Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ



Оқыту формасы күндізгі

Факультет ППФ

Арнайы педагогика кафедрасы

Курс 4

Семестр 7

Кредит саны 2

Барлық сағаты 90

Аудиториялық сағаттар 30

Дәрістер 15

Семинарлық сабақтар 15

СОӨЖ 30

СӨЖ 30

Емтихан 7 семестр

Алматы, 2012


Жұмыс оқу бағдарламасы:

§ 5B010500 – Дефектология мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

§ 5B010500 – Дефектология мамандығы бойынша «___»____________2012ж бекітілген жұмыс оқу жоспары.

«Мектепке дейінгі сурдопедагогика» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасын бағдарламасы магистр, оқытушы Бутабаева Лаура Асқарқызы дайындады және арнайы педагогика кафедрасының мәжілісінде ұсынылды, «___»_____________200_ ж., хаттама №_________

Бағдарламаны жазған ____________________ Бутабаева Л.А.

(қолы)

Кафедра меңгерушісі _____________________ Аутаева А.Н.

(қолы)


  1. Пәннің мақсаты және міндеттері

Мектепке дейінгі тәрбиелеу баланың алғашқы жылдарынан бастап мақсатқа бағытталған тәрбиелеу үрдісін жүргізуге негізделеді. Есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, дамыту бала өмірінде өте маңызды орын алады. Берілген курс болашақ сурдопедагог мамандарды есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі балалардың даму заңдылықтарымен таныстыра отырып, оқытуғ тәрбиелеу, дамыту мәселелерін қарастырады.

«Мектепке дейінгі сурдопедагогика» пәнінің мақсаты студенттерді мектепке дейінгі сурдопедагогика негіздерімен таныстыру, мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балалардың арнайы мектепке дейінгі мекемелерде оқыту, тәрбиелеу және дамыту мәселелеріне қатысты білімдерді меңгерту болып табылады.

«Мектепке дейінгі сурдопедагогика» пәнінің негізгі міндеттеріне:

- аталған пәннің ғылыми –теориялық негізін меңгеру;

-есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту бойынша мақсатқа бағытталған, кешенді жұмысты жоспарлау және жүзеге асыру;

-студенттер мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістері мен формаларын меңгеру жатады.

«Мектепке дейінгі сурдопедагогика» пәнін оқу нәтижесінде студент білуі керек:

- мектепке дейінгі сурдопедагогиканың пәнін, міндеттерін;

- есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктерін;

- есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістері мен формаларын;

меңгеруі керек:

- есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруды;

- есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі балаларды мақсатқа бағытталған, кешенді оқыту, тәрбиелеу және түзету жұмысын жоспарлау және жүзеге асыруды;

- өз практикасында теорилық білімдерін қолдануды.

ПРЕРЕКВИЗИТТТЕР ТІЗІМІ

Пән атаулары, олардың бөлімдері (тақырыптар)
  Медициналық пәндер: ауызша сөйлеу тілін қабылдау мен шығарудың психофизиологиялық механизмдері, сөйлеу және есту мүшелерінің құрылымы және қызметтері.
  Қазақ тіліне оқыту әдістемесі: тілдің фонетикалық жүйесі, тілдің орфоэпикалық нормасы.
  Сурдопедагогика және сурдопсихология: таным іс­-әрекетінің ерекшеліктері, есту қабілеті зақымдалған балалардың даму және оқыту ерекшеліктері.

ПОСТРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 686 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...