Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Микроорганизмдерді дақылдау әдістері, қоректік орта түрлері 4 страница



Табиғаттағы азот және фосфор айналымының сызба нұсқасын көрсетіңіз және қысқаша түсінік беріңіз. Азот айналымының сызбанұсқасы

Табиғаттағы азоттың негізгі қоры атмосфера мен литосфераның геохимиялық қорларында шоғырланған. Атмосферадағы газ тәрізді молекулалы азоттың мөлшері 75-80%-ды құрайды. Алмасу үрдістеріне ең алдымен молекулалы азот қатысады. Молекулалы азот химиялық жағынан инертті және жоғары сатыдағы организмдер оны қолдана алмайды. Қоректену заттар ретінде олар, көбінесе байланысқан түрдегі азотты пайдаланады. Молекулалы азоттың тірі организмдер қолдана алатын түрге айналуының екі жолы бар: 1-фотохимиялық сіңіру және еритін оксидтердің түзілуі; 2-биологиялық сіңіру. Биологиялық сіңірудің маңызы зор, ол толығымен микроорганизмдер әрекетімен байланысты. Азот айналымы өзара байланысты бірқатар үрдістерден тұрады: молекулалы азоттың биологиялық сіңіруі, аммонификация, нитрификация, денитрификация. Жануарлар тіршілік барысында азотты аммиак (омыртқасыздар), несеп қышқылы ж/е зәр(омыртқалылар) түрінде бөледі, оларды уробактериялар ыдыратады. Ал азоттың көп мөлшері тек өсімдік пен жануарлар өлгеннен соң бөлінеді. Өлі органика көптеген амминификациялаушы микроорганизмдер көмегімен деградацияланады.

Азоты бар органикалық заттарды микроорганизмдер минерализациялап, аммиакқа дейін ыдыратады. Бұл процестер аммонификация деп аталады. Оларды әр түрлі микроорганизмдер тобы жүзеге асырады. Микроорганизмдер тіршілігі барысында органикалық азот қосылыстарының көп мөлшері қарашірік күйінде топырақта сақталып қалады. Аммонификация нәтижесінде планета өсімдік, жануар және микроорганизмдер қалдықтарынан тазартады. Нитрификациялау –азоттың өзгеруінің маңызды сатысы. Мұнда аммиак нитратқа айналады. Нитрификация үрдісін екі арнайы хемолитоавтотрофты нитрификациялаушы бактериялар тобы жүзеге асырады. Nitrosomonas,, Nitrosococcus туысына жататын бактериялар аммиакты нитритке дейін, ал Nitrobacter туысының бактериялары нитритті нитратқа дейін тотықтырады. Денитрификация- нитриттер мен нитраттардың молекулярлы азотқа дейін тотықсыздануы, бұл азот айналысындағы маңызды процесс.Денитрификацияны көптеген бактериялар жүзеге асырады Денитрификация процесі кезінде нитрат молекулярлы азотқа айналады да, молекулалы азот қайтадан атмосфераға айналады. Негізінде оны денитрификациялаушы бактериялар: Thiobacillus denitrificans, Pseudomonas fluorescens, Ps. aeruginosa, Nitrococcus қамтамасыз етеді. Фосфор айналымының сызбанұсқасы

Фосфор айналымы Фосфор жеңіл тотығады әрі табиғатта бос күйінде кездеспейді. Табиғы субстраттарда ол фосфор қышқылының эфирі не тұздар күйінде, ал Жер қабатында минерал түрінде кездеседі. Фосфордың негізгі көзі топырақ пен жауын шашындар болып табылады. Тірі клеткадағы С:N:P арақатынасы 106:16:1, яғни Либих заңы бойынша фосфор шектеуші факторға жатады. Оған қоса көптеген фосфордың минералды қосылыстары нашар ериді. Сондықтан микроорганизмдер мен өсімдіктердің өсуі фосформен бақыланады. Фосфордың мобилизациялануында микроорганизмдердің маңызы зор. Олар фосфор органикалық қосылыстардың бейорганикалық түріне айналдырады және олардың ерігіштігін жоғарлатады. Топырақтағы органофосфаттардың ыдырауы фосфотаза, нуклеаза және фосфолиптаза белсенділікке ие микроорганизмдер көмегімен ферменатативті жолмен жүреді.Топырақтағы фосфоорганикалық қосылыстардың минерализациялау процесіне әр түрлі микроорганизмдер қатысады: Pseudomonas, Bacillus туысына жататын бактериялар мен кейбір актиномицеттер, саңырауқұлақтар, ашытқы саңырауқұлақтары. Бейорганикалық фосфордың негізгі бөлігі тау жыныстарын түзуші минералдардың құрамына кірсе, кейде топырақ пен суда ерімейтін кальций, алюминий,темір фосфаттары түрінеде болады. Бұл қосылыстарды өсімдіктер игере алмайды. Алайда кейбір микроорганизмдер ерімейтін түрдегі қосылыстарды еритін түрге айналдыра алады. Оларға: Bacillus Pseudomonas, Mycobacterium, Micrococcus туысының бактериялары мен актиномицеттер және зең саңырауқұлақтары жатады. Микроорганизмдер ерімейтін фосфор қосылыстарының еритін түрге айналдыру кезінде органикалық және минералды қышқылдар түзіледі де, оларды қарапайым құмырсқа, сірке, сүт, майлы қышқылдарға және күрделі гумин қышқылдарына дейін айналдырады. Олар жалпы минералдардан фосфорды шаймалдауға қабілетті.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2924 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...