Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Конвертер қаптамасы



Конвертертер қаптамасын қалың болат қаңылтырдан негізінен пісіру әдісімен тұтас немесе түбін алынбалы етіп жасайды.

Сыйымдылығы үлкен конвертерлердің қаптамасы тұтас келсе, аз және орташа сыйымдылықты конвертерлердің түбін алынбалы етіп жасайды. Конвертердің алынбалы түбі жанасу (3.4, а және 3.2, б суреттер) және енбе алынбалы түбі (3.4, б сурет) болып бөлінеді.

Алынбалы түпті конвертер шегенінің жөндеу жұмыстары жеңілдеп әрі тездейді, бірақ конструкцияның беріктілігі мен сенімділігі төмендейді. Түбі тұтас конвертердің қатаңдығы мен конструкциясының сенімділігі жоғарылайды, сондықтан сыйымдылығы үлкен конвертерлердің түбін тұтас етіп жасайды.

3.4 сурет – Конвертердің жанасу (а) және енбе (б) алынбалы түбінің сұлбасы

Конвертердің ауыз жағының қаптамасы жоғары температура және металқож тасымасының әсеріне көбірек ұшырайтындықтан, қаптаманың қатаңдығын және оны тез тозудан сақтау үшін құю немесе пісіру әдісімен жасалған шлеммен қорғайды. 3.5 суретте кеңірек тараған шлемнің бір конструкциясы көрсетілген. Шлемнің төменгі бөлігі (2) қаптамаға (1) бекітілсе, жоғарғы алынбалы ыстыққа берік шойыннан жасалған құйма бөлігі (4) төменгі бөлікке планкамен (5) бекітілген.

3.5 сурет – Конвертердің шлемі





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 641 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...