажет. Сонымен қатар, нарықтық экономиканың қазақстандық моделінің қалыптасуының негізгі кезеңдері мен оның ерекшеліктерін қарастыру

Экономикалық жүйелердің үлгілерін ашып көрсету, практикалық мәнін түсіндіру және оның қай елде қолданылатынын қарастыру

1. Экономикалық жүйе дегеніміз не?

2. Негізгі экономикалық проблемаларды атаңыз?

3. Әртүрлі экономикалық жүйелерде таңдау проблемасы қалай шешілуде?

4. Дәстүрлі жүйе дегеніміз не?

5. Әкімшіл-әміршіл жүйенің ерекшеліктері қандай?

6. Нарықтық экономиканың мәні неде? Неліктен Қазақстан нарықтық экономикаға бет бұрды?

7. Нарықтық экономикаға өтумен байланысты қандай реформалар жүзеге асырылды?

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Меншіктің түрлері және шаруашылық жүргізудің формалары

2. Меншік теориясы. Меншік экономикалық және құқықтық категория ретінде;

3. Нарықтық экономиканың қазақстандық моделінің қалыптасуының негізгі кезеңдері және оның ерекшеліктері;

4. Қазақстанда жеке меншік институтының қалыптасуы мен дамуының мәселелері.

Категориялар бойынша сұрау. Студенттерге төмендегі

негізгі экономикалық категориялар бойынша анықтама беру керек.

Экономика; Өндiрiс; Ресурстардың сиректiгi;

Өндiрiс факторлары; Қажеттiлiктер; Игiлiктер; Байлық;

Айырбас; Қайта бөлу; Тұтыну; Өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығы.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 944 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...