Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Конвертер құрылысы



ЛД конвертерінің шегені оттөзімді негізді материалдан, қаптамасы қалың болат қаңылтырдан жасалған, горизонталь өс бойымен айнала алатын, шойынды жоғарыдан фурма арқылы оттегімен үрлеп, болат қорытуға арналған агрегат (3.2 сурет).

Конвертердің орталық цилиндрлік бөлігіне сфералы түп жалғасып, үсті ашық симметриялы қиық конуспен біткен.

Скрапты салу және шойынды құю, қожтүзгіш және қосымша материалдарды салу, фурманы түсіріп және шығару, қожды ағызу және т.б. технологиялық операциялар үшін конвертердің үстінде шеңбер түрінде аузы бар.

Цилиндрлік және жоғарғы конустық бөліктердің түйіскен тұсында болат ағызуға арналған тесік болады.

Оттегіні жоғарыдан үрлеу конвертерінің түбін, металл циркуляциясын жеңілдету үшін, сфералы етіп жасайды.

ТМД елдеріндегі конвертерлердің сыйымдылығы 50, 100, 130, 160, 200, 250, 300, 350, 400 т. 3.1 кестеде ЛД конвертерлерінің конструкциялық параметрлері көрсетілген [13].

 
 


Параметр атауы Өлшем бірлігі Конвертер сыйымдылығы, т
               
Жұмыс кеңістігінің көлемі м3       136,3       317,7
Ковертердің меншікті көлемі м3 1,08 0,91 0,83 0,85 0,84 1,00 0,87 0,91
Металл тереңдігі м 0,96 1,25 1,47 1,55 1,715 1,55 1,897 1,80
Цилиндрлік бөліктің диаметрі м 3,70 4,30 4,82 5,45 5,52 6,60 6,60 6,45
Конвертер ішкі кеңістігінің биіктігі м 6,19 7,55 7,515 7,69 9,35 9,32 9,61 10,475
Конвертер аузының диаметрі м 1,70 2,15 2,30 2,20 2,58 3,20 3,43 4,00
Қабырға шегенінің қалыңдығы м 0,76 0,82 0,94 0,635 0,84 0,94 0,91 0,90
Конвертер түбі шегенінің қалыңдығы м 0,81 0,94 1,07 0,98 0,99 1,07 1,07 0,99
Конвертер түбінің ішкі радиусы м 2,75 3,50 4,27 4,88 11,1 5,41 5,64 6,02
Төменгі конустық бөліктің бұрышы град           63,5   60,5

3.1 кесте – Конвертерлердің конструкциялық параметрлері [13]





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 1090 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...