Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Алғы сөз



Металдар мен қорытпалар өндіруді қарастыратын ғылым мен техника және өндіріс саласын металлургия деп атайды. Металлургия тарихи қара және түсті болып екіге бөлінсе, қара металлургия шойын металлургиясы, болат металлургиясы және т.б. бөлінеді.

Металлургияның, оның ішінде әсіресе болат металлургиясының, адамзат қоғамының дамуында маңызы өте зор. Өйткені болат өнеркәсіптің, техниканың және т.б. саланың негізгі конструкциялық материалы болып келді және болашақта да бола бермек.

Болат – көп компонентті негізі темір қорытпа. Болатты көптеген сипаттамалары бойынша жіктейді. Химиялық құрамы бойынша екі үлкен топқа бөлінеді:

1) көміртекті болат;

2) қосындылы (қоспалы) болат.

Құрамында тұрақты элементтермен (Si, Mn, P, S,) қатар көміртегісі 0,025-2,14%, негізі темір қорытпаны көміртекті болат деп атайды. Болатқа белгілі бір қасиет беру үшін қосынды (қоспа) деп аталатын элементтерді (Al, Cr, Ni, W, V, Mo, Ti және т.б.) арнайы қосу арқылы алынатын болатты қосындылы деп атайды.

Көміртегі-болаттың құрылымы мен қасиетін анықтайтын негізгі элементтің бірі. Кремний мен марганец пайдалы элементтер қатарына жатады, олардың мөлшері көміртекті болаттардағыдан асқанда қосынды элемент болып есептелінеді. Фосфор мен күкірт зиянды элементтер болғандықтан, олардың мөлшері болат сапасына қарай шектеулі (0,015-0,055% S; 0,025-0,045% Р).

Көміртегі мөлшері бойынша екі топтың да болаты төмен көміртекті (көміртегі 0,3%-дан төмен), орташа көміртекті (0,3-0,7% C) және жоғары көміртекті (көміртегі мөлшері 0,7%-дан жоғары) болып жіктеледі.

Қоспалы болат қосынды элемент түріне қарай хромды, марганецті, кремнийлі, хромникельді, хромникельмолибденді және т.б. болып бөлінеді. Қосынды элемент мөлшеріне қарай төменгі қосындылы (қосынды элементтер мөлшері 2,5%-ға дейін), орташа қосындылы (2,5-10%) және жоғары қосындылы, (10%-дан жоғары) болат болып жіктеледі.

Болат қорыту агрегатының түріне қарай электрлік пештерде болат өндіру, оттегілі конвертерлік және мартендік болып бөлінеді.






Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 564 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...